Өзекті мәселелер

  • 14.11.19

    Ішкі істер министрінің орынба­сары Алексей Калайчиди аттестациядан кейін лауазы­мы­нан  босаған полиция басшы­лары туралы айтты, - деп хабарлайды ҚазАқпарат.

    – Аттестация екі кезеңнен тұрды. Біріншісі – дайындық барысы. Яғни, лауазымдағы азаматтың  кәсіби  дағдысы зерттелді. Біз бұған  дейінгі полиция басшыларын аттестаттаудың оқ ату, дене дайындығын, заңды білу деңгейін тексеру сек...

    Толығырақ...
  • 14.11.19

    Бізде мынадай тенденция бар ғой. Әкімдер мемлекеттік мекемелерге барса,­ сондағы қызметкерлер тайлы-таяғымен иіліп төсек, жайылып жастық бола қалатын. Тіпті, бұл дәстүрге айналып кеткені қашан?! Ал әкім мекеме­ге ескертусіз келсе, жағдай қалай болар еді? Мұндай «қызықты» апта  басында  көрдік.

    ...
    Толығырақ...
  • 14.11.19

    «Отан қорғап, сарбаз сапына қосылады» деп үкілі үміт артып отырған­ бөріктілердің арасында әскери борышын өтеуден қашып жүргендер бар. «Қашқындарда­н» бөлек, республиканың түкпір-түкпіріне немесе өзге мемле­кеттерге жұмыс істеуге барып, нақты мекенжайсыз, хат-хабарсыз кететіндерге де дауа болмай отыр. Осыған­ байланысты әскерге шақырылушыларды жергілікті әскери­ басқару органдарына шақы...

    Толығырақ...
  • 14.11.19

    Мәдениет ауылдық округі тіректі елді мекенге айналғалы бұл өңірдің тірлігі де алға басты. Ауыл әлеуетінің артуына бұрын жергілікті шаруашылықтар қолғабыс ететін. Қазір кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды тиімді пайдаланған ауыл тұрғындары да табысқа кенелуде. Кейбір жандар жеке табысы артқан сайын әлі де бола берсе екен дейді. Ал  бұл  елді  мекендегі  шаруашы...

    Толығырақ...
  • 14.11.19

    Өткен жылы мемлекеттік «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарлама­сына қатысып, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының қолдауымен «Бастау Бизнес» курсынд­а білімін жетілдірген Қармақшы ауданына қарасты Ақай ауылының жас кәсіпкері Қосым Жұмағалиевтің  есімі  бүгінде ауылдастарына жақсы­  таныс.

    ...
    Толығырақ...
МҰРАТБАЕВТАҒЫ МЕРЕЙЛІ МЕРЕКЕ
25.06.2019 10:10

«Ауылына қарап, азаматын таны». Жастардың жалынды жетекшісі Ғани Мұратбаев атындағы ауылда көпшіліктің демеушілігімен өткізілген «Ауыл күні» мұндағы қабырғалы қауымның ауызбіршілігі жоғары екенін тағы да дәлелдеді.

Ауыл орталығындағы саябақ маңында қаз-қатар тізілген жеңіл көліктер мен иін тірескен адамдар шоғыры той болып жатқанын айтқызбай сездіргендей. Көше төріне тігілген аппақ қардай ауқымды палатка жақтан жеткен тағамның дәмді иісі араныңды ашып, көкке шарықтаған әсем әуен жаныңды баурайды. Мұнтаздай брусчатка төселіп, әсем гүлдері самалмен тербелген, жасыл желегі күн аптабының пәтін қайтарған саябақтың дәл төріндегі Ғани Мұратбаевтың ескерткішіне қойылған гүл шоғы елім деп еміренген тұлғаның есімі мәңгі өшпейтіндігін жадымызға түсірді. Көкке шапшыған субұрқақтың мөлдір тамшыларына алақандарын тосып, мәре-сәре болған балалардың шат күлкісін көргенде бейбіт заманның тыныштығы бұзылмауын тіледік.

«Ауыл күні» Ғани Мұратбаевқа арналған аудандық жас ақындар мүшәйрасымен ашылды. Өзінің құттықтау сөзінде Қазалы ауданы әкімінің міндетін атқарушы Әлімжан Жарылқағанов аталмыш шараның маңыздылығына кең көлемде тоқталды. Мұнан соң ауыл тіршілігіне белсене араласып жүргендер марапат төрінен табылды.

Ел ағалары, ардагерлер, тұрғындардың көрермен ретінде тапжылмай отырып тамашалауы кент, қалаға қоса, шалғай ауылдардан ат арытып жеткен мүшәйраға қатысушы ақындардың шабытына құлшыныс қосқандай. Өзінің келте ғұмырында ғасырға татитындай игілікті істер атқарған Ғани Мұратбайұлына арналып жастар арасында жазба ақындар мүшәйрасын өткізу кездейсоқтық емес. Шара астарында «Өлді деуге бола ма, айтыңдаршы, өшпейтұғын соңында із қалдырған» деген тұжырым жатыр.

Жыр қамшысын жасындай сермеген ақындар мүшәйрасына ауыл түлегі, марқұм Берік Ерәділовтің жары Мира Ерімбетова демеуші болып, танымал ақын Ақжол Түменбай, «Қазалы» газетінің тілшісі, ақын Ринат Әбдіхалық, аудандық кітапхананың кітап қорын толықтыру бөлімінің меңгерушісі Мағрипа Елдесбай, облыстық «Сыр бойы» газетінің тілшісі Ж.Айдарбекұлы қазылық жасағанын атап кетсек. Ақындар мүшәйрасында жеңімпаздар мен жүлдегерлер қаржылай сыйлықтар иеленді.

Мерекеде спорттық ойындардан жарыс ұйымдастырылып, концерттік бағдарлама жұртшылық назарына ұсынылды. Кең жайылған дастарқан басында Қазалы ауданы әкімінің міндетін атқарушы Әлімжан Жарылқағанов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Оразғали Бекбанов, ауылдық ардагерлер ұйымының төрағасы Бурабай Рахметов, ауылдың ардақты анасы Алтынай Алдабергенова ақ тілектерін білдіріп, еңбек ардагері Сақыбай Нармағанбетов ақсақал бата берді.

«Ауыл күні» келесі тәулікте «Әбдіраман төбедегі» ат бәйгесіне ұласты. Желмен жарысқан жүйріктер көрермендердің делебесін қоздырып, көгалды төбенің апшысын қуырғандай әсер қалдырды. «Алуан, алуан жүйрік бар, әліне қарай шабады». Аттары бәйгеде топтан озғандар да арнайы дайындалған жүлделерді еншіледі.

Әрбір істің басы-қасында жүретін жанашырлар болатыны белгілі. Мұратбаевтағы мерейлі мерекенің жоғары деңгейде өтуіне тұрғындар мен ауылдан түлеп ұшқан перзенттер демеушілік көрсетіп, ауылдық округ әкімі Абай Рыстығұл мен мәдениет үйінің директоры Фариза Құлмырзаеваның ерекше еңбек сіңіргенін атап өтсек.

Жұмабек  Табынбаев,

Мұратбаев  ауылы

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Маусым 2019 >
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 26 27 28 29 30

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары