Өзекті мәселелер

  • 19.12.19

    Кешегі даласында абақ­тысы жоқ, бес қаруы белінде жүрсе де жауынан өзгеге қару жұмсамаған заманда елдің бір-біріне өкпесі, кеткен есесі болмады дейсің бе? Болды ғой. Бірақ, сол заманның өзінде қойнындағы қаруға тұра ұмтылмай, әділдікті, ақ пен қараны шешетін әулеттің үлкені не ауылдың ажасы, оған көнбей жатса, елдің қожасына жүгінді емес пе? Дау бұған да бөгет бермеген кезде биге барып соңғы ше...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Ақыл  жетпес

    Адамның ақылы өлшеусіз мол. Алайда сол ұлан-ғайыр, шексіз ақылыңның кейде кішкентай, уақ-түйек мәсе­лелерді шеше алмай, тұйыққа тіреліп, жол таба алмай, адасып­  жүретініміз  қалай?!

    ...
    Толығырақ...
  • 19.12.19

    «Кувад синдромы» туралы бұрын-соңды естіп пе едіңіз? Мүлдем естімеген болуыңыз да мүмкін. Бұл – ер адамның жүкті әйел секілді күй кешуі. Мұндай да болады. «Кувад» сөзі француздың «couver» деген етістігінен шыққан, яғни қазақшалағанда «жұмыртқа басу» дегенді білдіреді. Бұл синдром екіқабат әйелдің күйеуінде жүктіліктің үшінші айында басталып, сәби дүниеге келгенге дейін жалғасуы ықтимал....

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Шырылдаған бала дауысынан селк ете қалған олар өздері секілді тағы бір күнә­сіз­дің жетім қалғанын сезді. Сәбиді түннің бір уағында тауып­ алған тәрбиеші дереу төсекке жатқызып, жұбата бас­тады. Әбден жылай-жылай көзінен жасы сарқылған баланың демі бітіп, әрең тыныс алады. Көздері жәудіреген бір топ баланың естісі аузындағы емізікті жұлып алып, апайына ұстатты. Жанаршылықпен қараған оның ересек...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Поэзия

     

    Ботадай боздап аспан жылайды,

    Алдайды бәрін түлкі үміт.

    Жапырақтардан жас тамшылайды,

    Жапырақ жүрек бұлқынып. ...

    Толығырақ...
«ҚАЙСАРДЫҢ» ҚАДАМЫ ҚУАНТТЫ
01.03.2019 12:08

«Халық» газетінің №1 (956) санында «Жейдеге латынша жазуға тал­пынса...» деген тақырыпта мақала жазыл­ған болатын. Ондағы мақсат – ҚПЛ клубтары үшін маңызсыз саналатын төл дыбыстарымыздың (ә, і, ң, ғ, ү, ұ, қ, ө, һ) қолдану аясын кеңейту, тіліміздің ырғағын сақтау. Өткен аптад­а жергілікті «Қайсар» футбол клубы басшылығының осы мәселе төңірегіндегі шешіміне риза болыстық. Иә, 2019 жылғы ел біріншілігін біздің «қасқырлар» латын қарпімен жазылған жейдемен бастайды. Қуануға тұрарлық жаңалық. Өйткені, бұл – тарих!

«...Қазақстан Премьер-лигасында жейделердің латын графикасына көшуіне кедергі жоқ деп ойлаймын. Тек бұл жаңашылдық Чемпиондар лигасы­ мен Еуропа лигасына қатысатын қазақстандық командаларға қазақ және ағылшын тіліндегі қаріппен жазылғ­ан екі түрлі жейде жасатуына тура келеді» деп еді сонда «Qyzylorda» телеарнасының арнаулы тілшісі Әділбек Жақанов. Иә, расында кедергі жоқ екен. Шындап кіріссе, шешілмейтін түйіннің жоқ екенін басшылық ел назарына бір салып қойды. Осы мәселе төңірегінде «Сіз не дейсіз?» деген айдар арқылы бірқатар мамандардың пікірін алып көрген едік.

«ҚПЛ ойыншыларының тегі жейдесіне латынша жазылса қалай болады?» дейтін мәселе талқылауға келмейтін  сияқты. Себебі, Елбасының өзі латынға көшуіміз қажет екендігін айтып, түсіндіріп, әліпбиін бекітіп берді. Енді нені күтіп жүрміз?!» дейді «Хабар» арнасының редакторы, спорт комментаторы Айбек Қабылша. Өз кезегінде журналист, спорт шолу­шысы Нұрғазы Сасаев та өткір пікір білдірді. «Қазақ футболындағы ойыншылардың аты-жөндерін жейделеріне латынша жазу туралы нақты шешім қабылданса, нұр үстіне нұр болар еді. Онда бөркімізді аспанға атып, қуанамыз, әрине. Әрі қос қолдап тұрып қолдай­мын. Жалпы, түптің түбінде солай болады деп үміттенемін де...» дейді ол. Бүгінде «Қызмет» газетінің бас редакторы қызметіне тағайын­далған  Әділхан Абайұлы: «...Футболшылардың жейдесін латын әліпбиімен жазар болсақ, екі жақтан да ұтайын деп тұрмыз. Бірі қазақ тілі дыбыстарының ырғағын сақтау болса, екіншісі – «Рухани­ жаңғыру» бағдарламасына титтей болса да үн қосу» деген ойын айтқан-ды.

Шыны керек, бізді «Қайсардың» қадамы қуантты. Енді мұны еліміздегі басқа клубтар да іліп әкетсе жақсы болар­ еді. Енді жейде жазуын қатесіз жазуды қадағалау керек. Арысы Тіл институты, берісі тіл мамандарының кеңесіне жүгініп, сынға ұшырамайтын жолды таңдау ғана қалғандай.

Айтпақшы, біз «Ертіс» дегенімізбен, баз біреулер үшін «Иртыш» саналатын ел клубы атауын «Ertis» деп өзгертіп көпке үлгі болған-ды. Есесіне,­ Қостанайдың «Тобылы» «Тобол» атауын­ан  алыстауға  асығар емес. Оның үстіне ҚПЛ-дегі біршама клуб сайттары да тіл мәселесіне келгенде мылқаудың  күйін кешіп келеді. Әзірге мемлекеттік тілді  менсінбейтін фут­бо­л клубтарын жазалайтын орган табыл­май отыр. Мүмкін, олардың өзі біздің үдеден­ шығатын деңгейде емес шығар. Бастысы, еліміздегі тәуелсіз БАҚ пен намысты футбол жанкүйерлері клуб басшылығына өтініш айтумен ғана шектелмей, талап та қоюы керек. Сонда ғана тіл тәуелсіздігін алады,­ қолдану аясы кеңейе түседі. 96% қазақтар мекен ететін Сыр өңірінде өзгелердікіндей мәселе жоқ деп айтуға болатын шығар. Себебі, «Қайсардың» сайты да, әлеуметтік желілер­дегі парақшалары да қазақша жүргізіледі. Бұл да бізді қуантады, мерейімі­зді тасыта түседі, мақтаныш сезімін оятады.

Рыскелді   ЖАХМАН

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Наурыз 2019 >
        2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары