Оқырманнан хат

Келіп кету есептегіші

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін2217
mod_vvisit_counterКеше2743
mod_vvisit_counterОсы аптада11520
mod_vvisit_counterӨткен аптада16249
mod_vvisit_counterОсы айда44683
mod_vvisit_counterӨткен айда81370
mod_vvisit_counterБәрі4031526


Өзекті мәселелер

  • 19.09.19

    Әлемдегі өте қауіпті қылмыскерлер қамалатын, қауіпсіздігі ең қатаң сақталатын «Алькатрас» түрмесінен 1963 жылға дейін бірде-бір тұтқын қашып шыға алмаған. Ел абақтыны «Рок» (құз) деп те атайды. Сыртынан қарағанда сұсты көрінетін түрме әу баста қорғаныс шебі ретінде қолданылып, кейінірек әскери түрме салып, содан соң өте қауіпті қылмыскерлерге арналған абақты ретінде пайдаланылған. Толығырақ...

  • 19.09.19

    ЖҮРЕК   ДЕРТІНЕ  ШАЛДЫҚҚАНДАРҒА  КӨМЕК

    Кеудедегі жұдырықтай жүректің қызметіне тең келер не  бар?!  Оны адам ағзасының «моторы» дейміз. Бірақ жүрек дерті жас талғамай тұр. Тым жасарып бара жатыр. «Жүрегі тоқтап қалыпты», «жүрегі ауырады»  деген сөздер бүгін­де  жасамысқа  емес, жастарға да  айтылатын  болды.

    ...
    Толығырақ...
  • 19.09.19

    Әлемнің  дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіру идеясы жарқын  болашаққа бас­тайтын жол болуы тиіс. Жаһандану үдерісі дәуірінде еліміз өз тәуел­сіздігін орнықтырып, шекараларын айқындап, ядролық қарудан бас тартып, этносаралық және конфессияаралық келісімді сақтай отырып, әлемдік ау­қымдағы тұрақтылық, достық, толеранттылық идея­ларын негіздеуде. Және бұл мәселелер Елбасының жыл сайынғы дәстүрлі...

    Толығырақ...
  • 19.09.19

    «Мәңгілік ел» идеясының негізі – бұл біздің Қазақстан халқы ұрпақтарының алдындағы жауапкершілік, әлемдегі бәсекеге қабілетті 30 мемлекеттің қатарына ену мәртебесі белгіленген және бұйырған лайықты және ұлы Қазақстанды дамытудағы біздің стратегиямыз. «Мәңгілік ел» идеясының бастауы тым тереңде жатыр. Бұл біздің жалпыұлттық идеямыз мемлекеттігіміздің тамыры сияқты көне тарих...

    Толығырақ...
  • 19.09.19

    Айжарық  СӘДІБЕКҰЛЫ

    ОЙ   ТОЛҒАДЫМ  БІР   КЕЗЕК

    Сөз жоқ, социализмді гүлдендіріп, коммунизм ор­нат­пақшы болған қоғамды қайтадан құру машақаты бастал­ғалы сонау отызыншы жылдардан «коммунизмнің сталиндік алып құрылыс­тары» ұранымен жүргізілген шабуылдан табиғаттың тепе-теңдік заңдылығын бұзып...

    Толығырақ...
ТАЯҚПЕН ТӘРБИЕЛЕУ ҮЛГІ МЕ?
30.05.2019 12:20

«Адамның бір қызығы – бала» дейді қазақ. Сондықтан баланы көңілдің гүлі, көздің нұры деп ұғады. Ата-анасы өмірінің жалғасы ретінде перзентінің болашағынан үміт күтетіні белгілі. Ал бауыр еті баласының қауіпсіздігін ойламайтын жан жоқ шығар­ сірә. Әсіресе ана атаулының көз қуанышын қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай өсіретіні анық. Дейміз-ау...  Бірақ осы күні баласын таяқтап, жәбір көрсететін жандарды жиі көретін болдық. Айтуға ауыр болса да, қанасын жарып шыққан­ баласына қастандық жасайтын қоғамға айналдық. Ал енді өзіне жарық әлем сыйлаған анасынан аяушылық көрмейтін жеткіншектің құқығын кім қорғайды? Қатыгез­  аналарға  тоқтам  бар  ма?

Ақиқаты сол, отбасында балан­ы ұрып-соғу бүгінгі қоғамның шынайы бейнесіне айналып бара жатқандай. Күні кешеге дейін оқушылардың тәрбиешіден, мұғалімнен таяқ жегенін естігенде бейжай қа­рағандар болмады. Көпшілік наразы­лығын айтып, қарсылығын білдірді. Тіпті заң тұрғысынан олар жазаға тартылды. Ал анасынан аяусыз соққы көрген жасөспірімді қалай қорғай­сың? Бұған кімді айыптарыңды білмейсің. Күнәсіз періштенің не жазығы бар? Торға­й да балапанын қорғайды емес пе? Ал бүгінгі кейбір қазақ әйелінің болмысы бұлыңғырланып бара жатқан секілді. Жатырын жарып шыққан ұрпағын қоқысқа тастайтын тас­жүрек жандарға тоқтау болмай тұрғанда күн сайын баласын төмпештейтіндерге қоғам қалай қарсы тұрсын? Тіпті БАҚ, әлеуметтік желі арқылы қатыгез әйелдердің жаға ұстатарлық бейнежазбаларына етіміз үйрене бастады.

 

ӨГЕЙ   ШЕШЕНІҢ   ОЗБЫРЛЫҒЫ...

Бір ай бұрын болған 28 жастағы жетісайлық әйелдің (Түр­кістан облысы - ред.) отбасындағы озбырлығы әлі ұмтылған жоқ. Үш қыздың әлеуметтік желідегі жанайқайына бүкіл қоғам құлақ түрді. Өгей шеше оларды неге сонша азаптады? Небәрі 16, 14, 12 жастағы кәмелетк­е толмаған періш­телердің не кінәсі бар? Қыздардың тырнақ астына ине сұғып, күліп тұр деп, езуін тартаты­н, қайшымен денесіне жарақат салатын анасымақтың айуандығына сенгің де келмейді. Алайда аталған фактілер анықталғанда аза бойың қаза болады. Психологиялық қы­сым­ға ұшыраған жасөспірімдерге жаның ашиды. 1 жастан  асқан ұлы, 7 айлық шаранасы бар өгей шешенің адам төзгісіз қорлық көрсеткені жұмбақ. Оған Қылмыстық Кодекстің 140-ба­бына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілді. Кү­діктіге шектеу шара­сы­ қолданылды. Комиссия шешімімен балалар әжесіне тапсырылды. Бұл жайт Ішкі істер министрі­нің және облыс прокурорының бақы­лауына  алынған.

Алайда бір сауал туындайды. Әлгі әйелдің қыздарды азаптайтынындай тұрмыс деңгейі тө­мен бе? Әдетте от­басында ұрыс-керіс тұрмыстық деңгейде орын алады. Қаржы тапшылығы, жетіс­пеушілік жүйкені жұқартады. Десе де, жүргізілген зерттеу жұмысы кезінде отбасының жағдайы төмен болмаған. Қыздардың әкесі көлік жөндеумен айналы­сқан. Тек өмірге ұл бала келгенде келіншектің мінезінен өзгерістер байқалған. Балалардың денесіндегі жа­рақа­тты көріп, мұғалімдер алаңдаушылық білдіріп, тиісті орындарға хабар берген. Сонда бас, көзге төпелеп, өш алмақ болған өгей шешенің ойында не болған? Ата-ана арасындағы келіспеу­шілікке  баланың қандай қа­тысы бар? Ересектердің ерегесінен балалар неге зардап шегуі тиіс? Тізбектеле беретін  сауалдар санаңды сан­далтады.

 

«БАЛАНЫ  НҰҚУҒА   ҚАРСЫМЫН»

Әлеуметтанушы Нұрлан Қыпшақбаев елімі­здегі балалар көріп жат­қан қорлыққа бейжай қарауға болмайтынын айтады. Қазақстанда баланы таяқпен  тәр­бие­леу үзілмеген. Кейбіреу «бізді осылай тәрбиеледі, бұл қалыпты жағдай» деп қабылдайды. Қазіргі бала бұ­рынғы баладан басқа. Дауыс көтеріп, таяқ­тағанды көтермейді. Әлеуметтанушыны сәбилерді ұрып-соғу былай тұрсын, кішкентай қыздар мен ұлдарды азғын­дықтың небір түріне итермелейтін ересектердің пайда болуы­ алаңдатады. Бірнеше жыл бұрынғы деректерге сүйенсек, халық­аралық ұйым статистикасына сәйкес бір жастағы­  балалардың  үштен бірі қатыгездікке ұшырайды. Ал үлкендер тарапынан дөре­кілік көрген 2-4 жастағы балдырғандар саны 50 пайызға жетеді­. Балаларды ұрып-соғу арқылы тәрбиелеу көрсеткіші 5-9 жас аралығындағы бала­ларда 58 пайыз деңгейіне кө­терілген. Халықаралық ұйым өкілдері жүргізген сауалнама нәтижесі көрсеткендей, ата-аналардың 67 пайызы, яғни сұралғандардың үштен екісі баласына психологиялық та, физикалық та қысым жаса­ғанын  айтқан.

- Әлеуметтанушы ретінде ұрып-соғуға қарсымын. Менің де үш балам бар. Бүлдірсе, өтірік айтса, мысалмен, дәлелмен түсіндіремін. Екінші рет қайталамау қажеттігін айтамын. Отбасында да жолда­сыммен даулы мәселелерді ушықтырға­н  емеспін. Саналы азамат­ ретінде әйеліммен ақылдасамын. Себебі ата-ана балаға жайлы болуы керек, - дейді  Н.Қыпшақ­баев.

Несін айтамыз, қазір ата-аналардың балаларға келгенде айтар уәжі көп. Үлкендер себепс­із қол көтермейді. Жас­өс­пірімді тәртіп бұзса, тапсырманы орындамаса жаза­лайды. Сондай-ақ отбасындағы әлеуметтік ахуал да баланы ұрып-соғуға себеп. Бірінің жүйкесі ауырады. Бірі күйзе­ліске бейім. Мамандар баланың тілін табу үшін әлеуметтік қызметкер, психолог сияқты мамандарға жүгінген абзал дейді. Бірақ дұрыс тәрбие бермеген ата-ананы психолог түзетіп, қиындықтан құтқа­рады деу қисынға келмейді. Бала­ны­ң қабілетін, мінезін  алды­мен әке-шеше біледі емес пе?

 

ПСИХОЛОГ  НЕ  ДЕЙДІ?

Психолог маман Әсел Күмісбекованың  айтуынша, әр шаңырақта балаға берілетін тәрбиесі әртүрлі. Біреулер балала­рын «үп» еткен желден қорғап, қанатының астында өсіреді. Ал баз біреулердікі осыған кереғар.

Кейбір ата-ана кішкен­тайына  «мұны істеме, мынаған тиіспе» дегенді ескертеді. Түсінбесе ұрып қорқытады. Мұндай балалар ата-аналарын жиі алдайды. Өтірікті көп айтады. Жақсылық пен жамандықтың айырмасын түсін­бейді. Тіпті психоэмоционалдық қысым салдарынан баланың ұйқысы бұзылып, тәбеті қашады, тілінде  мүкістік пай­д­а болуы мүмкін. Есте сақтау қабіле­ті төмендеп, жасына лайық  қызығушылығы  азаяды екен.

Балалар белгілі жасқа дейін ата-анасының «идеал» екеніне, ең жақсы, ең мейірімді екеніне сенеді. Үлкендердің айтқанын бұлжытпай орындайды. Яғни отбасындағы тәртіп пен тәрбие дұрыс болса, баланың  нашар болуына негіз жоқ. Осы орайда Ұлы Абайдың: «Әуелі балаңды өзің алдайсың оны беремін, мұны беремін деп. Басында балаңды алдағаныңа бір мәз боласың. Соңыра балаң алдамшы болса, кімнен көресің?» деген оныншы қарасөзі еріксіз ойға оралады. Айтқандай-ақ, көршісіне, туысына балаларын сеніп қал­дыратындар көп. Соның сал­дарынан  жазатайым  оқиға­ларға тап болып жатқан сәбилер де, жас жеткіншектер де жиі  кездеседі.

Деректерге сүйенсек, Финляндияда ата-ана баласына дауы­с көтермейді. Егер дауыс көтеретін болса, көршісі полицияға қоңырау шалып, хабарлайтын көрінеді. Ал біз ше? Бүгінде отбасындағы ахуалға ешкім араласпайды. Жағ­дайым жоқ деп  баласын бастан тебетін қолайсыз отбасылар да кездеседі. Қазір елімізде­ 2 мыңнан астам адам ата-ана  құқығынан  айырылған. Ал, 15 мың бала қолайсыз отба­сында өсіп келеді, 214 бала аз қамтылған отбасында тәрбиеленуде. Десе де, біздің елде арнайы заң бар. Балаға нем­құрайды қараған ата-ана жауапқа тар­тылады. Ал емханалар мен мек­теп­тердегі психологтар оқу­шылардың бәріне көмек­тесе  алмайды.

- Құқығы қорғалмаған балалар туралы айта алмаймын. Себебі, бізге шағымданған немесе осындай оқиғаның тіркелген кезі болған жоқ. Бірақ, бұл баланың құқы мүлдем бұзылмайды дегенді білдірмейді. Көп жағдайда ата-аналар мін­детіне селқос қарайды. Отбасына көңіл бөлмейді. Баланың сабақ үлгерімін, денсаулығын қадағаламайды. Қандай пән­нен қиналып жүр? Өмірге көз­қарасы қандай? Спортқа бейі­мі бар ма? Неге қызығады? Бала­мен жиі сөйлесіп, бағыт-бағдарын назарда ұстау керек. Мұнда тәртібі қиын жасөс­пірімдер жиі келеді. Әке-шеше­сі «балам тыңдамайды» дейді. Кейбір отбасында оқу­шыға мейірім жетіспейді. Көбі­не ана тәрбиесінде болады. Әке қамқоры тыс қалып жатады, - дейді облыстық кәмелетке толмаған­дардың істері жөнін­дегі мамандандырылған ау­данаралық соттың төрағасы Қанатбек Абдуллаев.

Баланы рұқсат бермеу, шектеу­ қою, өкпелеу, сөйлеспеу арқылы жазалауға болады. Әрбір елде бала тәрбиелеудің түрлі тәсілдері, жолдары бар. Мәселен, жапондардың айрықша ізеттілігі мен мәде­ниет­тілігі  қандай? Араларында­ жылы түсіністік бар. Бұл елде әйелдер емес, еркектер де бала тәрбиесіне көңіл бөледі. Жапондар  балаларын «мәдениетті бол, ешкімге кедергі келтірме, тыныш жүр» деп өсіреді. Сондай-ақ олар сезімін дауыс ырғағы­мен  жеткізеді. Кішкентайына көңілі толмаса, оны көз­қарасы мен дауыс ырғағымен білдіреді. Үлкендердің ренжігенін байқаған сәби қателігі үшін кешірім сұрауға асығады. Өмірді ереже бо­йынша сүру керек. Жапон­дардың  өмірлік  ұстанымы осы. Балаларды кішкентай кезінен­ осыған тәрбиелейді. Бұл жапон­ тәр­биесінің негізі десе де болады. 5 жасқа дейін бала – Құдай. 5  жасқа дейін балаға ешқандай шектеу қоймай­ды, ұрыспайды, жазаламайды. Келес­і онжылдықта (5-15 жас аралығы) бала өзін қоғамның мүшесі ретінде сезіне­ бас­тайды. Адамдар арасында орнын табуға үйренеді. Жапонд­ардың пікірінше, адам 15 жас­та өзіне жауап беретін, өмір сүре алатын деңгейге жетеді­.

Осы орайда «Баланы бес жасқа дейін патшаңдай сыйла, он бес жасқа дейін құлыңдай жұмса, он бестен кейін досыңдай сырлас» деген тәмсіл еске түседі. Таяқпен тәрбиелейтін үлкендер ұлттық құндылық­тарды алдыңғы орынғ­а қойса дейсің. Өйткені бала үшін от­басы­ – алтын бесік. Тәрбие, адамгершілік қасиеттер отбасында қалып­та­сады. Жасөспірімдерге дұрыс тәрбие беру – ата-анасының міндеті. Оларға отбасында, мектепте, жалпы ортада өмір сүрулері үшін барлық жағдай жасалуы керек. Әсіресе, ұлттық құндылық­тарымызды бойға сіңіруде ата мен әженің орны бөлек. Бауыр­жан  Момышұлының   «... Кейде менің өнеге алған, тәлім үйренген, дәріс оқы­ған ұстаздарымды еске түсіріп, ойға бататыным бар. Сондай шақтарда алдымен ата-аналарымның бейнесі елес­­тейді. Өйткені өзімнің әжемдей, әке-шешем мен ауылдың ақсақалдарындай өсиет айдынына жүздіре алған ешкім жоқ» деуі тегін емес. Соңғы уақытта бала­лардың тәрбиесі ақсап бара жатыр. Жазатайым оқиғалар да азаяр емес. Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөнінде маман­данды­рылған  ауданаралық  сотының мәлімдеуінше, биылғы  жылы 3 айда 11 іс кәмелетке толмағандарға  қатысты  шыға­рыл­­ған. Өткен жылмен салыстырғанда істің 5 адамға көбейгенін көр­сетеді. Ал жасөспірім­дер арасындағы қылмыстық іс 35 па­йыз­ға артқан. Біздің көбімізде баланы қорғау полиция мен туыстарының міндеті деген түсінік қалыптасқан. Облыс­ көлемінде үйінен хабар-ошарсыз кеткен 8 баланың дерегі­ тіркелген. Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде олар ата-анасымен аман-есен  қауышқан.

Түйін. Қазақ та тәрбиеге келгенде талапшыл. Бірақ осы жағдай­ға жеткенде қай жерден қателік жіберіп алдық?! Мәселе – осында. Жұрттың арасында жүйкесі сыр беріп, мінезі өзгерген аналардың көбеюіне кім кінәлі? Бұл сұрақтардың жауабын бірге іздегенд­е ғана нәтиже болары сөзсіз. Әйтпесе біреуді кінәләп өмір  сүретін  қоғамның  мәселесі көбейе береді. Ал, барлық бала бақытты  болуға  лайық.

Құттыбике  НҰРҒАБЫЛ

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Мамыр 2019 >
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 31    

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары