Өзекті мәселелер

  • 19.09.19

    Әлемдегі өте қауіпті қылмыскерлер қамалатын, қауіпсіздігі ең қатаң сақталатын «Алькатрас» түрмесінен 1963 жылға дейін бірде-бір тұтқын қашып шыға алмаған. Ел абақтыны «Рок» (құз) деп те атайды. Сыртынан қарағанда сұсты көрінетін түрме әу баста қорғаныс шебі ретінде қолданылып, кейінірек әскери түрме салып, содан соң өте қауіпті қылмыскерлерге арналған абақты ретінде пайдаланылған. Толығырақ...

  • 19.09.19

    ЖҮРЕК   ДЕРТІНЕ  ШАЛДЫҚҚАНДАРҒА  КӨМЕК

    Кеудедегі жұдырықтай жүректің қызметіне тең келер не  бар?!  Оны адам ағзасының «моторы» дейміз. Бірақ жүрек дерті жас талғамай тұр. Тым жасарып бара жатыр. «Жүрегі тоқтап қалыпты», «жүрегі ауырады»  деген сөздер бүгін­де  жасамысқа  емес, жастарға да  айтылатын  болды.

    ...
    Толығырақ...
  • 19.09.19

    Әлемнің  дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіру идеясы жарқын  болашаққа бас­тайтын жол болуы тиіс. Жаһандану үдерісі дәуірінде еліміз өз тәуел­сіздігін орнықтырып, шекараларын айқындап, ядролық қарудан бас тартып, этносаралық және конфессияаралық келісімді сақтай отырып, әлемдік ау­қымдағы тұрақтылық, достық, толеранттылық идея­ларын негіздеуде. Және бұл мәселелер Елбасының жыл сайынғы дәстүрлі...

    Толығырақ...
  • 19.09.19

    «Мәңгілік ел» идеясының негізі – бұл біздің Қазақстан халқы ұрпақтарының алдындағы жауапкершілік, әлемдегі бәсекеге қабілетті 30 мемлекеттің қатарына ену мәртебесі белгіленген және бұйырған лайықты және ұлы Қазақстанды дамытудағы біздің стратегиямыз. «Мәңгілік ел» идеясының бастауы тым тереңде жатыр. Бұл біздің жалпыұлттық идеямыз мемлекеттігіміздің тамыры сияқты көне тарих...

    Толығырақ...
  • 19.09.19

    Айжарық  СӘДІБЕКҰЛЫ

    ОЙ   ТОЛҒАДЫМ  БІР   КЕЗЕК

    Сөз жоқ, социализмді гүлдендіріп, коммунизм ор­нат­пақшы болған қоғамды қайтадан құру машақаты бастал­ғалы сонау отызыншы жылдардан «коммунизмнің сталиндік алып құрылыс­тары» ұранымен жүргізілген шабуылдан табиғаттың тепе-теңдік заңдылығын бұзып...

    Толығырақ...
ЕСКІРГЕН ЖАҢА ЖЫЛ немесе ЕСІ КІРГЕН МИНИСТР
14.03.2019 11:50

Қазақтың өз жаңа жылы бола тұра,  1 қаңтарды асыға күтуіне не себеп? 22 наурыз біздің елде қалай тойланып жүр? Наурызды жүрегіңізге жақын қабылдағаныңызбен, неліктен желтоқсанның соңғы күнінен артық көре алмайсыз? Бөлінуді емес, бірігуді ойлайтын күн жетті емес пе? Мүмкін, Наурыздың форматын өзгерту керек шығар!? Ел ішіндегі “Наурыз мейрамы бұқаралық сипаттан ажырап, сахналық кейіпке еніп, аздаған жұртшылықтың қызықтауына ғана айналған фольклорлық қойылым көрінісі секілді” деген пікір қаншалықты рас? Атын танытамыз деп ауқымын тарылта беру кімге қолайлы? Мерекеде бақылаушылар болмауы керек десек, бәрін де қатысушы етуге қауқарымыз қашан жетеді? Мерекелік көңіл күй арқылы ел-жұртта бұқаралық сипат алуына кім немесе не кедергі? Қайтпек керек?

 

ТЕРЕҢДЕ  ЖАТҚАН  ТАРИХЫ  БАР

«Жаңа күн» деген мағынаны беретін Наурыз – әлемнің ең көне мерекелерінің бірі. Халық арасында ерекше қолдауға ие бұл мереке XVIII ғасырға дейін Ежелгі Грекияда, Римде, Ұлы­британияда, 1700 жылға дейін Ежелгі Русьте де тойланып кел­ген.­ Ал, 1991 жылдың 15 нау­­рызында Қазақстан Президенті Жарлығының негізінде мемлекеттік мәртебеге ие болып, 2009 жылдың 24 сәуірінде наурыз айының 21, 22, 23-і күндеріне «Наурыз мейрамы» деген «мәр­тебе» берілді. Осы күннен, осы уақыттан бастап, республикамызда Наурыз мейрамы кеңінен тойланып келеді.

Елбасы Н.Назарбаев «Жыл басы Наурызбен бірге ызғарлы қыстың орнын шуақты көктем басып, тіршілік қайта түлейді. Бұл күні адамдар бұлақ көзін ашып, тал еккен, жоқ-жітікке жәрдемдескен. Алыс кеткен ағайын қауышқан, араз жандар татуласып, қайта табысқан» деп мейрамның тәлімдік әрі тәр­биелік мазмұнын ашып бергені бар еді. Тарихы тым тереңде жатқан мейрамды өзге мереке-мейрамдармен салыстырып қарасақ,  «ұлттық»  деп  ғана ұтып кетуіміз мүмкін. Расында солай ма?

 

ТАНЫТАМЫЗ  ДЕП  ТАРЫЛТА  БЕРЕМІЗ

Наурыз адамға айрықша тәлім-тәрбие, қадір-қасиет бере­тін күшке ие. Бірақ, біздің елде 1 қаңтар мен 22 наурызға қатысты үлкен бөлінушілік байқалатындай. Наурыз мейрамын қолдайтындар да бар, Жаңа жылды тойлайтындар да табылады. Сондай-ақ, Жаңа жылға жаны қас жандар мен Науры­зды мейрам екен демейтіндердің де барын біз растаймыз. Сондықтан, Наурыз мейрамына жаңа реңк беру үшін, адамның ұлтына, діни бағыныстылығына қарамастан, адамгершілік құндылықтарға мән бере отырып,­ Қазақстан халқы түгел қамтылатындай мазмұнын жасау керек. Қашан және қалай? Ол үшін заман талабына сай Наурыз­дың форматын түбегейлі өзгерту қажет секілді. Жақында ғана ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұха­медиұлы осы мәселені көтеріп, көпшілікке ой тастады. Министрдің мәліметтері мен материалдарына сүйене отырып, біз де өз пікірімізді айтуға тырысып көрген едік.

Наурыз мейрамы десе, көкпар, қыз қуу, асық ату, қазақша күрес, қол күрес, т.с.с. ұлттық ойындардың ұйымдастырылып жататы­нын көзіміз көріп жүр. Дұрыс-ақ. Десе де, бұл Наурыздың бүкілхалықтық мейрам болуына кері әсерін тигізеді. Демек,­ «Наурыз спартакиадасы» қарсаңында велошеру, марафон, т.б. секілді жарыст­арды қоса өткізудің еш сөкеттігі болмайды. Әйтпесе, бұл бар Алашқа тән ұлды Жалағашқа ғана басыбайлы ету сияқ­ты көрінеді маған.

 

БАЛАҚАЙЛАР  «АЛАҚАЙ!»  ДЕСЕ...

Қуанса, бала қуансын! Баланы қуанта біледі. Иә, Жаңа жылдың тағы бір «ұтып» кететін  жері – осы. Отбасы мүшелерінің бір-біріне сый-сияпат беріп, тарту-тарал­ғы жасауын айтпағанда, балалар мен бүл­діршіндердің тәттіге «көміліп» қалатыны шындық. Кішкене ұжымнан басталған сыйлық­тар кішкентайлардың жүрегін жау­лайды. Алпауыт компаниялардың өзі жұмыскерлерінің балалары үшін арнайы сыйлық дайындап жатады. Жаңа жылда Аяз Атаның, Рождествода Санта-Клаустың сәбилерге­ сыйлық беруін Наурыз Атаның «подаркасы» етуге болмас па? Айтпақшы, қазақта «Қырықтың бірі – Қыдыр, мыңның бірі – Уәлі» деген сөз бар. Осыдан-ақ, Қыдыр (Қызыр) атаның жақсылықтың нышаны­ екенін байқауға болады. Ендеше, ол жұртқа бата берумен ғана шектелмей, балаларға сыйлықтар үлестірсе ше? Ел көңілінен шығудың түр-түрі бар. Осы жол арқылы мейрамды халыққа, халықты мейрамға барынша жақындатуға болатындай. Жаңа жылдан әрбір бала тосынсый күтеді десек, Наурызды да балалардың есінде қаларлықтай етуге атсалысқанымыз жөн. Яғни, Наурызды тойлау арқылы бар жақсылығымызды, шарапатымызды, мейірімі­мізді балаларға арнауымыз керек. Бұл өмірде  балақайлардың  «Алақай!»  деп  шат-шадыман болғанынан артық қуаныш аз шығар...

 

ОТБАСЫЛЫҚ  МЕЙРАМ  һәм  ДЕМАЛЫС

«Күнтізбеде Жаңа жыл өзінің мықты идеологиясымен, сан алуан белгілерімен отбасылық мерекеге айналып отыр. Бұл орайда, студенттер мен оқушылардың ұлттық мейрамды отбасында, жақындарының  жанында  қарсы алуға мүмкіндік туғыз­у мақсатында 14-23 наурыз аралығында  (10 күн)  наурыз  демалысы  белгіленуі тиіс» дейді мәдениет министрі өз сөзінде.

Бұл жерде мектеп оқушыларының бұрынғы 24 наурыз бен 1 сәуір аралығындағы ІІІ тоқсан каникулы он күнге жылжып, олар осы Наурыз мейрамын отбасымен, ағайын-тумаларымен қарсы алуға мүмкіндік алар еді. Сондай-ақ, тоқсанаралық каникулдардың арасында жиілік тепе-теңдігі сақталады.

 

Каникулдар   арасындағы   жиілік

 

Қазіргі  кесте

ІІІ тоқсан

10 қаңтар  мен  24 наурыз

2 ай 14 күн

74 күн

 

ІV тоқсан

1 сәуір мен 24  мамыр

2 ай 14 күн

54 күн

 

Жаңа  нұсқа

ІІІ тоқсан

10 қаңтар мен 14 наурыз

2 ай 4 күн

64 күн

 

ІV тоқсан

24 наурыз бен 24 мамыр

2 ай 1 күн

61 күн

 

НАУРЫЗ:  ТЕҢЕЛУ  мен  КӨРІСУ

Күн мен түннің теңелуі – астрономиялық көктемнің тууы. Мұның осы наурыз айында болатыны баршаға аян. Астрономдардың тілімен айтсақ, бұл кезде Күннің орталығы өз қозғалысы барысында Жер экваторын кесіп өтеді. Күн қозғалысына негізделген есеп бойынша нағыз көктем осы – күн мен түннің (21-інен 22-сіне қараған түні) теңелу сәті. Түн ортасы ауғанда жаппай жаңа күнді қарсы алу дәстүрін түлетуге әбден болады. Жаңа жылдағы жаңа күн екені даусыз ғой. Ендеше, жарықтың ұзаратын, күн нұрының молығатын жаңа күннен үлкен де, кіші де жақсылық тілей бермек, тілей бермек.

Сондай-ақ, Наурыздың сипатын ашатындай әрі ұлттық таным мен дәстүр-салтты­ жаңғыртатын көрісу күні, қайырымдылық жасау күні, ата-бабаны еске алу күні, ақ дастарқан күні деген мазмұн бере отырып, рухани байи түсетін іс-шараларды қалыптастырса жақсы болар еді. Наурыз теңелу мен көрісу күні ғана емес, ұғына білгенге жаңару мен тазару ғой.

 

«НОБИ  ГОДТА»  КЕСЕДІ, ЖАҢА  ЖЫЛДА  ЕГЕДІ

Жоғарыда жазғанымыздай, Наурыз мейра­мы – тек той тойлау ғана емес, жаппай­ тазалық шараларын өткізетін кезең. «Бір тал кессең, он тал ек» дегендей, көшет отырғызу науқаншылдыққа ұласпай, дәстүрге айналса құба-құп болар еді. 1 қаңтарға қарсы ормандар оталып, шыршалар түбі­нен кесілсе, 22 наурыз қарсаңында көшеттер отырғызылып, табиғаттың әрі кіре бастайды.­

Жауқазын, бәйшешек, қызғалдақ. Бұлар Наурыздың атрибуттық белгісі, тіпті эмблемасы ретінде бекітуді қажет ететіндей. Көктеммен бірге келген мереке күні аналарға, қыз-келіншектерге гүл берілсе, көңіл күйлерін көтеріп, өмірге деген құш­тарлығын оятып, қуаныш сыйлайды. Бұған қоса  мекемелер, көшелер, саябақтар гүлмен көмкеріліп, абаттандырылып жатса,­ нұр үстіне нұр. Осы арқылы біз Еуропада ерекше қастерленетін қызғалдақтың, жауқа­зын мен бәйшешектің түпкі отаны қазақ даласы екенін де ұрпақ санасына сіңіріп, ұғындыра түсетін едік.

 

ШАПАН  КИЮГЕ  ДЕ ШЫНАЙЫЛЫҚ  КЕРЕК

«Адам көркі – шүберек». Шыны керек, Наурыздағы әбден жаттанды болған әрі өзіңізден бірнеше көлемде үлкен шапанды­ киюден шаршаған шығарсыз. Осындай орынсыз, жарасымсыз киіммен өз-өзімізді алдауды қойған жөн. Былайынша айтқанда­ шапан киюге де шынайылық керек. Өйткені, өзгені еркінен тыс қазақы киіндіру – күл­кілі. Ал, ол жарасымсыз болса, тіпті масқара жайт. Шүкір, қазір сән-салтанаты келіс­кен, мақтанышпен киетіндей ұлттық киім үлгілері жетерлік. Тек енді олардың бағасын қолжетімді етіп, санын көбейтуді ойға, сосын қолға алу ғана қалғандай.

«Гүл сыйлау үрдісі, ұлттық тағамның ықшамдалған үлгісін әзірлеу, креативті киім үлгілеріне сұраныс туғызу, наурыз белгілерін айшықтайтын кәдесыйлар, сувени­рлер жасау бәрі-бәрі айналып келгенде, ысырапқа емес, керісінше экономикамыздың да қозғаушы күштерінің біріне айналады.

Ежелгі Наурыз мейрамы қазіргі заман­ға бейімделіп, қоғамда саяси тұрақтылықты, достық пен келісімді нығайтудың, жалпы­ қазақстандық, отбасылық мерекенің тетігін­е айнала түседі деген қорытынды жасауға болады» дейді министр Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Ескірген жаңа жыл туралы айтарымыз – осы. Есі кірген министрдің бұ мақаласы естір құлағы бар есті қауымға ой салуы тиіс. Өз басым Жаңа жылды отбасылық мейрам ретінде асыға күтетінім рас. Қайткен­мен, төрт көзіміз түгел боп, алыс-жақындағы достармен бас қосатын шақ ғой. Білмей отырмын, бұл Жаңа жыл ескірді деген сөз бе, ескі жаңа жыл өзгерсін деген бе?

Рыскелді  ЖАХМАН

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Наурыз 2019 >
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары