Өзекті мәселелер

  • 19.12.19

    Кешегі даласында абақ­тысы жоқ, бес қаруы белінде жүрсе де жауынан өзгеге қару жұмсамаған заманда елдің бір-біріне өкпесі, кеткен есесі болмады дейсің бе? Болды ғой. Бірақ, сол заманның өзінде қойнындағы қаруға тұра ұмтылмай, әділдікті, ақ пен қараны шешетін әулеттің үлкені не ауылдың ажасы, оған көнбей жатса, елдің қожасына жүгінді емес пе? Дау бұған да бөгет бермеген кезде биге барып соңғы ше...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Ақыл  жетпес

    Адамның ақылы өлшеусіз мол. Алайда сол ұлан-ғайыр, шексіз ақылыңның кейде кішкентай, уақ-түйек мәсе­лелерді шеше алмай, тұйыққа тіреліп, жол таба алмай, адасып­  жүретініміз  қалай?!

    ...
    Толығырақ...
  • 19.12.19

    «Кувад синдромы» туралы бұрын-соңды естіп пе едіңіз? Мүлдем естімеген болуыңыз да мүмкін. Бұл – ер адамның жүкті әйел секілді күй кешуі. Мұндай да болады. «Кувад» сөзі француздың «couver» деген етістігінен шыққан, яғни қазақшалағанда «жұмыртқа басу» дегенді білдіреді. Бұл синдром екіқабат әйелдің күйеуінде жүктіліктің үшінші айында басталып, сәби дүниеге келгенге дейін жалғасуы ықтимал....

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Шырылдаған бала дауысынан селк ете қалған олар өздері секілді тағы бір күнә­сіз­дің жетім қалғанын сезді. Сәбиді түннің бір уағында тауып­ алған тәрбиеші дереу төсекке жатқызып, жұбата бас­тады. Әбден жылай-жылай көзінен жасы сарқылған баланың демі бітіп, әрең тыныс алады. Көздері жәудіреген бір топ баланың естісі аузындағы емізікті жұлып алып, апайына ұстатты. Жанаршылықпен қараған оның ересек...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Поэзия

     

    Ботадай боздап аспан жылайды,

    Алдайды бәрін түлкі үміт.

    Жапырақтардан жас тамшылайды,

    Жапырақ жүрек бұлқынып. ...

    Толығырақ...
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА «ҮЛГІЛІ АУЫЛ» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ 10 МИЛЛИОН ТЕҢГЕДЕН АЛДЫ
11.03.2019 16:30

Қызылордада 2018 жылдың қорытындысымен алғаш рет облыстық "Үлгілі ауыл" байқауы өтті.

"Туған жер" бағдарламасы аясында ұйымдастырылған "Үлгілі ауыл" байқауына аймақтың 13 елді мекені қатысты. Байқау жеңімпазын анықтау кезінде ауылдың тазалығы, көгалдандырылуы, қажетті әлеуметтік нысандармен қамтылуы, тұрғындарының әл-ауқаты ескерілді.

"Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын жүзеге асыру және елдімекендердің өмір сүру жағдайы мен сапалы инфрақұрылымын қамтамасыз ету мақсатындағы байқау жеңімпаздарын  марапаттаймыз. Байқау шартына сәйкес жеңімпаз атанған ауылдар сыйақының 80 пайызын көгалдандыру, абаттандыру және инфрақұрылымды дамыту жұмыстарына жұмсауы тиіс. Қалған 20 пайызын әлеуметтік нысандардың қажеттілігіне бағыттауды тапсырамын", - деді аймақ басшысы.

Байқау қорытындысы бойынша келесі елді мекендер марапатқа ие болды:

Тірек елді мекендер арасында:

I орын - Жанқожа батыр ауылы (ауыл әкімі Сапарбек Қуатов), сыйақы -10 млн. теңге;

II орын - Арал ауданы, Октябрь ауылдық округінің Шижаға елді мекені (ауыл әкімі Нұрбек Жандәулетов), сыйақы – 7,5 млн. теңге;

III орын – Жалағаш ауданы, Мәдениет ауылы (ауыл әкімі Өмірсерік Әбдіхалықов), сыйақы – 5 млн. теңге;

Ынталандыру сыйлығы – Шиелі ауданы, Еңбекші ауылы (ауыл әкімі Бәйімбет Омаров), сыйақы - 2 млн.теңге.

Елді мекендер арасында:

I орын – Ақсуат ауылы (ауыл әкімі Мәмбетәлі Ақмырзаев), Қызылорда қаласы, сыйақы-10 млн. теңге;

II орын - Қазалы ауданы, Ғани Мұратбаев ауылы (ауыл әкімі Абай Рыстығұл), сыйақы- 7,5 млн. теңге;

ІІІ орын-Сырдария ауданы, Нағи Ілиясов ауылы (ауыл әкімі Сағдат Нұрмағанбетов), сыйақы – 5 млн. теңге

Ынталандыру сыйлығы – Қармақшы ауданы, Қармақшы ауылы (ауыл әкімі Әлімбай Білжанов), 2 млн. теңге сыйақы берілді.

Әрі қарай байқау жыл сайын өткізілетін болады.

Сондай-ақ, жиында бұқаралық спорт түрлерімен айналысуға жақсы жағдай жасаған үздік аудандар марапатталды. Сайыс жеңімпазы – Қызылорда қаласы, ал екінші орынды Жаңақорған ауданы, үшінші орынды Шиелі ауданы иеленді.

 

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Наурыз 2019 >
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары