Өзекті мәселелер

  • 20.06.19

    Гүлсім  ТАҢАТОВА,

    судья:

    Қап арқалаған қария. Әр сот отырысында жанынан тастамайтын кенеп қап... Оны есірткіге қатысты қылмысқа не мәжбүр етті? Тәжірибелі судьяның қылмыстық істі қараудан үзілді-кесілді бас тартуына не себеп? Бұл сауалдардың жауабын бірер айдан соң отс...

    Толығырақ...
  • 20.06.19

    АҒАЙЫНДЫ

    Екі ағайынды жігіт. Қабы да бір, сабы да бір: әке де, шеше де ортақ. Көргені де, жүргені де бір. Ішкені бірдей, жегені бір­дей... Бірақ біреуіне көптің көңілі қызығарлық ақыл қон­ған, біреуіне көптің шырқын бұзарлық арақ қонған...

    ...
    Толығырақ...
  • 20.06.19

    ЕКІ  ЕСАЛАҢ

    Ол түнімен «Нақұрыстың өмірін» оқып шықты. Автордың жан дүние­сіне үңілді. Жаңбырдан соң ауаның балғындығын бүкіл тамырымен сезі­не­ отырып, тәтті қиялға берілді. Кенет, шулаған ессіз қыздардың ащы күлкісіне жиіркене қарады. «Олар айтқан жайтта қандай күлуге тұрарлық мән бар екен» деп ой алабына  сүңгіді. Күнде теріскей жақтан­ ке...

    Толығырақ...
  • 20.06.19

    Қазақ өз ұрпағына қашанда жақсы тәлім, өнегелі тәрбие беруден жалыққан емес. Тіпті тәрбиенің бір бастауы­н бесіктен­ бастап, оның ата-анасының да жауапкерш­ілігін жүктеп отырған. Бүгінде осы ұлы мін­детті жартылай да орындай алмай жүргендер бар.

    ...
    Толығырақ...
  • 20.06.19

    «...Бізге керегі шын дарындар. Мемлекет өзінің талантты ұлдары мен қыздарын, тарланбоз жүйріктерін қолдауға, қорғауға міндетті». Иә, талантты да дарынды жастар – елі­міздің бетке ұстар мақтаныштары. Оны  жоғарыда айтылған Тұңғыш президентіміз Н.На­зар­баевтың сөзінен айқын байқауға болады. Жас ұрпақтың келешекке нық қадам басуы­ – қоғам үшін маңызды да жауапты күш. Еңсесін тіктеп келе жатқан ел...

    Толығырақ...
СУ ТАСУ ҚАУПІ БАР МА?
14.03.2019 10:50

Биылғы көктем ә дегеннен жайма-шумақ басталды. Табиғат-ана мейірленіп, өңірге шуағын молынан төкті. Бусанған жердегі қар түгел еріп, өзендер мен су арналарындағы қатқан мұздың тоңы жібіді. Алайда жылы температура, жауын-шашын су деңгейін көтеруі мүмкін. Соның салдарынан сынаптай сырғыған ағыс елді мекендерге қауіп төндірері анық. Бүгінде көпшіліктің көкейін "аймақта су тасу қаупі бар ма?" деген сауал жиі мазалайды.

Қазір облыстың оңтүстік аудандары тұсынан өтетін өзенде сірескен мұз жоқ. Көктем мезгілі басталғаннан оқыс мінез көрсетіп, дүрбелеңге салатын дарияның қауіпті тұстары қатаң қадағаланып, бақылауда тұр. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті мамандарының мәлімдеуінше, облыс аумағында секундына  120 текше метр су келсе, Қызылорда су торабынан 95 текше метр су өтуде. Ал мұздың шеті Қармақшы ауданы Белтақыр учаскесінде Қызылорда су торабынан 373 шақырым төменде тұр.

- Облыс бойынша 7 су қоймасы бар. Оның алтауы – Жаңақорғанда, біреуі – Арал ауданында. Су қоймаға жауын-шашын және өзен арналарынан жиналады. Әзірге елді мекендерді су басу қаупі жоқ. Су деңгейі төмен, - дейді аталмыш департаменттің төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің бас маманы Ғалымжан Әшімов.

Бүгінде аймақта 10 су бекеті жұмыс істейді. Сала мамандарының жұмылдырылуымен мұз Жосалы бекетіне дейін тазартылды. Ал Қазалыда мұздың қалыңдығы – 40-45, Аралда 10-20 сантиметрді құрайды. Гидрологиялық болжамға сәйкес күн райының күрт жылынуынан мұз тоңы еріп жатыр.

Арал-Сырдария бассейндік инспекциясы басшысының міндетін атқарушы Сейітқасым Әбуов те су тасу қаупінің жоқтығын айтады. "Шардара", "Көксарай" су қоймаларынан келіп жатқан су көлемі жылдағымен салыстырғанда аз көрінеді.

Алайда дария деміне жауапты мамандар қамсыз отырған жоқ. Облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасының бөлім басшысы Ағайша Сматованың айтуынша, дария деңгейі тұрақты бақылауда. Су тораптары бақылауға алынып, көпірлердің жағалаулары бекітілген.

Биыл су тасу қаупінің алдын алу үшін облыстық бюджеттен  615,4 миллион теңге бөлінген. Оның 448 миллион теңгесіне қорғаныс бекетт­ері жөндеуден өткізілді. Ал 15 миллион теңге мұз жару жұмыс­тарына жұмсалып, 4,8 миллион теңге­ге қап сатып алынды. Сондай-ақ, қаржының 147,1 миллион теңгесі тікұшақ қызметіне бөлініп отыр. Егер су тасқыны  болған жағ­дайда ТЖД-нің құтқарушылары мен тех­никалары  сақадай  сай.

Метеорологтардың мәлімдеуінше, осы аптада жауын-шашын түсуі ықтимал­. Соның салдарынан аудан­дардағы өзеннің мұз жамылғысы бұзылып­, ағысының күшеюі мүмкін. Алайда су деңгейінің көтерілу қаупі жоқ деп болжануда. Дегенмен, "сақтықта  қорлық  жоқ".

Құттыбике  НҰРҒАБЫЛ

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Наурыз 2019 >
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары