Өзекті мәселелер

  • 18.07.19

    Жалпы, қай жерде болмасын статистиканың орны бөлек. Статис­тика – адам сүйсініп не күйініп оқитын бірден-бір ақпарат. Яғни, ол – әрдайым оқылымды материал­. Сондықтан  болар, Ұлттық экономика министрл­ігі Статистика  комитетінің  http: //stat.gov.kz/ сайтын әлсін-әлсін шолып тұратынымыз бар. Бұл жолы біз өз облысымызға қа­тысты біршама сандық деректерге тап болдық. Оны жүйелеп, оқырман ...

    Толығырақ...
  • 18.07.19

    Қызылордада құрылыстың қарқынды дамы­ғаны соңғы бесжылдық десек, асыра айтқандық емес. Алдымен тұрғындарды әлеуметтік нысандармен қамтуды басты бағыт санаған жергілікті басшылар қаладағы көпқабатты тұрғын  үйлердің де көптеп бой көтеруіне мән берді. Оған соңғы 6 жылда облыста 2 млн шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілгені дәлел. 2013 жылы 270 мың шаршы метр тұрғын үй салынса, 2018 жы...

    Толығырақ...
  • 18.07.19

    Бүгінгі күні ауданда балық шаруашылығы саласы қарқынды дамыды деп айтуға толық негіз бар. Өйткені балық шаруашылығы өңір экономикасының дамуына және халықтың әлеуметтік жағдайының жақсаруына, оларды жұмыспен қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарып отыр. Себебі Арал теңізі мен Сырдария өзенінің жағасында қоныстанған жергілікті халықтың өмірі мен тұрмысы балық шаруашылығымен тығыз б...

    Толығырақ...
  • 18.07.19

    «Рас, үйленбей тұрып әйел­ді «ашсам – алақанымда, жұм­сам – жұдырығымда ұстаймын» дегеннің бірі мен едім» деп бас­тады автобуста отырған жігіт ағасы. Өзі ащы судан аздап ұрт­тап алғанға ұқсайды. Сәлден соң салбыраған басын қисаң­дата көтеріп, көзін жартылай ашып-жұмып «менде бәрі бар еді, көлігім де, үйім де...» деп тағы налыды. Ал, әйелін айт­қандағы байғұстың жыларман түрі мен шарасыздықтан с...

    Толығырақ...
  • 18.07.19

    Сүйріктей саусақ, сәнді тырнақ – кез келген қыз-келіншектің арманы. Тырнағын әсемдеу әйелге сенімділік сыйлайды. Өз-өзін бағалайтынын байқатады. Бүгінде гельді тырнақ бояуын қолданбайтындар сирек. Екінің бірі осы әдісті жасатады. Оның кәдімгі бояудан артықшылығы көп. Бір айға дейін жылтыр әрі тартымды түсін сақтайды. Бірақ... Сұлулыққа құштарлық денсаулыққа қауіп төндіруі мүмкін. Ма...

    Толығырақ...
ҚАЛЫПҚА СЫЙМАЙТЫН АДАМ
20.06.2019 10:40

ЕКІ  ЕСАЛАҢ

Ол түнімен «Нақұрыстың өмірін» оқып шықты. Автордың жан дүние­сіне үңілді. Жаңбырдан соң ауаның балғындығын бүкіл тамырымен сезі­не­ отырып, тәтті қиялға берілді. Кенет, шулаған ессіз қыздардың ащы күлкісіне жиіркене қарады. «Олар айтқан жайтта қандай күлуге тұрарлық мән бар екен» деп ой алабына  сүңгіді. Күнде теріскей жақтан­ кешкі сағат 8-9 шамасында соғатын самал желдің лебін аңсады. Өзіндей дел-сал күй кешетін жандардың мына өмірден өткендігіне қапаланды.

ЖАЛБАРЫНУ

Әпкесі кіреберіс бөлмеде, өзі жатын­ бөлмеде. Мағыналары ауы­сып кеткен, рухы тылсым күшке толы жазушының бір топ шығармаларын ақтарып отырған. Телефон дауысы шыққан сайын «не болды, әйтеуір адам аман ба?» деген сұраныспен бетін оған қаратпаса да, жүрек көзімен апасына қарайды. «Ішінен алдағы қуанышымызды бұза көрме, біз осы сәтті ұзақ күттік, балаларын жастай қалай жетім қалдыра­сың?» деген сарынмен тілін кәлимаға келтірді. «Егер шынымен де мына дүниеге сенің әмірің жүре­тін болса, маған бір құдіретті көр­сетші» деп жаратқанға жалбарынды. Түн жарымында сансыз сұрақтар мен бойын билеген белгісіз қорқыныштан жеңіліп, ұйқының торына түсті. Енді таң атқанша сол тордан шығар-шықпасы неғайбыл.

 

КЕШ  пен  ТАҢ

Соңғы 10 жылда бұл үшін таң мен кештің орны алмасып кеткен. Бас­қаларға қалыпты жайт саналатын күндізгі тірлік ұйықтауға берілетіндей. Өмір бұл жігіттің санасына кештен басталып, таң сәріден аяқ­талатын. Таң алакеуімде жоқ болып кететін аспандағы жарық жұлдыздармен бірге бәрі жоғалатындай. Айналаны басқан қараңғылық мұның дел-сал күйін бәрінен жасыратын. «Қапаста менің бет-жүзімді ешкім көре алмайды, мұндай сәтте менен бақытты, менен еркін азат жан жоқ» деп масаттанатын.

 

ҚҰПИЯ  КӨЗ

Әлдекіммен ойда жоқта кезіге қалса, қос жанарын қарсы қадамауға тырысады. «Қарасам көз арқылы оның мұңын өзіме жұқтырып алармын, сөйтіп, онсызда құсалы жүре­гімнің парша-паршасы шығар. Одан да осы күніме шүкіршілік етейін» деуге шамасы әрең жететін. Байқамай екі жанар тоғысса, бір алапаттың боларын байқайтын. Тоғысу – жалын отына күйдіретінін сезетін.

 

ОТ

Ошақ астынан шыққан күлді төгуге қора сыртына шықты. Бірер қадам аттаған соң аяқ су ағатын арықты­ң сағасына таяды. Әлгі жерде­ өзінен басқа біреудің барын сезді. Жаймен қимылдап, мойнын алға созды. Қараса су жыланы бұған атыла­ қарап тұр. Қолындағы шеле­гін тастай қаша жөнелді. Қоршау мен арықтың арасы сол сәтте отқа оранған ну даланың бітіп болмайтын жолын елестетті.

 

ДЕЛ-САЛ

Қарбалас пен арпалысқа түскен соңғы 40 күн ішінде есі басқа жаққа ауып кеткендей. Келген-кеткен адамдардың түсін ажыратудан қалды. Шидам денесіне әлдекімнің басын орнатып, оның аузын баз біреулер күншығысқа қаратып кеткенде­й...  Кешкісін  бақша ішінде серуендеп жүріп, ойсыз жасалға­н іске тап болды. Бассыз адамдардың бассыздығына таңғалды. Кейбір адамдар қарапайым­дылық пен жабайы­лықты шатас­тырып алып жа­тады. «Адамгершілік танытқан осы екен» деп тым дан­дайсып кетуге де болмайды ғой. Әрі кетсе, ол адамның надандығын көрсетеді  емес  пе?

 

БИПАТРИД

Бұл ауылдың жиегінде екі елдің шекарасы орналасқан. 24 сағат бойы әскери адамдар мен арнайы жат­тыққан  иттердің  дүбірінен  ауыл  тегіс қаймығатын. «Елең-алаңда бір сұм­дық болмаса жарар еді» деумен сақ отыратын. Ауыл сыртында нақ шека­рашылар тұратын постыда екі қайың  жайқалатын. Бірі – бері, бірі – ары орна­ласқан. Қос қайыңды аймақтағы жергілікті тұрғындар «бипатрид»  дейтін.

 

ТАЛАНТ  пен  ТАЙТАЛАС

Күннің батқан қызыл шоғына тесіле­ қарап отырған оның ойын інісі бұзды.

– Аға, егерде талант пен тайталас рингте кездесе қалса қайсысы жеңеді?

– Әрине, адаптацияға бейімі жеңеді­ де. Жануарлар әлемінде де солай емес пе?

– Жо-жоқ, ол – хайуан­дар арасындағы бәсекелестік. Мен адамдар арасындағы әрекет жайлы айтып отырмын.

Ағасы ыза мен күйікке толы көздерін тура інісіне бағыттап ауыр күрсінді де:

– Қазір бәрі бірігіп кеткен. Адамдар арасында да жыртқыштар бар екенін ұмытпа. Бұл – таби­ғи заңдылық. Уақыт өте келе өзіңнің де қалай жыртқышқа айналып кеткені­ңді байқамай қаласың, - деді де жүріп кете барды.

 

ТАЗАЛАУШЫ

– Қызым, мектеп бітірген соң педагог бо­ла­сың. Балалармен жұ­мыс істейсің. Ұстаздық – ұлы қызмет.

– Туу, қойш. Менің мұғалім болғым келмейді.

– Неге?

– Жай, менің көше тазал­ап, қоқыс жинап жүргім келмейді. Жылда көктем мен күз мезгілінде олар көше кезіп кетеді ғой.

 

Шапағат СЕРДӘЛІҚЫЗЫ

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Маусым 2019 >
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары