Өзекті мәселелер

  • 15.08.19

    Қала әкімдігінде шаһар басшысы Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен аппарат отырысы өтті. Бұған дейін мәжіліс залында ине шаншар орын болмайтын. Бұл жолы орын бос болды. Шамасы, ақжағалылар тамылжыған тамызда тынығуды жөн санаса керек. Жә, бастысы, ол емес.
    Аппарат мәжілісінде екі мәселе таразыға тартылды.

    ...
    Толығырақ...
  • 15.08.19

    Өткен аптада Жаңақорған ауданы, Жайылма ауылдық округінде қарбыз шырынын шығаратын цех алғашқы өнімін сынақтан өткізді. «Енді Жайылмада қарбыз кластері дамиды» дейді білетіндер. Лайым солай болғай! Естеріңізге салайық, осыдан тура 6 ай бұрын өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте сүйінші жаңалықты Жаңақорған ауданының әкімі  Ғалым Әміреев бірінші болып жеткізген-ді. Сол кезд...

    Толығырақ...
  • 15.08.19

    Жасыратыны жоқ, қоғамда мүмкіндігі шектеулі жандардың көп нәрсеге мүмкіндігі жоқ деген қате пікір әлі де бар. Алайда әр пенденің бұйыратын өз несібесі бар. Біреудің қолынан келмеген іс екінші адамның қолынан тууы мүмкін. Сол секілді айналадағы мүмкіндігі шектеулі азаматтардың еңбекпен жетіп жатқан жұмыстарына қолдау көрсетіп, шынайы баға беруді міндет санағанымыз жөн. Сондай өмірге құштар, ...

    Толығырақ...
  • 15.08.19

    Кәсіпкерлік дамыса, еліміз де өркениетке өрлейді. Жұмыссыздық азаяды. Нарық халыққа қажеттіні қамтиды. Шағын және орта бизнесті дамыту мақсатында қабылданған мемлекеттік бағдарламалар кәсіпкерлерге қолдауды арттырды. Іскерлік мүмкіндігін молайтты. Солардың қатарында сырдариялық тұрғындар да мемлекеттік бағдарламаның игілігін көруде. Мұны облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасы  мен ...

    Толығырақ...
  • 15.08.19

    Сәрсенбінің сәтті күнінде өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Олжас Әкімовтың қатысуымен брифинг өтті. Бір ерекшелігі, Олжас Азатұлы қашанда өзімен бірге спорттың әр түрінде жеңімпаз атанып, ел намысын қорғап жүрген қызылордалық өрендерді баспасөз мәслихатына  ертіп әкеліп, БАҚ өкілдерімен бетпе-бет жүздестіреді, кері байланыс орна...

    Толығырақ...
СЫР САХНАСЫНДАҒЫ «ҚҰСТАР ФЕСТИВАЛІ»
12.06.2019 17:00

Мәдениет майданындағы сүбелі үлесіміздің бірі – театр. Шын таланттарды тоғыс­тыратын өнер ордасының тарихы­ тереңде. Жазушы Жүсіпбек Аймауытов айт­қандай  «... театр­ ермек емес, көңіл көтеру де емес, ол – үлгі, ол – тәрбие, ол – өнер орны». Иә, рас, себебі онда ізгілік пен махаббат, зұлымдық пен қиянат секілді қасиеттердің арақашықтығы көрсетіледі.

Өткен аптада Қызылорда облыстық Нартай Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театрында алғаш рет ұйымдастырылған драматург Д.Исабековтың «Құстар фестивалі» мюзиклының премьерасы көрсетілді. Фестивальде Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Бақытбек Алпысбай мен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Кәмила Әбжанова бастаған мәдениет қайраткерлері және сол саланың үздіктері өнер көрсетті. Спектакльді көрермен назарына ұсынған – Ш.Айтматов атындағы Халықаралық сыйлықтың лауреаты, Шымкент қалалық өзбек театрының бас режиссеры Қуандық Қасымов. Әйгілі драматургтың бұл шығармасының идеясы тың, мазмұны бөлек.

Жалпы, фестивальдің мақсаты – өнер саласындағы әділетсіздік пен бойкүйездікті, адамдар арасындағы алауыздықты құстар әлемінде бейнелеу. Туындыда 90-жылдардың аяғы мен 2000 жылдардың басындағы аумалы-төкпелі кезең көрініс тапқан. Қойылымның шиеленісті тұсы – бұлбұлдың тасада қалып, қарғаның топ жарып алдыға шығуы. Иә, дарынды өнерпаздың жолын кесетіндер әрдайым болады. Бірақ, шын таланттың жолын қанша бөгегенмен, оның бағын байлау мүмкін болмайды. Автор да бұлбұл мен қарғаның арасындағы өшпенділікті шебер суреттеген. Ал адамдар арасындағы пендешілікті құстар әлемінде жеткізу кімге болса да ой салары анық.

Кешті театрдың көркемдік жетекшісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Хұсейн Әмір-Темір қорытындылады. Ол спектакльге атсалысқан жандарға өз ризашылығын білдірді.  Бір қойылымның өзінде қаншама адамның еңбегі жатыр. Сахнаның безендірілуі, әдемі костюмдер, талантты өнерпаздар барлығы керемет үйлесім тапқан. Құстардың әрекеті арқылы астарлы ақиқатты жеткізген қойылымды көруге асыққан қала тұрғындары да әсем әннің, кереметтей мюзикл жанрының құдіретіне тәнті болып қайтты. Осылайша зұлымдықты сынап, адамдарға ізгілік пен имандылық жолын көрсеткен спектакльдің мәні мен мазмұны толықты.

Қорыта келе, өмір мен сахнаны байланыстыратын театр өнерінің әлі де бағындырар белесі көп. «Театр – адамдарды туыс қылатын шығармашылық отбасы» деп халық әртісі Шәкен Айманов атамыз айтқандай, халық үнемі рухани құндылықтарға бай мекеннен сабақ алып отырса, қазақ өнерінің шоқтығы биіктеп, мәдениетіміздің керегесі кеңейіп, театр әлемінің шаңырағы көкке көтеріледі.

Аружан  МЫРЗАЛЫҚЫЗЫ,

Қорқыт ата атындағы

ҚМУ-дың 2-курс студенті

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Маусым 2019 >
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары