Өзекті мәселелер

  • 19.12.19

    Кешегі даласында абақ­тысы жоқ, бес қаруы белінде жүрсе де жауынан өзгеге қару жұмсамаған заманда елдің бір-біріне өкпесі, кеткен есесі болмады дейсің бе? Болды ғой. Бірақ, сол заманның өзінде қойнындағы қаруға тұра ұмтылмай, әділдікті, ақ пен қараны шешетін әулеттің үлкені не ауылдың ажасы, оған көнбей жатса, елдің қожасына жүгінді емес пе? Дау бұған да бөгет бермеген кезде биге барып соңғы ше...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Ақыл  жетпес

    Адамның ақылы өлшеусіз мол. Алайда сол ұлан-ғайыр, шексіз ақылыңның кейде кішкентай, уақ-түйек мәсе­лелерді шеше алмай, тұйыққа тіреліп, жол таба алмай, адасып­  жүретініміз  қалай?!

    ...
    Толығырақ...
  • 19.12.19

    «Кувад синдромы» туралы бұрын-соңды естіп пе едіңіз? Мүлдем естімеген болуыңыз да мүмкін. Бұл – ер адамның жүкті әйел секілді күй кешуі. Мұндай да болады. «Кувад» сөзі француздың «couver» деген етістігінен шыққан, яғни қазақшалағанда «жұмыртқа басу» дегенді білдіреді. Бұл синдром екіқабат әйелдің күйеуінде жүктіліктің үшінші айында басталып, сәби дүниеге келгенге дейін жалғасуы ықтимал....

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Шырылдаған бала дауысынан селк ете қалған олар өздері секілді тағы бір күнә­сіз­дің жетім қалғанын сезді. Сәбиді түннің бір уағында тауып­ алған тәрбиеші дереу төсекке жатқызып, жұбата бас­тады. Әбден жылай-жылай көзінен жасы сарқылған баланың демі бітіп, әрең тыныс алады. Көздері жәудіреген бір топ баланың естісі аузындағы емізікті жұлып алып, апайына ұстатты. Жанаршылықпен қараған оның ересек...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Поэзия

     

    Ботадай боздап аспан жылайды,

    Алдайды бәрін түлкі үміт.

    Жапырақтардан жас тамшылайды,

    Жапырақ жүрек бұлқынып. ...

    Толығырақ...
ҰЛТТЫҚ БҰЙЫМҒА СҰРАНЫС АЗ
28.03.2019 10:35

Шайхы-Ислам  Мағауияұлы,

қолөнер  шебері:

Біз бүгін басылымның «Мырза» бетіне аралдық қолөнер шебері Шайхы-Ислам Мағауияұлымен өрбіген әңгімемізді жариялағанды жөн көрдік. Кейіпкеріміз бала күнінде саз балшықтан төрт түлік малдың, қора-қопсының көріністерін жасаған екен. Әкесі Мағауия баласының бойындағы талантын байқап, Арал жұртшылығына танымал Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Құдайберген Құлманбетовке тапсырады.

Содан бері ұстазының қасында қолөнердің қыр-сырына қанығып, зергерлік, ағаш ұсталығы, тері өңдеу, теріге сурет салу, мүйіз сүйектен бұйымдар жасауды үйренеді. Жас шебердің қазіргі күні жеткен жетістігі аз емес.  Ол 2013 жылы «Бәріміз бірдейміз – кемсітуді білмейміз» атты алғашқы республикалық мүмкіндігі шектеулі жандар арасында өткен  байқауда «Үздік жасампаз» номинациясын жеңіп  алды. Арал ауданы әкімінің алғыс хаты, 2013 жылы 16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай, «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының басым бағыты кәсіпкерлік әлеуетін күшейту барысында заманауи үлгілерді енгізу мақсатында ұйымдастырылған «Үздік жас кәсіпкер» байқауында I дәрежелі дипломмен марапатталды. 2018 жылы Қызылорда қаласында өткен «Өзіңе сене баста!» мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерлерге арналған көрме-байқауына белсене қатысқаны үшін облыс әкімі Қырымбек Елеуұлының Алғыс хатын иеленді. 2018 жылы Елбасының «Болашаққа бағдар – рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткен ерекше жандардың шығармашылығына арналған VІІІ облыстық  «Жүрек жылуы»  өнер фестивалінде «қолөнер» номинациясы бойынша Бас жүлдені еншіледі. Сондай-ақ, «Қазақстанның 100 жаңа есімі»  жобасының қатысушысы.

– Шайхы-Ислам, ұстазыңыз Құдайберген Құлманбетовпен бірге сауыт жасап шығарға­ны­ңызды естідік. Әңгімемізді осыдан бастасақ...

– Біршама жыл бұрын Қазалы­ ауданында  мұражай  ашылды. Ұстазым Құдайберген Құл­манбетовке мұражайға қажетті сауытты жасауға тап­сырыс түседі. Жалпы, мен бала күнім­нен бері сол кісінің жанында­ жүрмін. Қолөнер шебер­лігінің қыр-сырына қанығып, тәлімін алдым. Тапсырыс бо­йынша ұстазым­ыз екеуміз сауыт­, қылыш, айбалта, дулыға, шоқпар, ұлттық нақыштағы түрлі ыдыс-аяқтар жасап шықтық.

– Сауытты қалай жасап шы­ғар­дыңыздар?

– Сауыт жасауға қажетті мельхи­ор сымын сататын арнайы адамдар бар. Қазақта мұны «қара күміс» деп атайды. Шикізатты өзге өңірден тапсырыс арқылы­  алдырамыз.

Жалпы, біз сауытты 18 күн тоқыдық. 18 мың шығыршық сақин­адан тұрады. Салмағы –  7 келі. Дегенмен, сауыт адам үстіне киілген кезде салмағы білінбейді.

– Жасаған бұйымдарыңызды сатылымға шығарасыз ба? Сұраныс бар ма?

– Мен ІІ топтағы көз мүгедегімін. Дәрігерлер қолөнермен айналысуға болмайды деп кеңес берді. Әйтсе де, ұлттық өнерге деген қызығушылық қойсын ба? 2013 жылдан бастап жеке кәсіп­кер ретінде тіркелдім. Жасаған бұйымдарым сатылымда бар. Дей тұрғанмен, мұны кәсіп емес, хобби десек жөн шығар. Бәрі де шабытқа байланысты дүние. Өзіңіз білесіз, Арал өңі­ріне турис­тер жиі ат басын бұ­рады. Әсіресе, Жапония  мемлекетінен ғалымдар, туристер өте көп келеді.­ Олар қайтқан теңіз табанына  барып, түрлі зерттеу жұ­мыста­рын жасап жүр. Туристер келген сайын біздің жасаған бұйымдарымызға  қызығушылық танытып, сатып  алады.

Қазақы  бұйымдарға сұраныс сондай күшті деп айта алмаймын. Мәселен, Арал қаласында  сұраныс  аз. Тек үлкен-үлкен қалалардан тапсырыс түсіп тұрады.­ Қорқыт ата мұрасы ЮНЕСКО-ның мәдени мұралар тізіміне енді. Соның ая­сында шетелден келетін мей­ман­дарды ұлттық нақыштағы бұйымдармен қуантсақ деген ойымыз  бар.

– Қолөнермен қатар зергер­лікпен де  шұғылданады  екенсіз...

– Құдайберген ағайдан ең әуелі зергерлікті үйренгем. Күмістен түрлі сақиналар жа­сауд­ы білемін. Бірақ көзімнің нашарлауына байланысты мұн­дай  майда  заттарды  істемеймін. Қазір ағаш және мүйізден кәдесыйлар жасаумен шұғылданып жүрмін.

– «Рухани  жаңғыруды» қалай түсінесіз?

– Елбасы Нұрсұлтан Әбіш­ұлының бағдарламалық мақа­ласы – қазақ халқының тарихын, мәдениетін, әдеп-ғұрпын, ұмытылып  бара жатқан салт-дәс­түрін қалыпқа келтіру үшін қолға алынған ауқымды жоба. Жалпы, қазақтың ұлттық қолөнерінің бастау­ы тым тереңде жатыр. Сонау­ сақ тайпасының бектері, қолбасшыларының обаларын қазған кезде түрлі алтыннан жасал­ған әшекей бұйымдар мен құмыралардың табылғаны мәлім. Мен үшін сол дәуірде мұндай керемет бұйымдарды қалай жасағаны әлі де жұмбақ күйінде.  Дәл қазір мың жерден дамыған  технология болса да, сақ дәуіріндегі бұйымдарды қайта­ жасау өте қиын. Кез келген халық өз  тарихын  білмесе, келеше­гі  болмайды дейді. Біз­дің негізгі мақсатымыз – өскелең ұрпаққа өз та­рихымызды, қолөнері­мізді дәріптеп, бо­лашаққа аманат ету. Қазақтың тілі, діні, мәдениеті өлмесе, қазақ ұлты еш­қашан жойылмайды.

– Шеберханаңызға қажетті заттар бар ма? Мемлекет тарапынан қандай көмек болып жатыр?

– 2017 жылы мемлекеттік бағдарламаға қа­тысып, грант ұтып алдым. Қажетті  заттарды  алдым. Әлі де біраз дүние керек-ақ. Шеберханам – бұ­рын­ғы  гараж.  Іші  сал­қын. Егер  шеберханам кең, әрі бір-екі таза ка­бинет  болса,­ шәкірт  тәр­биелесем  деген ойым бар.

– Әңгімеңізге  рақмет!

Сұхбаттасқан

Қозы Көрпеш   ЖАСАРАЛҰЛЫ

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Наурыз 2019 >
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 29 30 31

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары