Өзекті мәселелер

  • 20.06.19

    Гүлсім  ТАҢАТОВА,

    судья:

    Қап арқалаған қария. Әр сот отырысында жанынан тастамайтын кенеп қап... Оны есірткіге қатысты қылмысқа не мәжбүр етті? Тәжірибелі судьяның қылмыстық істі қараудан үзілді-кесілді бас тартуына не себеп? Бұл сауалдардың жауабын бірер айдан соң отс...

    Толығырақ...
  • 20.06.19

    АҒАЙЫНДЫ

    Екі ағайынды жігіт. Қабы да бір, сабы да бір: әке де, шеше де ортақ. Көргені де, жүргені де бір. Ішкені бірдей, жегені бір­дей... Бірақ біреуіне көптің көңілі қызығарлық ақыл қон­ған, біреуіне көптің шырқын бұзарлық арақ қонған...

    ...
    Толығырақ...
  • 20.06.19

    ЕКІ  ЕСАЛАҢ

    Ол түнімен «Нақұрыстың өмірін» оқып шықты. Автордың жан дүние­сіне үңілді. Жаңбырдан соң ауаның балғындығын бүкіл тамырымен сезі­не­ отырып, тәтті қиялға берілді. Кенет, шулаған ессіз қыздардың ащы күлкісіне жиіркене қарады. «Олар айтқан жайтта қандай күлуге тұрарлық мән бар екен» деп ой алабына  сүңгіді. Күнде теріскей жақтан­ ке...

    Толығырақ...
  • 20.06.19

    Қазақ өз ұрпағына қашанда жақсы тәлім, өнегелі тәрбие беруден жалыққан емес. Тіпті тәрбиенің бір бастауы­н бесіктен­ бастап, оның ата-анасының да жауапкерш­ілігін жүктеп отырған. Бүгінде осы ұлы мін­детті жартылай да орындай алмай жүргендер бар.

    ...
    Толығырақ...
  • 20.06.19

    «...Бізге керегі шын дарындар. Мемлекет өзінің талантты ұлдары мен қыздарын, тарланбоз жүйріктерін қолдауға, қорғауға міндетті». Иә, талантты да дарынды жастар – елі­міздің бетке ұстар мақтаныштары. Оны  жоғарыда айтылған Тұңғыш президентіміз Н.На­зар­баевтың сөзінен айқын байқауға болады. Жас ұрпақтың келешекке нық қадам басуы­ – қоғам үшін маңызды да жауапты күш. Еңсесін тіктеп келе жатқан ел...

    Толығырақ...
ЗАҒИП ЖАНДАР ҚОЛДАУҒА ЗӘРУ
14.03.2019 11:10

- Дәл қазір "Қазақ соқырлар қоғамының Қызылорда оқу-өнді­рістік кәсіпорны" ЖШС-не қарас­ты тігін цехы да, матрас цехы да жұмыс істемейді. Өткен жылы қараша айында біздің қоғамдық бірлестік 5 станок әкеліп берді. Екі қабатты ғимараттың бірінші қабатын жөн­деуден өткізді. Десе де, әкелінген­ станоктар сол қалпында тұр. Пайдалануға берілген жоқ,- дейді  "Қазақ  соқырлар  қоғамы" ҚБ Қызылорда облыстық фи­лиалының төрағасы Асқар Қолдаб­еков.

Бүгінгі таңда Қызылорда облысында 1249 көз мүгедегі бар. Арал ауданында - 102, Қазалы ауданында - 91, Қармақшы ауданында - 67, Жалағаш ауданында - 59, Сырдария ауданында - 80, Шиелі ауданында - 99, Жаңақорған ауданында -70, Қызылорда қаласында - 681. Аталған топтағы азаматтарды алаңдатқан мәселе өте көп. Көзі ашық, көкірегі ояу, қол-аяғы бүтін зағип жандар ел қатарлы табыс тауып, отбасын асыра­ғысы келеді. Десе де, оларды жұмыспен қамтуға мекемелер ынталы емес. Тұрғын үй мәселе­сін былай қойғанда, жұмыспен қамту жайы да ойдағыдай орындалмай отыр. Асқар Қолда­бековтің сөзінше, қоғамдық бірлестікке тіркелген 1200-ден аса адамның небәрі 69-ы еңбекпен  қамтылыпты.

Кеңес үкіметін көксегендік емес. Дей тұрғанмен, о заманда зағип жандардың проблемалары назарға алынып­, бірқатар шаруалар шешімін тауыпты. Мәселен, жарты ғасыр бұрын Қызыл­орданың қақ ортасынан осы топтағы азаматтарға 40 пә­терлі баспана салынған екен. Ол аз десеңіз, тігін цехы, матрас тігу цехы қатар жұмыс істеген. Онда көру мүмкін­дігінен айырылған азаматтар еңбекке тартылыпты. Ара-тұра бұларға оңалту орта­лықтарына да жолдама беріл­ген көрінеді. Мұның бәрін қоғамдық бірлестіктің төрағасы баяндады.

Рас, жайшылықта "мүм­кіндігі шектеулі азамат­тардың мүмкіндігі шектеу­сіз" деп ұрандатамыз. Ал шындап іске келгенде, қу шөппен ауыз сүртіп жүр­гендейміз бе, қалай өзі?! Аталған проблемаға қатысты тиісті басқармаға хат жол­дадық. Олардың айтуынша, мемлекет өткен жылдан бастап­ мүгедектерге арнайы жұмыс орнын құрған жұмыс берушілерге субсидия бөлуді бастаған.

- 2019 жылға 4 көру мүм­кіндігі нашар мүгедектерді арнайы жұмыс орнымен қамту мақсатында респуб­ликалық бюджет есебінен 9,2 млн теңге қаржы қаралды,- дейді облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқ­армасы басшысының орынбасары А.Есқараева.

Біз зағип жандармен жүздестік. Олардың  сөзін­ше, берілетін жәрдемақы мардымсыз. Ресейм­ен са­лыстырғанда әлдеқайда төмен дейді олар. Тағы бір ескеретін жайт, мүмкіндігі шектеулі жандар­ға мемлекет тарапынан тағайындалатын мемлекеттік жәрдемақы олардың нақтамасына бай­ланысты емес, мүгедектік тобы­на (І, ІІ, ІІІ және 16-18 жас аралығындағы мүгедек балалар) сәйкес тағайындалады. Облыстық басқар­маның мәліметінше, көру мүмкіндігінен айырылған І топ мүгедегі - 57020 теңге, ІІ топ - 45438 теңге, ІІІ топ - 30886 теңге  жәрдемақы алады.­

- Мен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімімін. Осы салада табаны күректей 19 жыл жұмыс істедім. Қазір үйдемін. Шыны керек, кәсіпорындарда еңбек етуге жарамаймын. Бірақ, шығармашылықпен айналысуға мүмкіндігім бар. Жолдасым да дертке шалдыққан. Жәр­демақыға күн көріп отырмыз,- дейді І топ көз мүгедегі Гүлсім Әбілова.

- Коммуналдық төлемдер мен дәрі-дәрмектің бағасы қымбат. Алған жәрдемақымыздың тең жартысы соған кетеді. Қандай жұмыс бар, соны істеуге дайынбыз. Мынау­ "Қазақ соқырлар қоғамының Қызылорда оқу-өндірістік кәсіпорны" ЖШС-да Кеңес үкіметі ке­зінде 200-ге тарта адам еңбек еткен. Тоқырау жылдары талан­-таражға түсті. Отбасымыздың негізгі табысы - жәрдемақы. Жұбайым да науқа­с. Екі қызым бар, - дейді І топ көз мүгедегі Кенішб­ек  Аяғанов.

Соңғы жылдары оқу-өндірістік кәсіпорнына тапсыр­ыс берушілер азай­ған. Ал кәсіпорынның онда­ғы­ зағип жандарды жал­ақымен қамтуға мүмкіндігі жоқ. Мұндай проблема "Ұшқын" Қызылорда мүгедектерінің оқу-өндірістік кәсіп­орны" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде де орын алып отыр. Тапсырыс төмендеген.

- Бізге 51 азамат жұмыспен қамтуға өтініш білдірді. Оны орындауға болар еді. Біріншіден, бізге тапсырыс болмай отыр. Екіншіден, жаңад­ан ашылатын цех­тарға қолдау аз. Шынын айтқ­анда, өзімнің де қолым байлаулы,- дейді серіктестік басшысы Бақыт Жұмашев "Qazaqstan" телеарнасына берген пікірінде.

Жергілікті биліктің қолдауы аясында Қызылорда облысында шағын  және орта кәсіпкер­лік  субъек­ті­ле­рінің  саны  еселеп өсті. Бизнеске бет бұрғандардың қа­тары кө­бейді. Тиісінше, жұ­мыссыздық азайды. Алай­д­а  мүм­кін­дігі шектеулі аза­мат­тардың  мәселесі әлі де  басы  ашық күйінде қа­лып  тұр.

 

Қозы  Көрпеш ЖАСАРАЛҰЛЫ

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Наурыз 2019 >
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары