Өзекті мәселелер

  • 11.07.19

    САУЫҚҚАН  ЭКОНОМИКА САЛАНЫ  ДАМЫТАДЫ

     

    Еліміз  тәуелсіздік  алғаннан бастап-ақ нарықтық экономика сатыларына аяқ басуды ұйғарды. Оған дейінгі ауылшаруашылығы, егін  шаруашылығы деген салаларды тара­зы­дан түбегейлі алып тастаған жоқ. Ел экономикасының қарқынды дамуына осы салалармен қоса жаңа жо...

    Толығырақ...
  • 11.07.19

    Ізгілік пен қайырымдылық – адамзаттық құндылық. Тіпті, бұларды адамгершіліктің өзегі деп те атаған. Әр нәрсе өзінің мәнімен, өзін­дік қасиетімен қа­дірлі, құнды. Яғни адам өзінің мәні, қасиеті – адамгершілігімен, қайырымдылығымен қадірлі әрі  абзал  болмақ.

    Осы орайда Арис­тотельдің өзі «Бақыттың кілті – қайы­рымдылықта» деген екен. Демек, ізгілік, қайырлы іс – адам баласын бақытқа жетк...

    Толығырақ...
  • 11.07.19

    Тапсырманың да түр-түрі болады. Мұнан біраз уақыт бұрын ата-аналар тарапынан «үй тапсырмасын үйіп-төгіп бермесін» деген талап «төрге озған» еді. Рас, мектеп бағдарламасын шамадан тыс қиындату оқушының білімге деген ынта-жігерін төмендетпей қоймайды. Қит етсе, мұғалімдерді аяп, қаралап шығатын қауым көбейді. «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» деуші едік. Қазір әлеуметтік желіде ...

    Толығырақ...
  • 11.07.19

    Шілде басталмай, сауда орындарында қауын-қарбыздың саудасы­ қызды. Бау-бақша өнімдерінен көз сүрінеді. Нарықтағы бағалары былтырғы­мен  салыстырғанда  қымбаттау.  Қарбыздың  келісі  80-100, қауынның келісі 200-300 теңгеден сатылуда. Бірақ көпшілік  бағамен санасып жатқан жоқ. Шөл басатын әуес асты қалтасына қарамай алып жатыр. Негізі бақша өнімдері  шілде айының соңына таман піседі.  Та...

    Толығырақ...
  • 11.07.19

    ЖАҢА  СТАДИОНДАҒЫ   ЖАҢА  КЕЛЕҢСІЗДІКТЕР

     

    Өткен аптада сыр­бойылық футболсүйер қауым көптен күткен матч өтті. Ел біріншілігінің 17-туры аясында «Қайсардың» «Шахтерді» қа­былдаған кездесуі Ғ.Мұ­ратбаев атындағы орталық стадионның ашылу күніне сай келді. Жөндеу жұмыстарынан соң жап-жаңа алаң атағына ие бол­ған бұл нысан туралы азды-көп...

    Толығырақ...
БАЛАЛЫҒЫ ДА, ДАНАЛЫҒЫ ДА БАР БАЛЖАН
20.06.2019 10:30

«...Бізге керегі шын дарындар. Мемлекет өзінің талантты ұлдары мен қыздарын, тарланбоз жүйріктерін қолдауға, қорғауға міндетті». Иә, талантты да дарынды жастар – елі­міздің бетке ұстар мақтаныштары. Оны  жоғарыда айтылған Тұңғыш президентіміз Н.На­зар­баевтың сөзінен айқын байқауға болады. Жас ұрпақтың келешекке нық қадам басуы­ – қоғам үшін маңызды да жауапты күш. Еңсесін тіктеп келе жатқан еліміз үшін да­рынды ұрпақтың орны бөлек.

Жалпы­, дарынды жастар деген кімдер? Осы сұраққа жауап іздеп көрейік. Кез келген баланың бойында өзіндік ерекшелік болады. Алайда барлығы бірдей таныла бермейтіні белгілі. Баланы уақыт талабына сай икемдеп, санасына өз заман­ының озық өнегесін сіңіру маңызды. Себебі, дарынды ұрпақ ғана халыққа көп пайда­  әкеледі.

Қоғам үшін шын талант­тарды  іздеу, оларды оқыту мен тәрбиелеу бүгінгі күні өте қажет. Дарынды бала өте сезім­тал, өзгеше ойлайтын, жылдам, ұшқыр қиялды және түсінік таным­ы жоғары болып келеді. Жалпы, оқушы бойындағы дарыны­н балалық шақтан ұштау – мектеп пен мұғалім алдын­да тұрған басты міндет. Бірақ бала бойындағы дарындылықты  анықтауда  асығыстық  танытуға болмайды. Негі­зі, талант­ты жастармен жұмыс жүргізу үшін ең алдымен оның шығармашылық ізденісін арт­тыр­у қажет. Одан соң пәнге деген­ қызығушылығын, белсенділігін жетілдірген жөн. Содан кейін түрлі интеллектуалдық сайыстар арқылы оқушының бейімділігін анықтау керек. Қазіргі таңда ұстаздар қауымының негізгі мақсаты – тәуелсіз елімізге тұлға болып қалыптасатын, талабы тау­дай ұрпақ тәрбиелеу. Сонымен қатар мектеп мұғалімдеріне, өскелең ұрпаққа жаңа заман талабы­на сай озық дәстүр  арқы­лы­ білім беру және сол білімді лайықты пайдалану секілді жауапт­ы  міндеттер  тұр.

Мінеки, бүгінгі күні осы мақсат­тар мен міндеттер ая­сында жұмыс істеп келе жатқан білім ордалары жетерлік. Соның бірі – Шиелі ауданы, Сұлутөбе ауылдық округіне қарасты №41 М.Шоқай атындағы орта мектеп. Мектепте осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстар өз нәтижес­ін беруде. Жыл өткен сайын талантты оқушылар өсіп келеді. Сондай  дарынды шә­кірт­тердің бірі – Балжан Ералы. Әр жыл сайын үздіктер қатарынан ойып тұрып орын алатын жас жеткіншектің арманы асқақ. Қазіргі ең басты арманы – орыс және ағылшын тілінде еркін сөйлеу. Сол арқылы әлемдік деңгейдегі  сайыстарға  қатысып, бақ сынау.

- Арманым орындалу үшін аянып қалмаймын. Қолымнан не келеді барлығын істеймін, көрсетемін. Асқақ армандарымды жүзеге асыру үшін ешбір қиындыққа мойымаймын. Кез келген кедергіге қасқайып қарсы тұрамын, - дейді ол.

Бүгінгі күні 11 жасқа толған жас өрен мектебіндегі белсенділер қатарында көш бастап тұр. Қандай да болсын іс-шараларда, сайыстарда белсенділік таны­тады. Болашақта журналист болса­м  деген бала  арманы  бар.

«Өскенде телеэкран бетінен көрінгім келеді. Жай ғана көріну емес, сол салада жұмыс істеп жүрген білікті маман иесі болсам деймін» деген пікірімен де бөлісті. Кім біледі мүмкін балалық арманы жүзеге асып, өзінің сара жолын қалыптастыратын дара тұлға болар. Барлығы уақыттың еншісінде. Тек ар­манынан адаспай, мақсатын айқын­  жүзеге  асырса  болғаны.

Балжанның осы күнге дейін жеткен жетістіктері көп. Үздік оқушы, түрлі сайыстарда же­ңім­паз атанып, мақтау қағаз­дары мен дипломдарды иеле­ніп келеді. Өзінің айтуынша, өмірдегі ең үлкен жетістігі атасының «Құрметті азамат» атағын алуына өз үлесін қосқаны екен. Атасынан үлгі-өнеге алып, әр айтқан ақылын өмір­лік тәжірибе деп қабылдайтын жас жеткіншектің бағындырар белесі, алар асуы, жетер жетіс­тігі әлі алда. Білімге деген құш­тарлығының арқасында ізгілік пен батылдықты бойына сіңі­ріп, асқақ армандарының орындалат­ынына үлкен сеніммен қарап келеді. Алға қойған мақсат­тарының жолында тынбай еңбек етіп, білімі мен тәжірибесін өмір жолында пайдаланса, әлі де биік самғайтынына сенім мол.

Жақында тұсауы кесілген «Дарынды бала» айдары өзінің үшінші кейіпкерінің қыр-сырын­ аша білді. Жалындаған жас өрендердің ізденіс жолындағы еңбектерін жандандыру мақсатында ашылған бұл айдар­дың жас өнерпаздар мен ізденімпаздар үшін берері мол. Әрбір санында жарық көретін кейіпкер үшін бұл – үлкен жетістік. Ендеше, жас жеткіншектердің армандарына қанат бітіруді көздеген «Дарынды бала» айдарының келесі санын асыға күт, жас дос!

 

Балжанның  жетістіктері:

*Мадақтама, «Ата-баба мұрасын сақтаймыз және көбейтеміз» атты ғылыми жоба сайысында 1-орын, 2016 жыл;

*Мадақтама, «Ата-баба мұрасын сақтаймыз және көбейтеміз» атты ғылыми жоба сайысында 1-орын, 2017 жыл;

*Мадақтама, «Ойна да, тез ойла» атты интеллектуалдық сайыс­та 3-орын, 2018 жыл;

*Мадақтама, «Жазғы табиғат сайысы», 2019 жыл;

*Мадақтама, «Аяулы күз, алтын күз» эссе байқауы, 2016 жыл;

*Диплом, «Ақ бота» интеллектуалдық марафоны 3-орын, 2015 жыл;

*Диплом, «Ақ бота» интеллектуалдық марафоны 1-орын, 2016 жыл;

*Сертификат, «Ақ бота» республ­икалық интеллектуалдық мара­фоны, 2017 жыл;

*Сертификат, «Русский медвежонок – языкознание для всех» халық­аралық байқауы, 2016 жыл;

*Сертификат, «Человек и приро­да» халықаралық байқауы, 2019 жыл;

*Сертификат, «Кенгуру-лингвист» халықаралық байқауы, 2015 жыл;

*Сертификат, «English world» шет тілі курсы, 2019 жыл;

*Сертификат, «Мен Қазақстанды сүйемін» республикалық интернет байқауы, 2015 жыл.

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Маусым 2019 >
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары