Өзекті мәселелер

  • 23.05.19

    Ерсіннің жұмыссыз жүргеніне  біраз уақыт болды. Қырықтың қыр­қасына шыққан жігіттің  қызметінен кеткеніне үш жыл. Сонан бері үш балан­ың тамағы, киім-кешегі, жұмыссыз күйеудің бабын табу Алуаға оңай емес. Мектепте жұмыс ауыр. Күні бойы тыным көрмейді. Ерінің үйде бос жатысы мұғалім келіншектің жүйкесіне  тиеді.

    - Тым болмаса есік алдынағы бау-бақшаға қара. Малға жем-шөп беріп, өріске шы...

    Толығырақ...
  • 23.05.19

    Ағылшын әдебиеті тарихында роман жанрының негізін қалаушылардың бірі, тұңғыш романист жазушы, публицист, көрнекті прозаик Даниэль Дефоның «Робинзон Крузо» атты атақты шығармасын бес жастағы баладан бастап, белі бүгілген қартқа дейін білетіні анық. Тіпті, автордың атынан гөрі Робинзон Крузоның есімі әлемге әйгілі болған көркем образ екендігі де даусыз. Бұл – әрине, автордың ...

    Толығырақ...
  • 23.05.19

    Қазақ елі діни татулықт­ың үлгісі екені жаһанға мәлім. Бірлігінің бекемдігі де көп ұлттың басын біріктіріп тұрған шаңыр­ағының тыныштығынан көрі­ніп тұр. Елбасының сарабдал саясаты мен мемлекет үшін құндылығы  жоғары, саяси маңызы зор стратегияларының нәтижесінде біз осындай мәртебеге иеміз.

    ...
    Толығырақ...
  • 23.05.19

    Несібелі   МУСЛИМОВА:

    Тағдыр – жазмыш. Жазмышты жолынан жаңылдырып, пешенесін­  өзі  жазған пенде жоқ. Бір сәт күліп отырып көңіл босату,­ жылап отырып  жігерлі  кейіпке ену, шарасыздықтан  шаршап  немесе­ амалдың   жоқтығынан  жанар­ын  солдыру – бір  тағдыр иесіне­  ауырлық­. Сынақ  өзінің жеңім­пазын  таңдайды. Және сол жолда­ күресу үшін  кейіпкеріне  күш-жігер ...

    Толығырақ...
  • 23.05.19

    (Соңы. Басы газеттің 14 наурыздағы  №10, 18 сәуірдегі №15 сандарында)

    Менде тек ғана жұмыс тауып, жан бағатын тіршілік жасаудан басқа жол қалмады. Ал бала ше? Уақытша балалар үйіне өткізсем бе деген ой келді. Бірақ мен қайтып аламын дегенше, біреу асырап алса қайтемін деген күдік тағы бар. Осындай ой шырмауында жүргенімде ұялы телефон...

    Толығырақ...
БАҚПАСАҢ, МАЛ КЕТЕДІ...
02.05.2019 11:45

«Мал-жан аман ба?» деп, қорадағысын қоса сұрайтын қазақтың жануарға келгенде жағдайы мәз болмай тұр. Айдың, күннің аманында малынан айырылып қалатын ағайынның қарасы көбейді. Ауыл-аймақтың төрт түлігі барымташылардың оңай олжасына айналды. Қолда бар деректерге сенсек, биылғы алғашқы тоқсанда 121 мал ұрлау фактісі тіркелген. Оның 28-інің дерегі ғана белгілі. Қалғаны қайда кетті, кімнің қарынын тоқ қылды, кім жоқ қылды, белгісіз. Белгілісі, төрт түлікпен селбесіп өмір сүретін ағайынның айтар шағымының артқандығы ғана.

Сонымен, бұл әккі ұрылардың әрекеті қашан тыйылады?

Қазіргі барымташы да осал емес. Қарауылдан қорықпайды. Иттен именбейді.­ Басқан ізін білдірмейді. Өкініш­тісі, мал ұрлығынан алдыңғы қатардан орын алып отырған Шиелі, Жаңақор­ған, Қазалы аудандары болып отыр.

Редакциямызға қазалылық азамат хабарласты. Бір үйір жылқысы жоқ. Өрістен ұрлап кетіпті. Ақ адал малын іздеп  бармаған жері жоқ. Сонау  Шығыс­ Қазақстанға дейін сапар шеккен­. Алғашқы­да әртүрлі хабар болғас­ын табылар деген үміті болды.  Кейін үйір жылқының ізі сиырқұйымшақтанып кетті. Әлі күнге дерегін таппай­, сенделіп жүр. Ал Жаңақорған  ауданы  полиция бөлімінде   мал ұрлы­ғыны­ң 18 дерегі тіркелген. Өткен жыл­мен­  салыстырғанда  ауданда  мал ұрлы­ғы  5,9 пайызға  өскен.

- Ұрланған  малдардың 15 дерегі  өрісте жоғалған. Қалғаны  қорадан қолды болған. Жыл басынан бері  аудан әкімдігі мен ауылдық округ әкімдеріне  елді мекенде  бақташы ұйымдастыру туралы  аудандық полиция  бөлімімен ұсыныстар  жолданды.  Нәтижесінде    11 елді мекенде  ірі қара малды  падамен­ бағу жолға қойылды.  Қалған ауылдар­ да осы  бастаманы тиімді ұйымдастыра білуі керек,-дейді аудандық полиция  бөлімі  бастығының  орынбасары, полиция  майо­ры­  Айбол  Жолдасбаев.

Бұл бір ғана дерек. Облыстық прокуратураның мәлімдеуінше, өткен жылы 167  қылмыстың 112-сі ашылған.  Қалған 55  іс  күдіктілер мен жәбір­лену­шілердің  татуласуына байланысты тоқтатылған. Қылмыстық  істердің сотта­  қаралу нәтижесімен  2018 жылы 28 адам, 2017 жылы 23 адам бас бостан­дығынан  айырылған. Бұл дегеніңіз – мал ұрлығының ел арасында тым көбейіп, өршіп кеткендігінің көрінісі.

Мәселенің екінші ұшы да бар. Маман­дар мұндай  келеңсіздіктің салдары­  тұрғындардың салғырттығы дейді. Көпшілік   кешкі уақытта малын қараусыз қалдырады.  Далалық жерге бақташысыз жібереді. Жоғалған соң өздері іздейді. Таппаған соң ішкі істер қызметкерлерінің  көмегіне жүгінеді. Міне, осындай салғырттық ұрлықты өршітіп тұр. Қылмыстың дер кезінде ашылуына кедергі. Осы орайда, құқық қорғау органдары  тұрғындарды  төрт түлігіне  абай  болуға шақырады.  Мал­ды­ тұрғылықты мекенжайы бар, келісімш­арт  негізінде  сенімді азамат­қа  баққызуға  кеңес  береді.

Мал иелері әуелі барымташыларды өздері іздеп, уақыттарын жоғалтады және көп ретте малды қай уақытта өріс­ке шығарғанын, қай күні жоғал­ғанын нақты айта алмайды. Салдарынан поли­цейлер дерекқоры толық болмаға­ндықтан және уақыт жоғалт­қан­дықтан ұрыларды дер кезінде ұстай алмай­ды, - дейді  Қызылорда облыстық  прокуратурасы  қылмыстық қуда­лау­  басқар­ма­сының  прокуроры Серік Жетпісбаев.­

Сақтықта қорлық жоқ. Жергілікті полиция қызметі жүйелі түрде өңірдегі ет өнімдерін сату орындарында, яғни базар, дүкендерде мал ұрлығымен айналыс­атын адамдарды анықтауға бағытта­лған жедел-іздестіру шараларын жүргізіп келеді.

Қалай десек те, «дайын асқа тік қасық» болғысы келетіндер мен оңай олжаны жақсы көретіндердің, ұр­лықпен тірлік ететіндердің адымы алысқа­  бара  қоймас. «Ұрлықтың түбі – қорлық»  екенін  естен шығармаған­дары  абзал.

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Мамыр 2019 >
    1 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары