Өзекті мәселелер

  • 19.12.19

    Кешегі даласында абақ­тысы жоқ, бес қаруы белінде жүрсе де жауынан өзгеге қару жұмсамаған заманда елдің бір-біріне өкпесі, кеткен есесі болмады дейсің бе? Болды ғой. Бірақ, сол заманның өзінде қойнындағы қаруға тұра ұмтылмай, әділдікті, ақ пен қараны шешетін әулеттің үлкені не ауылдың ажасы, оған көнбей жатса, елдің қожасына жүгінді емес пе? Дау бұған да бөгет бермеген кезде биге барып соңғы ше...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Ақыл  жетпес

    Адамның ақылы өлшеусіз мол. Алайда сол ұлан-ғайыр, шексіз ақылыңның кейде кішкентай, уақ-түйек мәсе­лелерді шеше алмай, тұйыққа тіреліп, жол таба алмай, адасып­  жүретініміз  қалай?!

    ...
    Толығырақ...
  • 19.12.19

    «Кувад синдромы» туралы бұрын-соңды естіп пе едіңіз? Мүлдем естімеген болуыңыз да мүмкін. Бұл – ер адамның жүкті әйел секілді күй кешуі. Мұндай да болады. «Кувад» сөзі француздың «couver» деген етістігінен шыққан, яғни қазақшалағанда «жұмыртқа басу» дегенді білдіреді. Бұл синдром екіқабат әйелдің күйеуінде жүктіліктің үшінші айында басталып, сәби дүниеге келгенге дейін жалғасуы ықтимал....

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Шырылдаған бала дауысынан селк ете қалған олар өздері секілді тағы бір күнә­сіз­дің жетім қалғанын сезді. Сәбиді түннің бір уағында тауып­ алған тәрбиеші дереу төсекке жатқызып, жұбата бас­тады. Әбден жылай-жылай көзінен жасы сарқылған баланың демі бітіп, әрең тыныс алады. Көздері жәудіреген бір топ баланың естісі аузындағы емізікті жұлып алып, апайына ұстатты. Жанаршылықпен қараған оның ересек...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Поэзия

     

    Ботадай боздап аспан жылайды,

    Алдайды бәрін түлкі үміт.

    Жапырақтардан жас тамшылайды,

    Жапырақ жүрек бұлқынып. ...

    Толығырақ...
ТҮРКИЯДАҒЫ ТҮРКІ ОЙЫНДАРЫ
25.04.2019 10:20

2019 жылдың 25 сәуірі мен 4 мамыры аралығында Түр­кияның Анталия қаласында тоғыз­құмалақтан V әлем чемпионаты және түрік мангаласы ойынынан І әлем чемпиона­тының жалауы көтерілмек. 25 елден келген 100-ге жуық спортшы ой жарысының тартысына түспек. Бүкіл Еуропа, Азия, Америка және Африка халықтарының ішінде тоғыз­құмалақ ойынынан әлем чемпионатын өткізу тек түркі халық­тарына нәсіп болыпты. Бұл  чемпионаттың  ерекшелігі неде? Несімен  құнды? Тарих­қа шегінсек...

2008 жылдың маусым айында Орал қаласындағы Қазақстан Республикасының Пре­зиденті жүлдесіне арналған халық­аралық жарыста 9 елден келген делегаттар Дүниежүзілік Тоғызқұмалақ Федерациясын құрып, оның төрағалығына Әлихан Мұхамедияұлы Бәйменовты сайлады. Штаб-пәтер Астана қаласында орналасып, бұл ұйымның көмегімен Азия, Еуропа және Әлем чемпионаттарын өткізу ісі қолға алынды. Әлемнің көптеген елдерінде халықаралық жарыстар ай сайын­ ұйымдастырыла бастады. Қазақстан мен Қырғызстаннан ұзап шықпаған қазақтың қара баласы түсіне кір­меген елдерге сапарға шыға баста­ды. Алдымен Англиядан баста­п, одан кейін оның қатары­на Венгрия, Германия, Макед­ония, Чехия, Швей­цария, Франция секілді елдер қосылды.  Алтайдан Анадолыға дейін, Анадолыдан Антигуа­ және Барбудаға дейінгі жерлер көшпенділер­дің ойлау мәдениетімен  ты­ныс­тай  бастады.

2010 жылы Астанада І әлем чемпионаты өткенде шетел­діктер түгілі, қандастарымыздың өзі сенбеді. 4 құрлықтан, 16 елден келген спортшылар 1 апта бойы тоғызқұмалақ бәсекесіне түсті. Қазақстан спортшыларының бағы жанып, алғашқ­ы әлем чемпиондары өз елімізден шықты. Тіпті, бүкіл жүлдегерлер тізімінде басқа елдің өкілі табылмады.

2012 жылы Чехияда өткен әлем чемпионатында қырғыз спортшылары жүлделі орыннан көрінсе, 2015 жылы Алматыда өткен әлем чемпионатында Германия спортшылары жүлделі орынға ие болды.

2017 жылы ЭКСПО қарсаңында Астанада өткізілген әлем чемпионатына 25 елден 70-ке жуық спортшы қатысты. Бұл чемпионатта тұңғыш рет қырғыз спортшысы Қуанышбек Ибрагимов әлем чемпионы атанды. Қазақстан спортшылары классика, рапид және блиц түрлері бойынша 5 алтын медаль еншілесе, айырқалпақты  ағайындар блицтен 1 алтын алып, қалпақты аспанға атты. Осы жылы қатысқан елдердің географиясы тағы да кеңейді. Алғашқы 3 әлем чемпиона­ты­на қатысқан Англия, Антигуа және  Барбуда, Ауғанстан, Әзербайжан, Германия, Грузия, Колумбия, Қазақстан, Қыр­ғызстан, Қытай, Моңғолия, Өзбекстан, Ресей, Сирия, АҚШ, Тәжікстан, Түркия, Түр­кіменстан, Үндістан, Чехия, Швейцариядан басқа, алғаш рет  Австрия, Камерун, Поль­ша және Украина спортшы­лары да қатысты. Осы чемпионатта медал­ь  алған  елдер  саны Моңғ­олиямен  толықты.

2019 жылғы чемпионат Анадо­лы жерінде 25 сәуір мен 4 мамыр аралығында V рет өткізілмек. Бұл чемпионатқа 25-тен астам елдің 100-ге жуық спортшысы қатысады. Әр құраманың сапында тоғызқұмалақтың классика және блиц түрі бойынша 2 ер, 2 әйел қатысуы тиіс. Рапид түрі бойынша қатысуға жарнасын төлеген спортшылар үшін шектеу жоқ. Тұң­ғыш рет чемпионатқа Латвия, Венгрия, Пәкістан, Румыния және Эфиопия елдері қатыспақ. Бұл жарысқа 40-қа жуық елдің спортшылары қатысуға ниет білдіргенімен, жол шығындары мен виза ерекшеліктеріне  байланысты  біраз елдер­ келе  алмайтын  болды.

Әлем чемпионаты қазақ және түрік халқының бауыр­ластық символы ретінде тоғыз­құмалақ пен мангала ойынынан өткізіледі. Іс-шараның ұйымдастырушылары ретінде Дүниежүзілік Тоғызқұмалақ Федерациясы мен Түркия Мангала Федерациясы толымды істер атқаруда. Егер Әлихан Бәйменовты Қазақстан мен шетелдегі тоғызқұмалақ белсенділері Зияткер тұлға және ақыл-ой ойындарының көш­басшысы ретінде толығымен мойындаса, Түркия Мангала Федерациясының төрағасы Рауф Өзгенге бұл чемпионат үлкен сынақ болмақ. Жарыстың бас демеушісі – Нұр-Сұл­тан қаласындағы THE ONE HOTEL қонақүйі. Мақсат Раманқ­ұлов басқаратын бұл қонақүй 2017 жылғы Әлем чемпионатын өткізуге де көп үлес қосқан болатын.

Тоғызқұмалақ пен мангаланың болашағы жарқын. Алтайдан Анадолыға дейін, Анадолыдан Америкаға дейінгі аралықта түркі халықтарының данал­ық мұрасы насихатталып, қайталанбас таңғажайып қырларымен, эстетикасымен төрт­күл дүниені таңғалдыра бермек.

«Тарихы  терең – тұнық  мұратың,

Бүтін  ғаламнан  сыр ұқтыратын!

Тоғызқұмалақ – бегзада өнер,

Ақыл-ойыңды шынықтыратын!» - деп ақын Асқар Дүй­сенбі жырлағандай, бұл өнер­дің адамзатқа берер пайдасы  шексіз.

Мақсат  ШОТАЕВ,

Дүниежүзілік  тоғызқұмалақ

федерациясының бас хатшысы

 

Түркияның Анталия қаласында дәл бүгін жалауын желбірететін Әлем чемпионатына Сыр елінің де спортшылары қатысады. Ерлер арасында тоғызқұмалақтың блиц (шапшаң) түрінен әлемнің үш дүркін  чемпионы (классика) Хәкімжан Елеусінов қатысса, Бексұлтан­ Бостандық­ов, Рауан Ибраев рапид (белсенді) түрінен бақ сынамақ. Сондай-ақ, әйелдер арасында ел намысын сырбойылық Ақерке Кенжебек­ова, Қызжібек Әбілдә мен Ұлдана Махамбетаминдер (рапид)  қорғамақ. Ұлттық құраманың  барлық  спортшыларына  Анталия­дағы   аламанда­  жеңіс  тілейміз!

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Сәуір 2019 >
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 26 27 28
29 30          

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары