Өзекті мәселелер

  • 19.12.19

    Кешегі даласында абақ­тысы жоқ, бес қаруы белінде жүрсе де жауынан өзгеге қару жұмсамаған заманда елдің бір-біріне өкпесі, кеткен есесі болмады дейсің бе? Болды ғой. Бірақ, сол заманның өзінде қойнындағы қаруға тұра ұмтылмай, әділдікті, ақ пен қараны шешетін әулеттің үлкені не ауылдың ажасы, оған көнбей жатса, елдің қожасына жүгінді емес пе? Дау бұған да бөгет бермеген кезде биге барып соңғы ше...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Ақыл  жетпес

    Адамның ақылы өлшеусіз мол. Алайда сол ұлан-ғайыр, шексіз ақылыңның кейде кішкентай, уақ-түйек мәсе­лелерді шеше алмай, тұйыққа тіреліп, жол таба алмай, адасып­  жүретініміз  қалай?!

    ...
    Толығырақ...
  • 19.12.19

    «Кувад синдромы» туралы бұрын-соңды естіп пе едіңіз? Мүлдем естімеген болуыңыз да мүмкін. Бұл – ер адамның жүкті әйел секілді күй кешуі. Мұндай да болады. «Кувад» сөзі француздың «couver» деген етістігінен шыққан, яғни қазақшалағанда «жұмыртқа басу» дегенді білдіреді. Бұл синдром екіқабат әйелдің күйеуінде жүктіліктің үшінші айында басталып, сәби дүниеге келгенге дейін жалғасуы ықтимал....

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Шырылдаған бала дауысынан селк ете қалған олар өздері секілді тағы бір күнә­сіз­дің жетім қалғанын сезді. Сәбиді түннің бір уағында тауып­ алған тәрбиеші дереу төсекке жатқызып, жұбата бас­тады. Әбден жылай-жылай көзінен жасы сарқылған баланың демі бітіп, әрең тыныс алады. Көздері жәудіреген бір топ баланың естісі аузындағы емізікті жұлып алып, апайына ұстатты. Жанаршылықпен қараған оның ересек...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Поэзия

     

    Ботадай боздап аспан жылайды,

    Алдайды бәрін түлкі үміт.

    Жапырақтардан жас тамшылайды,

    Жапырақ жүрек бұлқынып. ...

    Толығырақ...
Кәсіпкерлердің құқығын қорғау кеңесінде учаскелік полицейдің мәселесі қаралды
29.04.2019 12:00

Қызылордада Кәсіпкерлер палатасының алаңында өткен Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Кеңестің кезекті отырысында Қармақшы ауданы, ІІІ Интернационал ауылының учаскелік полицейі Қайрат Байменовтің әрекетіне қатысты ұжымдық арыз қаралды.

ІІІ Интернационал ауылының тұрғындары мен «Достық-Жер МК» ЖШС басшысының арызы Кәсіпкерлер палатасына 22 сәуірде түскен болатын.

Кеңес отырысында кәсіпкер Миляр Арифов учаскелік полицей Қайрат Байменовтің ауыл тұрғындарының, оның ішінде кәсіпкерлердің қызметін жеке мақсатта пайдаланатындығын жеткізді.

Кәсіпкердің айтуынша, учаскелік полицей Қармақшы ауданы, Шошқакөл ауылында тұратын анасының үйіне шөп апарып беруді, апармаған жағдайда серіктестіктің техникаларының жүруіне тыйым салынатын айтқан. Кәсіпкер 8 рейс престелген шөп түсіріп берген.

Қайрат Байменов кәсіпкерден одан бөлек сабан шөп жеткізіп беруді талап еткен. Кәсіпкер аталған қызмет көрсетуден бас тартқанда учаскелік полицей кәсіпкердің қызметіне заңсыз араласып, техникаларын тоқтатып, жұмысына кедергі келтірген. Мұны кеңес отырысына қатысқан ІІІ Интернационал ауылының ардагерлер кеңесінің төрағасы Сайлау Мұхтаров та айтты.

«Науқанның кезінде техникаларды тоқтатып қойғандығын айтып Миляр Арифов хабарласты. Мен сол жерге барып, өтініш айтқаннан кейін учаскелік полицей техникаларды әрең дегенде жүргізді. Бұлай болмайды ғой», - дейді ақсақал Сайлау Мұхтаров.

Кеңес мүшелері отырыста: «Құқық қорғау қызметінің басты міндеті адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделерiнiң сақталуы мен қорғалуын қамтамасыз ету болып табылады. Қолдау көрсетудің орнына мұндай қадам жасауын қалай түсінуге болады?», - десті.

Отырыста қозғалған мәселеге қатысты облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Алтынбек Ахметов: «ІІІ Интернационал ауылы тұрғындары мен кәсіпкерлерден түскен ұжымдық арызға сәйкес учаскелік полицей Қайрат Байменовтің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Қазір Департаменттегі Өзіндік қауіпсіздік басқармасымен тексеру амалдары жүргізілуде. Нәтижесі бойынша тиісті шара қабылданатын болады», - деді.

Кеңес отырысының қорытындысымен аталмыш мәселені облыстық полиция департаментіне учаскелік полицей Қайрат Байменовке қатысты жүргізіліп жатқан тергеу амалдары мен нәтижесі бойынша қабылданған процессуалдық шешімді Кәсіпкерлер палатасына жолдау ұсынылды. Отырысқа қатысқан облыстық прокуратура өкілі де прокуратура тарапынан бұл мәселе бақылауға алынатындығын жеткізді.

Қызылорда облысы

кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Сәуір 2019 >
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
30          

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары