Өзекті мәселелер

  • 20.06.19

    Гүлсім  ТАҢАТОВА,

    судья:

    Қап арқалаған қария. Әр сот отырысында жанынан тастамайтын кенеп қап... Оны есірткіге қатысты қылмысқа не мәжбүр етті? Тәжірибелі судьяның қылмыстық істі қараудан үзілді-кесілді бас тартуына не себеп? Бұл сауалдардың жауабын бірер айдан соң отс...

    Толығырақ...
  • 20.06.19

    АҒАЙЫНДЫ

    Екі ағайынды жігіт. Қабы да бір, сабы да бір: әке де, шеше де ортақ. Көргені де, жүргені де бір. Ішкені бірдей, жегені бір­дей... Бірақ біреуіне көптің көңілі қызығарлық ақыл қон­ған, біреуіне көптің шырқын бұзарлық арақ қонған...

    ...
    Толығырақ...
  • 20.06.19

    ЕКІ  ЕСАЛАҢ

    Ол түнімен «Нақұрыстың өмірін» оқып шықты. Автордың жан дүние­сіне үңілді. Жаңбырдан соң ауаның балғындығын бүкіл тамырымен сезі­не­ отырып, тәтті қиялға берілді. Кенет, шулаған ессіз қыздардың ащы күлкісіне жиіркене қарады. «Олар айтқан жайтта қандай күлуге тұрарлық мән бар екен» деп ой алабына  сүңгіді. Күнде теріскей жақтан­ ке...

    Толығырақ...
  • 20.06.19

    Қазақ өз ұрпағына қашанда жақсы тәлім, өнегелі тәрбие беруден жалыққан емес. Тіпті тәрбиенің бір бастауы­н бесіктен­ бастап, оның ата-анасының да жауапкерш­ілігін жүктеп отырған. Бүгінде осы ұлы мін­детті жартылай да орындай алмай жүргендер бар.

    ...
    Толығырақ...
  • 20.06.19

    «...Бізге керегі шын дарындар. Мемлекет өзінің талантты ұлдары мен қыздарын, тарланбоз жүйріктерін қолдауға, қорғауға міндетті». Иә, талантты да дарынды жастар – елі­міздің бетке ұстар мақтаныштары. Оны  жоғарыда айтылған Тұңғыш президентіміз Н.На­зар­баевтың сөзінен айқын байқауға болады. Жас ұрпақтың келешекке нық қадам басуы­ – қоғам үшін маңызды да жауапты күш. Еңсесін тіктеп келе жатқан ел...

    Толығырақ...
Су тасқынынан қауіп жоқ
15.03.2019 10:50

Жылдағы буынып-түйіну әдетінен арыла қоймаған халық биыл да дәл сол сақтықпен отыр. Бірақ, дүлей мінезімен дүйім жұртты көктемге дейін орнынан бір қозғайтын дария әзірге тыныш. «Шардара» су қоймасынан төмен қарай 450 текше метр су жіберілуде, оның 350 текше метрін «Көксарай» суреттегіші алуда, сонымен облыс аумағына қазіргі күні секундына 120 текше метр су келуде. Жоғарыдан түсіп жатқан судың мөлшері аз болғандықтан, Сырдария өзенінің деңгейі төмен түсуіне байланысты елді мекендерге төніп тұрған ешқандай қауіп-қатер жоқ. Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайдар департаменті мамандары өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында баяндады.

- Жоспарға сәйкес 2018-2019 жылғы су тасқынының алдын алу бағытында ТЖД қызметкерлері су басу қаупі бар елді мекен тұрғындарына арнайы үнпарақтар таратып, түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Аймақта 56 су басу аймақтары белгіленген. 36 мың үй орналасқан учаскеде 174 мың тұрғын, 250 мыңға тарта үй жануары бар. «Шардара» су қоймасынан жіберілген суды облыс аумағындағы Сырдария өзенімен қауіпсіз өткізу мақсатында Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті «Қазгидромет» РМК және «Қазсушар» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалдарынан өзендегі судың деңгейі мен ауа райы туралы күнделікті ақпараттар алып, Сырдария өзеніне мониторинг жұмыстарын жүргізуде, - деді Қызылорда облысының ТЖД Төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау майоры Жандос Досымов.

Одан бөлек, су айдындарында жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында жасақ құтқарушыларымен тұрақты түрде алдын алу жұмыстары жүргізіліп, азаматтардың судағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы айтып өткен төтеншеліктер судың тілсіз жау екендігін азаматтардың әрдайым есте ұстамайтынына қынжылады.

- Аймақтың су айдындарында жылда азаматтардың әртүрлі себептермен бақытсыз жағдайларға ұшырауы, оның ішінде қыс және көктем айларында төтенше жағдайлар болатыны өздеріңізге мәлім. Алайда «су – тіршіліктің көзі» дегенмен, тілсіз жау екені қаперімізде үнемі тұрмайтыны өкінішті. Соңғы екі жылдың мәліметтеріне сүйенсек, 2017 жылдың қыс және көктем айларында облыс бойынша су айдындарында 2 адам ажал құшса, 2018 жылы – 1, жыл басынан бері 1 адам қаза тапты, - деп мәлімдеді ҚР ІІМ ТЖК «Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы» ММ басшысы Бахыт Ембергенов.

Құтқарушылардың жұмысы оңай деп ешкім де айта алмайды. Әсіресе балықшылардың мотоциклмен, УАЗ автокөліктерімен бес қабатты үй биіктігіндей судың астына түсіп кеткен кездерінде өте ауыр болады. Мұндай жағдайлар жиі болатын аймақтар – Арал, Қазалы аудандары. Сол себепті құзырлы мекемелермен бірлесіп, құтқарушылар бүгінгі күнге дейін осы екі ауданда 36 рейд өткізген.

Аймақты су басу қаупіне қайта тоқталсақ, былтырғымен салыстырғанда биылғы мұз қалыңдығы екі есе аз, яғни 40 сантиметр. Қазіргі күні мұз шеті Қармақшы ауданы, Ақай елді мекені тұсында, Қызылорда су торабынан 435 шақырым төмен орналасқан. Қармақшы ауданында мұздың қалыңдығы – 5 см, Қазалыда – 40 см, Арал ауданында 10-15 см көлемінде. Мамандардың айтуынша, мұз күн райының қолайлы, жылы болуына байланысты орнында тұрып еріп жатыр. Қауіптің сейілуінің басты себебі де – осы. Десек те «апат айтып келмейді» деген тағы бар. Мұндай жағдай болған кезде қысқы-көктемгі су тасқынына қарсы шараларға қатыстырылатын 1081 адам, 361 бірлік техника, 75 су сору мотопомпасы мен 2 тікұшақ, 117 жеке құрам, 18 техника, 10 жүзу құралдары сақадай сай. Қызылорда қаласы мен аудандарда тасқын су кезеңінде адамды көшіруге арналған 79 эвакуациялық жинақтау және 99 қабылдау пункті дайындыққа келтірілді. Қала, аудан әкімдіктерінің мәліметінше, су тасқынына қарсы шараларға 141,8 тонна жанар-жағармай, 156 мың дана қап, 16 960 бау қамыс, 6550 дана пашын, 4455 қарабура, 287 тонна қойтас секілді қажетті материалдар қорлары жасақталған.

Н.ҚАЗИ

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Наурыз 2019 >
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары