Оқырманнан хат

Келіп кету есептегіші

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін2216
mod_vvisit_counterКеше2743
mod_vvisit_counterОсы аптада11519
mod_vvisit_counterӨткен аптада16249
mod_vvisit_counterОсы айда44682
mod_vvisit_counterӨткен айда81370
mod_vvisit_counterБәрі4031525


Өзекті мәселелер

  • 19.09.19

    Әлемдегі өте қауіпті қылмыскерлер қамалатын, қауіпсіздігі ең қатаң сақталатын «Алькатрас» түрмесінен 1963 жылға дейін бірде-бір тұтқын қашып шыға алмаған. Ел абақтыны «Рок» (құз) деп те атайды. Сыртынан қарағанда сұсты көрінетін түрме әу баста қорғаныс шебі ретінде қолданылып, кейінірек әскери түрме салып, содан соң өте қауіпті қылмыскерлерге арналған абақты ретінде пайдаланылған. Толығырақ...

  • 19.09.19

    ЖҮРЕК   ДЕРТІНЕ  ШАЛДЫҚҚАНДАРҒА  КӨМЕК

    Кеудедегі жұдырықтай жүректің қызметіне тең келер не  бар?!  Оны адам ағзасының «моторы» дейміз. Бірақ жүрек дерті жас талғамай тұр. Тым жасарып бара жатыр. «Жүрегі тоқтап қалыпты», «жүрегі ауырады»  деген сөздер бүгін­де  жасамысқа  емес, жастарға да  айтылатын  болды.

    ...
    Толығырақ...
  • 19.09.19

    Әлемнің  дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіру идеясы жарқын  болашаққа бас­тайтын жол болуы тиіс. Жаһандану үдерісі дәуірінде еліміз өз тәуел­сіздігін орнықтырып, шекараларын айқындап, ядролық қарудан бас тартып, этносаралық және конфессияаралық келісімді сақтай отырып, әлемдік ау­қымдағы тұрақтылық, достық, толеранттылық идея­ларын негіздеуде. Және бұл мәселелер Елбасының жыл сайынғы дәстүрлі...

    Толығырақ...
  • 19.09.19

    «Мәңгілік ел» идеясының негізі – бұл біздің Қазақстан халқы ұрпақтарының алдындағы жауапкершілік, әлемдегі бәсекеге қабілетті 30 мемлекеттің қатарына ену мәртебесі белгіленген және бұйырған лайықты және ұлы Қазақстанды дамытудағы біздің стратегиямыз. «Мәңгілік ел» идеясының бастауы тым тереңде жатыр. Бұл біздің жалпыұлттық идеямыз мемлекеттігіміздің тамыры сияқты көне тарих...

    Толығырақ...
  • 19.09.19

    Айжарық  СӘДІБЕКҰЛЫ

    ОЙ   ТОЛҒАДЫМ  БІР   КЕЗЕК

    Сөз жоқ, социализмді гүлдендіріп, коммунизм ор­нат­пақшы болған қоғамды қайтадан құру машақаты бастал­ғалы сонау отызыншы жылдардан «коммунизмнің сталиндік алып құрылыс­тары» ұранымен жүргізілген шабуылдан табиғаттың тепе-теңдік заңдылығын бұзып...

    Толығырақ...
КЕНТ ӘКІМІНІҢ ІЗІНЕ ТҮСКЕН КІМ?
30.05.2019 12:10

Бұған дейін де облыстық әдеп жөніндегі кеңес шікірейген талай шенеунікті сабасына түсірді. Кезек­ті кеңесте табақтай төрт мәселе ортаға тасталды. Олардың ішінде Қазалы ауданы, Әйтеке би кентінің әкімі Жарасхан Мұрат­баевтың мәселесі майшаммен қаралды.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қызылорда облыс­ы бойынша департаментінің Әдеп жөніндегі кеңесіне Қазалы ауданы әкімінің орынбасары Ғ.Еркеба­йдан Әйтеке би кентінің әкімі Ж.Мұратбаевтың іс-әреке­тіне қатысты хат келіп түскен.

Іле-шала Ж.Мұратбаевқа тәртіптік іс қозғалып, қызметтік тергеп-тек­серу­ жұмыстары басталған. Тексеру­ нәтижесінде, кент аумағындағы кейбір жеке тұрғын үйлердің нысан­алы мақсаты өзгертілмей, кәсіпкерлік нысан ретінде пайдаланып отырған азаматтарға әкім (Ж.Мұратбаев. – ред.) өз функ­ционалды міндетіне сәйкес тиісті шара қолданбай, әкімшілік жауапкершіліктен құтылуына жол берген көрінеді.

 

Ал кент әкімі 94 парақ­тан тұратын өзінің заңдық тұрғыда дұрыстығын дәлелдейтін түсі­ніктемесін ұсынған. Алайда ол құжаттар еш ескерілмегенін айтад­ы. Сондай-ақ, ол тәртіп­тік кеңес мүшелеріне өзін қорғауға конституциялық құқығы барын және аталған тәртіптік істі жүргізген қызметке­рге сенімсіздік танытт­ы. Дей тұрғанмен, Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы Абзал Сансызбайұлы:

– Бізде жер инспек­циясынан, прокуратурадан міндетті түрде кеңес пен түсініктер алынады. Сондықтан біржақты шешім қабылданбайды. Әдеп жөніндегі кеңестің шешімі көпшілік дауыспен қабылданатындықтан, мұның артында сұраныс болады. Қызметкерді айыпта­у орынсыз, - деп ескер­ту  жасады.

Тәртіптік ісі тергеліп жатқан кент әкімі шаршады ма, әлде өз эмоциясын тежей алмады ма, кенет:­

– Менің ізімде күзден бері біржақты қудалау жүріп жатыр. Ауық-ауық қоңырау шалып, жұмыста­ бар-жоғымды тексеріп тұратынды шығарды,- деді ол.

«Жығылғанға жұдырық» дегендей, Қазалы ауданы әкімінің орынбасары, әдеп жөніндегі уәкіл Әлімжан Жарылқағановтың сөзі онсызда «қыл көпірдің» үстінде тұрған Жарасхан Мұратбаевтың жағдайын тіпті қиындатып жіберді. Ә.Жарылқағанов әріпте­сінің (кент әкімі. – ред.) бұған дейін де қызмет барысында теріс әрекеті үшін «сөгіс» түріндегі тәр­тіптік жазасы қолданылғандығын жеткізді де:

– Жарасхан Нұрсұлтанұлы соңғы аудан әкімінің аппарат отыры­сына да қатысқан жоқ. Мен ойлаймын, бұл әдеп нормаларына сәйкес келмейді, - деп салды.

Аудан әкімінің орынбасары Ә.Жарылқағановтың сөзінен кейін кент әкімі де:

– Бұл мәселе сотта шешімін табайын деп тұр ғой, - деді.

Қызылорда облысындағы Әдеп жөніндегі кеңесі қызметтік тергеп-тексерудің материалдарын қарап, Ж.Мұратбаевтың  түсінігін тыңдап, әрекетін құқықтық жағынан бағалай­ отырып, кеңес мүшелері Әйтеке­ би кентінің әкімі Мұратбаев Жарасхан Нұрсұлтанұлына «қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту» түріндегі тәртіптік жазан­ы  қолдануды  ұсынды.

Қозы  Көрпеш   ЖАСАРАЛҰЛЫ

 


 

КІНӘСІ  КЕШІРІЛДІ

 

Естеріңізде болса, Қызылорда қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Жақсылық Ержановтың іс-әрекетіне қатысты «Халық» газетінің өткен нөмірінде жариял­анған болатын. Кәсіпкер Н.Бакеевтің жұбайы А.Қожагелдиева аталмыш бөлім мамандары жеке кәсіп­керлігіне заңсыз араласып, тіпті «Өзін архитектура бас­тығымын деп таныстырған Ж.Ержанов түнгі сағат 11-де хабар­ласып, жер учаскемнің қасына келуді сұрады» дегенді алған тартқан-ды. Беймезгіл уақытта мемлекеттік қызметкердің жұмыс мәселесіне қатысты кәсіпкерді мазалауы қаншалықты­ заңды? Әдеп кеңесінде аталған лауазым иесінің де іс-әрекетін­ бағалау керек  еді. Алайда Ж.Фазылбек­ұлының  сырқаттаны­п қалуына байланысты, тәртіптік іс кейінге­  ­қалдырылды.­

Сондай-ақ, кеңес отырысында облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы Нұрғали­ Қордабайдың қаңтар айында берілген «ескерту» жазасын мерзімінен бұрын алып тастау туралы облыс әкімінің орынбасар­ы Қуанышбек Ысқақовтың ұсынысы қаралды. Басқарма­дағы бұрынғы кемшіліктерді түзеп, қызметін ширатқа­н басшыға кеңес мүшелерімен кешірім беріліп, жазас­ы бірауыз­дан  алынып  тасталды.

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Мамыр 2019 >
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 31    

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары