Өзекті мәселелер

  • 20.06.19

    Гүлсім  ТАҢАТОВА,

    судья:

    Қап арқалаған қария. Әр сот отырысында жанынан тастамайтын кенеп қап... Оны есірткіге қатысты қылмысқа не мәжбүр етті? Тәжірибелі судьяның қылмыстық істі қараудан үзілді-кесілді бас тартуына не себеп? Бұл сауалдардың жауабын бірер айдан соң отс...

    Толығырақ...
  • 20.06.19

    АҒАЙЫНДЫ

    Екі ағайынды жігіт. Қабы да бір, сабы да бір: әке де, шеше де ортақ. Көргені де, жүргені де бір. Ішкені бірдей, жегені бір­дей... Бірақ біреуіне көптің көңілі қызығарлық ақыл қон­ған, біреуіне көптің шырқын бұзарлық арақ қонған...

    ...
    Толығырақ...
  • 20.06.19

    ЕКІ  ЕСАЛАҢ

    Ол түнімен «Нақұрыстың өмірін» оқып шықты. Автордың жан дүние­сіне үңілді. Жаңбырдан соң ауаның балғындығын бүкіл тамырымен сезі­не­ отырып, тәтті қиялға берілді. Кенет, шулаған ессіз қыздардың ащы күлкісіне жиіркене қарады. «Олар айтқан жайтта қандай күлуге тұрарлық мән бар екен» деп ой алабына  сүңгіді. Күнде теріскей жақтан­ ке...

    Толығырақ...
  • 20.06.19

    Қазақ өз ұрпағына қашанда жақсы тәлім, өнегелі тәрбие беруден жалыққан емес. Тіпті тәрбиенің бір бастауы­н бесіктен­ бастап, оның ата-анасының да жауапкерш­ілігін жүктеп отырған. Бүгінде осы ұлы мін­детті жартылай да орындай алмай жүргендер бар.

    ...
    Толығырақ...
  • 20.06.19

    «...Бізге керегі шын дарындар. Мемлекет өзінің талантты ұлдары мен қыздарын, тарланбоз жүйріктерін қолдауға, қорғауға міндетті». Иә, талантты да дарынды жастар – елі­міздің бетке ұстар мақтаныштары. Оны  жоғарыда айтылған Тұңғыш президентіміз Н.На­зар­баевтың сөзінен айқын байқауға болады. Жас ұрпақтың келешекке нық қадам басуы­ – қоғам үшін маңызды да жауапты күш. Еңсесін тіктеп келе жатқан ел...

    Толығырақ...
БЕС БАЙЫМЫЗ БАЙЫП БАРАДЫ
14.03.2019 10:55

«Шіріген байлардың» қалтасына жиі үңіліп, әлем миллиардерлері­нің тізімін түзуден тартынбайтын «Forbes» журналын жұрт жақсы біледі. Қазақстанның қазба байлығы арқылы­ қалтасын толтырған ше­тел­д­ік мырзаларды былай қой­ғанда, қаракөз қазақтардың да қалыс қалмайтынын әлемдегі барша­ бай-манаптың қайсысында қанша ақша бар екенін санап, дүйім жұртқа жария­ етіп отыруды кәсіп қылған Форбс отбасына тиесілі «United Media Group» тобы шығаратын рей­тин­г арқылы біліп келдік. Аталмыш журнал наурыздың 4-інде дәулетті адамдардың жаңа рейтин­гін жариялады.

Онда дүниежүзінде 2153 миллиардердің барын, бұл көрсет­кіш был­тырғымен салыстыр­ғанда 54 адамға азайғанын, ал дәулетті адамдар тізіміне жаңадан қосылған байлардың басым көпші­лігі технология мен өнеркәсіп саласы­нан екенін жазып­ты. Барлық миллиардердің 46 пайызының, яғни 994-інің байлығы өспей, кеми түс­кен. «Forbes» журналы бұл құбылысты рекордтық құлдырау деп сипат­тай­ды. Бірақ бақуатт­ы  бизнесменнің  біразы үшін жайсыз  болға­н жылы, керісінше, ісі ілгері басқан қазақстандық бес байымы­з  байып  барады.­

Сонымен, біздің бестіктің ішін­де байлығы бәрінен асқан кім? Ол - қазақстандық кәсіпкер Владимир Ким. Былтырғы есепте дәулеті  3,1 миллиард АҚШ доллары деп көрсетілген «Қазақмыс» минерал өндіру компаниясы жетекшісінің биылғы капиталы 4,6 миллиардқа жеткен. Forbes 2014 жылы «Қазақмысты» Kazakhmys Corp. және KAZ Minerals plc. болып бөлінгенін, Кимнің осы екеуінде де үлесі бар екенін, 2013 жылы KAZ Minerals төрағасы қызметінен кеткенімен, басқару кеңесінде атқарушы емес директор болып қалғанын жазады. Осылайша былтыр 766-орында тұрған Владимир Ким биыл 424-орынға  бір-ақ  шыққан.

Екінші орында - Болат Өте­мұратов. Бүгінде оның байлығы 3,5 млрд долларға бағаланып отыр. Былтыр 2,6 млрд долларымен 924-орында тұрған президент Н.Назар­баевтың бұрынғы іс бас­қарушысы әрі көмекшісі Б.Өте­мұратов биыл 645-орынға көтері­ліпті. Журнал оның жуырда ForteBank-тің 88 пайыз үлесі үшін 400 миллион доллар инвестиция салып, жылжымайтын мүлік биз­несіне араласқанын атап өткен. Айта кетейік, ол - Қазақстан теннисі федерациясының президенті, кәсіпкер, дипломат. Сонымен қатар, Алматы мен Астанада балаларға арналған Haileybury мектептерінің негізін қалаушы.

Рейтингтің үшінші және төртін­ші қатарына Құлыбаевтар отбасы жайғасқан. Қазақстан президентінің күйеу баласы әрі мұнай магнаты­  Тимур  Құлыбаев пен  әйелі Динар­а Құлыбаева әрқайсысы 3,2 миллиард доллар капита­лы­мен 715-орыннан көрініпті. Өткен жылмен салыс­тырғанда 14 сатыға жоғарыласа да, екеуінің де байлығы 100 миллионға кеміген. Forbes-тың жазуынша, ерлі-зайыпты дәулеттілердің негізгі байлық көзі - Қазақстанның Халық банкіндегі қомақты­ үлестері.

Қазақстанның ең бай бес адамын­ Әлижан Ибрагимов түйін­дей­ді. Оның мүлкі - 2,3 миллиард доллар. Былтыр да осы көлемдегі байлығымен 1070-орында тұрған металл магнатының мұртын балта шаппай тұр. Елімізде түрлі түсті және сирек металл өндіретін Eura­sian Resources Group корпорациясының ірі үлескері биыл дәулеті сол күйі қалса да, 1008-орынға шыққан.

Ортақ есепке жүгінсек, дүние­жүзі ауқаттыларының керуеніне ілескен бес байымыздың ортақ байлығы 16,8 млрд долларды құрайды екен. "Байдың асын байғұс қызғаныпты" демеңіз, әрине, қалталы азаматтардың көп болғаны, әрі әлем алпауыттарымен иық тірес­тіріп тұрғаны жақсы әрі бұл мемлекет байлығының көрсеткішін көр­сетсе керек. Бірақ ен байлықтың қандай жолмен жиналғанын жұрт­тың біле алмайтыны жаман. Осы біз, қазақшылыққа салынып, байы­мыз бар дегенімізден, бізге не пайда­? Бір баспанаға зар болып, екі қолға бір күрек таппай жүрген жандарға, баласына берілетін жәрдем­ақысына көңілі толмай ашынған аналарға, жалпы қазаққа қызмет етпей­тін байдан не қайыр?..

Н.ЕРТУҒАН

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Наурыз 2019 >
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары