Өзекті мәселелер

  • 20.06.19

    Гүлсім  ТАҢАТОВА,

    судья:

    Қап арқалаған қария. Әр сот отырысында жанынан тастамайтын кенеп қап... Оны есірткіге қатысты қылмысқа не мәжбүр етті? Тәжірибелі судьяның қылмыстық істі қараудан үзілді-кесілді бас тартуына не себеп? Бұл сауалдардың жауабын бірер айдан соң отс...

    Толығырақ...
  • 20.06.19

    АҒАЙЫНДЫ

    Екі ағайынды жігіт. Қабы да бір, сабы да бір: әке де, шеше де ортақ. Көргені де, жүргені де бір. Ішкені бірдей, жегені бір­дей... Бірақ біреуіне көптің көңілі қызығарлық ақыл қон­ған, біреуіне көптің шырқын бұзарлық арақ қонған...

    ...
    Толығырақ...
  • 20.06.19

    ЕКІ  ЕСАЛАҢ

    Ол түнімен «Нақұрыстың өмірін» оқып шықты. Автордың жан дүние­сіне үңілді. Жаңбырдан соң ауаның балғындығын бүкіл тамырымен сезі­не­ отырып, тәтті қиялға берілді. Кенет, шулаған ессіз қыздардың ащы күлкісіне жиіркене қарады. «Олар айтқан жайтта қандай күлуге тұрарлық мән бар екен» деп ой алабына  сүңгіді. Күнде теріскей жақтан­ ке...

    Толығырақ...
  • 20.06.19

    Қазақ өз ұрпағына қашанда жақсы тәлім, өнегелі тәрбие беруден жалыққан емес. Тіпті тәрбиенің бір бастауы­н бесіктен­ бастап, оның ата-анасының да жауапкерш­ілігін жүктеп отырған. Бүгінде осы ұлы мін­детті жартылай да орындай алмай жүргендер бар.

    ...
    Толығырақ...
  • 20.06.19

    «...Бізге керегі шын дарындар. Мемлекет өзінің талантты ұлдары мен қыздарын, тарланбоз жүйріктерін қолдауға, қорғауға міндетті». Иә, талантты да дарынды жастар – елі­міздің бетке ұстар мақтаныштары. Оны  жоғарыда айтылған Тұңғыш президентіміз Н.На­зар­баевтың сөзінен айқын байқауға болады. Жас ұрпақтың келешекке нық қадам басуы­ – қоғам үшін маңызды да жауапты күш. Еңсесін тіктеп келе жатқан ел...

    Толығырақ...
ҚЫЗ-ҒҰМЫР
14.03.2019 10:40

Осыдан тура 2 жыл бұрын арман қуып, арайлы Ақтөбеге барған сәтте студенттер жатақханасына орна­ластым. Жатақхана басшысы төрт қызбен бірге тұратынымды әрі олармен бір факультетте оқитынымды айтты. Көп қызбен бірге тұратыныма қуана қоймасам да, мыңдаған студент­тердің арасынан жатақхана алғаныма көңілім жайланды. Үш қыз да бір топта оқиды екен. Қыздармен танысып, тез тіл табысып кеттік. Әйткенмен, арадағы бір қыз маған ұнай  қоймады. Мінезі  тік, аз сөйлей­тін  және  орысшалау.

Өмірге ренжулі, көп қиындықты көрген адам әсте көз жанарынан-ақ ұғындырып тұрады емес пе? Аружанның жанары үнемі мұңға толып тұрғандай көрінеді. Әрқайсысымыз отбасымыз жайлы айта бастағанда ол үнемі тосылып қалатын. Осыдан-ақ түсіндік. Аружан бір бөлмеде бір үйдің қыздарындай тұрған соң ба, аз уақыттан кейін бізді жақын тарта бастад­ы. Өз өмірін ашты, сырын айтты.­

Аружан  бірде:

- Менің бұл өмірде ешкімім жоқ, қыздар. Анам да, әкем де менен бас тартқан. Менің тасжүрек болып көрінетінім де осыдан. Анамның аялы алақанын сезбедім де, көрмедім де. Әкем шақалақ кезімде-ақ өлге­німді қалап, итке жемтік қылуға тыры­сыпты. Туғаныма 40 күн болған кезде мені итке лақтырған дейді білетіндер.­

Әңгімесінің басын осылай бас­таған құрбымның сөзі бізді жылатса да, көзіне еш жас алмады. Не деген батыл жүрек десеңізші?! Өмір оны қамшылап, бұл сынақ үлкен өмірге дайындаған, жанын жабырқатып, жүрегіне мұз қатқан.

Түсінуімізше, анасы оны 18 жасында некесіз босанған. Сол сәттен-ақ анасы да, әкесі де Аружаннан бас тартқан деседі. «Бұлай сыйлаған өмірің құрысын деген» сөзіне, «Алдырты­п тастағым келді, кейін бала туа алмай қаламын деп қорықтым» депті безбүйрек анасы.

Бала кезінен нағашы әжесі мен атасы бауырына басып тәрбиелеген. Бірақ көп ұзамай-ақ сүтін бермесе де, адал тәрбиесін берген әжесі өмірден озады. Кейіннен атасының қолында қалып, сол кісінің өнегесімен өсті. Тоғыз ай, тоғыз күн құрсағында көтерген анасы керек қылмаған қызды туған- туысы қалай бауырларына басар дейсің? Жақындарының ет жүректері езілмейтіндері, оны ойлап күйзелмейтіндері белгілі дүние.

Ол анасы мен әкесін қатты сағынады­, іздейді, бір көруді армандады. Оған керегі миллион теңге емес, ата-анасымен өткізген он минуты­ қадірлі еді. Көкейінде тол­ған­ сұрақ. Ол өзінің не үшін өмірге жеккөрінішті күйінде келіп, ата-анасыны­ң одан неліктен бас тарт­қанын  білгісі  келетін. Ең сорақысы, ол  өзінің тегін білуді арман­дайды. 16 жасына дейін жалған, қолмен жазылға­н құжатпен жүріп, кейін нағашы­ атасының атына аударылған.­

Аружанның өмірі екінің бірі шыдамайтын қиын тағдыр. Әкесі мен анасының бұл жасаған тірлігі жаға ұстатарлық. Түсінбейтінім, анасының да, әкесінің де қазір бөлек отба­сыл­ары бар. Сонымен қатар бала­лары да жоқ емес. Ойлантатыны, не үшін бұл қыздан екеуі де түбегейлі бас тартқандығы? Құрбым бір сөзінде «Мен ешқашан жасымды төгіп, өткен іс үшін жанымды жегідей жемеймін. Болашақта ана атан­ғанда баламды «ана махаббатымен» мол  сусындататын  боламын» дейтін. Біз де оған  сенімді едік.

Миы басына, басы тымағына сыймай қиналған құрбым қазір шаңыра­қ көтерді, келін атанды. Тарамдал­ған тағдырының жолау­шысын тапты. Ол өзін  бағалайтын бағын, еркелететін ерін жолық­тырды. Басқа қыздардай өмірдің сыйына бөленді. Қазір ол ана атанды. Өзіндей ақылды, тәрбиелі қыз өсіріп жатыр. Өз анасы секілді қасаң тірлік, қатқыл іс істеген жоқ. Жүрегі нұр мен мейірімге толы.

Талқыға сала берсек, ата-ана атына­ дақ келтіргендердің қателігі бітпес. Бастысы, құрбым бақытты. Не дегенмен де, жанына жақын ата-анасын  ол  кешірген.

Қиындыққа  толы қыз ғұмыры ата-аналар қауымына сабақ болып, жастарымызға ақырын жүріп, анық бас дейтіндей.

 

Алтынай  ОРЫНБАЕВА,

Қ.Жұбанов  атындағы

Ақтөбе  өңірлік  мемлекеттік

университетінің  4-курс  студенті

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Наурыз 2019 >
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары