Өзекті мәселелер

  • 13.06.19

    Ежелден халық педагогикасы ұрпақ тәрбиесінің қайнар көзі болып келді және бұл бағытта жас ұрпақтың болашағына берік байлам жасалды. Әсіресе, дарабоз қарттарымыздың даналық ойы, салиқалы сөз саптау үлгісі, өмір белес­терінен  көрген-білгенін, ғибратты әңгімелерін  тәрбие құралына айнал­дырып, одан жақсылыққа ұмтылу, ынтымақ­қа ықылас қою, бауырмалдық қасиетк­е бет бұру секілді тағылымның түрлі ө...

    Толығырақ...
  • 13.06.19

    Бүгінде басы ауырып, балтыры сыздамайтын пенде жоқ. Сырқаттанған адамның алдымен жедел жәрдемнің көмегіне жүгінетіні белгілі. Дәрігердің ауырған жерін тәптіштеп сұраса, көпшіліктің дертінен айыққандай күй кешетіні тағы бар. Алайда «103» қызметкерлерінің әр күні сын сағатқа толы. Көбісі ем-дом жасауға дайын арашашы жандардың сан түрлі жағдай мен оқиғаны бастан кешетінінен бейхабар. Бұған...

    Толығырақ...
  • 13.06.19

    Тоқсаныншы  жылдардығы тоқырау көптің есінде ғой. Жоспарлы экономикадан нарықт­ық экононмикаға бет бұрып, жаңа белесті бағын­дыруға бой түзедік. Бұқара бұған бірден үйрене қойған жоқ. Әркім «балапан басына, тұрымтай тұсына» кетті. Ал отба­сы ошақ қасында болған әйелдер ала  дорбасын асынып, көшеге шықты. Сауда-сат­тықпен айналысты. Ал еркек­ кіндіктің кейбірі көше кезіп кетсе, енді бірі арақ-ша...

    Толығырақ...
  • 13.06.19

    «Бірінші байлық – денсаулық». «Қазалы арнаулы әлеуметтік қызметтер орталығы» мемлекеттік мекемесінің есігінен аттаған бойда осы аталы сөз ойға оралды. Жоқ, басқаша ойлап­ қалмаңыз. Ауладағы самал желмен­ тербелген әсем гүлдер, жайқалған саялы талдар, жеміс ағаштары, сүйкімді иісі танауды қытықтаған балғын жоңышқа, жүйектерді қуалап, сылдырай аққан тіршілік нәрі, баршасы мұнда шаруасына мығым ие...

    Толығырақ...
  • 13.06.19

    Әдетте, футболда көбінесе шабуылшылар­ға аса мән береді. Алайда­ команданың жеңуіне қақпашылардың үлесі зор екенін бірі білсе, бірі білмес. Үздік қақпашы найзағайдай жылдам реакц­иясымен, болаттай төзімді жүйкесімен және де дұрыс позиция таңдай білетін ақылымен командасына сеп­ті­гін тигізеді. Әсіресе, ойын тағдыры шешіле­тін «пенальти» секілді шиеленісті ойын кезін­де­ қақпасын голдан қор­ғап,...

    Толығырақ...
ҚЫЗЫЛОРДАДА МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС ЖӨНІНДЕГІ ТАПСЫРМАСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
10.06.2019 09:15

Қызылорда облысының әкімдігінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөнінде мәжіліс өтіп, онда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы талқыланды.

Облыс әкімінің кеңесшісі Мақсұт Нәлібаев Мемлекет басшысы анықтап берген сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің бағыттарын атап өтіп, өңірде жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.

Естеріңізге сала кетейік, 20 мамырда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес өткен болатын. Онда Мемлекет басшысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жоспарының негізгі бағыттарын айқындап берді: 1) азаматтардың құқығын қорғау; барлық мемлекетік органдар мемлекеттік қызметке жаңа қызметкерлерді қабылдағанда Конституциямызға сәйкес ұлтына, дініне, мүлік жағдайына қарамастан барлық азаматтар тең деген ереже басшылыққа алынуы қажет; 2) мемлекет пен азаматтық қоғам институттарының конструктивті әріптестігі; қоғамда жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қалыптасуы шарт; 3) қоғамдық бақылауды күшейту және мемлекеттік шешімдердің әділдігін қамтамасыз ету; 4) бюджеттік саясаттың ашықтығы; 5) жемқорлыққа қарсы саясатта өңірлердің рөлі және Елбасының «Жемқорлықтан еркін аймақтар» жобасын жүзеге асыру; 6) тұрмыстық жемқорлықты жоюдың бірден-бір көзі ретінде мемлекеттік қызмет көрсету ісіндегі үдемелі цифрландыру; 7) мемлекеттік сатып алу жүйелерін жетілдіріп, бизнеске әкімшілік қысымды төмендету.

Өз кезегінде облыс әкімі кеңесшісі Мемлекет Басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру жөнінде бірқатар ұсыныстарын жеткізді.  Мәселен, «Ақмешіт – адалдық алаңы» жобалық кеңселерінің филиалдары жұмысын жандандыру қажет және Нұр-Сұлтан менАлматы қалаларының бастамасымен жасалып жатқан «Бюджетке қатысу» пилоттық жобасын зерделеп, «Барлығына қолжетімді, әркімге қолайлы» акциясын жалғастыру ұсынды.

Сондай-ақ, мәжілісте денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері қаралды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов аталмыш саладағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және туындау себептерін түсіндіру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтты.

«Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру мақсатында, сыбайлас жемқорлықтың деңгейін денсаулық сақтау саласында төмендету бойынша медициналық ұйымдармен бірлескен іс-шара жоспары бекітілді. Жыл басынан бері  330 арыз-шағым түскен, өткен жылмен салыстырғанда 9%-ға азайған", - деді Ж.Абдусаметов.

Айта кетейік, 2019 жылдың басынан 792 684  қызмет көрсетілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14 пайызға көбейген.

Сонымен қатар, "Ақмешіт-адалдық алаңы" жобасының жетекшісі Жандос Тұсмағамбетов өңірдің медициналық мекемелерінің қызметі бойынша  жасалған мониторинг нәтижесін айтты.

Мәжіліс қорытындысы бойынша облыс әкімі Қырымбек Көшербаев жауапты тұлғаларға мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ өңірдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша нақты шаралар қабылдау жөнінде тапсырмалар берді.

«Мемлекет басшысы сыбайлас жемқорлықты жою бойынша нақты міндеттерді белгілеп, негізгі бағыттарды айқындады. Мақсат – анық. Тек, барлық мемлекеттік органдар бұл бағыттағы жұмыстарды күшейтуі қажет. Жергілікті әкімдер, мемлекеттік орган басшылары, жемқорлықты түбегейлі жою - сіздердің жұмыстарыңыздың негізгі көрсеткішінің бірі. Жемқорлық бойынша бағынысты қызметкерлердің қылмыстық әрекеттері үшін бірінші басшылар сіздер тікелей жауаптысыздар»,-деді аймақ басшысы.

 

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Маусым 2019 >
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары