Өзекті мәселелер

  • 20.06.19

    Гүлсім  ТАҢАТОВА,

    судья:

    Қап арқалаған қария. Әр сот отырысында жанынан тастамайтын кенеп қап... Оны есірткіге қатысты қылмысқа не мәжбүр етті? Тәжірибелі судьяның қылмыстық істі қараудан үзілді-кесілді бас тартуына не себеп? Бұл сауалдардың жауабын бірер айдан соң отс...

    Толығырақ...
  • 20.06.19

    АҒАЙЫНДЫ

    Екі ағайынды жігіт. Қабы да бір, сабы да бір: әке де, шеше де ортақ. Көргені де, жүргені де бір. Ішкені бірдей, жегені бір­дей... Бірақ біреуіне көптің көңілі қызығарлық ақыл қон­ған, біреуіне көптің шырқын бұзарлық арақ қонған...

    ...
    Толығырақ...
  • 20.06.19

    ЕКІ  ЕСАЛАҢ

    Ол түнімен «Нақұрыстың өмірін» оқып шықты. Автордың жан дүние­сіне үңілді. Жаңбырдан соң ауаның балғындығын бүкіл тамырымен сезі­не­ отырып, тәтті қиялға берілді. Кенет, шулаған ессіз қыздардың ащы күлкісіне жиіркене қарады. «Олар айтқан жайтта қандай күлуге тұрарлық мән бар екен» деп ой алабына  сүңгіді. Күнде теріскей жақтан­ ке...

    Толығырақ...
  • 20.06.19

    Қазақ өз ұрпағына қашанда жақсы тәлім, өнегелі тәрбие беруден жалыққан емес. Тіпті тәрбиенің бір бастауы­н бесіктен­ бастап, оның ата-анасының да жауапкерш­ілігін жүктеп отырған. Бүгінде осы ұлы мін­детті жартылай да орындай алмай жүргендер бар.

    ...
    Толығырақ...
  • 20.06.19

    «...Бізге керегі шын дарындар. Мемлекет өзінің талантты ұлдары мен қыздарын, тарланбоз жүйріктерін қолдауға, қорғауға міндетті». Иә, талантты да дарынды жастар – елі­міздің бетке ұстар мақтаныштары. Оны  жоғарыда айтылған Тұңғыш президентіміз Н.На­зар­баевтың сөзінен айқын байқауға болады. Жас ұрпақтың келешекке нық қадам басуы­ – қоғам үшін маңызды да жауапты күш. Еңсесін тіктеп келе жатқан ел...

    Толығырақ...
ҚАТЕРЛІ ІСІК БАЛАЛАР АРАСЫНДА ДЕНДЕП БАРАДЫ
14.03.2019 10:45

Қызылордада биылғы екі айдың өзінде қатерлі ісікпен алғаш рет 3 бала ауырып, 2 бала ажал құшқан. Ал диспансерлік есепте 77 нау­қас тіркеуде тұр. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі ұсынған­ статист­ика осылай «сөйледі». Былтыр осы  індетпен  алғаш рет 7 бала анық­талып, 90-ы есепте қалған болатын. Ал 2017 жылғы көрсеткіш 94 адам болған, алғаш рет анық­талғаны – 6, ал шетінегені – 11 бала. Сонымен­ қатар апластикалық анемиямен 4 бала тіркеліп, 2 бала шетінеген.

Сирек кездесетін Гоше ауруы­мен 2 бала тіркеліпті (соныме­н қатар қан аурулары: Верльгофф ауруы, Гемофилия А, В аурулары да кіргі­зілген). Айта кетейік, ҚР ДСМ 2017 жылдың 29 желтоқсанындағы «Қазақстан Республикасында педиатриялық көмек көр­сетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы»­ №1027 бұйрығына сәйкес, 0-18 жасқа дейінгі балалар диспансерлік есепке алынып, 18 жастан­ кейін ересектер тобына өткізіледі.

Медицинада құлан таза айықтырып жіберетін жолы табылмаған дерттің қатарында қатерлі ісік көш басында тұрғаны белгілі. Әзірге. Әлемде жыл сайын 12 миллионға жуық адам қатерлі ісік ауруларына шалдығып, олардың 7 миллионы өмірімен қош айтысады. Соңғы деректерге көз салсақ, Қазақстанда жылына 500-ден астам бала қатерлі ісікке душар­  болады. Десе де, жұртшылық арасында рак немесе «аты жаман ауру» аталып келген кеселді жеңгендер де бар. Аурудың салдарымен күресіп, шама-шарқымызша алдын алуға тырысып келеміз. Ал себебі қандай? Қатерлі ісік неден пайда болады? Бұған тиісті сала маманда­ры қалай жауап береді?

Қатерлі ісіктер тез өсіп, дененің бір жеріне­ ғана тоқтамай, белгілі бір мерзім аралығында қан және лимфа тамырлары арқылы басқа мүшелерге тез тарайды. Індеттің қауіптілігі – алғаш­қы уақытында. Өйткені дәл осы кезеңде денеге дендеген сырқат туралы бейхабар болуың­ыз мүмкін. Ауру «мазаңызды алмайды», білінбейді. Жоғарыда тоқталып өткеніміздей, рак аталуының да түпкілікті себебі бар көрінеді. Денеге емін-еркін тарайтын болғандықтан, аяқтары жан-жағына жайылып жат­қан теңіз шаянына аумай қалады екен. Сол себепті медицинаның атасы Гиппократ Рак деген атау беріпті.

1.      Дұрыс тамақтанбау (канцерогенді тағамдар­ды  пайдалану, нитраттар мен нитриттер, ысталған  тағам  құрамындағы бензопирен және т.б.);

2.      Генетикалық бейімділік (тұқымқуалаушылық фактордың болуы, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметімен шамамен 20%);

3.      Вирустар;

4.      Зиянды әдеттер;

5.      Стресстер мен депрессиялар.

Дәл осы әрекеттер – аурудың негізгі себеп­тері. Нәтижесі сол, жер бетінде жыл сайын миллиондаған адам осы ауруға «жұтылып» жатыр­.

Өткен жылы қатерлі ісікпен емдеу жүйесі жайында Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты директорының орынбасары Дәурен Әділбаев пікір білдірген болатын.

- Біздегі емдеу кеңес кезіндегі жүйеге негіз­делген. Бұл айтарлықтай прогрессив жүйе  болатын. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін  бірден онкологиялық мекемелер желісі құрылды. Басты орталық Мәскеуде, ал кеңестік республикалардың астанасында ҒЗИ болды және әр облыс орталығында диспансер құрылды. Диспансер толық аурухана болатын, онда химия және сәуле терапиясы да болды. Онкологиялық институтта ең күрделі онкология емделеді, - деді ол.

Қазіргі таңда Сыр өңірінде қатерлі ісіктің алдын алу мақсатында бірқатар шаралар жүйелі түрде ұйымдастырылып жүр. Дертті бастапқы кезінде анықтау өте маңызды екенін ескерген ақхалаттылар осы мақсатта жұмыла жұмыс істеуде. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы тарапынан қатерлі ісік ауруының алдын алу мақсатында жыл сайын онколог және жалпы тәжірибелік дәрігерлердің біліктілігін арттыру мақсатында Алматы қаласындағы «Педиат­рия және Балалар хирургиясы ғылыми орталығының» онколог мамандары тарапынан семинар-тренингтер ұйымдастырылады. Соңғы тренинг 2018 жылғы желтоқсанның 14-18-і аралығында өткізіліпті. Басқарма тарапынан «Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы» ЖШС-мен екіжақты меморандум жасалынып, қатерлі ісіктердің алдын алу шаралары жүргізіліп келеді­. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының маманы ұсынған ақпарат­қа жүгінсек, «Арал балалары» қоғамдық қорымен екіжақты­ келісім жасалынып, онкологиялық ауруға шалдыққан елден келген балалар үшін балалардың­ ата-аналарымен бірге жатуға арналған «Әлеумет­тік қонақүй» ашылып, басқарманың жолдамасымен  жатқызылып  отыр.

Республика көлемінде 3 ақпаннан бастап 10 күн бойы қатерлі ісік ауруларын анықтау бойынша профилактика декадасы өткен. Деген­мен, мұнша еңбектің артында әр адамның өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау міндеті жатқаны сезіледі. Қатерлі ісікке жасалат­ын ота республика бойынша Алматы, Астана қаласындағы орталықтарда жасалады.

Бүгінде бүкіл әлемді алаңдатқан аты жаман ауру Сыр өңірін де айналып өтпегенін байқап отырған боларсыз. Облыстық денсаулық сақ­тау­  басқармасы ұсынған деректерге сүйенсек, қатерлі дертке шалдыққан, одан қаза тапқан балалардың саны азайып келе жатыр. Десе де, түбегейлі жойылып кеткен жоқ.

Егер індетке шалдыққандар уақытылы ем қабылдаса, онымен күресу де оңайға түспек. Дәрігерге көрінуге құлықсыздық таныту да ауруды одан сайын асқындырып жібереді. Дәрігер демекші, облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, облыс көлемінде­ балаларға медициналық көмек көрсететін 3 дәрігер-онколог ғана штаттық бірлікке сәйкес жұмыс істейді. Бұл мыңдаған тұрғыны бар және 70-тен аса қатерлі ісікке шалдыққан балалар тіркелген Қызылорда облысы үшін жеткілікті ме?

Жазира  БАҒЛАН

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Наурыз 2019 >
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары