Өзекті мәселелер

  • 19.12.19

    Кешегі даласында абақ­тысы жоқ, бес қаруы белінде жүрсе де жауынан өзгеге қару жұмсамаған заманда елдің бір-біріне өкпесі, кеткен есесі болмады дейсің бе? Болды ғой. Бірақ, сол заманның өзінде қойнындағы қаруға тұра ұмтылмай, әділдікті, ақ пен қараны шешетін әулеттің үлкені не ауылдың ажасы, оған көнбей жатса, елдің қожасына жүгінді емес пе? Дау бұған да бөгет бермеген кезде биге барып соңғы ше...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Ақыл  жетпес

    Адамның ақылы өлшеусіз мол. Алайда сол ұлан-ғайыр, шексіз ақылыңның кейде кішкентай, уақ-түйек мәсе­лелерді шеше алмай, тұйыққа тіреліп, жол таба алмай, адасып­  жүретініміз  қалай?!

    ...
    Толығырақ...
  • 19.12.19

    «Кувад синдромы» туралы бұрын-соңды естіп пе едіңіз? Мүлдем естімеген болуыңыз да мүмкін. Бұл – ер адамның жүкті әйел секілді күй кешуі. Мұндай да болады. «Кувад» сөзі француздың «couver» деген етістігінен шыққан, яғни қазақшалағанда «жұмыртқа басу» дегенді білдіреді. Бұл синдром екіқабат әйелдің күйеуінде жүктіліктің үшінші айында басталып, сәби дүниеге келгенге дейін жалғасуы ықтимал....

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Шырылдаған бала дауысынан селк ете қалған олар өздері секілді тағы бір күнә­сіз­дің жетім қалғанын сезді. Сәбиді түннің бір уағында тауып­ алған тәрбиеші дереу төсекке жатқызып, жұбата бас­тады. Әбден жылай-жылай көзінен жасы сарқылған баланың демі бітіп, әрең тыныс алады. Көздері жәудіреген бір топ баланың естісі аузындағы емізікті жұлып алып, апайына ұстатты. Жанаршылықпен қараған оның ересек...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Поэзия

     

    Ботадай боздап аспан жылайды,

    Алдайды бәрін түлкі үміт.

    Жапырақтардан жас тамшылайды,

    Жапырақ жүрек бұлқынып. ...

    Толығырақ...
ОБЛЫС ӘКІМІ БЕЛСЕНДІ ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІ
12.03.2019 10:17

Қызылорда қаласында облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың белсенді жастармен бейресми кездесуі өтті.

Кездесуге «Атамекен» балалар ауылының тәрбиеленушілері, Ресей Федерациясының жоғары оқу орындарында білім алған түлектер және түрлі салаларда жетістіктерге жеткен жастар қатысты.

Кездесу жүргізушілері – айтыскер Мұхтар Ниязов пен Жастар ресурстық орталығының «Орталық студия» жобасының жүргізушісі Бағлан Қалиев.

Аймақ басшысы облыстың дамуы туралы баяндап, кездесуге қатысушылардың сұрақтарына жауап берді, ақыл-кеңестерін де айтты.

Шара соңында жыршы Марат Сүгірбай арнауын айтып, сондай-ақ, аймақ басшысы домбыра шертіп, Сыр жастарына сәттілік тіледі.

Қызылорда облысында мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді.

Өңірде мемлекеттік жастар саясатын дамыту бойынша 2021 жылға дейінгі Жол картасы әзірленді.

Қызылордада мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында Сырдарияның сол жағалауында жастарға қызмет көрсету орталығының құрылысы жүргізілуде.

2017 және 2018 жылдары облыс түлектерінің 97%-і жоғары және орта арнаулы оқу орындарына түсті. Қызылорда облысы – Ресей Федерациясы Үкіметінің гранты есебінен Ресейдің жетекші техникалық жоғары оқу орындарында білім алуға жағдай жасаған республика бойынша жалғыз аймақ. 2014 жылдан бастап 520 түлек аталмыш грант иегері атанды. Алғашқы 32 түлек жоғарғы оқу орнын 2018 жылы аяқтап, аймақтың кәсіпорындарында жұмыс істеп жатыр. Биыл тағы 123 студент оқуын тамамдайды. 2018 жылы Мәскеу және Санкт-Петербург университеттеріне тағы 58 қызылордалық түлек оқуға түсті.

Сонымен қатар, 2013 жылдан бастап еліміздің жоғары оқу орындарында ауылдық жерлердегі аз қамтылған және көпбалалы отбасыларының балаларын оқытуға облыс әкімінің гранты тағайындалған. 2018 жылы грант саны 2 есеге дейін ұлғайтылып, қазіргі таңда 900-ге жуық сырбойылық түлек аталмыш грантпен білім алуда.

 

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Наурыз 2019 >
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары