Өзекті мәселелер

  • 19.12.19

    Кешегі даласында абақ­тысы жоқ, бес қаруы белінде жүрсе де жауынан өзгеге қару жұмсамаған заманда елдің бір-біріне өкпесі, кеткен есесі болмады дейсің бе? Болды ғой. Бірақ, сол заманның өзінде қойнындағы қаруға тұра ұмтылмай, әділдікті, ақ пен қараны шешетін әулеттің үлкені не ауылдың ажасы, оған көнбей жатса, елдің қожасына жүгінді емес пе? Дау бұған да бөгет бермеген кезде биге барып соңғы ше...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Ақыл  жетпес

    Адамның ақылы өлшеусіз мол. Алайда сол ұлан-ғайыр, шексіз ақылыңның кейде кішкентай, уақ-түйек мәсе­лелерді шеше алмай, тұйыққа тіреліп, жол таба алмай, адасып­  жүретініміз  қалай?!

    ...
    Толығырақ...
  • 19.12.19

    «Кувад синдромы» туралы бұрын-соңды естіп пе едіңіз? Мүлдем естімеген болуыңыз да мүмкін. Бұл – ер адамның жүкті әйел секілді күй кешуі. Мұндай да болады. «Кувад» сөзі француздың «couver» деген етістігінен шыққан, яғни қазақшалағанда «жұмыртқа басу» дегенді білдіреді. Бұл синдром екіқабат әйелдің күйеуінде жүктіліктің үшінші айында басталып, сәби дүниеге келгенге дейін жалғасуы ықтимал....

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Шырылдаған бала дауысынан селк ете қалған олар өздері секілді тағы бір күнә­сіз­дің жетім қалғанын сезді. Сәбиді түннің бір уағында тауып­ алған тәрбиеші дереу төсекке жатқызып, жұбата бас­тады. Әбден жылай-жылай көзінен жасы сарқылған баланың демі бітіп, әрең тыныс алады. Көздері жәудіреген бір топ баланың естісі аузындағы емізікті жұлып алып, апайына ұстатты. Жанаршылықпен қараған оның ересек...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Поэзия

     

    Ботадай боздап аспан жылайды,

    Алдайды бәрін түлкі үміт.

    Жапырақтардан жас тамшылайды,

    Жапырақ жүрек бұлқынып. ...

    Толығырақ...
СУДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІКТІ САҚТАҢЫЗДАР
10.06.2019 09:55

Күн, ауа және суды дұрыс пайдаланған жағдайда адам ағзасын шынықтырудың және денсаулықты нығайтудың көзі болып табылады. Алайда су айдындарында әрекет ету ережелерін сақтамау қайғылы жағдайларға алып келуі мүмкін.

Адамдардың қаза болуының негізгі себептері: азаматтардың абайсыздығы, жабдықталмаған орындарда шомылуы, балаларды қараусыз қалдыру.

Суға шомылу маусымы басталғаннан бері Қызылорда облысы ТЖД қызметкерлері және Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел-құтқару жасағының құтқарушылары бірлесіп шомылуға рұқсат етілмеген орындарда демалушы тұрғындар арасында судағы қауіпсіздікті сақтау бойынша жаднамалар табыстай отырып, рейдтік шаралар жүргізуде. Өткізіліп жатқан рейдтердің мақсаты – бұзушылықтарды анықтау ғана емес, суда қауіпсіздікті сақтауға демалушылардың назарын аударту.

Қайғылы жағдайларды болдырмау үшін балалар мен ересектер судағы қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтауы қажет:

- ең бірінші және ең басты ереже – мектепке дейінгі және мектеп жасынан кіші балалар суда ересектердің бақылауымен ғана шомылулары керек;

- қоршау белгісінен тыс жүзбеу;

- тыйым салынған орындарда шомылмау;

- қайық, катер, айлақ және бұл мақсатқа бейімделмеген басқа да жерлерден секірмеу;

- кемелерге (моторлы), қайықтарға жақын жүзбеу;

- жүгіріп, ойнап терлегеннен кейін салқын суға бірден кірмеу қажет;

- мас күйінде суға түсуге және шомылуға тыйым салынады;

- үрленетін матрацта, автомобиль камераларында, үрленетін ойыншықтармен жүзбеңіздер;

- дауылды ауа райы немесе қатты толқынды жерлерде шомылуға болмайды;

- қараңғы уақытта суға түсуге болмайды.

Суда әрекет ету ережелерінің бұзылуына жол бермеңіздер! Өзіңіздің және балаңыздың өміріне қауіп-қатер төңдірмеңіз!

Қызылорда облысының ТЖД

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Маусым 2019 >
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары