Өзекті мәселелер

  • 23.05.19

    Ерсіннің жұмыссыз жүргеніне  біраз уақыт болды. Қырықтың қыр­қасына шыққан жігіттің  қызметінен кеткеніне үш жыл. Сонан бері үш балан­ың тамағы, киім-кешегі, жұмыссыз күйеудің бабын табу Алуаға оңай емес. Мектепте жұмыс ауыр. Күні бойы тыным көрмейді. Ерінің үйде бос жатысы мұғалім келіншектің жүйкесіне  тиеді.

    - Тым болмаса есік алдынағы бау-бақшаға қара. Малға жем-шөп беріп, өріске шы...

    Толығырақ...
  • 23.05.19

    Ағылшын әдебиеті тарихында роман жанрының негізін қалаушылардың бірі, тұңғыш романист жазушы, публицист, көрнекті прозаик Даниэль Дефоның «Робинзон Крузо» атты атақты шығармасын бес жастағы баладан бастап, белі бүгілген қартқа дейін білетіні анық. Тіпті, автордың атынан гөрі Робинзон Крузоның есімі әлемге әйгілі болған көркем образ екендігі де даусыз. Бұл – әрине, автордың ...

    Толығырақ...
  • 23.05.19

    Қазақ елі діни татулықт­ың үлгісі екені жаһанға мәлім. Бірлігінің бекемдігі де көп ұлттың басын біріктіріп тұрған шаңыр­ағының тыныштығынан көрі­ніп тұр. Елбасының сарабдал саясаты мен мемлекет үшін құндылығы  жоғары, саяси маңызы зор стратегияларының нәтижесінде біз осындай мәртебеге иеміз.

    ...
    Толығырақ...
  • 23.05.19

    Несібелі   МУСЛИМОВА:

    Тағдыр – жазмыш. Жазмышты жолынан жаңылдырып, пешенесін­  өзі  жазған пенде жоқ. Бір сәт күліп отырып көңіл босату,­ жылап отырып  жігерлі  кейіпке ену, шарасыздықтан  шаршап  немесе­ амалдың   жоқтығынан  жанар­ын  солдыру – бір  тағдыр иесіне­  ауырлық­. Сынақ  өзінің жеңім­пазын  таңдайды. Және сол жолда­ күресу үшін  кейіпкеріне  күш-жігер ...

    Толығырақ...
  • 23.05.19

    (Соңы. Басы газеттің 14 наурыздағы  №10, 18 сәуірдегі №15 сандарында)

    Менде тек ғана жұмыс тауып, жан бағатын тіршілік жасаудан басқа жол қалмады. Ал бала ше? Уақытша балалар үйіне өткізсем бе деген ой келді. Бірақ мен қайтып аламын дегенше, біреу асырап алса қайтемін деген күдік тағы бар. Осындай ой шырмауында жүргенімде ұялы телефон...

    Толығырақ...
БИЛЕР КЕҢЕСІ БАБАЛАР ДӘСТҮРІН ЖАҢҒЫРТТЫ
09.05.2019 14:20

Іс-шараға облыстық соттың төрағасы, алқа төрағалары, судьялар, отставкадағы судьялар, облыстық, қалалық мәслихат хатшылары, облыстық, қалалық прокуратура, Қызылорда ОПД, қалалық ПБ-ның қызметкерлері, облыстық ішкі саясат басқар­масы, «Nur Otan» партиясының, ҚХА-ның Қызылорда облысы бойынша хатшылығының, «Қоғамдық келісім» КММ-нің,  «Рухан­и жаңғыру» орталығының өкілдері, ардагерлер қо­ғамдық кеңесінің төрағасы, мемлекет­тік мекемелердің басшылары, жоғарғы және арнаулы оқу орындарының ұстаздары, медиа­торлар мен  БАҚ өкіл­дері  қатысты.

Шара барысында Қызылорда облысын­да құрылған Билер кеңесінің мақсат-міндеттері мен кеңестің құрамы  таныстырылды.

Дөңгелек үстел жиынын облыстық сот төрағасы Қамбар Нұрышев жүр­гізіп отырды. Сот төрағасы өз сөзінде: «Билер кеңесінің  қызметі қоғамдағы жанжалдың азаюына септігін тигізіп, азаматтар арасындағы дауларды сотқа дейінгі тергеп-тексерусіз шеше алады. Көшпелі  қазақ  қоғамының билер соты  тарих  қой­науында қалса да, оның беделі­ мен мәртебесі бүгінгі күнге дейін жалғасын тауып отыр. Билер­ соты ұрпақ жадында тәуелсіз, кәсіби және дана сот ретін­де сақталып, қазақ халқының тарихына терең із қалдырған. Өңірде беделді әрі сауат­ты  ардагерлер, өмірлік тәжі­рибесі бар, дауларды шешетін және тарапт­арды сотқа жеткізбей-ақ тату­ластыратын шешендер  бар», - деді.

Шара  барысында  облыстық соттың судьясы Нұрлыбек Қосанов, облысты­қ мәслихаттың хатшысы Наурызба­й  Байқадамов,  отставкадағы судья Молда­бек Ахметов, об­лыстық билер кеңе­сінің төрағасы, отставка­дағы судья­  Зейнолла Нұр­сейтов сөз сөйле­ді. Олар Билер кеңесі­нің атқаратын қызметі мен рөлін, билер соты төре­лігінің  құндылығын  айтып  өтті.

Отставкадағы судья М.Ахметов билер­ соты төрелігінің бітімгершілікке келтіру тәжірибелері мен қазіргі заманда­ғы медиация институтын салыстырды.­

- Біз өткенді өшірмей, ұлттық құн­дылықтарымызды жаңғыртып, салт-дәстүр, әдет-ғұрпымызды естен шығармауымыз керек. Билер кеңесінің негізгі бағыты – сотқа дейін дауларды шешу. Істі ары қарай ушықтырмай, табалдырық тоздырып жүрген адамдардың талап-тілегін қанағаттандыру. Даналық сөздермен олардың татуласып, бітімге келуіне мүмкіндік жасау. Кеңес ісіне сәттілік тілеймін, - деді отставка­дағы судья М.Меңлібайұлы.

Ал, судья Н.Қосанов татуластыру рәсімдерін дамытудың артықшы­лықтары туралы айта келе, негізгі мақса­т – сотта қаралатын дауларды, шиеленісті жағдайларды азайту, қоғамда­  адамдардың  бір-біріне деген сыйластық, өзара  келісім мәдениетін арттыру  екенін  жеткізді.

Іс-шараны қорытындылай келе, Қ.Нұрышев Қызылорда облысында құрылған Билер кеңесінің ережесі, негізі мақсат-міндеттері және кеңес құрамымен таныстырды. «Қызылорда облысының Билер кеңесі дауларды соттан тыс реттеу, қоғамдағы тұрақ­тылықты сақтау, дауларды бейбіт жолмен­ шешу жөніндегі ата-баба­мыз­дың дағдыларын жаңарту арқылы қоғамдық сананы жаңғырту  мақсатында  құрылды», - деді.

Билер кеңесін отставкадағы судья Зейнулла Нұрсейтов бас­қаратын болады. Жалпы, кеңес­тің құрамы – жеті адам,  олардың қатарында қалалық ардагерлер кеңесінің мүшесі, зиялы қауым мен отставкадағы судьялар және облыстық әділет, қаржы, атқарушылық органдарының ардагерлері, қоғам қайраткерлері бар.

Шара соңында қатысушылар Кеңес­тің қызметін реттейтін Ережеге қатысты пікірлерін білдіріп, билердің жұмысына бірқатар ұсыныстар мен кеңестерін  енгізді.

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Мамыр 2019 >
    1 2 3 4 5
6 7 8 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары