Өзекті мәселелер

  • 19.12.19

    Кешегі даласында абақ­тысы жоқ, бес қаруы белінде жүрсе де жауынан өзгеге қару жұмсамаған заманда елдің бір-біріне өкпесі, кеткен есесі болмады дейсің бе? Болды ғой. Бірақ, сол заманның өзінде қойнындағы қаруға тұра ұмтылмай, әділдікті, ақ пен қараны шешетін әулеттің үлкені не ауылдың ажасы, оған көнбей жатса, елдің қожасына жүгінді емес пе? Дау бұған да бөгет бермеген кезде биге барып соңғы ше...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Ақыл  жетпес

    Адамның ақылы өлшеусіз мол. Алайда сол ұлан-ғайыр, шексіз ақылыңның кейде кішкентай, уақ-түйек мәсе­лелерді шеше алмай, тұйыққа тіреліп, жол таба алмай, адасып­  жүретініміз  қалай?!

    ...
    Толығырақ...
  • 19.12.19

    «Кувад синдромы» туралы бұрын-соңды естіп пе едіңіз? Мүлдем естімеген болуыңыз да мүмкін. Бұл – ер адамның жүкті әйел секілді күй кешуі. Мұндай да болады. «Кувад» сөзі француздың «couver» деген етістігінен шыққан, яғни қазақшалағанда «жұмыртқа басу» дегенді білдіреді. Бұл синдром екіқабат әйелдің күйеуінде жүктіліктің үшінші айында басталып, сәби дүниеге келгенге дейін жалғасуы ықтимал....

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Шырылдаған бала дауысынан селк ете қалған олар өздері секілді тағы бір күнә­сіз­дің жетім қалғанын сезді. Сәбиді түннің бір уағында тауып­ алған тәрбиеші дереу төсекке жатқызып, жұбата бас­тады. Әбден жылай-жылай көзінен жасы сарқылған баланың демі бітіп, әрең тыныс алады. Көздері жәудіреген бір топ баланың естісі аузындағы емізікті жұлып алып, апайына ұстатты. Жанаршылықпен қараған оның ересек...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Поэзия

     

    Ботадай боздап аспан жылайды,

    Алдайды бәрін түлкі үміт.

    Жапырақтардан жас тамшылайды,

    Жапырақ жүрек бұлқынып. ...

    Толығырақ...
БІЗДЕ КЕНЖЕЛЕП ҚАЛҒАН СПОРТ ЖОҚ
28.03.2019 11:25

 

Олжас  ӘКІМОВ,

облыстық  дене  шынықтыру және

спорт  басқармасының  басшысы:


- Олжас Азатұлы, сұхбатымызды өткен шақпен бастасақ. Яғни, қызметке келгеніңізге 2 жылға жуықтады. Осы уақыт аралығында Сыр спортына қандай өзгерістер әкеле алдым деп ойлайсыз? Бұрын-соңды болмаған қандай жұ­мыстар  атқарылды?

- Саланың мате­риалдық-техникалық базасын жақсарту, елді мекендерде спорт нысандарына қолже­тім­ділігін арттыру мақсатында облыстық бюджеттен 7 елді мекенде, яғни Жанқожа батыр, Мәдениет, Ақ­жарма, Еңбекші, Түгіс­кен ауылдарында және Сексеуіл, Төретам кентінде спорт кешендері пайдалануға берілді. Сондай-ақ, балалар мен жасөс­пірімдер спорт мектептері желісін ұлғайту және шұғылданушылар санын арттыру барысында­ мемлекеттік-жекешелік әріп­тестік аясында 9 жоба іске қо­сылды. Биылғы жылы да бұл жұ­мыс өз жалғасын табады. Аудан орталықтарында 22 жобаны жү­зеге­ асыру жоспарда бар. Спорт мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында қала, аудан мектеп­теріне 8 автокөлік берілсе, спорттық құрал-жабдықтармен қамтамасыз  етілді. Сондай-ақ, «Ұлттық спорт түрлері клубы» және «Мүгедектерге арналған спорт клубы»  коммуналдық  мемлекеттік мекемелерін аштық. Орталық стадиондағ­ы жеңіл атлетик­алық манежге қайта жаңғырт­у жұмыстары жүргізілді. «Мұз айдыны» спорт кешені ғимаратыны­ң жанынан ашық бассей­н  салынды­.

Облыс тарихында Ж.Баһадүр атындағы облыстық спортта дарын­ды балаларға арналған мектеп­-интернаты  олимпиадалық резервтің мамандандырылған мектеп-интернат-колледж болып қайта құрылды.

- Елбасымыз бұқаралық спортпен шұғылданушылар қатарын 2020 жылға дейін 30 пайыз­ға жеткізуді тапсырған еді. Біздің облыстың бұл цифрды еңсеруі қиынға соқпайтын шығар­. Айтпақшы, оны пайызбен емес, пайыммен есептеу де маңызды  ғой...

- 2020 жылға қарай облыс тұрғындарының 30%-ы тұрақты дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға жеткізуді жоспарлағанбыз. Қазіргі таңда облыста 224382 адам тұрақты дене шынық­тыру және спортпен шұғылданады. Ол тұрғындардың 28,3%-ын құрайды. Бүгінде бұқаралық спортты дамыту үшін мемлекеттік-әлеуметтік тапсырыс аясында 282 спорт нұсқаушысы 138 елді мекенде 41760 адамды спортпен шұғылдандыруда. Нұсқаушылардың жұмыстарын тиімді ұйымдастыру үшін сабақтан тыс уақытта, қала және аудан әкімдерімен, білім басқармасымен жасалған меморандум негі­зінде оқу орындарының спорттық  залдары  пайдаланылады.

2018 жылы 1596 бұқаралық спорттық іс-шара өткізіліп, оған 450324 адам қатысты. Сондай-ақ, осы күні коньки тебу және велосипедпен серуендеу сияқты спорт түрлеріне ден қойған жастардың қатары көбеюде. Қазір байқасақ, қала көшелерінде велос­ипедпен жүрушілер жиі көзге түседі. Бұл дария жағасында ашылған вело және жүгіру жолы, сондай-ақ веложарыстарды көптеп ұйымдастыру да өз нәтижесін берді деген сөз ғой.

Бұқаралық спортты дамыту мақсатында барлық аудандарды аралап, аудан әкімдерімен кездесу өткіздім. Қалалық, аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімдері арасында дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық-бұқаралық жұмыстарды жолға қоюға бағытталған облыстық байқаудың 2018 жылғы қорытындысы сараланып, жеңімпаздарды облыс әкімі Қырымбек Елеуұлының өзі марапаттады. Онда бірінші орынды – Қызылорда қаласы, екінші орынды – Жаңақорған, үшінші орынды Шиелі аудандары иеленді.

Әлі атқарылатын істер көп. Алдағы уақытта республикалық және жергілікті бюджеттен 5 нысан салу жоспарланған. Қызыл­орда қаласында «Локомотив» стадион­ына және ұзақ уақыт жөнделмеген Ж.Баһадүр атындағы олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған мектеп­-интернат-колледжіне күрделі жөндеу жұмыстары басталады. Биылғы жылы №3 облыстық олимпиадалық резервтің маман­дандырылған балалар-жасөс­пірімдер мектебіне екі жеңіл автокөлік алып жатырмыз. Бұл жұмыстардың барлығы облыс әкімі Қырымбек Елеуұлының қолдауы­ның арқасында жүзеге асырылып  жатыр.

- «Қайсар» футбол клубының 50 жылдығы қарсаңындағы еңсерген жетістігі бізді шын қуантты. Облыс әкімі бірін­ші­лік­тің қорытындысында сыр­бойы­лық ойыншыларды бестікте көр­гісі келген болса, биылғы жылы жүлдеге таласуға ниетті екен­дігін айтты. «Қасқырларға» қаншалықты сенім артуға болады?

- Жарты ғасырлық тарихы бар Сыр футболы өңірдің спорттық және әлеуметтік тарихының айнымас бір бөлігіне айналды. Еуропа­ лигасында ойнауға жұмыс істелетін болады. Соған сай жыл басын­да «Қайсар» Түркияда екі толық оқу-жаттығу жиындарын өткізді. Лайықты легионерлерді іріктеп алды. Осы орайда алғашқы екі ойын нәтижесімен тон пішуге болмайтынын айтқым келеді. Доп домалақ ғой. Бірде сәттілікке итермелесе, бірде сәтсіздікке жол сілтейді. «Атырау» мен «Жетісу» командаларына қарсы ойында клубқа сәттілік серік болмады. Спортта климат ауыстыру – үлкен мәселе. Сондықтан, негізгі құрам­ға жаңа қосылған ойыншылар осы процесті бастан өткеруде. Сәтін салса, алдағы ойындарда «Қайсар» жеңіспен оралып, жоғар­ы сатыға жайғасады деген ойдамыз. Жыл қорытындысында «қасқырлар» қолдаушыларын қуантып, Еуропа лигасының жолдам­асын  қоржынға саларына­ сеніммен  қарайық.

- Спортсүйер қауымның көп­шілігі футбол десе ішер асын жерге қояды. Мәселенің бірі ортал­ық стадионның күрделі жөндеу жұмыстары болып отыр. Стадионның қазіргі жағдайы қалай? Сол жағалаудан бой көтереді­ деген стадион туралы қандай да бір ақпараттар бар ма?

- Орталық стадионға соңғы талап­тарға сай келетін күрделі жөн­деу­ жұмыстары жүргізілуде. Сол жағалаудан көп функционалды 3500 орындық жабық футбол манежінің құрылысы жоспар­ланып  отыр.

- Облыстық спорт басқарма­сына қарасты барлық мекемелердің сайты ашылды. Мұны өз кезегінде  өте  қажетті әрі маңызды іске  балаймыз­. Енді олардың уақы­тылы жұмыс істеуін, ақпарат таратылуын бақылау керек секілді.

- 2018 жылы басқармаға қарас­ты 22 мекеменің жеке сайты­ ашылды. Қазіргі таңда ауданда, қалада өткізілген шаралар, спортшылардың жетістіктері жайлы ақпараттарды әрбір мекеме өз сайтында тиянақты жариялап отыр. Кез келген адам өзіне қажетті мәліметті осы сайттардан таба алады. Сайттар қызметін басқа­рма  бақылауға  алған.

- Жалпы, бұқаралық спортты дамытуда БАҚ өкілдерінің де еңбегі баршылық. Алдағы уа­қытта  журналистер спарта­киа­дасын ұйымдастыруды қолға алуға қалай  қарайсыз?

- Әрине, облыста істеліп жатқан  жұмыстар, Сыр спортшыларының жетістіктері, бұқаралық спорттың дамуы, салынып жат­қан спорт нысандары халыққа БАҚ өкілдері арқылы насихатталып отырады. Ұсынысыңыз орынды, күнтізбелік жоспарға енгізуге жұмыс істелетін болады. Өздеріңізбен келісе отырып жасаймыз.

- Шыны керек, спорт тақырыбын жазып жүрген журналистер біздің облысымызда өте аз. Сондай­-ақ, соңғы жылдары осы тақырып­қа арналған кітаптардың да көп емес екенін айтуға тиіспіз. Жалпы, осы мәселелер турасындағы ойыңызды білсем деймін.

- Спорт тақырыбында мақала жазу әр адамның жеке жұмысы деп ойлаймын. Осы тақырыпта жазушылар, журналистер кітап жазып жатса, қолдаймын. Жалпы, басқарма тарапынан БАҚ өкіл­дерін назардан тыс қалдырған емеспіз. Мүмкіндігінше атаулы мерекелерде және жыл қорытындысы бойынша қолдау көрсету бізде дәстүрге айналған.

- Шетелдегі жарыстарға журналистерді жіберу жағы жолға қойылмай келеді. Сол жақтан тікелей жаңалықтар жіберіп жатса, журналистиканың жанрларына байланысты материалдар ұсынса, Сыр спорты туралы сапалы­  дүниелер  жазыла бастар  еді  деген  ой  бар.

- Басқарма бюджетінде спортшылар мен жаттықтырушылардың спорттық жарыстарға шығуына ғана қаржы қарастырылған. Бюджет шектеулігіне байланысты кей ойларды жүзеге асыруға мүмкін­дік бола бермейді. Дегенмен, идеяңы­з  құптарлық.

- Бұған дейін белгілі спорт журналисі Несіп Жүнісбайұлының  бастамасымен «Бір атаның балалары доп тебеді» атты футболдан жарыс өтіп тұратын. Біздің облысымызға да осындай  тың әрі елең еткізер жарыста­р  керек  сияқты.

- Балалар футболынсыз үлкен футболға жол ашу қиын. Сол себеп­ті жыл сайын 3 жас ерекшелігінде балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері, барлық әуесқойлар арасында «Былғары доп» сайыстары, Тимур Сегізбаев,­ Сұлтан Әбенов, Әбіл Қалымбетов атындағы турнирлер тұрақты өтеді. Сондай-ақ, биылғы жылдан бастап жасөспірім қыздар футбол­ бөлімшесі ашылды. Ал, өзге де тың жарыстар өткіземіз дейтіндер болса, қолдау көрсетуге әзірміз.

- Тоғызқұмалақ, шахмат, дойбы­ секілді ақыл-ой ойын­дарының біздің облысымызда алдыңғы екеуі ғана жақсы жолға қойылған. Ал, дойбы кенже қалып келеді. Жалпы, респуб­ликада солай деуге болады. Осыны­ біздің облыс бірінші қолға  алса  деймін.

- Меніңше, бізде кенжелеп қалған спорт жоқ, барлық спортты қолдауға, дамытуға тырысамыз. Бүгінгі күні дойбы спорты көз мүгедегі бар спортшылар арасында жақсы дамыған. Сондықтан, көз мүгедектері арасында облыстық жарыстарды жиі өткіземіз. Кешенді спорт жарыстарында да қамту қарастырылған.

- Ашық  әңгімеңізге  рақмет!

Сұхбаттасқан

Рыскелді  ЖАХМАН

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Наурыз 2019 >
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 29 30 31

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары