Өзекті мәселелер

  • 14.11.19

    Ішкі істер министрінің орынба­сары Алексей Калайчиди аттестациядан кейін лауазы­мы­нан  босаған полиция басшы­лары туралы айтты, - деп хабарлайды ҚазАқпарат.

    – Аттестация екі кезеңнен тұрды. Біріншісі – дайындық барысы. Яғни, лауазымдағы азаматтың  кәсіби  дағдысы зерттелді. Біз бұған  дейінгі полиция басшыларын аттестаттаудың оқ ату, дене дайындығын, заңды білу деңгейін тексеру сек...

    Толығырақ...
  • 14.11.19

    Бізде мынадай тенденция бар ғой. Әкімдер мемлекеттік мекемелерге барса,­ сондағы қызметкерлер тайлы-таяғымен иіліп төсек, жайылып жастық бола қалатын. Тіпті, бұл дәстүрге айналып кеткені қашан?! Ал әкім мекеме­ге ескертусіз келсе, жағдай қалай болар еді? Мұндай «қызықты» апта  басында  көрдік.

    ...
    Толығырақ...
  • 14.11.19

    «Отан қорғап, сарбаз сапына қосылады» деп үкілі үміт артып отырған­ бөріктілердің арасында әскери борышын өтеуден қашып жүргендер бар. «Қашқындарда­н» бөлек, республиканың түкпір-түкпіріне немесе өзге мемле­кеттерге жұмыс істеуге барып, нақты мекенжайсыз, хат-хабарсыз кететіндерге де дауа болмай отыр. Осыған­ байланысты әскерге шақырылушыларды жергілікті әскери­ басқару органдарына шақы...

    Толығырақ...
  • 14.11.19

    Мәдениет ауылдық округі тіректі елді мекенге айналғалы бұл өңірдің тірлігі де алға басты. Ауыл әлеуетінің артуына бұрын жергілікті шаруашылықтар қолғабыс ететін. Қазір кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды тиімді пайдаланған ауыл тұрғындары да табысқа кенелуде. Кейбір жандар жеке табысы артқан сайын әлі де бола берсе екен дейді. Ал  бұл  елді  мекендегі  шаруашы...

    Толығырақ...
  • 14.11.19

    Өткен жылы мемлекеттік «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарлама­сына қатысып, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының қолдауымен «Бастау Бизнес» курсынд­а білімін жетілдірген Қармақшы ауданына қарасты Ақай ауылының жас кәсіпкері Қосым Жұмағалиевтің  есімі  бүгінде ауылдастарына жақсы­  таныс.

    ...
    Толығырақ...
ҚЫЗЫЛОРДАДА СҰРАНЫСҚА ИЕ ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР БОЙЫНША ОНЛАЙН-ОҚЫТУ ЖОБАСЫ БАСТАЛДЫ
13.03.2019 11:10

Жарты жыл бойы 200 қызылордалық жас frontend-әзірлемесі мен технологиялық кәсіпкерлік бойынша білім алады.

Қызылорда облысының цифрлық технологиялар басқармасы жанындағы "Ақпараттық технологиялар орталығы" КММ-нің ұйымдастыруымен IT-echelon жобасы іске қосылды.

IT-echelon жобасына қатысатын 200 адам іріктеліп алынды. Жоба аясында стартаптар мен технологиялық кәсіпкерлік бойынша семинарлар мен воркшоптар, кездесулер мен бизнес-ойындар ұйымдастырылады. Бүгін, 13 наурызда алғашқы онлайн-сабақ өтеді.

Жоба сандық дағдыларды қолдануды жандандыруға, өңірдің IT-инфрақұрылымын дамытуға және халықтың іскерлік белсенділігін арттыруға бағытталған.

"Бұл жобаның басым бағыты ретінде "frontend" (қосымша - сервистің бағдарламалық-аппараттық бөлігіндегі тұтынушы интерфейсінің клиенттік жағы)  пайдаланушы интерфейсін құру болып таңдалды Мамандардың бұл санаты - жұмысқа орналасу мәселесінде сұранысқа ие. Курстың бағдарламасы Қазақстанның IT-жұмыс берушілері ұсынатын нақты жобалармен жұмыс істеуге толық дайын болатындай етіп жасалған",-деді Қызылорда облысы цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Индира Ақжігітова.

Сондай-ақ, жоба шеңберінде технологиялық кәсіпкерлікке, стартаптарды ұйымдастыруға және бизнес-құралдарға ерекше көңіл бөлінеді.

Кездесулерге Mail.ru, Tinkoff, BugartGames, Яндекс Chocofamily, Doctor.kz, Kazdream.kz, Kompra, Com, CTgram сияқты танымал компаниялардың өкілдері қатысады.

Осы жобаны іске асыру барысында әрбір сарапшы, баяндамашы, инвестор мен бизнес иесі ментор рөліндегі тыңдаушыны анықтайды, сондай-ақ, ұйымда практикадан өткізу және одан әрі жұмысқа орналастыру мүмкіндігін өзіне қалдырады.

Аталмыш жоба бойынша жұмыс 6 айды қамтиды. Оның ішінде 72 сағат онлайн оқыту, сауалнама жүргізу және қатысушыларды іріктеу, 6 семинар, 8 воркшоп, 4 кездесу мен 2 бизнес-модель ойындары өткізіледі. Жобаға 14-35 жас аралығындағы 200 қатысушы қатысады, оқыту ақысыз негізде жүргізіледі.

 

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Наурыз 2019 >
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары