Өзекті мәселелер

  • 13.06.19

    Ежелден халық педагогикасы ұрпақ тәрбиесінің қайнар көзі болып келді және бұл бағытта жас ұрпақтың болашағына берік байлам жасалды. Әсіресе, дарабоз қарттарымыздың даналық ойы, салиқалы сөз саптау үлгісі, өмір белес­терінен  көрген-білгенін, ғибратты әңгімелерін  тәрбие құралына айнал­дырып, одан жақсылыққа ұмтылу, ынтымақ­қа ықылас қою, бауырмалдық қасиетк­е бет бұру секілді тағылымның түрлі ө...

    Толығырақ...
  • 13.06.19

    Бүгінде басы ауырып, балтыры сыздамайтын пенде жоқ. Сырқаттанған адамның алдымен жедел жәрдемнің көмегіне жүгінетіні белгілі. Дәрігердің ауырған жерін тәптіштеп сұраса, көпшіліктің дертінен айыққандай күй кешетіні тағы бар. Алайда «103» қызметкерлерінің әр күні сын сағатқа толы. Көбісі ем-дом жасауға дайын арашашы жандардың сан түрлі жағдай мен оқиғаны бастан кешетінінен бейхабар. Бұған...

    Толығырақ...
  • 13.06.19

    Тоқсаныншы  жылдардығы тоқырау көптің есінде ғой. Жоспарлы экономикадан нарықт­ық экононмикаға бет бұрып, жаңа белесті бағын­дыруға бой түзедік. Бұқара бұған бірден үйрене қойған жоқ. Әркім «балапан басына, тұрымтай тұсына» кетті. Ал отба­сы ошақ қасында болған әйелдер ала  дорбасын асынып, көшеге шықты. Сауда-сат­тықпен айналысты. Ал еркек­ кіндіктің кейбірі көше кезіп кетсе, енді бірі арақ-ша...

    Толығырақ...
  • 13.06.19

    «Бірінші байлық – денсаулық». «Қазалы арнаулы әлеуметтік қызметтер орталығы» мемлекеттік мекемесінің есігінен аттаған бойда осы аталы сөз ойға оралды. Жоқ, басқаша ойлап­ қалмаңыз. Ауладағы самал желмен­ тербелген әсем гүлдер, жайқалған саялы талдар, жеміс ағаштары, сүйкімді иісі танауды қытықтаған балғын жоңышқа, жүйектерді қуалап, сылдырай аққан тіршілік нәрі, баршасы мұнда шаруасына мығым ие...

    Толығырақ...
  • 13.06.19

    Әдетте, футболда көбінесе шабуылшылар­ға аса мән береді. Алайда­ команданың жеңуіне қақпашылардың үлесі зор екенін бірі білсе, бірі білмес. Үздік қақпашы найзағайдай жылдам реакц­иясымен, болаттай төзімді жүйкесімен және де дұрыс позиция таңдай білетін ақылымен командасына сеп­ті­гін тигізеді. Әсіресе, ойын тағдыры шешіле­тін «пенальти» секілді шиеленісті ойын кезін­де­ қақпасын голдан қор­ғап,...

    Толығырақ...
БІР ЖАРЫМ САҒАТТА ЖЕТІП КЕЛДІ
30.05.2019 12:00

Әлгі «Алдараспан» театрының «Жедел жәрдем» деген қойылымы бар ғой. Әйелінің толғағы қысып, жолдасы жедел жәрдемге қоңырау шалады. Сонда дәрігердің «Құдай қаласа, бір жарым сағатта кіріп барамыз» дейтіні бар. Әзіл де болса, ащы шындық.

Әнеугүні жақыным сырқаттанып, кешкілік «103»-ке қоңырау шалдық. Телефоннан «осындай да осындай, мынадай адресте тұрамыз. Үлкен кісі ауырып жатыр. Жүрегі қысылып, ыстығы көтеріліп тұр» дедік. Телефонның арғы жағынан «Науқастың есімі кім? Қай жылғы? Ауырып жатқанына қанша уақыт болды? Есепте тұра ма?» деп тергеудің астына алғанын қайтерсіз? Сөйтсек, ереже бойынша соның бәрін сұрау керек екен. Қысқасы, диспетчермен 3 минуттай тілдестік. Содан терезеге телміріп отырмыз. Ақ халаттыларды аңдып. Ал, туысымыздың тынысы тарылып, одан сайын қиналып барады...

20 минут өтті. Жедел жәрдемнің көлеңкесі де көрінбейді. Болмағасын, қайта қоңыраулаттық. «Ау, айналайындар, қашан келесіздер? Науқастың жағдайы қиындап барады ғой» десек, диспетчердің мұндай жайттарға еті үйреніп кеткен-ау, жұлып алғандай «Шыдаңыздар! Автокөлік жетіспей жатыр. Қоңырау көп» деп тұтқаны қоя салды. «Жазған құлда шаршау бар ма?».

Дәрігерлер келем дегенше қазақы ем-домның сан түрін жасадық. Құдай-ау, не істемедік? Адыраспанмен аластадық. Үйдің іші көк түтін болды. Өзімізше ем-дом жасап жүріп, бір сағатты да артқа тастаппыз. Жедел жәрдем әлі жоқ. Тағы да хабарластық. Бұ жолы диспетчер бағанағы жауапты айна-қатесіз қайталады. Туысым да тілден қағынған адам еді. Ол:

– Жедел жәрдем жеткенше, ауруымды ұмытып қалатын шығармын,- дейді.

Кенет, есік алдына көлік тоқтағандай болды. Бақсақ, ақ халаттылар екен. Анау-мынауларын асынып, үйге кіріп келді. Сағатты қарасам, диспетчерге алғашқы қоңырауым тура бір жарым сағат бұрын соғылған екен.

Мәліметтерге сүйенсек, облыстық жедел жәрдем стансасына күніне 1 мыңнан аса қоңырау түсетін көрінеді. Қыстыгүні бұл сандар көбейеді екен. Аталған орталықтың техникалық базасы 75 пайызға жаңарыпты. Дегенмен, шұғыл шақыртуға бір жарым сағатта жетіп келген жедел жәрдем стансасының жұмысы «жақсарды» деп айтуға бола ма?

 

Асан   ДӘУЛЕТ

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Мамыр 2019 >
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 31    

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары