Өзекті мәселелер

  • 20.06.19

    Гүлсім  ТАҢАТОВА,

    судья:

    Қап арқалаған қария. Әр сот отырысында жанынан тастамайтын кенеп қап... Оны есірткіге қатысты қылмысқа не мәжбүр етті? Тәжірибелі судьяның қылмыстық істі қараудан үзілді-кесілді бас тартуына не себеп? Бұл сауалдардың жауабын бірер айдан соң отс...

    Толығырақ...
  • 20.06.19

    АҒАЙЫНДЫ

    Екі ағайынды жігіт. Қабы да бір, сабы да бір: әке де, шеше де ортақ. Көргені де, жүргені де бір. Ішкені бірдей, жегені бір­дей... Бірақ біреуіне көптің көңілі қызығарлық ақыл қон­ған, біреуіне көптің шырқын бұзарлық арақ қонған...

    ...
    Толығырақ...
  • 20.06.19

    ЕКІ  ЕСАЛАҢ

    Ол түнімен «Нақұрыстың өмірін» оқып шықты. Автордың жан дүние­сіне үңілді. Жаңбырдан соң ауаның балғындығын бүкіл тамырымен сезі­не­ отырып, тәтті қиялға берілді. Кенет, шулаған ессіз қыздардың ащы күлкісіне жиіркене қарады. «Олар айтқан жайтта қандай күлуге тұрарлық мән бар екен» деп ой алабына  сүңгіді. Күнде теріскей жақтан­ ке...

    Толығырақ...
  • 20.06.19

    Қазақ өз ұрпағына қашанда жақсы тәлім, өнегелі тәрбие беруден жалыққан емес. Тіпті тәрбиенің бір бастауы­н бесіктен­ бастап, оның ата-анасының да жауапкерш­ілігін жүктеп отырған. Бүгінде осы ұлы мін­детті жартылай да орындай алмай жүргендер бар.

    ...
    Толығырақ...
  • 20.06.19

    «...Бізге керегі шын дарындар. Мемлекет өзінің талантты ұлдары мен қыздарын, тарланбоз жүйріктерін қолдауға, қорғауға міндетті». Иә, талантты да дарынды жастар – елі­міздің бетке ұстар мақтаныштары. Оны  жоғарыда айтылған Тұңғыш президентіміз Н.На­зар­баевтың сөзінен айқын байқауға болады. Жас ұрпақтың келешекке нық қадам басуы­ – қоғам үшін маңызды да жауапты күш. Еңсесін тіктеп келе жатқан ел...

    Толығырақ...
ҚЫЛМЫС САНЫ 9 ПАЙЫЗҒА АЗАЙҒАН
07.03.2019 12:50

Қызылорда қаласы Полиция басқармасының бастығы Дәулет Беркім­баев БАҚ өкілдеріне баспасөз конференциясын  өткізді.

Қала көлемінде өткен жылмен салыстырғанда қылмыстар саны 9 пайызға төмендеген. Басқарма бас­тығының сөзінше, бұл – жүргі­зілген профилактикалық шаралардың нәтижесі. Сондай-ақ, алдағы уақытқа жоспарлар, полиция жұмысын жаңа сатыға көтеру, азаматтардың құқығын қорғайтын тәртіп сақшысы­ның имиджін қалыптас­тыру, сандық технологияларды енгізу­ жұмыстары жөнінде айта келіп, тәртіп сақшылары мен халық арасындағы өзара іс-қимылды жандан­дыру, полиция қызметінің ашықтығы мен тиімділігін арттыруды  тілге тиек етті.

«Біз цифрлы технологияны қолда­ну арқылы құрылатын жаңа индустри­яларды өркендетуге тиіс­піз. Бұл – маңызды кешенді міндет. Елде 3D-принтинг, онлайн-сауда, мобильді банкинг, цифрлы қызмет көрсету секілді денсаулық сақтау, білім беру ісінде қолданылатын және басқа да перспективалы салаларды дамыту керек. Бұл индус­триялар қазірдің өзінде дамыған елдер­дің экономикаларының құрылымын өзгертіп, дәстүрлі салаларға жаңа сапа дарытты. Цифрландыру дегеніміз – Қазақстанның озық ел атану жолындағы мақсаты емес, құралы. Бәсекеге қабілетті болу, өсімді, өнім өндіруді арттыру, міне, осы – мақсат», - деген болатын Елбасы­  өз  Жолдауында.

Президент ұсынған бастама Сыр өңірінде де жүйелі іске асып жатыр. Бұл Ішкі істер органдарын цифрландыру жұмыстарында да жемісін беруде. Әсіресе, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге ықпалды.

Конференция соңында БАҚ өкілдері фронт-офис қызметімен танысты. Келушілерге күту орнымен жабдықталған. Азаматтар тарапынан түсетін арыз-шағым, жеке мәселелер бойынша қабылдайтын ресепшн қызмет атқарады. Фронт-офистің тиімділігі – полиция органына қатысты түрлі мәселелер бо­йынша бір орталықтан қабылдау жүргізіп, жедел шешім шығару. Осы мақсатты іс жүзінде жүзеге асыру үшін енді полиция қызметкерлері белсене жұмыс істейтін болады.

«Полиция қызметі халықтың сенімі арқылы өлшенеді». Жиын соңы­н басқарма бастығы Дәулет Сүлейменұлы осылай түйіндеді. Әріптестерінің жұмысы арқылы қоғамдық тәртіпті күшейтіп, қылмысқа қарсы күрестің тиімділігін арттыруды меңзеді.

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Наурыз 2019 >
        1 2 3
4 5 6 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары