Өзекті мәселелер

  • 10.10.19

    Мұны бәріміз де көп күттік. Жиырма жыл. Аз уақыт емес. Сөз жоқ, бұл жеңістің өзі оңайлықпен келген жоқ. Жасыл алаңда жан беріп, жан алысқан сәтті теледидардан телміре тамашалап, күйініш пен сүйінішті көрудің өзі бір ғанибет­  екен. Бұл күнге дейін не айтыл­мады, мақтау да, даттау да айтылды, бірақ біздің жігіттер жарады. Біздің айтып­ отырғанымыз – жексенбі күні елорда төріндегі «Астана Арена» ...

    Толығырақ...
  • 10.10.19

    Елбасының «Нұр Отан» партиясының ХVIII съезінд­е ұсынған «Әлеуметтік қамқорлық» жаңа әлеуметтік саясаты қоғамның барлық саласын қамтиды. Әсіресе, президент көпбалалы отбасыларға қол­дауды арттыру қажеттігіне ерекше тоқталды. Өйткені, елімі­здегі баспанаға мұқтаж азаматтар саны азаймай тұр. Сандарды сөйлетсек, елдегі үй кезегінде тұрған аз қамтылған, көпбалалы отбасылардың жалпы­  саны 28 мыңнан...

    Толығырақ...
  • 10.10.19

    Қызылорда облысында экономика саласын дамытуда мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетік­тері тиімді пайдаланылып келеді­. 2017 жылдан бастап мұнай өндіру көлемінің айтарлықтай төмендеуіне қарамастан, жалпы өндірістік өнім көрсеткіші бойынша оң өзгеріс байқалады. Бүгінде өңір экономикасының барлық салас­ында тұрақты өсім қамтамасыз етілуде. Тек өнеркәсіп өндірі­сінде мұнай ұңғымаларының сулану­ы ...

    Толығырақ...
  • 10.10.19

    Облыстың оңтүстігінде, қарт Қаратаудың іргесінде,  Сырдария өзенін жағалай қоныстанған, халқы – жайсаң, жері – жомарт Жаңақорған дейтін аудан бар. Батпағының өзі – бренд. Шөбі – шүйгін. Табиғи қазба байлығы талайды тамсандырған өңір. Жайылмалық жұрт жерсіндірген қарбызын алыс-жақын шетеліңіз таласып әкететіні тағы бар. Қысқасы, қазір Қаратаудың етегінде орныққан елдің бірлі...

    Толығырақ...
  • 10.10.19

    Байқоңырлық бұқараның әлеуметтік мәселелері оң шешімін тауы­п келеді­. Бұрын «Ресейдің иелігінде» деп онша иек артпайтын аумақ еді, соңғы жылдары­ екі елдің Үкіметаралық келісімдерінің арқасында «жұлдызды қалашықта» да біраз істің беті бері қарап қалды.  Түсінікті болу үшін тақырыпты тарқатайық.

    ...
    Толығырақ...
ҚАТҚАН НАН КӨҢІЛ ТҮКПІРІМДЕ ҚАЛДЫ
20.06.2019 10:52

Гүлсім  ТАҢАТОВА,

судья:

Қап арқалаған қария. Әр сот отырысында жанынан тастамайтын кенеп қап... Оны есірткіге қатысты қылмысқа не мәжбүр етті? Тәжірибелі судьяның қылмыстық істі қараудан үзілді-кесілді бас тартуына не себеп? Бұл сауалдардың жауабын бірер айдан соң отставкаға кететін Қызылорда облыстық сотының судьясы Гүлсім Таңатовамен болған сұхбаттан таба аласыздар.

– Гүлсім Ахмет­қызы, еліміздің сот саласы­ бүгінде қандай кезеңді бастан кеші­руде?

– Сәт сайын сот саласына өзгерістер еніп жатыр. Қазір сот жүйесі сатылары бір­шама оңтайланды­рылды. Бұрын судья шешімін жариялайды. Ал соттың нәтижесін бес күнде алатын. Қазір олай емес. Ше­шімді қысқаша жария­лап, оны тараптарға түсіндіреді. Немесе қанағаттандырусыз қалдырылған арыздың берілу жолдарын айтады. Ары қарай атқарылатын процесс жөнінде кеңес береді. Шешілмеген мәселенің түйі­нін табу үшін бағыт-бағдар  көрсетеді.

Шындығын айту керек, мойны­мызға жүктелген жауапкершілік жүгінің ауыр екенін түсінемін. Өйткені, адамдар судья­ның шешімі қалай шығады, мәселе солай аяқталады деген үмітте отырады. Талапкердің, жауапк­ердің ісін толық, жан-жақты зерттесең, олар одан кейін еш жерге шағымданбайды.

Менің адвокаттарға қарным ашады. Олар гонорарын алғанымен, даудың шешілуіне мән бермейді. Бүгінде көп мәселе медиацияға негізделді. Бұл заң бұрыннан бар. Бірақ көңіл бөлінбейтін. Қазір көпшілік сотқа жүгінбей, татула­су орталығына барады. Оның тиімділігі көп. Біріншіден, жұмысын азайтады. Екіншіден, сот қызметі ақылы ғой. Мемлекеттік баж салығын төлейді. Қанша уақыты кетеді. Сот жүйе­сінің біраз ұсақ-түйек жұмысы нотариус пен сот орындаушыларына  берілді.

– Бұл қызметке қалай кел­діңіз? Заң саласын неліктен таңдадыңыз? Мамандық таңдауда өкінген сәтіңіз болды ма?

– Әкем Ахмет Кәрібайұлының ықпалы болды. Ол 35 жылдан астам­ прокуратурада еңбек етті. Осы салаға өзі әкелді. Жалпы қадағалау бөлімінің бастығы болғандықтан, арыз-шағым көп түседі ғой. Үйге әкеліп, маған таны­сып шығуымды тапсырады. Алдыма азаматтық кодексті қояды. «Даудың түйінін тапшы. Сен қалай шешесің?» дейді. Мен арызды оқып, баппен салыстыра­мын. Әкемнен үйренгенім жақсы­ болды. Мектепті алтын белгімен бітіріп, Ресейге оқуға бардым. Сөйтіп Воронеж мемлекеттік универ­ситетіне қабылдандым. Заңгер мамандығы бойынша білім алдым. Аяқтаған соң, жолдамамен Қызылордаға келдім. Алғаш­қы қызметім қалалық прокуратурада тергеушіден басталды. Құжат қалай жиналады? Іс қалай қаралады? Бәрін үйрен­дім, тәжірибе жинадым.

– Өмірлік тәжірибеңізде өзіңіз түсіне алмаған, қинал­ған істер де болған шығар? Қандай  судья  болдыңыз?

– Қалалық сотта 10 жыл жұмыс істедім. Ол кезде сот барлық істерді қарайтын. Судья да адам ғой. Біздің де жанымыз ауыратын сәттер болады. Адамның тағдырын шешу – оңай іс емес. Әрбір істің артында тағдыр бар. Немқұрайды қарауға хақың жоқ. Заң – судьяның құралы, көздегенің – әділдік . Заңға сүйенесің. Сосын әр фактіні жүрегіңнен өткізесің. Адамның сөзінен, көзқарасынан ақ-қарасын айырасың. Шыны мен өтірігін білесің. Алайда қылмыстық істен экономикалық сотқа ауысып кеттім.

– Неге?

– Әйел адамға судья болып қызмет атқару оңай емес. Білімім, біліктілігім жетпейді деп айта алмай­мын. Жүктеме көп. Әрі қылмыстық істерге бейжай қарамад­ым. Жүрегіме жақын қабылдадым. Сол бір кісі көңі­лімнің түкпірінде қалып қойды. Қаншама жылдар өтті. Әлі күнге есімнен кетпейді. Шынымен ұмыта алмаймын. Сотталушының түріне қарасаң, жылы жүзді, биязы­  мінезді  адам. Қылмыскер дегенге сенбейсің. Ал жазасы өзіне сай емес. Мен кәдімгідей қобалжыдым. Шешім шығармай тұрып, ұзақ ойландым. Шынымен осы адам ба? Әлде біреу итермел­еді ме? Ой тұңғиығына батып кеттім. Ал айыпты мойындап отыр. Іс қағаз, құжатпен дәлелденген. Сотқа ісі түскендерді аяйсың. Бірақ, сен аяғанмен, заң  аямайды…

– Нақақтан күйіп, өзінің кінәсіздігін дәлелдей алмаған айыпт­алушы  ма? Көңіл түкпірі­нен  өшпеген  ол  кім  еді?

– Ол 65 жастағы ер кісі. Ұлты орыс. Өзі жер үйде тұрады. Есірткі заттары сіріңке қораптарынан табылғ­ан. Фактісін қарасам, қамауда емес. Бостандықта екен. Әйелі қайтыс болған. Балалары Ресейде көрінеді. Бір күні қабылдау бөлмесіне шықсам, бір кісі тұр. Хатшым маған айыпталушы екенін айтты. Бұрын іс бойынша айыпкер сотқа шақырту қағазын өзі алып кететін. Жаңағы кісінің артындағы қапқа көзім түсті. Түсінбей хатшыма қарадым. Ол маған «сенсеңіз де, сенбесеңіз де, қатқан нан» деді.

«Ауыр  қылмыс  жасағанымды­ білемін. Қазір  бостандықтамын. Бірақ сот залынан қамауға алынуы­м мүмкін. Түрмеге да­йын­далып  жатырмын. Қасымда ешкімім жоқ» депті әлгі кісі. Не керек, сот процесі өтті. Ашып айтпаға­сын, заң  шеңберінен асып кете алмадым. Мен 3 жылға­ жаза кестім. Бұл баптың ең төменгі мөлшері болатын. Үкім оқылған соң, кісіні конвой қызметкерлері алып кетті. Білмеймін, өз-өзімді түсінбеймін. «Көп жыл бердім бе?» деп ойландым. Жалғызіл­ікті қарт адам. Ертең үйінен айырылып қала ма? Кім білсін... Бір уақытта кабинетіме хатшым кіріп келді. «Гүлсім Ахмет­қызы, сіз қатыгез екенсіз! Мен өзіңізді үлгі тұтып, сыйлаймын. Алдыңызға келген адам­дарға «Армандарыңыз жоқ. Сіздерді әділ судья қабылдайды» деуші едім. Қалай қолыңыз барып­, үкімге қол қойдыңыз? Үш жылға қалай кестіңіз» деп ренжіді. Мен не істеймін? Қылмыскерді ақтай алмаймын. Әлі күнге ойланамын. Қылмысты өзі істеді ме, әлде... Мен үшін жұмбақ.

– Судьяларға қоқан-лоқы жасайт­ындар  да  көп  шығар?

– Иә, ондайлардың талайын көрдік. «Құртамын» деп қоқан-лоқы көрсетеді. Бірақ, оған түсіністікпен қарауға тырысамыз. Ашу үстінде айтылып жатады. Әрине, сотталушы – біреудің баласы­, біреудің әкесі, біреудің қызы… Телефонмен қорқытатындар да көп. Мазаңды алады, кейде тіпті «қалай болар екен?» деп ойланып та қаласың.

– Бүгінгі судья қандай болуы керек?

– Жұмысыңда үздік болу үшін кәсіби білім аздық етеді. Алдымен адамның адамгершілік, азаматтық қасиеттері болуы қажет. Әрбір істі мұқият қарау керек. Үстірт қарасаң, шешім де солай шығады. Қазіргі кезеңде судья­ларға үлкен міндет жүктеліп отыр. Соттың абыройы – әділдігінде. Әділдік іздеген азаматтар ең соңғы үмітін арқалап, соттың есігін қағатыны мәлім. Даулы мәселеге нүкте қойып, істің ақ-қарасын анықтау судьялардың білім-біліктілігіне байланысты. Негізінде сот қызметіне кез келген адам келмейді. Ал мансапқа қызыққан адам ұзаққа бармайды. Кеткенінше өрескел қателік жібереді. Салдарынан қарапайым халық таяқ жейді. Заңсыз шешім соттарға зиян  келтіреді. Абы­ройы­на  дақ  түсіреді.

– Жұмыстағы көңіл күйді үйге  әкелмейсіз  бе?

– Әр қызметтің өз қиындығы болады. Судьялық мамандықты өзің таңдаған соң, қиындығы мен ауыртпалығына көнесің. Рас, әйел адам болған соң үйде жол­дасың мен балаларың күтіп отырады. Олардың тамағын әзірлеп, киім-кешегіне қарауың қажет. Сен отбасылы әйелсің деп жұмыс та қарап отырмайды. Барлығына үлгіру үшін уақытыңды үнемдейсің. Алайда қаладағы болып жатқан оқиғалардан хабардармын. Балаларымды қиындықтан қорғау үшін тым қатты болған сияқты­мын. Бір өкінген кезім... балалар маған алаңдап үйде күтіп отыратын. Мен үйге келгеннен кейін де қағаздан бас алмаймын. Болмаса, көңілім іс процесінде болады­. Аналық  жан  жылуымды аз бердім бе деп ойланамын. «Мама, бізге де көңіл бөліңізші» деген сөздері осы күнге дейін  есімде.­

– Гүлсім  Ахметқызы, сөз  орайы келгенде өзіңізді толғандырып жүрген  мәселелерді  де баян  етсеңіз.

– Адамның барлық заңды білуі мүмкін емес. Мәселе туындаған жағдайда, біреудің айтқанымен жүрмеу керек. Заңгерге барып, кеңес алған дұрыс. Қазір шешілмейтін проблема, дау жоқ. Бітімгершілікпен  мәмілеге келуге­ болады.

Менің қарным ашатыны, мекем­елерде заңгер болуы қажет. Мекеме болғасын әртүрлі дау туында­уы мүмкін. Соған жол беріп, заңды бұзбауы үшін. Басқа сала мамандарын ұстағаннан гөрі жақсы заңгерді алуы керек.

– Бос уақытыңызда немен айналы­сасыз?

– Періштелердің сувинерін жинаймын. Айналысқаныма 8-9 жыл болды. Бұл хоббиге  құр­быларымның әуестігінен қызықтым. Біреуі қоңырау жинайды. Оның коллекциясы керемет. Мен періштеге құмарттым. Әуесқойлық кәдімгідей қызықтырады.  Туыстарымның сыйлық мәселесін де шештім. Не аламын­, қандай сыйлық беремін деп сұрамай­ды. Періште әкелсе, кәдімгідей қуанамын. Қазір бір шкаф сувинерім бар. Әрқайсы­сының өз тарих­ы қызық. Кім әкелді? Қайдан алдым? Есіме түсіремін. Сосын­ бөлме гүлдерін жинағанды­  ұнатамын.

– Әңгімеңізге  рақмет!

Сұхбаттасқан

Құттыбике   НҰРҒАБЫЛ

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Маусым 2019 >
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары