Өзекті мәселелер

  • 21.03.19

    «Бір қозы туса, бір түп жусан артық шығады». Осы тәмсілге сүйеніп, бала басын көбейткенді жөн санайтын қазақ елінде көпбалалы отбасылар саны 400 мыңға жақындайды. Оларға мемлекет тарапынан арнайы жәрдемақылар тағайындалып, жеңілдіктер қарастырылған. Алайда нарықтың қос бүйірден қысып тұрған шағында мардымсыз қаражат бастан башпайға дейін жетпейтіні үнемі айтылып келеді. Соның салдары еліміздің ...

    Толығырақ...
  • 21.03.19

    Үкіметтен басталған ауыс-түйіс жергілікті билікке де жеткен секілді. Ескерте кететін жайт, Қызылорда қалалық әкімдігінде «ат ауыстыру» жиі-жиі болып тұрады. Тіпті, «бір жарым ай ғана басшылық қызметте отырып, өзге салаға кете салу да оп-оңай ма?» деп қалдық. Енді заңды сауал туындап отыр. Жергілікті билікте кадр тапшылығы бар ма? Егер бұлай болмаса, қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев бөлі...

    Толығырақ...
  • 21.03.19

    Арық адамнан гөрі артық салмағы бар адамның мұңы басым. Ал ол әйел болса, тіпті, белгілі жайт. Қыс көрпесін түргеннен қыз біткен қысыла бастайды. Қызылды-жасылды киімге сай сымбатты қалайды. Әйел затының әу бастағы сұлулыққа құштарлығы дәл осы сәтте сынға түседі. Арығудың жолында диета ұстайды, фитнес клубқа барады. Алайда  салмақтан арылу үшін  денсаулықты бәйгеге тігу дұрыс па? «Тұмар...

    Толығырақ...
  • 21.03.19

    «Болар бала он бесінде баспын» десе, басқасының отызында не дейтінін баршамыз білетін шығармыз. Даналардың «ақыл жастан шығады» деуі тегіннен-тегін емес. Дарынды балалардың көптігінен еліміздің болашағын көруге болатындай. Кешегі Мағжандар жастарға сенім артқанда сенімге селкеу түсірмейтіндердің барын білді емес пе? Үдеден шыға алмай, беті қызарақтағандарды Терек төрелер қамшымен ұрып, ...

    Толығырақ...
  • 21.03.19

    Кемпір-шал осылай күйбеңдеп жатқанда Иванов бастаған жырындықор атаймандар жұп жазбастан кер даланың шаңын бұрқыратып барып, қалың жыңғыл жынысына кіріп жоқ болды. Бұл алап оңаша. Иванов тұрақтандырған бәрінің бөксе басар ұясы. Бастары аң-құс тегіс семіретін күзге қарай бір-бірімен хабарласып, осы бекетте тоғысып тұрады. Бұрынғының адамдары аң-құсты қақпанмен, тұзақпен аулайтын. Беріде орыстар ...

    Толығырақ...
“ҮЗДІК ОҚЫТУШЫДАН” ҮЛГІЛІ БАСШЫ ШЫҚПАДЫ
14.03.2019 11:05

Әу баста өңірдегі кәсіпкерлерге жер мәселесі, сәулет және құрылыс, мемлекеттік кірістер, қаржыландыру институттарының шарттары, инженерлік коммуникацияларға қосылу, банкке дейінгі және одан кейінгі жобаларға қолдау көрсету мақсатында жергілікті биліктің бастамасымен облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасына қарасты "Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылған болатын. Аталған орталықтың тиімді тұсы – көрсетілетін қызметтің барлығы да тегін. Осынау мақтаулы мекемеде үлкен дау шықты.

Жақында ғана әлеуметтік желіде орталықтың директоры Қамар Бекетованың қызметкерлерге дөрекілік танытып, айғай салып жатқан аудио­жазбасы таралып кетті. Жал­пы,­ Қамар Назарбекқызы Қорқыт ата атындағы Қызыл­орда мемлекеттік универси­те­тінде біраз жыл жұмыс істеген. Экономика ғылымдарының кандидаты және Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігінің қорытындысымен «2012 жылдың жоғары оқу орнының Үздік оқытушысы» атағын иеленген. Білікті маманның бұлайша дауыс­ көтеруіне қызмет­кер­лер­дің салғырттығы болса керек. Алайда жұмыс барысын­да қаржы жинаудың заңсыз екендігі бесенеден белгілі.

– Мен осы бір қайыршы мекемеге  келдім. 200 теңге, 500 теңге жинау да – проб­лема. «Ақша жинасын деп» «аванс» та аударып беріп жатырмыз. Көріп тұрсыңдар ғой Құдайдың лентасын! «28 мың» деді. 25 мың теңгеге түсіріп бердім. Біреуінің жағдайын жасайын десең, бір-бірін аңдып отырады. Былай болсын! Ендігәрі жиналып жат­қан ақшаны «бермеймін» десе, бұл ұжымда қалдырмаймын! Мұр­нының астынан міңгірлеп, бірдеңе  дейтін болса, сөзбе-сөз жеткізіп отырыңдар. Ұна­май­ ма, кете беріңдер! 1 секунд­ та ұстамаймын! Бәріңе де айтамын­, ендігәрі маған сөз қайтарып көріңдер, ренжімеңдер, оңдырмаймын,- деп айт­қаны­  аталмыш  аудиожазбадан сөзбе-сөз  жазылып  алынды.

Аталған жайттан кейін әлеу­меттік желіде облыстық кәсіп­керлік және туризм басқар­масының  ресми  парақшасы:

– Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм бас­қармасы «Қызылорда облы­сының Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы» КММ-нің директоры Бекетова Қамар Назарбекқызы басқарма басшысының 2019 жылғы 4 нау­рыздағы №14 бұйрығымен жұмыстан босатылғандығын хабарлайды,- деп пікір қалдырды.

Біз осыдан соң аталған басқарманың басшысы Бақытжан Намаевқа Қамар Бекетованың жұмыстан неліктен босатыл­ғандығы жөнінде сауал қой­дық.

– Ақпан айында аталған ортал­ық қызметкерлері шағым жасаған болатын. Бұдан кейін қызметтік тексеру жүргіздік. Тіпті, осы салаға жетекшілік ететін облыс әкімінің орын­басары қызметкерлермен кездесті. Жалпы, Қамар Назар­бекқызының атқарған жұмы­сына сын айта алмаймын. Мекеме­нің өз бюджеті бар. Ақша  жинау мәселесіне келсек, қызметкерлерден  қаржы  жинау – заңсыздық. Бұл әу баста­  бюджетті дұрыс жоспарламаудан болуы мүмкін. Ол ақшаны өз қажетіне жарат­пайтыны белгілі. Мекемеге қажетті  дүниені  алғысы келген  шығар. Дегенмен, қызмет­тік этика деген болуы қажет. Әріптестеріне дауыс көтеріп, айғайлауға  болмайды. Бұл бізге үлкен сын болды,- деді ол.

Жұмыстан босатылған Қамар Назарбекқызының орнын­а оның орынбасары Мақсат Серікболұлы келді. Ерекше тоқталатын жайт, су жаңа 27 жастағы басшы 3 ай сынақ мерзімімен қыз­метіне кірісті.

 

Асан  ДӘУЛЕТ

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Наурыз 2019 >
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары