Өзекті мәселелер

  • 21.03.19

    «Бір қозы туса, бір түп жусан артық шығады». Осы тәмсілге сүйеніп, бала басын көбейткенді жөн санайтын қазақ елінде көпбалалы отбасылар саны 400 мыңға жақындайды. Оларға мемлекет тарапынан арнайы жәрдемақылар тағайындалып, жеңілдіктер қарастырылған. Алайда нарықтың қос бүйірден қысып тұрған шағында мардымсыз қаражат бастан башпайға дейін жетпейтіні үнемі айтылып келеді. Соның салдары еліміздің ...

    Толығырақ...
  • 21.03.19

    Үкіметтен басталған ауыс-түйіс жергілікті билікке де жеткен секілді. Ескерте кететін жайт, Қызылорда қалалық әкімдігінде «ат ауыстыру» жиі-жиі болып тұрады. Тіпті, «бір жарым ай ғана басшылық қызметте отырып, өзге салаға кете салу да оп-оңай ма?» деп қалдық. Енді заңды сауал туындап отыр. Жергілікті билікте кадр тапшылығы бар ма? Егер бұлай болмаса, қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев бөлі...

    Толығырақ...
  • 21.03.19

    Арық адамнан гөрі артық салмағы бар адамның мұңы басым. Ал ол әйел болса, тіпті, белгілі жайт. Қыс көрпесін түргеннен қыз біткен қысыла бастайды. Қызылды-жасылды киімге сай сымбатты қалайды. Әйел затының әу бастағы сұлулыққа құштарлығы дәл осы сәтте сынға түседі. Арығудың жолында диета ұстайды, фитнес клубқа барады. Алайда  салмақтан арылу үшін  денсаулықты бәйгеге тігу дұрыс па? «Тұмар...

    Толығырақ...
  • 21.03.19

    «Болар бала он бесінде баспын» десе, басқасының отызында не дейтінін баршамыз білетін шығармыз. Даналардың «ақыл жастан шығады» деуі тегіннен-тегін емес. Дарынды балалардың көптігінен еліміздің болашағын көруге болатындай. Кешегі Мағжандар жастарға сенім артқанда сенімге селкеу түсірмейтіндердің барын білді емес пе? Үдеден шыға алмай, беті қызарақтағандарды Терек төрелер қамшымен ұрып, ...

    Толығырақ...
  • 21.03.19

    Кемпір-шал осылай күйбеңдеп жатқанда Иванов бастаған жырындықор атаймандар жұп жазбастан кер даланың шаңын бұрқыратып барып, қалың жыңғыл жынысына кіріп жоқ болды. Бұл алап оңаша. Иванов тұрақтандырған бәрінің бөксе басар ұясы. Бастары аң-құс тегіс семіретін күзге қарай бір-бірімен хабарласып, осы бекетте тоғысып тұрады. Бұрынғының адамдары аң-құсты қақпанмен, тұзақпен аулайтын. Беріде орыстар ...

    Толығырақ...
КЕШ КЕЛГЕН БАҚЫТ (Болған оқиға ізімен)
14.03.2019 10:43

Күздің қоңыр салқынында жұмыст­ан үйге таза ауамен тыныстап, ақырын басып, айналама көз тастап ойланып келемін. Табиғаттың сұлулығына тілім жетпей, аяғымның астынд­ағы сары алтындай төгіліп жатқ­ан  жапырақтар менің санамды сан-саққа жетеледі. Қарсы алдымдағы жаяу жүргіншімен иығым соқтығы­сып кеткенде ғана есімді жидым.­ Лезде басымды көте­ріп, кешірім  сұрамақ  болып  ем, үн-түнсіз сос­тиып тұрдым да қалдым.

Аз-кем үнсіздікті «Жағдайың қалай?» деген сұрақ бұзды. Амандық-саулық сұрап  ары  қарай сол маңдағы асханаға  барып­ шай ішіп, әңгімені жал­ғайық деген ұсынысыма әзер келіскен Айгүлдің жанында келе жатсам да қалың ой өз жетегіне ертіп кетті. Баяғы Айгүлдің бірде-бір жұрнағы қалмаған. Бір шыныаяқ кофе мен ыстық бәлішті алдыртып, әңгіме одан әрі өрби түсті. Айгүлді университет қабырғасынан бері танимын. Бізбен қатар тарих тобында оқитын. Ақсары келген, тартымды, жайма-шуақ ақ көңілді құрбымның қазіргі бейнесі мені алаңдатпай қоймады. Бет-әлпеті солғын тартқан, ауылдың қараторы келіншегіне айналған. Бұрын қандай еді, қазір ше? Менің сұраулы жүзімді түсінгендей терезеге­ қарап терең күрсінді.

- Маған сұрақ қоюға бата алмай отырғаныңды білемін, ішіме сыймай қиналып жүр едім. Сенің кездескенің қандай жақсы болды, шерімді тарқатып бір жеңілдейін, әрі сенің қалам тартатын өнерің бар еді ғой, мен сияқ­ты тағдыр құрбаны болмай, енді­гі өсіп келе жатқан жас қыздарға са­бақ болсын, - деп бастады әңгіме­сін.

Үшінші курс оқып жүргенде өміріме ойламаған өзгеріс еніп, басым­а түскен сынақтан соң қатарымнан қалдым, дипломға да қол жеткізе алмадым. Оған себеп менің көзсіз ғашықтықтан байланған, соқыр­ махаббат еді. Менен бір топ жоғары оқитын Ерланды білесің, екеумі­з жүруші едік ғой. Студент күндерім тек қызыққа толы болатын. Үнемі сабақтан соң Ерланмен бірге қыдыратынбыз. Ол маған өлең шығарып­, бірге қол ұстасып жүріп осындай күйге түсемін деп үш ұйықтасам да түсіме кірмейтін. Екінші курстың аяғында үйленетінін айтып, Қазалыдағы ата-анасына апарып таныст­ырды. Ойымда ештеңе жоқ, үйленетініміз белгілі болған соң тойға дейін сезімге беріліп, ақ босаға аттамай аяғым ауырлап қалғанын да байқамадым. Бір күні кездесіп тұрып оның бір жерге асығып, «кейін кезде­сейік» дегені күдігімді оятып, ізінен аңдуға көштім. Ол кезде бойымда болған өзгерістерді айтпаған болатынмын. Бүгін айтуға оқталғанымда Ерланның асығыс болып, кездесуді кейінге қалдырғаны мені одан сайын­ састырды. Екі-үш аялдамадан соң бір қыз алдынан шығып, сонымен амандасып сөйлесіп тұрғанда мен де жандарына жетіп бардым. Мені көріп не айтарын білмей, қипақтап тұрғанда  әзер  дегенде:

- Алтынай, танысып қой, менің группаласым, - деп мені таныстыр­ғанда туысқаны деп ойладым. Өйткені Алтынаймен қоштасып, мені қолтықтап кете берді. Аяқ астынан­ анам қоңырау шалып, өзім­дегі жаңалықты айтуға тағы да сәті түспеді. «Шұғыл жет! Әкеңді жедел жәрдем ауруханаға әкетті» дегенге алып-ұшып таксиге мініп кете бер­дім. Әкем жүрек талмасына ұшырап, жансақтау бөлімінен бір-ақ шығып, өз жағдайымды мүлде ұмытып кеткен едім. Аурухана мен үйдің ортасында сабылып жүріп арада ай өтіп кеткенін де сезбедім. Бір күні таңғы ас ішіп отырып жүрегім көтеріліп, орнымнан тұрып тысқа жүгіре жөнелдім. Әжетханаға жетіп лоқылдатып құс­қанымды ана жүрегі сезді ме екен:

- Бір жерің ауырып жүрген жоқ па? - дегенге шаршағаннан ғой деп жылы жауып, дереу бөлмеме кіріп, Ерланға телефон шалып едім, «телефон сөндірулі» дегенде жүрегім бір нәрсені сезгендей, сол телефонмен бірге тоқтап қалғандай күй кештім. Тұтқаның ар жағындағы «телефон сөндірулі, кейін хабарласыңыз» деген­ үн менің тыныштығымды бұзып, таңды әзер атырдым. Таңертең тұрып алғашқы автобусқа мініп қалаға тарт­тым. Автобустан түсіп оның жұмыс орнына жаяу аяңдап, екі ойлы сезім кешіп келемін. Бір айдан бергі менің жайым белгілі, ал оның неге осы уақытқа дейін қоңырау шалып іздемегені алаңдатты. Әншейінде минут сайын іздейтін жігітімнің бұл қылығына таңғалып, қыз басыммен жігі­тімді іздеп келе жатқаныма да қынжылдым. Ауыр ойдың шырмауына түсіп, жұмыс орнына тез жеткенімді білмей қалдым. Ол бір басылымда тілші болып қызмет атқарып жүре­тін. Ерлан жұмыс орнында болмай шықты. Іште тек хатшы қыз ғана отыр екен. Менімен амандық сұрасқан соң ол Ерланның бір аптадан бері жұмыст­а жоғын, себебі бүгін оның үйлену  тойы  болғандықтан, ауылына­ кетіп қалғанын жеткізгенде біреу төбемнен мұздай су құйып жібергендей дел-сал күйі тұрған жеріме сылқ етіп отыра кеттім.

Көзімнен аққан жасқа ие бола алмай,­ қанша жылағаным белгісіз, есімді жиып, есікке беттегенімде Ерланме­н соқтығысып қалдым. Менің түр-әлпетімдегі өзгерістен бе әлде іштегі қыздан қысылды ма, «жүр, сыртқа шығып сөйлесейік» деді. Ішімнен болып жатқан тірліктер өтірік болса екен деп ойланып келе жатқан үнсіздігімді өзі бұзды.

- Айгүл, сенің алдыңда ақталуға да, айтуға батылым бармады. Есіңде ме, мен бір қызбен аялдамада тұр­ғанда сен үстімнен түсіп ең ғой. Сол қыз – менің болашақ жарым. Сол қызға үйленгелі жатырмын. Бүгін құда түсу рәсімі, жұмыста маңызды құжатым қалып, соны алуға келіп едім. Өзіңе кейін ескертермін деп ойлағанмын, - дегенде мен үшін ас­пан­ жерге айналып түскендей болды.

Басым айналып, жүрегім  қысылып, сол жерде  есімнен  танып қалыппын. Есімді жисам, ауруханада жатырмын. Алғаш­қыда аппақ қабырғаларды көріп, қорыққанымнан атып тұрсам керек, мені бақылап отырған медбике маған тұруға болмайтынын ескер­тіп, сыртқа шығып кетті. Екі-үш минут­ өтер-өтпестен ішке дәрігер кіріп, маған күлімсіреп, Ерланға қарап, «сіз жігітісіз бе, әлде жолдасысыз ба?» дегенге екеумізден де ешқан­дай жауап болған жоқ. «Айгүл, сізге көп толқуға, жылауға болмайды, азамат, сіздің келіншегіңіздің аяғы ауыр, қуана беріңіз, жақында әке атана­сыз» деп есіктен шығып кетті. Ерланның түрі боп-боз, қуарған шүберектей  маған  қарап:

- Баланың әкесі кім?! Бұл бала менікі емес, мен сенімен тек уақыт өткізіп, ермек етіп келдім, маған біреудің баласы керек емес, - деп суық  жанарымен  қарағанда жү­регімді біреу тіліп жібергендей болды.­

- Ерлан, бұл не сөзің?! Мен сені жанымнан артық жақсы көрдім, құр­сағымдағы сенің балаң, қалай ғана менің өмірімді ойран етіп, тағдырыма балта шауып, оп-оңай өзің жасаған қателігіңді мойындамайсың? Сонда менің өмірім саған ойыншық па? Менің тағдырым не болмақ? Әке-шешемнің, елдің бетіне қалай қараймын, үйленбесең неге әке-шешең­мен таныстырып, неге менің абыройымды ластадың? Мен саған сендім ғой, - деген сөзімді құлағына да ілген жоқ.

- Көз жасыңды сорғалатпай, ішің­дегі баланы алдыр! Тағы да айтамын, ол менің балам емес, мені ата-анам, туыстарым күтіп отыр, - деді ол.

 

(Кейiпкерлер есiмi өзгертілген)

 

Гүлмира  МОЛДАХОЖАЕВА

(Жалғасы  бар.)

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Наурыз 2019 >
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары