Өзекті мәселелер

  • 13.06.19

    Ежелден халық педагогикасы ұрпақ тәрбиесінің қайнар көзі болып келді және бұл бағытта жас ұрпақтың болашағына берік байлам жасалды. Әсіресе, дарабоз қарттарымыздың даналық ойы, салиқалы сөз саптау үлгісі, өмір белес­терінен  көрген-білгенін, ғибратты әңгімелерін  тәрбие құралына айнал­дырып, одан жақсылыққа ұмтылу, ынтымақ­қа ықылас қою, бауырмалдық қасиетк­е бет бұру секілді тағылымның түрлі ө...

    Толығырақ...
  • 13.06.19

    Бүгінде басы ауырып, балтыры сыздамайтын пенде жоқ. Сырқаттанған адамның алдымен жедел жәрдемнің көмегіне жүгінетіні белгілі. Дәрігердің ауырған жерін тәптіштеп сұраса, көпшіліктің дертінен айыққандай күй кешетіні тағы бар. Алайда «103» қызметкерлерінің әр күні сын сағатқа толы. Көбісі ем-дом жасауға дайын арашашы жандардың сан түрлі жағдай мен оқиғаны бастан кешетінінен бейхабар. Бұған...

    Толығырақ...
  • 13.06.19

    Тоқсаныншы  жылдардығы тоқырау көптің есінде ғой. Жоспарлы экономикадан нарықт­ық экононмикаға бет бұрып, жаңа белесті бағын­дыруға бой түзедік. Бұқара бұған бірден үйрене қойған жоқ. Әркім «балапан басына, тұрымтай тұсына» кетті. Ал отба­сы ошақ қасында болған әйелдер ала  дорбасын асынып, көшеге шықты. Сауда-сат­тықпен айналысты. Ал еркек­ кіндіктің кейбірі көше кезіп кетсе, енді бірі арақ-ша...

    Толығырақ...
  • 13.06.19

    «Бірінші байлық – денсаулық». «Қазалы арнаулы әлеуметтік қызметтер орталығы» мемлекеттік мекемесінің есігінен аттаған бойда осы аталы сөз ойға оралды. Жоқ, басқаша ойлап­ қалмаңыз. Ауладағы самал желмен­ тербелген әсем гүлдер, жайқалған саялы талдар, жеміс ағаштары, сүйкімді иісі танауды қытықтаған балғын жоңышқа, жүйектерді қуалап, сылдырай аққан тіршілік нәрі, баршасы мұнда шаруасына мығым ие...

    Толығырақ...
  • 13.06.19

    Әдетте, футболда көбінесе шабуылшылар­ға аса мән береді. Алайда­ команданың жеңуіне қақпашылардың үлесі зор екенін бірі білсе, бірі білмес. Үздік қақпашы найзағайдай жылдам реакц­иясымен, болаттай төзімді жүйкесімен және де дұрыс позиция таңдай білетін ақылымен командасына сеп­ті­гін тигізеді. Әсіресе, ойын тағдыры шешіле­тін «пенальти» секілді шиеленісті ойын кезін­де­ қақпасын голдан қор­ғап,...

    Толығырақ...
Ел сенген Элизабет
18.04.2019 10:50

...«Мұз айдыны» спорт кешеніндегі көрініске қайран қалуға болады. Журналистер жапа-тармағай қаршадай қызды қоршап алған. Мұз үстіне өрнек салған, мұз үстінде ойнақ салған сырбойылық спортшының сұлу спорт саналатын сүйікті ісі сырғанауды абыроймен аяқтағаны жаңа ғана. Екпіні қатты болған соң ба, ентігіп-ақ тұр. Жүзі мен жанарында жылылық бар, қуанышты екені езуінің еріксіз екі жаққа «ентелегенінен» байқалады.

Жүздеген адам суретке түсу үшін ұзын-сонар кезектің кептелісінде. Қолтаңбасын алып жатқандар қаншама? Он тоғызға ақпанның он төрті күні ғана толған жерлесіміздің жарыстардағы жемісті жеңісіне Сыр жұртшылығы сүйсіне қарауын бір тоқтатқан емес. Сол жерде жүрген   150 спортшының   99 пайызы ел сенген Элизабетке ұқсағысы келетіндей. Ол өзімен дидарласқысы келетіндерге бір сағатын  арнады...

Қызылордадағы «Мұз айдыны» спорт кешенінде мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатының күміс жүлдегері Элизабет Тұрсынбаеваның жүлдесіне арналған «Көктем жұлдыздары» республикалық ашық турнирі өтті. Біз бейнелеген көрініс соның салтанатты ашылуындағы жайт еді.

- Мен өте қуаныштымын! Тіпті, не дерімді де білмеймін. Турнирге мұнша көп спортшы қатысады деп ойламадым. Шынында ризамын! Мені қолдап келгендеріңіз үшін көп рақмет! Бұл маған мотивация береді, - деді чемпион.

Екі күнге созылған жарыстың ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов, «ҚазГерМұнай» БК ЖШС бас директоры Мұрат Мұстафаев және облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Жақсылық Оспанов қатысты.

- Мәнерлеп сырғанау – спорттың ең әдемі түрі. Бұл жерде нәзіктік, ерекше дарын, шеберлік қажет. Біздің елде аталған спорттың дамуына жағдай жасалған. Осы күні 50-ден аса жас өздерін Элизабеттің ізбасарлары санап, мәнерлеп сырғанауға машықтануда. Бүгінгі шараның қатысушыларының көптігі осының айғағы, - деді облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов.

Жарыстың салтанатты ашылуында жергілікті өнерпаздар ән шырқап, мерекелік көңіл күй сыйласа, Элизабет Тұрсынбаева және былтырғы жылғы «Көктем жұлдыздары» республикалық турнирінің жеңімпазы, қызылордалық Темірлан Якияев көрсетілім қойды.

Шара барысында «ҚазГерМұнай» БК ЖШС бас директоры Мұрат Мұстафаев та Элизабет Тұрсынбаеваға жүрекжарды лебізін білдіріп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

- Мұндай сайыстың маңызы зор. Талантты жастарды талаптандырады, биікке қанаттандырады. Элизабет қарындасымызға қолдау толастамақ емес. Оның әлі де алар асуы алда. Ал, бүгінгі сайыстың қатысушыларына сәттілік тілеймін, - деді ол өз сөзінде.

Сайысқа Өзбекстаннан, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды және Қызылорда облыстарынан 8 команда, 150-ге жуық мәнерлеп сырғанаушы қатысты.

«Көктем жұлдыздары» турнирі жыл сайын өткізіледі деп жоспарлануда.

Турнир алдында ғана Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев мәнерлеп сырғанаудан халықаралық дәрежедегі спорт шебері Элизабет Тұрсынбаевамен кездесіп, оны Сайтама қаласында өткен әлем чемпионатындағы жеңісімен құттықтаған болатын.

Естеріңізге сала кетейік, Элизабеттің Әлем чемпионатында көрсеткен өнері әлем үшін елеулі құбылыс болып танылған еді. Тұңғыш рет қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы жеңіс тұғырынан көрініп, күміс медаль жеңіп алды және әлемдік тарихта бірінші рет төрт айналымдық «сальховты» қатесіз орындады.

- Біз мұз айдыны спорт кешенін салдық және бұл кешенге Сыр жастары жаңа спорт түрлерін игеруге қуана-қуана барады. Мен осы орталықта болашақта еліміздің намысын халықаралық ареналарда қорғайтын дарынды спортшылар өседі деп сенемін. Аймағымызда егемен еліміздің атағын әлемге әйгілі ететін мәнерлеп сырғанаушы чемпиондардың тұтас шоғыры болсын! Элизабет, сенің есімің бүкіл әлемге танымал болуына тілектеспін, - деді аймақ басшысы.

Өңірдің спорт саласының дамуына қосқан елеулі үлесі үшін Элизабет Қызылорда облысының «Құрмет грамотасымен» марапатталды және оған 2 млн теңгенің сертификаты табысталды.

Өз кезегінде Элизабеттің ата-анасы облыс әкіміне және Сыр жұртшылығына қыздарына қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты.

- Мен үшін ата-анам мен жаттықтырушыларымның көмегі ерекше рөл атқарды. Әрине, маған көрсеткен Сіздің қолдауыңыз бен жерлестерімнің сенімі өте маңызды. Сіздерге алғыс айтамын, бұл – біздің ортақ жеңісіміз, - деді Элизабет Байтаққызы.

Үсті-үстіне қабаттасқан шаралардың кезектісі мынау болды. Элизабет Тұрсынбаева жергілікті «Қайсар» футбол клубының ойыншыларымен кездесіп, қолдау білдірді. Тарихты түрлендірген мақтанышымызға футболшылар алдағы мансабына сәттілік тілеп, өзінің сүйікті таңбасы көрсетілген жейдені естелікке ұсынды.

Рыскелді   ЖАХМАН

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Сәуір 2019 >
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары