Оқырманнан хат
Келіп кету есептегіші








![]() | Бүгін | 738 |
![]() | Кеше | 2779 |
![]() | Осы аптада | 12408 |
![]() | Өткен аптада | 18090 |
![]() | Осы айда | 14838 |
![]() | Өткен айда | 58946 |
![]() | Бәрі | 4195928 |
-
05.12.19
Толығырақ...
«Құмкөл-Қызылорда» автожолының 70-інші шақырымында «Кеңлік» кен орнынан Шымкент қаласына бағыт алған «Neoplan» маркалы автобус аударылып, 8 адам қаза тапты. 21 адам жарақат алған. Мәліметтерге сүйенсек, автобус ішінде барлығы 36 адам болған. Олардың барлығы – «Саутс Ойл» мұнай компаниясының қызметкерлері» деген ақпарат барша қазақстандықтың қабырғасын қайыстырғаны анық.
... -
05.12.19
Алты құрлықты ақпарат билеген уақытта оған ілесіп отырудың өзі жетістік. Соңғы жылдары «жаңа медианың келешегі кемел, ал дәстүрлі БАҚ-тың болашағы бұлыңғыр» деген пікір бірен-саран айтылып жүр. Қай медианың алға озып, қайсысы артта қалатыны уақыт еншісіндегі дүние деп білеміз. Бірақ ел алдымен интернетте жылт еткен жаңалыққа емес, газет бетінде қатталған хабарға сенетіні анық. Ол – ақиқат. Толығырақ...
- 05.12.19
Толығырақ...Ерғали АБДУЛЛА
Қу ақша
Бермеймін дегенді – бергізеді. Көрмеймін деге...
- 05.12.19
Толығырақ...Арнайы бетіміздің тұрақты айдарындағы кезекті қонағымызбен сұхбаттасудың сәті түсті. Бұған дейін есепшілер мен ұстаздар әулеті туралы жазған болатынбыз. Жасыратын түгі жоқ, бұл жолы кейіпкер таңдау оңайға соқпады. Нәтижесінде таңдау арманы – бір, мақсаты – ортақ, болмысы – егіз, бірге оқып, медицина саласында бірге қызмет етіп, бір шаңырақтың түтінін түзу ұшырып отырған дәріг...
- 05.12.19
Толығырақ...Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаев өткен жылғы 5 қазандағы Жолдауында «2019 жыл – Жастар жылы» деп жариялады. Жыл аяғы жақын. Күні бүгінге дейін елімізде жастар мәселесі бойынша озық істер орындалып, межелі мақсаттарға қол жеткізілді. Елбасы өзінің «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітабында: «Менің ойымша, біздің жастар елеспен өмір сүрмеуге тиіс. «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға орт...
- 05.12.19
«103»-тің БІР КҮНІ |
13.06.2019 10:25 |
Бүгінде басы ауырып, балтыры сыздамайтын пенде жоқ. Сырқаттанған адамның алдымен жедел жәрдемнің көмегіне жүгінетіні белгілі. Дәрігердің ауырған жерін тәптіштеп сұраса, көпшіліктің дертінен айыққандай күй кешетіні тағы бар. Алайда «103» қызметкерлерінің әр күні сын сағатқа толы. Көбісі ем-дом жасауға дайын арашашы жандардың сан түрлі жағдай мен оқиғаны бастан кешетінінен бейхабар. Бұған облыстық жедел жәрдем стансасының мамандарымен шақыртуларға шыққанда куә болдық.
ТАЛАП – ЖЫЛДАМДЫҚ пен ТӨЗІМДІЛІК Тіршілігі қым-қуыт қала өмірінде тұрғындар жедел жәрдемге жиі жүгінеді. Ал медицина қызметкерлері тәулік бойы тыным таппайды. Қызу жұмыс бір сәтке толастаған емес. Олар тұрғындарға жедел және шұғыл түрде қызмет көрсетеді. Бүгінде жедел жәрдем стансасында облыс бойынша 49 бригада жұмыс істейді. Оның 22-сі Қызылорда қаласына тиесілі. Жедел жәрдем қызметкерлерінің өнімді жұмыс істеуіне бас дәрігер Алмат Құрманғалидың да еңбегі зор. Ұжым талай жанға өмір сыйлап, алғысқа бөленіп келеді. Бізді бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасары Ғалия Нұрсейітова жылы шыраймен қарсы алды. Жүзінен мейірім төгілген маман стансаның жұмысын бүкпесіз жайып салды. Әңгіме арасында ол мекеменің 2016 жылы жаңа жүйеде жасақталғанын, 13 станция барын, оның 4-еуі Қызылорда қаласында екенін, облыста 88 жедел жәрдем көлігі, 31 мамандандырылған фельдшерлік, 18 дәрігерлік бригада және 80 дәрігер, 480 орта буынды қызметкер еңбек ететінін атап өтті. Нағыз жұмыс қайнайтын жер – диспетчерлік қызмет бөлімі. Басы ауырып, балтыры сыздағандардың барлық қоңырауына 13 және 1 оперативті бөлім автоматтандырылған шақырту қабылдау пульттерінде жұмыс атқаратын 9 диспетчер жауап береді. Бір минут ішінде науқас туралы мәліметтерді жинап, автоматты түрде тіркейді. Әсіресе, кешкі сағат 19:00-ден түнгі сағат 24:00-ге дейінгі мерзім – нағыз қарбалас шақ. Бригадалар табандарынан тік тұрып қызмет көрсетеді. Қала тұрғындарының саны көбейген сайын жедел жәрдемге жүгінетіндердің қатары күннен-күнге артуда. Сондықтан бұл сала кәсіби шеберлікті ғана емес, жылдамдық пен төзімділікті талап етеді. Осындай талапқа мойымағандар ғана мұнда жұмыс істейді. – Облыстық жедел жәрдем стансасында фельдшерлік, дәрігерлік, педиатрлық, кардио-реанимация бригадалары бар. 2 жансақтау бригадасы да тәулік бойы қызмет көрсетеді. Аурудың жағдайына қарай дәрігер кез келген бригаданы жедел көмекке шақыра алады, - дейді оперативтік бөлімнің аға дәрігері Толқын Жұмаділдаева. Толқын Серікбайқызының айтуынша, тәулігіне 1500-ге дейін шақырту келіп түседі. Кейде бұл цифрдан асып кететін жайлар да кездеседі. Ал күн райының қолайсыздығына байланысты қоңыраулар мұнан да көп түседі. Мұнда дәрігерлер орта есеппен жылына 400 мыңға жуық тұрғынның шақыртуымен шығып, талапқа сай қызмет көрсетеді. Осы сәтте жедел жәрдем стансасына қоңырау соғылды. Дәрігер болса керек. - ЭКГ-ға түсірдім. Инсульт алған... Кезекші диспетчерге жұмысын баяндап жатыр. Кешкі уақыт. Ауысым ауысып жатыр. Соған қарамастан шұғыл қоңыраулар жан-жақтан толассыз соғылуда. Мамандар үшін әрбір секунд маңызды. Олар қоңырауларды жедел түрде бригадаларға хабарлайды. ҚОЛЫ ЖЕҢІЛ ЖІГІТ Стансаның тыныс-тіршілігімен танысқан соң, №1 бригаданың интенсивті терапия бөлімінің дәрігер-фельдшерлерімен шақыртуға шықтық. Олар науқас балаға көмек көрсетуге асықты. Жедел жәрдемнің жүргізушісі Самат Жаппасбаев дереу дабылын іске қосты. Ол қызметіне алғыр екенін байқатты. Құс қанатындай жүйткіген көлік зулап келеді. Бағытымыз – Тасбөгет кентіндегі Ә.Молдағұлова көшесі. Ойлы-қырлы, кедір-бұдыры көп сұрықсыз жол. Көлік асау аттай мөңкиді. Жүргізуші Саматтың айтуынша, Тасбөгеттегі кейбір көшелердің аяқ жағына бара алмайсың. Асфальтсыз жолда жауын-шашын күндері жүру ауыр. Көбіне дәрігерлер науқасқа жаяу баратын көрінеді. Жедел жәрдем 10 минутта хабарланған мекенжайға жетті. 3 жастағы Нұрислам Амангелді ауырып қалыпты. Мамандар балаға шұғыл көмек көрсетті. Кішкентай баланың қызуы көтеріліп, қалш-қалш етеді. Әжесінің айтуынша, немересі өзін түскі уақыттан бастап жайсыз сезінген. Температурасы 39-дан асыпты. Уколды көргеннен ол жылап жіберді. Фельдшер Жасұлан Мыңжасаров оған қызуды түсіретін дәрі екті. - Сіреспе енді басталып жатыр. Ауруханаға апарып, жатқызу керек. Антибиотиктің қуаты кеткесін, ауру асқынуы мүмкін. Қайталануы өмірге қауіпті, - деді кардиологиялық топтың дәрігері Мейрамбек Әділбеков. Мұнан соң, жедел жәрдем көлігі баланы анасымен бірге жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізді. Мұнда ол он күн ем алатын болады. Ауруханадан шыққанда тағы да шақырту түсті. Суыт хабар жетісімен жол-көлік апаты болған жерге жол тарттық. Жүргізуші Самат Жаппасбаев қаланың қалтарысы мен ұңғыл-шұңғылын жақсы біледі. Ол он жылдан бері жедел жәрдемде қалтқысыз еңбек етіп келеді. Бұл жолы да оқиға орнына жедел жетті.
ҚАТЕР ТӨНДIРГЕН ЖОЛ-КӨЛIК ОҚИҒАСЫ Кешкі сағат 20:00. Төтенше жағдай Қорқыт ата мен Ынтымақ көшесінің қиылысында болған. Көлікті тізгіндеген әйел қарсы бағытта келе жатқан көлікті байқамаған. Артынша тежегішін басып үлгергенімен, автокөліктің қапталынан соғып өтеді. Мамандар медициналық көмек көрсетті. Қан қысымын өлшеп, укол салды. Абырой болғанда әйелдердің жағдайы қалыпты. Денсаулығына төндірген қауіп жоқ. - Көлікті байқаған жоқпын. Аңдаусызда соғып алдым, - деді Севара Байкараева. Күн сайын әрбір бригада 20-дан астам шақыртуға барады. Келесі шақырту қала тұрғынынан түсті. Үй сыртындағы нөмір жоқ. Шұғыл көмек көрсету болғандықтан дәрігер Мейрамбек Әділбеков үйді іздестіре бастады. Шындығында жекеменшік үйлердің арасынан хабар берген үйді табу оңай болған жоқ. Көше атауы болғанымен, нөмір берілмеген. Қызметіне ширақ дәрігер де, жүргізуші де бұл тығырықтан жол тапты. Науқастың туыстарымен тілдесе отырып, мекенжайды әп-сәтте біліп алды. Есік алдына жүгіре шыққан әйел болған жайды айтып, үйіне бастай жөнелді. Дәрігерлермен ілесіп, ішке ендік. Төрәлі Баймаханов есімді азамат төсекте қимылсыз жатыр. Мазасы жоқ. Диагнозы – жедел вирустық инфекция. Жедел жәрдемнің мамандары алғашқы көмек көрсетіп, азаматқа ем алу қажеттігін ескертті. Біз дәрігерлер болмағанда науқастың беті бері қарамайтынын, ауруы бұрынғыдан үдейтінін түсіндік. Фельдшер Жасұлан Мыңжасаров мұндай оқиғалардың жиі болатынын, денсаулығына немқұрайды қарайтындардың көп екеніне қынжылысын білдірді. – Әсіресе, мекенжай бойынша мәселе көп. Қоңырау шалушылар эмоциямен өзінің қайда хабарласқанын ескермейді. Өкініштісі, мекенжайлар шақырту бойынша дұрыс берілмейді. Қала аумағы ұлғайғандықтан атаусыз, нөмірсіз үйлер жиі кездеседі. Тіпті Мұратбаев, Абай, Молдағұлова көшелері бір-бірінің атын қайталайды. Бірақ жүргізушілеріміз баратын бағыттарды жақсы біледі. Талап бойынша көлік 15-20 минут ішінде жетуі тиіс. Әрине, жол кедергілері болмағанда, - дейді ол. - Стансаның қыз-жігіттері күн сайын жан шошырлық оқиғаның сан мәрте куәсі болады. Бастысы, дәрігерлердің әрқайсысы қайсарлық пен сабырлық танытып, ауру адамға дәрігерлік көмек көрсетуге тырысады. «Себебі, тұрғындардың денсаулығына жауап беру, алғашқы медициналық көмек көрсету – біздің борышымыз», - дейді Жасұлан. Жұмысына тиянақты, өз мамандығына деген сүйіспеншілігін, дәрігерлік антына адалдығы мен науқасқа деген жанашырлық ниетін көргенде Жасұлан мен Мейрамбекке қалай сүйсінбейсің... Мұнан кейін жедел жәрдем көлігімен стансаға келдік. Ал жігіттер жылы қоштасып, келесі шақыртуға аттанып кетті. Дәрігер кабинетінде жасы алпысты алқымдаған жігіт ағасы отыр. Фельдшер Мансұр Әділет науқастың жүрегін ЭКГ-ге түсіріп, қан қысымын тексерді. Ал субординатор Шәкір Дархан науқас Мейрамхан Құлмаханұлына демалып, режимді сақтау қажеттігін ескертті. Мұнан кейін осы мамандармен кезекті шақыртуға шықтық. Жаппасбай батыр көшесі №191 үйді біраз іздедік. - Жедел жәрдем ғой. Үйіңіз қайда? - Жол бойында тұрмыз. Аяғы ауыр келіншек есік ауласына өзі шықты. Рейд кезінде Шәкір Дарханның өз жұмысына тыңғылықты, жан-тәнімен орындайтынын байқадық. Ол 26 жастағы науқастың шағымын қабақ шытпай тыңдады. Тиісті көмегін ықыласпен көрсетті. Аяғы ауыр әйелдің жүктілігі – 38-39 апта. Санаулы уақыттан соң, босануға дайын. Жедел жәрдем аялдамастан жас ананы облыстық перинаталды орталыққа жеткізді. – Кейбір адамдар ауырса да, жарақат алса да, үй жағдайында емделеді. Араға бірнеше күн, тіпті, бір апта салып ғана жедел жәрдемге қоңырау шалатындар бар. Кейде уақытылы хабарламағанның салдарынан ауру асқынып кетеді. Салғырттықтың соңы жақсылыққа әкелмейді, - дейді Шәкір Дархан. Рейд барысында біз жедел жәрдем жұмысының оңай емес екеніне көз жеткіздік. Мұнда мамандар өз қызметін жақсы біледі. Олар өздерінің білікті екендіктерін тағы да бір дәлелдеді. Тәулік бойы тыным тапқан жоқ. Түрлі жағдайлармен, оқиғалармен бетпе-бет келді. Кешке дейін бекетке 540 шақырту келіп түсті. Статистика бойынша, жедел жәрдемге хабарласатындардың арасында қан қысымы, жүрек аурулары көп. Көбісі қант диабетіне, семіздікке шалдыққан. Жол-көлік оқиғаларынан зардап шеккендер де аз емес. Кешке қарай науқастардың саны күрт көбейеді екен. Бірақ көкейтесті мәселе де бар. Облыста жедел жәрдем көлігі жетіспейді. Көбісі ескі. Жүргенінен күрделі жөндеуде тұратыны көп. Сосын балалар дәрігеріне сұраныс артқан. «Бір сағатта жетті» дейтін тұрғындар жедел жәрдемнің мәселесін қайдан білсін. Мұнан бөлек, мекенжайларда кемшілік көп. Ұлттық сипат беретін көше аттарының да маңызы бар ғой. Елдік ерекшелігімізді танытатын жер-су аттары көп емес пе? Тәуелсіздігімізді паш ететін, тарихи-рухани құндылықтарымызды насихаттайтын атаулар Қызылорда көшелеріне жетіспейді. Облыста Абай есімін иеленген көшелер көп. Осыған ұқсас жағдай Мұратбаев, Молдағұлова көшелерінде де қайталанады. Көше атауларының бірін-бірі қайталауы жедел жәрдем, өрт пен құтқару қызметіне жүгінетіндерге де қиындық тудырады. - Сын айтылмаған жерде жұмыс жүрмейді. Ал жұмыс істемеген адам ғана сынға ілікпейді. Біз үшін барлық тұрғындардың денсаулығы өте маңызды, бірінші кезекте жүкті әйелдер мен кішкентай балаларға түскен шақыртуларға аса мән беріледі. Талап бойынша жедел жәрдем бригадасы шақыртуға 15 минут ішінде жетуі тиіс. Әрине, жол кедергілері болмағанда. Барлық шақыртулар 6 санатқа бөлінеді. 1, 2, 3-санатқа кіретін шақыртулар – жол-көлік апаты, суға бату, күйік шалу, газбен улану жағдайлары. 4-санатқа созылмалы аурулар бойынша түскен шақыртулар жатады. Осы 4 санаттағы шақыртуларға 60 минут ішінде жедел жәрдем жіберіледі. Өкінішке қарай, тұрғындар мұны түсінбейді. Шағымдануға дайын тұрады. Әрине, науқастарды да түсінуге болады, ауырып тұрған адамның көңіл күйі де болмайды, тәні ғана емес, жаны да ауыр. Қазір ауруханаға жедел жәрдем арқылы жатқысы келетіндер көп. Адамдар өзінің учаскелік дәрігеріне, яғни емханаға қаралуға міндетті, ал жедел жәрдем шұғыл жағдайдағы науқастармен айналысуы қажет. Кейде бригадамен халыққа қызмет көрсетуге үлгере алмай жатамыз. Күн сайын тыным таппайтындықтан, көліктер ескірген. Оны күнделікті жүретін машиналармен салыстыруға болмайды, - дейді бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасары Ғалия Нұрсейітова.
Күн ұясына батқанымен, шақыртулар толастар емес. Жедел жәрдем қызметкерлері үшін жұмыстың қызған шағы. Бұл уақытта бригадалар жұмысқа білек сыбана кіріседі. Жедел жәрдем қызметкерлерінің арқасында уақыт құнының алтыннан да қымбат екенін сезіндік. Сіз бен біз үшін күн мен түн деген айырма болса, олар үшін күннің 24 сағаты борыш, міндет, парызбен теңеседі.
Құттыбике НҰРҒАБЫЛ |