Өзекті мәселелер

  • 19.12.19

    Кешегі даласында абақ­тысы жоқ, бес қаруы белінде жүрсе де жауынан өзгеге қару жұмсамаған заманда елдің бір-біріне өкпесі, кеткен есесі болмады дейсің бе? Болды ғой. Бірақ, сол заманның өзінде қойнындағы қаруға тұра ұмтылмай, әділдікті, ақ пен қараны шешетін әулеттің үлкені не ауылдың ажасы, оған көнбей жатса, елдің қожасына жүгінді емес пе? Дау бұған да бөгет бермеген кезде биге барып соңғы ше...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Ақыл  жетпес

    Адамның ақылы өлшеусіз мол. Алайда сол ұлан-ғайыр, шексіз ақылыңның кейде кішкентай, уақ-түйек мәсе­лелерді шеше алмай, тұйыққа тіреліп, жол таба алмай, адасып­  жүретініміз  қалай?!

    ...
    Толығырақ...
  • 19.12.19

    «Кувад синдромы» туралы бұрын-соңды естіп пе едіңіз? Мүлдем естімеген болуыңыз да мүмкін. Бұл – ер адамның жүкті әйел секілді күй кешуі. Мұндай да болады. «Кувад» сөзі француздың «couver» деген етістігінен шыққан, яғни қазақшалағанда «жұмыртқа басу» дегенді білдіреді. Бұл синдром екіқабат әйелдің күйеуінде жүктіліктің үшінші айында басталып, сәби дүниеге келгенге дейін жалғасуы ықтимал....

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Шырылдаған бала дауысынан селк ете қалған олар өздері секілді тағы бір күнә­сіз­дің жетім қалғанын сезді. Сәбиді түннің бір уағында тауып­ алған тәрбиеші дереу төсекке жатқызып, жұбата бас­тады. Әбден жылай-жылай көзінен жасы сарқылған баланың демі бітіп, әрең тыныс алады. Көздері жәудіреген бір топ баланың естісі аузындағы емізікті жұлып алып, апайына ұстатты. Жанаршылықпен қараған оның ересек...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Поэзия

     

    Ботадай боздап аспан жылайды,

    Алдайды бәрін түлкі үміт.

    Жапырақтардан жас тамшылайды,

    Жапырақ жүрек бұлқынып. ...

    Толығырақ...
«ҚАЙСАР» ӨТКЕНДІ ҚАЙТАЛАДЫ
14.03.2019 10:25

Көптен күткен ҚПЛ ойындары да басталды.  9-10 наурыз күндері биылғ­ы маусымның ал­ғашқ­ы ойындары өтіп, ел күткен де, ең күтпеген нәтиже де таблоға жазылып жатты. Былтыр да солай болған. "Қайсар" ойыншылары 2018 жыл­ғы маусымды өз алаңындағы сәтсіздікпен бас­тағаны ел есінде шығар. Қосалқы құрам ойын­шыларынан жасақталған "Ақтөбе" Қызылордада жерлестерімізді 1:0 есе­бі­мен тізе бүктіріп кеткен еді. Биыл да бірінші айналымның бірінші ойынында  батыстық ұжымды  қабылдады. "Қайсардың" ерекше басым бол­ғанына  қарамастан, "Атырау" ойын соңына дейін бір гол  айырмасын сақтай алды.

Ең бастысы, бұл допты өткен жылы ауыр жарақат алып, сегіз ай футболдан тыс қалған талантты жас футболшы Дәурен Мәжитов соқты. Ал, ең бастысы гол ойынның небәрі 2-минутында салынды. Бұл – Дәурен­нің Премьер-лигадағы алғашқы дәл соққысы. Сондай-ақ, "Атырау" биыл сырт алаңда жеңіске жеткен бірінші команда болып отыр. Айта кетерлігі, батыстық ұжым "қасқырларды" араға 16 жыл салып Қызыл­ордада тағы жеңді. "Мұнайшылар" ел бірін­шілігі  аясында  соңғы  рет 2003 жылы 2-3 есе­бімен жеңіске жеткен екен. "Басы қатты болса, аяғы тәтті  болады" деп өз-өзімізді  жұбатар едік. Себебі, өткен жылы да, арғы  жылы да  ел  чем­пионаты  "Қайсар"  үшін  тәтті де, сәтті де болған-ды.

Қос команда бұған дейін 32 рет кездескен екен. 12 ойында "Қайсар" қайсарлық танытса, 12 ойында "Атыраудың" асығы алшысынан түс­кен. 8 ойында қос ұжым тең тарқасыпты. Енді "Қайсар" қарымта қайтару үшін  тамызда  Атырау­ға  баратын  болады.

В.Кумыков шәкірт­тері есепте жеңіске жеткен­імен, С.Младенов баптайтын сырбойылық футболшылар ойында жеңіліс тапты дей алмаймыз. Қақпа бағаналары мен маңдайшасы қо­нақтарға көп көмек­тес­кендей. "Қайсардың" жаңа  ойыншылары  да өз деңгейінде өнер көр­сеткен сыңайлы. Әрине, бір ойын­нан соң кесім айтып, шешім шығаруға болмас. Десе де, 15 нау­рыз күні өз алаңында "Жетісуды"  қабылдайтын Сырдың бас командасы жақсы ойын өрнегін көрсетеді деп сенеміз. Ойын Ғ.Мұратбаев атында­ғы орталық ста­дионның қосалқы алаңында Қы­зыл­орда уа­қытымен 15:00-де өтеді. Бас команданы бірге қолдайық!

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Наурыз 2019 >
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары