Өзекті мәселелер

  • 19.12.19

    Кешегі даласында абақ­тысы жоқ, бес қаруы белінде жүрсе де жауынан өзгеге қару жұмсамаған заманда елдің бір-біріне өкпесі, кеткен есесі болмады дейсің бе? Болды ғой. Бірақ, сол заманның өзінде қойнындағы қаруға тұра ұмтылмай, әділдікті, ақ пен қараны шешетін әулеттің үлкені не ауылдың ажасы, оған көнбей жатса, елдің қожасына жүгінді емес пе? Дау бұған да бөгет бермеген кезде биге барып соңғы ше...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Ақыл  жетпес

    Адамның ақылы өлшеусіз мол. Алайда сол ұлан-ғайыр, шексіз ақылыңның кейде кішкентай, уақ-түйек мәсе­лелерді шеше алмай, тұйыққа тіреліп, жол таба алмай, адасып­  жүретініміз  қалай?!

    ...
    Толығырақ...
  • 19.12.19

    «Кувад синдромы» туралы бұрын-соңды естіп пе едіңіз? Мүлдем естімеген болуыңыз да мүмкін. Бұл – ер адамның жүкті әйел секілді күй кешуі. Мұндай да болады. «Кувад» сөзі француздың «couver» деген етістігінен шыққан, яғни қазақшалағанда «жұмыртқа басу» дегенді білдіреді. Бұл синдром екіқабат әйелдің күйеуінде жүктіліктің үшінші айында басталып, сәби дүниеге келгенге дейін жалғасуы ықтимал....

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Шырылдаған бала дауысынан селк ете қалған олар өздері секілді тағы бір күнә­сіз­дің жетім қалғанын сезді. Сәбиді түннің бір уағында тауып­ алған тәрбиеші дереу төсекке жатқызып, жұбата бас­тады. Әбден жылай-жылай көзінен жасы сарқылған баланың демі бітіп, әрең тыныс алады. Көздері жәудіреген бір топ баланың естісі аузындағы емізікті жұлып алып, апайына ұстатты. Жанаршылықпен қараған оның ересек...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Поэзия

     

    Ботадай боздап аспан жылайды,

    Алдайды бәрін түлкі үміт.

    Жапырақтардан жас тамшылайды,

    Жапырақ жүрек бұлқынып. ...

    Толығырақ...
ҚАЗАҚТЫҢ МАҚТАНШАҚТЫҒЫ
28.03.2019 11:40

Бүгінгі заман адамдарының арманы, есі-дерті – қайтсем тез байып, табысқа кенелсем дегендік. Бірінен-бірі асып түскісі келеді. Әрине, олар бұл ойын айғайлап айтып жатқан жоқ, үндемей жарысып жүр, бірақ озып шыққан ешкім көрінбейді. Бәрі де жылтырауыққа құмар, сатып алушылар әуелі тауардың әдемілігіне қарайды, ораманың ішінде не жатқанына, оның сапасына тіпті қарамайды.

Қазіргі заман – понтшылдықтың заманы,­ яғни жыртыл қазақтың, даңғаза мақтаншақтықтың заманында өмір сүріп жатырмыз. Мектептің оқушылары ондаған­ мың теңге тұратын смартфон­дарды қолдарында ұстап, әртүрлі ойын ойнап жүр. Бірақ біле білген адамға бұл смартфондар бизнес ұсыныстар, бизнес жоспарлар жасайтын бизнесмендер ұстап жүру үшін, іскерлікке пайдаланатын зат ғой. Қырық мың теңге жалақы алатын менедж­ерсымақтар екі миллион теңгелік көлікті тізгіндеп жүр. Ауылдың қара сирақ кедейлері 100-500 қонақ шақырып, аста-төк етіп шашылып, екі-үш күнге созылатын той жасайды. Бәрінің де айтатыны (бір-бірінің аузына түкіріп қойғандай) бірдей: «мен басқалардан кеммін бе?», жұртқа көрсету үшін, немесе мақтаныш ретінде  өткізеді.

Қазақтың понты өте жұқпалы. Бұрын-соңды понтшылдығы жоқтар да осыны жасайд­ы, себебі оны қоғам талап етіп отыр, тіпті зорлап істетіп отыр. Егер сыныпта бір оқушының айфоны жоқ болса, бәрі жабылып­ оны мазақ етеді, бейшара санайды­. Егер офистің бір қызметкері еңбек демалысын Түркияға немесе Египетке­ бармай саяжайда немесе ауылда өткізсе, бәрі оған қайыршы деген көзбен қарайды. Бизнесменнің немесе іскердің астында пәленбай мың долларлық автокөліг­і болмаса, оны бизнесмен қатарына  қоспайды.

Даңғаза мақтаншақтықтың қанша­лықты зиян екендігі түсінікті. Біріншіден, мұндай адам қыруар ақшасын ісін дамытуға емес, сыртын әшекейлеуге (қымбат көлік, кабинетін кеңейтуге, т.б.)  деп қыруар­ мөлшерде несие алуға, шығын­далуға жұмсайды. Екіншіден, жұрттың айтар­ пікіріне («жұрт не айтар екен») тәуелді­лікке түседі. Өзінің пікірі жоқ (затты,­ дүниені бағалау деңгейі төмен), жұрттың пікірін күтіп отырады. Үшінші­ден, «болмасаң да, ұқсап бақ» деге­н ұстаным  өмірлік  мақсатына  айналады.

Бүгінгі қоғамға понтшылдықты ен­дір­ген капиталистік жүйеден келген әдет –адамдарға қажетсіз мүлік пен дүниені, қажетсіз қызметтерді молынан жаппай сату. Ең бастысы, даңғаза  мақтаншақ­тықты адамдардың санасына сіңдіру, «мына заттар мен дүниелерді сатып алу, тұтыну, мынадай қызметтерді пайдалану – нағыз «крутойлықтың» белгісі» деп сендіру.­

Жылтырағанның бәріне қызығу, сырты­ сұлудың бәріне құмарлықтан айырылу үшін басқалардың пікіріне тәуелді болмау қажет. Жұрттың пікіріне түкіргенім бар деген сенімге бір орнығып алшы, жұрттың сені құрметтеуінің еш азаймағанын бай­қайсың. Тіпті керісінше, қадіріңнің арта бастағанын байқайсың. Қажетсіз понттың орнына ақшаңды, уақытыңды ісіңді одан әрі нығайтуға, дамытуға жұмсашы, саған қызыға да, қызғана да қараушылардың көбейе бастағанын байқайсың. Сырты жылтыр, іші қуыс емес, табысты адам­дардың ой-санасы көбінесе осы жолды таңдаған.­

Иә, шын мәнінде табысты, өзіне-өзі сенімді адам ешқашан жұрт алдында өзінің абыройын көтеруге тырыспайды, себебі оның абыройы – әу бастан тәуір иманды адам. Ондай адам дүние-мүлікпен мақ­танбай­ды, қызметкерлеріне тіл тигізбейді, өзінен төмен тұрған әлеумет мүшелерінің ақысын жеп, солардың есебінен байы­майды. Себебі табысты адам үнемі алға қарайды, алдына қойған мақсатына, үлгі аламын деген кісілерге қарайды. Осындай мінез бен ой-саналық ұстанымдағы адамда­ тұрмыстық майда-шүйдеге, жылтыраққа қызығушылық болмайды. Осындайда Оскар­ Уайльдтың мына бір сөзі ойға келеді­: «Өзгеге емес, өзіңе ұқсап бақ. Басқа­ рольдердің бәрі де бос емес». Халықтың тілінде оны былай айтады: «Барынша қарапа­йым  бол. Шақырмай-ақ айналаңа жұрт  толады».

 

Сағат  ЖҮСІП

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Наурыз 2019 >
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 29 30 31

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары