Өзекті мәселелер

  • 15.08.19

    Қала әкімдігінде шаһар басшысы Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен аппарат отырысы өтті. Бұған дейін мәжіліс залында ине шаншар орын болмайтын. Бұл жолы орын бос болды. Шамасы, ақжағалылар тамылжыған тамызда тынығуды жөн санаса керек. Жә, бастысы, ол емес.
    Аппарат мәжілісінде екі мәселе таразыға тартылды.

    ...
    Толығырақ...
  • 15.08.19

    Өткен аптада Жаңақорған ауданы, Жайылма ауылдық округінде қарбыз шырынын шығаратын цех алғашқы өнімін сынақтан өткізді. «Енді Жайылмада қарбыз кластері дамиды» дейді білетіндер. Лайым солай болғай! Естеріңізге салайық, осыдан тура 6 ай бұрын өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте сүйінші жаңалықты Жаңақорған ауданының әкімі  Ғалым Әміреев бірінші болып жеткізген-ді. Сол кезд...

    Толығырақ...
  • 15.08.19

    Жасыратыны жоқ, қоғамда мүмкіндігі шектеулі жандардың көп нәрсеге мүмкіндігі жоқ деген қате пікір әлі де бар. Алайда әр пенденің бұйыратын өз несібесі бар. Біреудің қолынан келмеген іс екінші адамның қолынан тууы мүмкін. Сол секілді айналадағы мүмкіндігі шектеулі азаматтардың еңбекпен жетіп жатқан жұмыстарына қолдау көрсетіп, шынайы баға беруді міндет санағанымыз жөн. Сондай өмірге құштар, ...

    Толығырақ...
  • 15.08.19

    Кәсіпкерлік дамыса, еліміз де өркениетке өрлейді. Жұмыссыздық азаяды. Нарық халыққа қажеттіні қамтиды. Шағын және орта бизнесті дамыту мақсатында қабылданған мемлекеттік бағдарламалар кәсіпкерлерге қолдауды арттырды. Іскерлік мүмкіндігін молайтты. Солардың қатарында сырдариялық тұрғындар да мемлекеттік бағдарламаның игілігін көруде. Мұны облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасы  мен ...

    Толығырақ...
  • 15.08.19

    Сәрсенбінің сәтті күнінде өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Олжас Әкімовтың қатысуымен брифинг өтті. Бір ерекшелігі, Олжас Азатұлы қашанда өзімен бірге спорттың әр түрінде жеңімпаз атанып, ел намысын қорғап жүрген қызылордалық өрендерді баспасөз мәслихатына  ертіп әкеліп, БАҚ өкілдерімен бетпе-бет жүздестіреді, кері байланыс орна...

    Толығырақ...
«ШАҒАЛАДАҒЫ» ШАТТЫҚ
10.06.2019 09:30

Жадырап жазда жетті. Табиғат-ана маңайға бар мейірін шашып, көкте күн күлімдеп тұр.Тіршілік атаулы толысып, ажарлана түскен.Үлкен де, кіші де мәз-мейрам. Әсіресе, жазғы демалысқа шыққан ойын балаларының қуанышы ерекше. «Бар жақсы - балаларға» деген ұстанымның нағыз көрінетін шағы.

Тарихы кенен Қазалы қаласындағы «Шағала» балаларды сауықтыру демалыс орталығының атағы баршаға мәлім. Сырдарияның нақ іргесіне орналасқан орталық көпшіліктің назарына алыстан шалынды. Аумағы атшаптырым мекенге қадам басқаннан жайқалған жасыл желекке бөленген кейпі кеудеңізге қуаныш ұялатады.

Міне, «Шағала» орталығы жазғы тынығу маусымына балаларды кезекті рет қабылдады. Кез келген шарадан, оның ішінде ел болашығы балаларға арналған қуаныштан ел ағалары бой тартып қалмайтыны белгілі. Бұл жолы да солай өрбіді. Лагерьдің жазғы маусымының ашылу салтанатына қатысқан Қазалы ауданы әкімі Мұрат Ергешбаев бастаған ел ағалары демалыс кезінде балалардың жақсы тынығып, уақыттарын тиімді пайдалануларына тілектестігін білдіріп, өнерлі өрендер дайындаған концерттік бағдарламаны тамашалады.

Оқырмандарымызды төмендегі деректермен таныстыра кетсек. Бүгінгі таңда лагерьдің бірінші ауысымында125оқушы демалуда.Тынығушылар тәулігіне бес мезгіл тамақтанады. Олардың уақытты көңілді әрі тиімді өткізуі назарға алынған.Орталықта  13 тәрбиеші жұмыс істеп, арнайы дәрігер мен стоматолог бөлінген.

Жазғы жеті ауысымда 875 бала тынығатын болады. Тұрмысы төмен отбасылардың балаларының демалуы үшін жергілікті бюджеттен қаржы қаралған.

Жұмабек Табынбаев,

Қазалы ауданы.

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Маусым 2019 >
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары