Өзекті мәселелер

  • 18.07.19

    Жалпы, қай жерде болмасын статистиканың орны бөлек. Статис­тика – адам сүйсініп не күйініп оқитын бірден-бір ақпарат. Яғни, ол – әрдайым оқылымды материал­. Сондықтан  болар, Ұлттық экономика министрл­ігі Статистика  комитетінің  http: //stat.gov.kz/ сайтын әлсін-әлсін шолып тұратынымыз бар. Бұл жолы біз өз облысымызға қа­тысты біршама сандық деректерге тап болдық. Оны жүйелеп, оқырман ...

    Толығырақ...
  • 18.07.19

    Қызылордада құрылыстың қарқынды дамы­ғаны соңғы бесжылдық десек, асыра айтқандық емес. Алдымен тұрғындарды әлеуметтік нысандармен қамтуды басты бағыт санаған жергілікті басшылар қаладағы көпқабатты тұрғын  үйлердің де көптеп бой көтеруіне мән берді. Оған соңғы 6 жылда облыста 2 млн шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілгені дәлел. 2013 жылы 270 мың шаршы метр тұрғын үй салынса, 2018 жы...

    Толығырақ...
  • 18.07.19

    Бүгінгі күні ауданда балық шаруашылығы саласы қарқынды дамыды деп айтуға толық негіз бар. Өйткені балық шаруашылығы өңір экономикасының дамуына және халықтың әлеуметтік жағдайының жақсаруына, оларды жұмыспен қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарып отыр. Себебі Арал теңізі мен Сырдария өзенінің жағасында қоныстанған жергілікті халықтың өмірі мен тұрмысы балық шаруашылығымен тығыз б...

    Толығырақ...
  • 18.07.19

    «Рас, үйленбей тұрып әйел­ді «ашсам – алақанымда, жұм­сам – жұдырығымда ұстаймын» дегеннің бірі мен едім» деп бас­тады автобуста отырған жігіт ағасы. Өзі ащы судан аздап ұрт­тап алғанға ұқсайды. Сәлден соң салбыраған басын қисаң­дата көтеріп, көзін жартылай ашып-жұмып «менде бәрі бар еді, көлігім де, үйім де...» деп тағы налыды. Ал, әйелін айт­қандағы байғұстың жыларман түрі мен шарасыздықтан с...

    Толығырақ...
  • 18.07.19

    Сүйріктей саусақ, сәнді тырнақ – кез келген қыз-келіншектің арманы. Тырнағын әсемдеу әйелге сенімділік сыйлайды. Өз-өзін бағалайтынын байқатады. Бүгінде гельді тырнақ бояуын қолданбайтындар сирек. Екінің бірі осы әдісті жасатады. Оның кәдімгі бояудан артықшылығы көп. Бір айға дейін жылтыр әрі тартымды түсін сақтайды. Бірақ... Сұлулыққа құштарлық денсаулыққа қауіп төндіруі мүмкін. Ма...

    Толығырақ...
ЖЕТІМДЕР ЖЫЛАМАСЫН!
20.06.2019 10:20

Жетімдер үйі.

Аида бүгін алғаш рет жетімдер үйіне келді. Әрине, өзінің қалауымен емес. Күнкөріс қамымен жұмыс істеп, ақша табу үшін амалсыздан жетімдер үйіне жұмысқа тұрды.

Бүгін, міне, оның жаңа жұмысына келген алғашқы күні. Шыны керек­, аяғы есікке қарай өз еркінсіз әлсін-әлсін беттеп келеді. Ішіне кіруге  зауқы жоқ. Бірақ амалы­ бар ма? Қазіргі сәтте оның отбасындағы қаржылық жағдайлары мәз емес. Сондықтан да ата-анасына масыл болып үйде  отырғысы  келмей­ді. Сол үшін осы жұ­мыс­ты  істеуге  мәжбүр.

Аида жұмыстың ал­ғашқы күнінде бастықтың бұйрығымен балалармен танысып көрмекке бекін­ді. Осылайша, балалардың бөлмесіне беттеп, есікті ашып еді, ондағы балалардың барлығы тыныш­талып, есікке қарап қалды. Сол сәтте Аида кей баланың жүзін­де қуаныш пен күлкі үйіріліп, кейбірінің жанарлары мұңлы кейіпте тұрғандарын  байқады.

Аиданың аяқ-қолы дірілдеп, тәуекелге бел буып, кішкентай періштелермен танысуға беттеді.

- Сәлем, сары қыз! - деп өзінің көзіне алғаш түскен, ерекше көрінген, шашы  өрілген  сары  қызбен  танысқысы  келді.

- Сәлеметсіз бе! Сіз менің анамсыз ба? - деп бес жас шамасындағы қыз бала тәрбиешіге  жымиып қарады.

Аида оның қойған сұрағын түсінбей, сасқалақтап, ыңғайсыз сезімде қалды. Осы сәтте өзге балалардың қасынан тәрбиеші апай жылдам келіп:

- Әлия, қызым, бұл сенің анаң емес. Бұл бізге жаңадан  келген тәрбие­ші апай. есімі Аида, - деп таныстыра жөнелді.

Сол сәтте Әлия:

- Апай, кешірім сұ­раймын. Мен жай... Сіз менің анама қатты ұқсайды екенсіз. Сол үшін сұрағаным ғой, - деді де, өзге  балалардың арасына қосылып кетті.

Мұндай сөз­дерді күт­пеген Аида таңданысын жасыра алмай, қасындағы тәрбиеші апайға:

- Кешіріңіз, ол қыз не үшін бұлай деді? Мен оны алғаш рет көріп тұр­мын. Оның маған «Ме­нің анама қатты ұқсайды екенсіз»  деген  сөзі қатты таңғалдырды. Сонда кіш­кентай қыз анасының түрін көрген бе?

Тәрбиеші апай балаларды  мұңлы  көзі­мен  бір шолып, күрсінді де:

- Ол қыздың есімі Әлия. Бұл жердегі балалардың  барлығы да мұн­да кішкентай, естерін біл­мейтін кезде келген. Олардың  ешқайсысының да ойларында  ана­лар­ының бейнесі жоқ. Тек олар өздері көрген түстер мен қиялдарының арқасында аналары мен әкелерінің кескін-келбеттерін ойлап, әрдайым сол жандарды күтумен болады. Әлия осылайша сені түсінде көрген әйелмен шатастырып алса керек­. Оны көңіліңе алма, - деп тәрбиеші апай Аидаға өзінің ақыл-кеңестер­ін  берді.

Арада бір ай өтті.

Аида бастапқыдай емес, ол бұл кезде барлық балалармен танысып, олармен өте жақын қа­рым-қатынаста болып алған. Жұмысына бір күн келмесе, кішкентай балапандарын сағы­натындай күйге түсетін болды.

Бірде балалардың барлығы аулаға шығып кетіпті. Аида бөлмеге келсе, тек Әлия ғана үлкен терезеге қарап отыр. Аяғын ақырын басып, қатты ойға батып кеткен қыздың қасына жайғасты.

Аиданың қасына келгенін енді байқаған Әлия орнынан атып тұрып, көзінен шыққан мөлдір жасын нәзік қолдарымен сүртіп, Аидаға «Неге кел­діңіз?»  дегендей таңдана, әрі сұраулы жүзбен қа­рады. Оның жылап отырға­нын байқағ­ан  Аида:

- Әлия, саған не болды? Не үшін жылап отырсың? Басқа балалардың бәрі далада ойнап  жүр. Не үшін бұл жерде отырсың? - деп сұрады.­

- Жай. Әкем мен анамды ойлап отырмын.

Аида сары қыздың  бұл сөздеріне не дерін біл­меді, арада үнсіздік орын алды. Үнсіздік артынша Әлия:

- Апай, көрдіңіз бе, кеше Асанды ата-анасы келіп алып кетті. Ол маған­ үнемі «Менің ата-анам жұмыстарын аяқ­таған соң алып кетеді. Мен оларды күтемін» деп әрдайым осы терезенің алдында отыратын еді. Мен де бүгіннен бастап осы терезенің алдында отырып, әкем мен анамды күтемін. Ол кісілер де мені жұмыс­тары біткенде алып кете­тін шығар, - деп күлім­деп, қайтадан терезенің алдына  отырды.

Осыдан соң Аида «Жетімдер үйінің» басшысына жолығып, Әлия жайлы, оның ата-анасы туралы толық мәліметтерді  білгісі  келді.

- Гүлшара Асхатқызы, кешіріңіз. Кіруге рұқсат па?

- Иә,  Аида, отыра­ ғой. Не шаруамен кел­дің?

- Гүлшара Асхатқызы, мен Әлия туралы мәлі­меттерді білгім келіп еді.

- Әлия? Біздің тәр­биеленуші сары қыз жайлы­   ма?

- Иә, дәл өзі.

- Бірақ, не үшін еке­нін білуге бола ма?

- Мен ол қызды жақыныр­ақ танығым келеді.­

- Аида, өзің білесің, бізде ондай құжаттарды ешкімге көрсетуге болмайды.

- Иә, иә. Білемін. Бірақ... Өтінемін, менің бір өтінішімді орындаңызшы.

- Ммм... Жарайды. Тек осында жұмыс істегендіктен  ғана  бір  жолға келісімімді бере­мін. Кейін мұндай жайт қайталанбасын.

- Рақмет сізге, Гүл­шара Асхатқызы, - деп, Аида құжаттарды алып үйіне  кетті.

Үйіне келіп, құжаттармен толықтай танысып көріп қатты таң­ғалды. Әлгіндегі Әлияның айтқан сөздерін есіне алып өкіріп жылап жібер­ді. Жылаған дауысын естіген­ анасы келесі бөлмеден жүгі­ріп келіп не  болғанын сұрады.

Сөйтсе, Әлияның ата-анасы мен ағасы ол бір жастан асқан шағын­да ірі жол-көлік апатынан  қайтыс  болыпты. Ал, олардың басқа туыс­т­ары Оны  асырап алуда­н бас тартыпты. Содан­, міне, Әлияның балалар үйінде тәрбиеленіп жатқанына төрт жылдан  асыпты.

Аида болған жайттың барлығын анасына баяндап береді де, Әлия­ны асырап алғысы келетінін айтады.

Әрине, ата-анасы Аиданың ұсынысына бірден келіспесе де, қызының бақыты үшін өз рұқсаттарын береді.

Дегенмен, үйленбеген қызға бала асырап алуға болмайтынын ес­тіп, екі жыл бойы көңіл жарастырып жүрген жігітіне барлығын айтып береді. Жігіті  де  Аида үшін бәрі­не дайын екенін, бұл ұсынысқа  қарсы  еместі­гін  білді­реді.

Екі айдан соң Ринат пен Аида шаңыр­ақ көте­ріп, көп ұзамай­ Әлияны асырап  алады.

Бүгінде Ринат пен Аиданың  Әлиядан бө­лек бір  қызы мен екі ұлы бар. Олар өте бақытты  отбасы!

 

Жәния  ТӨРЕБЕКОВА,

№107  орта  мектептің 11-сынып  оқушысы,

Қармақшы  ауданы,

Дүр  Оңғар  ауылы

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Маусым 2019 >
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары