Өзекті мәселелер

  • 13.06.19

    Ежелден халық педагогикасы ұрпақ тәрбиесінің қайнар көзі болып келді және бұл бағытта жас ұрпақтың болашағына берік байлам жасалды. Әсіресе, дарабоз қарттарымыздың даналық ойы, салиқалы сөз саптау үлгісі, өмір белес­терінен  көрген-білгенін, ғибратты әңгімелерін  тәрбие құралына айнал­дырып, одан жақсылыққа ұмтылу, ынтымақ­қа ықылас қою, бауырмалдық қасиетк­е бет бұру секілді тағылымның түрлі ө...

    Толығырақ...
  • 13.06.19

    Бүгінде басы ауырып, балтыры сыздамайтын пенде жоқ. Сырқаттанған адамның алдымен жедел жәрдемнің көмегіне жүгінетіні белгілі. Дәрігердің ауырған жерін тәптіштеп сұраса, көпшіліктің дертінен айыққандай күй кешетіні тағы бар. Алайда «103» қызметкерлерінің әр күні сын сағатқа толы. Көбісі ем-дом жасауға дайын арашашы жандардың сан түрлі жағдай мен оқиғаны бастан кешетінінен бейхабар. Бұған...

    Толығырақ...
  • 13.06.19

    Тоқсаныншы  жылдардығы тоқырау көптің есінде ғой. Жоспарлы экономикадан нарықт­ық экононмикаға бет бұрып, жаңа белесті бағын­дыруға бой түзедік. Бұқара бұған бірден үйрене қойған жоқ. Әркім «балапан басына, тұрымтай тұсына» кетті. Ал отба­сы ошақ қасында болған әйелдер ала  дорбасын асынып, көшеге шықты. Сауда-сат­тықпен айналысты. Ал еркек­ кіндіктің кейбірі көше кезіп кетсе, енді бірі арақ-ша...

    Толығырақ...
  • 13.06.19

    «Бірінші байлық – денсаулық». «Қазалы арнаулы әлеуметтік қызметтер орталығы» мемлекеттік мекемесінің есігінен аттаған бойда осы аталы сөз ойға оралды. Жоқ, басқаша ойлап­ қалмаңыз. Ауладағы самал желмен­ тербелген әсем гүлдер, жайқалған саялы талдар, жеміс ағаштары, сүйкімді иісі танауды қытықтаған балғын жоңышқа, жүйектерді қуалап, сылдырай аққан тіршілік нәрі, баршасы мұнда шаруасына мығым ие...

    Толығырақ...
  • 13.06.19

    Әдетте, футболда көбінесе шабуылшылар­ға аса мән береді. Алайда­ команданың жеңуіне қақпашылардың үлесі зор екенін бірі білсе, бірі білмес. Үздік қақпашы найзағайдай жылдам реакц­иясымен, болаттай төзімді жүйкесімен және де дұрыс позиция таңдай білетін ақылымен командасына сеп­ті­гін тигізеді. Әсіресе, ойын тағдыры шешіле­тін «пенальти» секілді шиеленісті ойын кезін­де­ қақпасын голдан қор­ғап,...

    Толығырақ...
МҮМКІНДІК БАР, ӨСІМ ЖОҚ
30.05.2019 12:33

Экономика саласындағы импорт, экспорт үлесінде ауыл шаруашылығы өнімдерінің үлесі артып отыр. Қазақ халқының атакәсібі саналған мал шаруашылығының тиімділігін арттыру тұтас көрсеткіштің тармағына әсер етуі мүмкін. Әрине, жақсы жағынан. Алайда бұл саланың да өзекті мәселелері жоқ емес. Ет және  сүт өнімдерін қайта өңдеу кәсіпорындарының 60 пайыз деңгейінде қалуы саланың  аяғына  тұсау  салғанға  ұқсайды.

Одақтас елдер деп оң қабырға­мызға шығарып жүрген Ресей мен Бело­руссияда мұндай кәсіпорындардың жұмыс істеу қуаттылығы 80 па­йыздан асып отыр. Нәтижесін елестете беріңіз. Ата-бабасының салып кеткен кәсібін дөңгелете алмау салдарынан бұл екі елден Қазақстанға ет және сүт өнімдері импортталуда. Бағам­дай беріңіз. Өткен аптада Мәжіліс төрінде «Ет және сүт өнім­дерін өндіруді, қайта өңдеуді және экспорттауды дамыту перспектива­лары» тақырыбымен талқыға түскен мәселе аясында Мәжіліс төрағасы Н.Нығматулин біраз жайттың «буыны­н»  ажыратты.

- Біз жыл сайын 6 мың тоннадан астам май, 22 мың тонна ірімшік пен сүзбе, 6 мың тонна консервіленген етті жалпы құны 45 миллиард теңгеге импорттаймыз. Осы өнімдерді біздің өңдеу зауыттарымыз да шығара алады.­ Ал бізде қалай? Мүмкіндік бар, бірақ өсім жоқ, - деді ол.

Мәселені шешудің жолдары жоқ емес, шағын өндірушілерді қайта өңдеуші кәсіпорындармен байла­ныстыратын сатып алу ұйымдарының желісін құру қажет. Н.Нығматулин­нің айтуынша, сатып алу ұйымдары үшін қосымша салықты субсидиялау­дың толық механизмі бар. Айта кетейік, Мәжіліс қарауында жатқан «Агро­өнеркәсіптік кешенді реттеу мәселелері туралы» Заң жобасы шеңберінде субсидиялау механизміне өзгерістер енгізіліп, «жыл сайыннан» «тоқсан сайынға» ауыстырылады деп күтілуде.

Ауыл шаруашылығының өндірісі негізінен шағын және орта бизнес екенін ескерсек, ең алдымен бизнес­тің бұл санаттары үшін қаржылан­дырудың қолжетімділігін қамтамасыз ету мәселесі шешілмесе, бұл саланың тынысы тарыла түсері анық. Есте­ріңізде болса, Елбасы Жолдауында аграрлық өнімнің экспортын 2,5 есеге­ дейін арттыру міндеті жүктелді. Бұл табиғи таза өнімдеріміз арқылы отандық экономикамызды нығайтумен қатар, әлемдік экспортты бағындыруға жол ашады. Осы орайда, Парламентпен «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды мемлекет­тік реттеу туралы», «Ветеринария тура­лы», «Асыл тұқымды мал шаруашылығы» сияқты негізгі заңдар қабылданды. Сонымен бірге, ұзақ мерзімді «Қазақстан – 2050» Стратегиясында дамудың нақты  жолдары да  көрсетілген. Қазіргі  уақытта 2017-2021 жылдарға арналған арнайы бағдар­лама жүзеге асырылып жатыр. Бүгінде ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің құрылымында мал шаруашылығы 46%-дан асады. Осыған сәйкес, еліміздің сыртқы нарыққа ірі ет экспорттауына мүмкіндіктері бар. Сапалы азық-түлік бойынша біздің еліміздің өзін де қамтамасыз ететін, экспортқа да шығаратын әлеуеті зор. Соның ішінде, әсіресе, ет, сүт өнім­дері – басымдық берілген бағыттардың  бірі.

- Қазіргі күні таза табиғи өнімдер­ді арттырудың барлық жолдары көр­сетілді. Ендігі мақсатымыз – оларды тиімді және нәтижелі жүзеге асыру. Қазірдің өзінде Алматы облысында жылдық қуаттылығы 8 мың тонна бола­тын ет өңдеу кешені жұмыс істеп тұр. Бұдан басқа, биыл жылына 5 мың тонна «Ерейментау Ақбас» ет өңдеу кәсіпорнын пайдалануға беру жоспарланған. Ал, сүт өңдеу көлемін арт­тыру үшін қуаты 23 мың тонна болатын 4 зауыт жұмыс істейтін болады. Осы орайда халықты таза ет және сүт өнімдерімен қамтамасыз ету үшін аграр­лық салада цифрландыру жұмыст­арының маңыздылығы да өте зор, - деді палата спикері.

Қозы бағып, қой өрістетіп, балапан өсіріп, тауық асырап отырған халық­тың сырттан «тасып» жегені кімді  болса да алаңдатпай қоймайды. Жалпы, біздің экономикалық одақтар­ мен сауда «керуендеріндегі» маңыз­ды орнымыз қайда? Мәселе тауар­ сатып-сатып алуда емес, қолда барды ұқсата алмай шетелден им­портталатын тауарлар үлесін жыл сайын арттыруға жол беруімізде болып­ тұр. Алаңдаушылық туғызып тұрған мәселе де – осы. Мәселен, соңғы деректерге сүйенсек, құс еті импортының үлесі 51%-дан асады. Өткен жылы ол 191 мыңнан астам тоннан­ы құраса, үш жыл бұрын ол   165 мыңнан сәл ғана асыпты. Бәрінен де өзектісі сол, тасымалданған ет және құс өнімдерінің ветеринарлық қауіпсіздігі. Мәжіліс төрағасы бұл мәселені шешу үшін отандық фермерлердің қабылдаған шараларының жетіспеушілігін атап өтті. Соңғы кезде жиі тілге тиек болып жүрген жайы­лымдық жерлердің тозуы мен құрғауы азық-түлік ресурстарының дамы­мауына тікелей әсер ететін маңызды факторлардың қатарында. Ал жайылымдық инфрақұрылымды жетілдіру үшін қолдау жетіспей тұр. Өйткені банктер ауыл шаруашылығындағы жобаларға несие беруді қаламайды. Несиелердің 96%-ы агроөнеркәсіптік насындарға, қалған 4%-ы ғана шағын және орта шаруа қожалықтарына қарастырылады. Бұл өз кезегінде салан­ың тамырына тас байлап қою­мен тең. Мүмкіндік – осы, «буыны» бекімеген салада өсім қайдан болсын?!

 

Н.ҚҰДАЙБЕРГЕН

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Мамыр 2019 >
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 31    

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары