Өзекті мәселелер

  • 15.08.19

    Қала әкімдігінде шаһар басшысы Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен аппарат отырысы өтті. Бұған дейін мәжіліс залында ине шаншар орын болмайтын. Бұл жолы орын бос болды. Шамасы, ақжағалылар тамылжыған тамызда тынығуды жөн санаса керек. Жә, бастысы, ол емес.
    Аппарат мәжілісінде екі мәселе таразыға тартылды.

    ...
    Толығырақ...
  • 15.08.19

    Өткен аптада Жаңақорған ауданы, Жайылма ауылдық округінде қарбыз шырынын шығаратын цех алғашқы өнімін сынақтан өткізді. «Енді Жайылмада қарбыз кластері дамиды» дейді білетіндер. Лайым солай болғай! Естеріңізге салайық, осыдан тура 6 ай бұрын өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте сүйінші жаңалықты Жаңақорған ауданының әкімі  Ғалым Әміреев бірінші болып жеткізген-ді. Сол кезд...

    Толығырақ...
  • 15.08.19

    Жасыратыны жоқ, қоғамда мүмкіндігі шектеулі жандардың көп нәрсеге мүмкіндігі жоқ деген қате пікір әлі де бар. Алайда әр пенденің бұйыратын өз несібесі бар. Біреудің қолынан келмеген іс екінші адамның қолынан тууы мүмкін. Сол секілді айналадағы мүмкіндігі шектеулі азаматтардың еңбекпен жетіп жатқан жұмыстарына қолдау көрсетіп, шынайы баға беруді міндет санағанымыз жөн. Сондай өмірге құштар, ...

    Толығырақ...
  • 15.08.19

    Кәсіпкерлік дамыса, еліміз де өркениетке өрлейді. Жұмыссыздық азаяды. Нарық халыққа қажеттіні қамтиды. Шағын және орта бизнесті дамыту мақсатында қабылданған мемлекеттік бағдарламалар кәсіпкерлерге қолдауды арттырды. Іскерлік мүмкіндігін молайтты. Солардың қатарында сырдариялық тұрғындар да мемлекеттік бағдарламаның игілігін көруде. Мұны облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасы  мен ...

    Толығырақ...
  • 15.08.19

    Сәрсенбінің сәтті күнінде өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Олжас Әкімовтың қатысуымен брифинг өтті. Бір ерекшелігі, Олжас Азатұлы қашанда өзімен бірге спорттың әр түрінде жеңімпаз атанып, ел намысын қорғап жүрген қызылордалық өрендерді баспасөз мәслихатына  ертіп әкеліп, БАҚ өкілдерімен бетпе-бет жүздестіреді, кері байланыс орна...

    Толығырақ...
ЕРЛІК ЕШҚАШАН ҰМЫТЫЛМАЙДЫ
09.05.2019 14:25

Жиырмасыншы ғасырдың 1941-1945 жылдар аралығында адамзат баласына аса қайғы мен қасірет әкелген сол алапат соғыстың залалы мен зардабы, жан жарасы мен тән жарас­ы әлі жазылған жоқ. Жарты әлемге ойран салған сұм соғыс ұмытылмақ емес. Екін­ші дүниежүзілік соғыста тар жолмен тайғақ кешіп, өмір мен өлім­нің арасында Отан үшін от кешкен аяулы батыр ағаларымыздың қаншасы қан майданда ажал құшып, елге оралмады десеңші.

Сол соғыстан елге аман-есен оралған ержүрек батыр ағала­рымыздың қатары да бүгінде сиреп барады. Иә, олар қандай да болмасын, сый құрметке лайық. Міне, биыл  Жеңіс­ке 74 жыл толды­. Қанша уақыт өтсе де, ерлердің есімі ел есінде мәңгі сақталмақ.­

Кезінде Қызылорда облыстық ішкі істер басқар­масына ҰОС-нан жеңіспен оралған жігерлі жас жігіттер халқымыздың тыныштығы мен құқығын қорғау үшін қызметке  орналасқан еді. Сол ардақты ағалар ішкі істер органында ұзақ жылдар бойы адал қызмет  атқарып, абыроймен зейнеткерлік демалысқа шықты. Олар елдің ерекше құрметіне бөленді. Өкінішке қарай, көбі өмірден  озды.

Жеңістің 74 жылдық мерекесіне орай Қы­зыл­орда облыстық Полиция департаменті­нің бастығы, полиция полковнигі Арыстан­ғани Заппаров пен департамент бастығының оры­нбасары, полиция полковнигі Пазылбек Нәлібаев  және Арда­гер­лер кеңесі­нің төрағасы Серікбол Тұң­ғышбай  Сырдария ауданы Тереңөзек кен­тінде тұратын ҰОС-ның ардагері, ҚР ІІМ-нің Құрметті ардагері, полковник Махамбет Бер­жанов ағамыздың отбасынд­а арнайы болып, ақсақалды мере­кемен құттықтады. Де­пар­тамент  басшылары  абыз  ағаға  зор  денсаулық  тілеп, сақшылардың сардары бол­ған оған сала тара­пы­нан сый-сияпат көрсетіп, Құрмет  грамотасын табыстады. Өз кезегін­де абыз ақсақал азаматтарға ақ батасы­н беріп, зор  ризашылығын білдірді.

Сонымен қатар, сала басшылары 2003 жылы қызмет кезінде қылмыскердің қолынан қаза тапқан осы ауданның тумасы Талғат Қо­зыбаевтың да отбасында болып, жағдайымен танысты. 7 мамыр – Отан  қорғаушылар  күні және Жеңіс күнімен құттықтап, отбасы мүшелеріне аман-саулық тіледі, сый-құрмет көрсетті. Талғаттың  ата-анасы Есентай аға мен Шынар апай сала басшыларына шын ықыласпен алғыс айтты.

Сондай-ақ, Жеңіс күні қарсаңында департамент басшыларының қолдауымен Ардагерлер кеңесі қызмет бабында қаза тапқан кісілердің жесірлері, тыл ардагерлері мен мүгедек жандардың отбасында болып, материалдық жағынан көмек көрсетті. Жасы  90-нан асқан ақсақал ағаларымыз П.Байтоқаев, Ш.Оразымбетов, Қ.Абшакиров, Ж.Шалғынбаев ұдайы ардагерлер кеңесі мен сала басшыларының назарында болып келеді. Осы ардақты ағаларымыз да ұлы мереке­де назардан тыс қалған жоқ. Мұндай іс-шаралар сала басшыларының қолдауымен жылда өткізіліп келеді.

Қазыбек ӘШІРБЕКҰЛЫ,

ҚР  ІІМ-нің  Еңбек  және  Құрметті  ардагері

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Мамыр 2019 >
    1 2 3 4 5
6 7 8 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары