Өзекті мәселелер

  • 19.12.19

    Кешегі даласында абақ­тысы жоқ, бес қаруы белінде жүрсе де жауынан өзгеге қару жұмсамаған заманда елдің бір-біріне өкпесі, кеткен есесі болмады дейсің бе? Болды ғой. Бірақ, сол заманның өзінде қойнындағы қаруға тұра ұмтылмай, әділдікті, ақ пен қараны шешетін әулеттің үлкені не ауылдың ажасы, оған көнбей жатса, елдің қожасына жүгінді емес пе? Дау бұған да бөгет бермеген кезде биге барып соңғы ше...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Ақыл  жетпес

    Адамның ақылы өлшеусіз мол. Алайда сол ұлан-ғайыр, шексіз ақылыңның кейде кішкентай, уақ-түйек мәсе­лелерді шеше алмай, тұйыққа тіреліп, жол таба алмай, адасып­  жүретініміз  қалай?!

    ...
    Толығырақ...
  • 19.12.19

    «Кувад синдромы» туралы бұрын-соңды естіп пе едіңіз? Мүлдем естімеген болуыңыз да мүмкін. Бұл – ер адамның жүкті әйел секілді күй кешуі. Мұндай да болады. «Кувад» сөзі француздың «couver» деген етістігінен шыққан, яғни қазақшалағанда «жұмыртқа басу» дегенді білдіреді. Бұл синдром екіқабат әйелдің күйеуінде жүктіліктің үшінші айында басталып, сәби дүниеге келгенге дейін жалғасуы ықтимал....

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Шырылдаған бала дауысынан селк ете қалған олар өздері секілді тағы бір күнә­сіз­дің жетім қалғанын сезді. Сәбиді түннің бір уағында тауып­ алған тәрбиеші дереу төсекке жатқызып, жұбата бас­тады. Әбден жылай-жылай көзінен жасы сарқылған баланың демі бітіп, әрең тыныс алады. Көздері жәудіреген бір топ баланың естісі аузындағы емізікті жұлып алып, апайына ұстатты. Жанаршылықпен қараған оның ересек...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Поэзия

     

    Ботадай боздап аспан жылайды,

    Алдайды бәрін түлкі үміт.

    Жапырақтардан жас тамшылайды,

    Жапырақ жүрек бұлқынып. ...

    Толығырақ...
БОҚТАМПАЗ ӘЙЕЛ: КЕЛІН БЕ, КЕСІР МЕ?
20.06.2019 10:35

Қазақ өз ұрпағына қашанда жақсы тәлім, өнегелі тәрбие беруден жалыққан емес. Тіпті тәрбиенің бір бастауы­н бесіктен­ бастап, оның ата-анасының да жауапкерш­ілігін жүктеп отырған. Бүгінде осы ұлы мін­детті жартылай да орындай алмай жүргендер бар.

Бірде онша аралас-құралас емес танысымның үйіне бір сылтаумен жол түсті. Керегесі кең үйдің терезесі ашық тұр. Ас бөлмеде жүрген келіншек тым ашулы. Біздің келгенімі­зді де аңғармай қалса керек. «Тазы ашуын тырнада­н алады» дегендей, өзінің ішкі эмоциясын балалары­ның жан дүниесін­е «таратып» жатыр. қалай дейсіз бе, «әкеден сыбап»­, «шешеден түгелдеп» кетті. Мән-жайдың­ жай-жапсары­н білмеген соң тілімізді тістеген күйі сырт­тан қайтуғ­а тура келді. Бұған дейін қарғанып-сіленіп отыратын қанша әйелді көрдім, солардың ешқайсысының ісі оңға басқан емес. Жә, менің көргенім бір ғана мәрте оқиғасы болсын, ол күнделікті қайталанып тұратын жайт болуы мүмкін. Қазақтың ибалы, инабатты деген­ теңеу сөздерге лайық көріп жүрген келіндердің мұндай оғаш қылығы нәзік әйел қауымына мүлдем жарас­пайды. Қанша үйге барсам да мұндай «боқтампаз­ келін» көрмеппін. Қазақ «қабырғаның да құлағы бар» деуші еді. Бұл келін ол қабырғаның «құлағын» «кесіп» алғанға ұқсайды. Әйтпесе, аузынан шыққан былапыт сөз өзінің ата-анасына, одан қалды өз ұрпағының бабасына тиіп жат­қанын білер еді-ау?! Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.): «Үлкен күнәлардың ішіндегі ең ауыры – кісінің өз ата-анасына лағынет айтуы» депті. Бір кісі: «Адам қалай өз ата-анасына лағынет айтуы мүмкін, уа, Расулалла?» деп сұрағанда пайғамбар (с.ғ.с.): «Кісі біреуді әкесінен боқтайды. Ол да  оны (өз  кезегінде жауап ретінде) әке-шешес­інен  боқтайды. (Осылайша біреу арқыл­ы өз ата-анасын боқтаған болып­ отыр)» деп жауап беріпті.

«Жақсы сөз – жарым ырыс», «Ойнап­ сөйлесең де, ойлап сөйле», «Сөз сүйектен өтеді» деген ғибрат­қа толы нақылдарын қалдырған ата-бабамыз сөздің құдіреті мен киесін жете сезінген дана бол­ған. Адамның құрысқан денесі­ мен тырысқан қабағын сөз арқыл­ы емдеуге болатынын да айтпап­ па еді?! Одан қалды бір ауыз сөз адамның көңілін де көтереді, мұңайтады, күлдір­теді, жылатады. «Жақсы адам байқап сөйлер, жаман шайқап сөй­лер» деген сөзді орнымен айтып кеткен бабаларға бас имеске шара жоқ! Сахаба Муаз бин Жәбәл: «Уа, Алланың Елшісі! Сөйлеген сөзіміздің барлығына жауап береміз бе?» дейді. Сонда хазіреті Пайғамбар (с.ғ.с.): «Адамдардың мұрындарымен жер сүзіп, тозақта азап­талуының бас­ты себе­бі, осы тілдің кесірі» деп жауап берген. Сондықтан, абайлап сөйлеу – ақылдылықтың, иман­дылықтың  белгісі.

Жалпы, адам не тілесе де ниеті мен сөзіне Жаратқан соны береді. Жақсы сөйлесең, жаныңа дем береді, жаман сөз айтсаң, кем береді. Бүгін айтқан сөзіңіз уақыты мен орайын тауып, өз алдыңызға «төселеді». Оның үстіне әйел адам бүкіл денесін басқарып тұрған басы мен тіліне пәле жұқтырмауға тырысу қажет. Үйдің отағасы бала тәрбиесін әйеліне сеніп тапсырады. Ал ол аманатқа қиянат жасаған­дай, ұрпағына тәрбие түгілі жөнді сөз сөйлей алмауы – қасірет. Одан қалды, ол аузынан шыққан әр сөз арқылы өзіне нашар энергия жинап, оны сол босағаға сіңіріп жатқан­ын да сезіну керек. Мұны шетелдік ғалымдар да зерттеген. Мәселен, адам балағат сөздер айтқан кезде жағымс­ыз энергияны өзі ғана қабылдап қоймай, жанындағы өзге адамдар мен жан-жануарларға, тіпті су мен тағамд­арға да таратады екен. Адамның сөзі мен ойының басқа адамдар мен жанды нәрселерге, сондай-ақ өсім­дік­терге әсерін зерттеумен айналысатын жапон ғалымы Эмото­ Масару адам сөйлеген кезде өзінің ойын басқа­ларға жеткізіп ғана қоймай, айтқан сөзінің жақсы не жаман мағына­лы болуына орай пайдалы не зиянды ақпараттық толқын тудыратынын мәлімдеген. Тіпті балағат және жағымс­ыз мағынаға ие сөздер радиация әсері секілді адам генінің мутацияға ұшырауына себепкер болатын көрінеді. Ол өз кезегінде ағзаның қартаю процесін тездетіп, түрлі психикалық және тән ауруларының пайда болуына ықпал етеді. Ал, жақсы мағынаға ие, қайырымды, мейірімді сөздер, дұғалар, тіпті кейбір әдемі өлең-жырлардың өзі көптеген кеселдерді емдеп, адамға жағымды ықпал етіп, ағзаның қартаю процесін тежейді екен.

Ресей Ғылым академиясы кванттық генетика интитутының ғалымдары да балағат және бейәдеп сөздердің жағымс­ыз салдары туралы біраз зерттеулер жүргізген. Зертте­у нәтижелері көрсеткендей, айтылған сөздердің электромагниттік тербелісі ДНҚ молекуласының құрылымына тікелей әсер ететін болып шықты. Егер балағат және жағымсыз сөздер айтылса, ДНҚ молекуласы осы сөздерді қабылдайды және қабылданған әсердің тым артық әрі жағымсыз болуынан «теріс программа» немесе «өзін-өзі тарату программасын» іске қосады. Демек, өзін-өзі күйретуге, бүлдіруге бағытталған үдерістер де тіл тазалығынан басталады. Осылайша адам бойындағы ақпарат­тардың үнемі күйреп, бұрмалануы, өзгеріске ұшырап тұруы ДНҚ-ның құрылымын сау күйден ауру күйге душар етеді. Демек, жағымсыз, ғайбат сөздердің радиациялық сәулелігі мың рентгенге тең келетін мутегендік әсері бар. Бұл – «басқа пәле – тілден» деген сөз.

Ал бала – ата-анаға берілген аманат. Оның балғын бойын­а былапыт сөздер мен қорқыныш ұялата беруге болмайды. Ол өзін еркін сезініп, діттеген мақсатына жетуге ұмтылатын тұлғаға айналуы керек. Баланың «менін» ұрлау тәрбиеден басталады. Мәселен, жер аударып, қопсытып дайындаған бақшаңызға пайдаға алымсыз, арам шөптерді әкеліп екпейтініңіз анық. Бала тәрбиесі де сондай, оның санасына артық, жанына жақпайтын, болашағына зиянды, балалығына нұқсан келтіретін, жанын жаралап, тәнін жарақаттайтын бейпіл сөздерді егудің мүлде керегі жоқ.

Бір хадисте: «Көздің зинасы – харамға қарау, құлақтың­ зинасы – әдепсіз (ұятсыз) сөз тыңдау, тілдің зинасы – балағат (ұятсыз) сөздерді айту, қолдың зинасы – өзіне халал болмаған әйелді ұстау, аяқтың зинасы – күнәлі жерлерг­е бару» деген. Пайғамбардың (с.ғ.с.) осы сөзінің өзі – әр адамға өсиет, өнеге, тәлім-тәрбие, бастысы, қазіргі  сәтіне  азық, болашағына  бағыт.

 

Н.ҚҰДАЙБЕРГЕН

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Маусым 2019 >
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары