Оқырманнан хат

Келіп кету есептегіші

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1431
mod_vvisit_counterКеше2391
mod_vvisit_counterОсы аптада10209
mod_vvisit_counterӨткен аптада20558
mod_vvisit_counterОсы айда56162
mod_vvisit_counterӨткен айда48193
mod_vvisit_counterБәрі3703239


Өзекті мәселелер

  • 18.04.19

    Түрме рейтингі – кез келген елдің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін танытат­ын көрсеткіштің бірі. Бұл ретте­ Қазақстан қылмыстық заңнаманы ізгілендіру саясатын іске асыра отырып, жыл сайын бас бостандығынан айыруға байланысты емес жазалардың баламалы­ шараларын қолдану саласын кеңейтуде­. Соның нәтижесінде бұл түрме зерт­теулерін қадағалаудың халықаралық орталығы­ның (ICPS) жалпыәлемдік рейтингі...

    Толығырақ...
  • 18.04.19

    «Бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады; біреуі – ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Бұлар – тәннің құ­мары... Екіншісі – білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен деп талпынып, көзі көрген, құлағы естігеннің  бәрін  сұрап  тыншымау. Бұл – жан құмары...»

    Абай  Құнанбаевтың

    «Жетінші  қара...

    Толығырақ...
  • 18.04.19

    Дана қазақ «Көп жа­саған білмейді, көпті көр­ген біледі» дейді. Көп жасамадық, көпті көрмедік. Айтпақшы, «менің білге­німді өзгенің білмеуі керек» деп ақпаратты қыз­ғанатындар бар екен. Бар емес, олардың қатары қалың көрінеді. Әрине, әңгімеміз пайдалы ақпараттар мен мәліметтер турас­ында ғана. Әйтпесе, оқырман мен тыңдарманды адастыратын ақпараттың әрдайым жасырынып жүрген...

    Толығырақ...
  • 18.04.19

    Бала кезімнен әкеме жақын болып­ өстім. Таң атқаннан кеш батқан­ға дейін ізінен бір елі қалмайтын едім. Әкем жаны жайсаң, түрі сұсты, балаларына қамқоршы, мен үшін асқар таудай биік шың дер едім. Бізге қаладан «балала­рыма» деп базарлық­тың түр-түрін әкелетін. Осыдан әкемнің даладай дарқан көңілін  байқауға  болады.

    ...
    Толығырақ...
  • 18.04.19

    Осыдан екі жыл бұрынғы ақпаратты айтайық. Ең алғаш естігенде есеңгіреп қалдық. Елімізде 2017 жылы 110 мың адам жоғары оқу орнын бітірген. Тек олардың мамандық бойынша жұмысқа орналасқандар саны – 7-ақ пайыз. Мұны мәжіліс депутаты Мұрат Бақтиярұлы баяндад­ы. Бұл ретте бітіруші түлектердің қалғаны қайда деген заңды сауал туын­дайт­ыны рас. Мәжіліс депутаты «КТК» арнасына берген сұхбатында жастарғ...

    Толығырақ...
НАУРЫЗДАҒЫ «НОУ-ХАУ»
28.03.2019 11:48

Әдепкіде ноу-хау сөзінің мағынасына түсінбей, аңтарылып қалатының сөзсіз, анықтамасына қарасаң, ағылшынша know how – қалай екенін білу дегенді меңзейд­і, оның түрлі салада қолданылатын тұстары бар. Википедия ашық энциклопедиясынан алынған мәліметке сүйенсек, әдетте ноу-хау деп басқалар үшін коммерция­лық сыр болып табылатын коммерциялық құндылығы бар инновацияларды айтады­ екен. Ол заңды түрде сипатталмағанымен, коммерциялық сыр ұғымына кіреді. Патент пен коммерциялық сыр мақсаттары бір – инновацияларды бәсекелестердің пайдалануына жол бермеу және жеке-дара пайдасын көру. Түйіні сол, ноу-хау сыр арқылы да сақтану дегенді білдіреді. Алайда сырлы мағлұмат мәлім болып қалған жағдайда оны пайдалануға тыйым салу мүмкін емес. Біздің де наурыз айының соңғы онкүндігінде ел билігіндегі болып жатқан жайттардың сырын біле алмай дағдарып, «ноу-хауға» телігеніміз содан.

Жалпы, жоғарғы жақта жасалған «жүріс» жұртты әрі-сәрі күйге түсіргені рас. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тосын мәлімдемесі миллиондардың мазасын қашырып, әркімнің әрқалай қабылдауына түрткі болды. Бүгінде Ақордадан кетіп, Тұңғыш Президент қорының ғимаратына келген еліміздің Тұңғыш Президенті өкілеттігін уақытша­ Қасым-Жомарт Тоқаевқа тапсырды. Он күннен бері Ақордада отырған Президент Қ.Кемелұлы айна­лас­ына сенімді адамдарды жинауға кірісті. Бір қызығы, кешегі Үкіметтің ауыс-түйісінде Елбасының жарлы­ғымен жайлы орынға жайғасқандардың кейбірін сол жерде бір ай да болса тұрақтатпады. Айтпақшы, алғашқы ресми сапарын қасиетті Түркістаннан бастағанын жақсылыққа жорып жатқанд­ар да бар. Тіпті, мемлекет бас­шыс­ы өзінің ел Президенті ретіндегі алғашқ­ы сапарының қазақ мәдение­тінің, тарихы мен руханиятының орталы­ғы саналатын Түркістан қала­сынан басталуының символдық мәні зор екенін айтты. «Түркістан – мем­лекетіміздің алтын бесігі. Елбасының бұл қалаға ерекше мәртебе беру туралы шешімі кездейсоқ емес. Ежелгі Түркістанның жаңғыруы мен жаңаруы даму жолымыздың дұрыстығын көр­сетеді. Алдағы жұмыстарым туралы және қоғамды толғандырған мәселелерді  шешуге  байланысты  ойымды дәл  осы  жерде  бөліскім келеді», - деді Қазақстан  Президенті.

Енді алдағы жұмыстары мен қоғамдық мәселелерді билік пен бұқараға жедел әрі ашық жеткізіп тұруға БАҚ-қа жақын жүретін адамның болғаны жөн ғой. Содан да болар, ел басшысы алдымен өзінің баспасөз хатшысын  таға­йындады. Бұл қызметке белгілі журналист, ұлтшыл азамат Берік Уәли келді. Былтырғы маусым айынан бері Жамбыл­ облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы қызметін атқарып келген жаңа хатшы – 42 жаста, Шығыс Қазақстанның тумасы. Әр жылдары түрлі телеарналарда еңбек етті, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппара­ты басшысының орынбасары – баспасөз қызметінің басшысы, басқарма басшысы, «Нұр Отан» партиясы төрағасы бірінші орынбасарының кеңесші­сі, ҚР Инвестициялар және даму министрлігінде кеңесші, департамент директоры болды. Оған сенім артып  отырғандар  да  көп.

Келесі кезек – президент әкім­шілігінің жетекшісінде. Мемлекет басшысының жарлығымен бұл қыз­метке Бақытжан Сағынтаев келді. Осы айдың басында ғана Елбасының сынынан­ кейін Үкімет басшылығынан түскен Б.Әбдірұлы сол кезде-ақ мемлекетт­ік хатшы болып тағайын­далған еді. Оны президент әкімшілігі басшысының орынбасары болған Марат­ Тәжин алмастырды. Біршама жыл сыртта­ жүрген М.Тәжиннің қайбір жылдары­ Ақордаға қайта оралғаны­нда, кейбір саяси сарапшылар оған «істі түлкі бүлкекпен бастап, ақырын қас­қыр әлпетпен аяқтайтын шебер әрі әккі саясаткер» деп баға берген­ екен. Мемлекеттің ішкі саясаты­ мен идеологиясын жетік білетін саясат­тағы осындай салмақты тұлғаның бұл қызметке келуінен де бір өзгеріс күтіп отырғандар да бар. Ал оның орнына, яғни президент әкім­шілігі басшысының  бірінші орын­басарлығына  Дархан  Қалетаев жай­ғасты­. Басқа қызметтерін  айтпағанда, бір жылға жетер-жетпестей уақытта Қоғамдық даму министр­і болған ол өткенде үкіметтегі ауыс-түйісте министр­лігінен де, лауазымынан да айырылып, наурыз айының басында ғана премьер-министр кеңсесіне басшы­ болып тағайындал­ған-ды. Тоқаев­ осылайша билік буынын қатайтып,­ «айыл  тартпасын»  қатты­рақ  тартуды  құп  көрген  тәрізді.

Бәрінен де  сенаттағы 44 депутаттың  барлығының қолдауымен Дариға Назарб­аеваның сенат төрайымы болуын­ қоғамның аса қабылдай қоймағаны анық. Осылайша Қазақстандағы екінші адам болған, Тоқаевтың орнын басқан Д.Нұрсұлтанқызы кезінд­е мәжіліс төрайымы, премьер-министрдің орынбасары қызметтерін атқарған. 2016 жылы қыркүйекте сенат депутаты болып сайланған еді.

Бір қызығы, Президентпен қатар ҚР-ның Тұңғыш Президенті – Елбасы­ да өз кеңсесінде тағайындаулар жасап жатыр. Астананың (қазіргі Нұр-Сұл­тан) экс-әкімі, соңғы лауазымы Прези­дент әкімшілігінің төрағасы қыз­метінен босатылған Әсет Исекешев ҚР-ның Тұңғыш Президенті – Елбасының шешімімен ҚР-ның Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының атқару­шы директоры болып тағайындалды. Сондай-ақ, Кеңсенің құры­лымдық бөлімшелерінің басшылары белгілі болды: Айдос Үкібай – Елбасы­ның баспасөз хатшысы, Арслан Дандыбаев – Елбасы Протоколының басшы­сы, Нұрлан Ыбыраим – Ұйымдастыру жұмыстары бөлімінің меңгерушісі, Нұрлан Қаймолдаев – Құжаттама, қаржы және кадрмен қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі, Асқар Молдағаринов – Елбасы Кеңсесі Басшысы Хатшылығының меңгерушісі, Елдар Томашов – Елбасы Көмекшісі Хат­шылығы­ның  меңгерушісі.

Иә, «саясат – ағаш ат», оның қалай құбылатынын көріп-білу де, сезу де мүмкін емес. Жалпы, соңғы кездері елдің, облыстың, қала, тіпті ауданның басқару жүйесіндегі кадрлық тағайындаулардың тым жиілеп кеткеніне көзіміз де, етіміз де үйреніп барады. Келеді, кетеді... Бір түсініксізі, әкім де, басшы да, басқа да барған орнында жыл түгілі, алты ай да отырмай, орын ауыстырып жатады. Жаңа ортаға сіңісіп, оң-солына қарап, идеясын, жоспарын енді жүзеге асырамын де­генде­,  басқа қызметтің құлағын ұстап кететі­ні қиын. Бұл жолы да солай­. Әрине, өзгерістердің бұл басы да, соңы да емес, оның сырын тап басып айту да қиын, бұл – біз үшін ноу-хау...

Н.АҚПАН

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Наурыз 2019 >
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 29 30 31

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары