Өзекті мәселелер

  • 19.12.19

    Кешегі даласында абақ­тысы жоқ, бес қаруы белінде жүрсе де жауынан өзгеге қару жұмсамаған заманда елдің бір-біріне өкпесі, кеткен есесі болмады дейсің бе? Болды ғой. Бірақ, сол заманның өзінде қойнындағы қаруға тұра ұмтылмай, әділдікті, ақ пен қараны шешетін әулеттің үлкені не ауылдың ажасы, оған көнбей жатса, елдің қожасына жүгінді емес пе? Дау бұған да бөгет бермеген кезде биге барып соңғы ше...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Ақыл  жетпес

    Адамның ақылы өлшеусіз мол. Алайда сол ұлан-ғайыр, шексіз ақылыңның кейде кішкентай, уақ-түйек мәсе­лелерді шеше алмай, тұйыққа тіреліп, жол таба алмай, адасып­  жүретініміз  қалай?!

    ...
    Толығырақ...
  • 19.12.19

    «Кувад синдромы» туралы бұрын-соңды естіп пе едіңіз? Мүлдем естімеген болуыңыз да мүмкін. Бұл – ер адамның жүкті әйел секілді күй кешуі. Мұндай да болады. «Кувад» сөзі француздың «couver» деген етістігінен шыққан, яғни қазақшалағанда «жұмыртқа басу» дегенді білдіреді. Бұл синдром екіқабат әйелдің күйеуінде жүктіліктің үшінші айында басталып, сәби дүниеге келгенге дейін жалғасуы ықтимал....

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Шырылдаған бала дауысынан селк ете қалған олар өздері секілді тағы бір күнә­сіз­дің жетім қалғанын сезді. Сәбиді түннің бір уағында тауып­ алған тәрбиеші дереу төсекке жатқызып, жұбата бас­тады. Әбден жылай-жылай көзінен жасы сарқылған баланың демі бітіп, әрең тыныс алады. Көздері жәудіреген бір топ баланың естісі аузындағы емізікті жұлып алып, апайына ұстатты. Жанаршылықпен қараған оның ересек...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Поэзия

     

    Ботадай боздап аспан жылайды,

    Алдайды бәрін түлкі үміт.

    Жапырақтардан жас тамшылайды,

    Жапырақ жүрек бұлқынып. ...

    Толығырақ...
ҚАЗАЛЫДАҒЫ ҚОНЫС ҚУАНЫШЫ
10.06.2019 09:20

«Ел іші-алтын бесік». Қазалыда көпшілік куә болған бұл оқиғыны көргенде осынау даналық лебіз ойға оралған болатын. Қасиетті Рамазан айы имандылық пен қайырымдылыққа, сауапты іске үндейтіні, әмбеге аян. Ораза айттан соң, ауданда игілікті істің жүзеге асуы имандының жүзі қашанда жарқын боларын тағы да аңдатты. Бұл күні қайырымдылық қоры бес бірдей тұрмысы төмен, көпбалалы отбасыларға тұрғын үйдің кілті табыс етті.

Еңсесі биік, әсем де жайлы пәтерлерді иеленген тұрғындардың қуанышында шек жоқ. Олай болмағанда ше?!. Басынан өткенін ұрпақ зердесіне тағылым қылып сіңірген қазекең «Үйің болмай, күйің болмас...» деп текке тебіренбегені анық. Міне, қаншама адамның көптен күткен армандары жүзеге асты. Бір ғажабы, көпшіліктің қуанышына ортақтасқандай ауа райы да шайдай ашық болды.

Өзінің сөзін қайырымдылық дағдысының қазақ халқының қанына сіңген қасиет екенінен бастаған Қазалы ауданы әкімі Мұрат Ергешбаев түрлі қайырымдылық іс-шаралары  аудан көлемінде жыл бойы жалғасып келе жатқанын айта келе, «Асыл Иман Ихсан» қайырымдылық қорының белсенді азаматтарына ризашылығын білдірді.

Мұрат Нәлхожаұлының ықылым заманнан жетімі мен жесірін жылатпаған, көмекке мұқтаж  жанның қолтығынан демеген ата-баба дәстүрі қашанда көмескі тартпағанын, аудан көлеміндегі тұрмысы төмен отбасыларға, жетім-жесірлер мен мүмкіндігі шектеулі жандарға қайырымдылық көмектер көрсету назарда тұрғанын,  жыл басынан бері ғана тұрмыстық жағдайы төмен 2300-ге жуық отбасыға 6 млн 873,2 мың теңгенің көмегі көрсетілгенін, оған қоса, жомарт  жандардың қолдауымен бірқатар отбасыларға азық-түлік пен киім-кешектер алып берілді деген лебізін естігенде көз алдыма қуаныштан жүзі бал-бұл жанған қарапайым жандар елестеп өткендей әсерге бөлендім.

Шарада Қазақстан мұсылмандар Діни басқармасының Қызылорда облысы бойынша өкілі Болатбек Ұласқан қиналғандарға қол ұшын созып, жанашырлық танытқан қайырымды қазалылықтарға ризашылығын білдірді. Мұнан соң жаңа салынған тұрғын үйдің кілттері тұрғындарға салтанатты түрде табыс етіліп, бірқатар қайырымды жандар «Жанқожа батыр» атындағы орталық мешіт пен «Асыл Иман Ихсан» қайырымдылық қорының «Алғыс хаттарымен» марапатталды.

Үйлерді аралап көріп, ахуалымен танысқан қонақтарға «Асыл Иман Ихсан» қайырымдылық қорының төрағасы Сәбит Аралбаев алдағы жоспарларымен бөлісті.

Осынау тұрғын үйлердің құрылысын аудандағы «Жанқожа батыр» атындағы мешіттің жамағаттары құрған «Асыл Иман Ихсан» қайырымдылық қоры жүргізгенін, қайырымдылық қорға «Жанқожа батыр» орталық мешіті жамағатымен қатар, аудандық, облыстық мәслихат депутаттары, аудан кәсіпкерлері қолдау көрсетіп, демеушілік жасағанын,  жиналған 10 млн теңгеге жуық қаржының есебінен Әйтеке би кентінен 5 отбасыға арналып тұрғын үй салынғанын, бірнеше айға созылған құрылысқа көптеген азаматтар көмектескенін, тұрғын үйлерге электр энергиясы, ауызсу, ыстық су, газ және кәріз жүйелері жүргізіліп, қажеттіліктердің барлығы жасалғанын атап кету ләзім.

Жұмабек Табынбаев,

Қазалы ауданы

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Маусым 2019 >
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары