Өзекті мәселелер

  • 22.08.19

    Елімізде дәрінің көмегімен өмір сүретін азаматтар аз емес. Олардың дәрілік препаратсыз қауқары жоқ. Антибиотикке тәуелді науқасқа кім қарайды? Ақысыз берілетін дәрі-дәрмектерді кімдер, қайдан және қалай ала алады?

    ...
    Толығырақ...
  • 22.08.19

    Халық «Елін сүйген ер болар» дейді. «Ер жігіт ел үшін туады, ел үшін өледі» дейді тағы  да.

    Иә, ел намысы үшін ерлік­ке бара алар азаматтарды кебен­ек ішінде танып-білу аса маңызды.

    Кебенек – сыртқы киім. Оны көбіне-көп жорықта, аңшылықта киеді. Демек, бұл киімді кез келген адам кие алады. Олай болса, «Ерді кебене­к ішінде  таны» деген – ер жігітті киіміне қарап емес, жан дүниес...

    Толығырақ...
  • 22.08.19

    ТЫНДЫРЫМДЫ   ІС – НӘТИЖЕЛІ   КӨРСЕТКІШ

    Қаланың экономикалық тұрғыда дамып­, қалыптасуында стратегиялық міндет жүйелі түрде өз-өзін айқындап отырады. Шаһардың болашағына байлан­ысты әр жоспар, әр бағыт өзіндік құнымен маңызды. Осындай іргелі істерді атқару барысында Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың іскерлік һәм басшылық міндеті ж...

    Толығырақ...
  • 22.08.19

    Өткен бейсенбіде облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының қолдауымен, өңірлік коммуникациялар қызметінің ұйымдастыруымен БАҚ өкілдері Шиелі ауданына баспасөз турына барды. Жолай біз бағыт алған өңірдегі баратын нысандардың тізімі қолымызға тиді. Риза болғанымыз, бір-біріне ұқсамайтын бес қызмет түрін жандандырып отырған шағын кәсіп иелерімен таныстық. Оның ішінде ауқымды жерді алм...

    Толығырақ...
  • 22.08.19

    192   ШАҚЫРЫМ  ЖОЛ  ЖӨНДЕЛЕДІ

    Елдегі көлік саласы маңызды рөлге ие. Оған сауда-экономикалық бағыттағы тауарлардың көліктің қай түрімен болсын тасымалдануы дәлел. Одан өзге аймақтар үшін республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар жол­дардың  өзектілігі  жоғары.  Өткен  жылы осындай жолдар мен көшелерді дамыту­ға республикалық бюджеттен 1...

    Толығырақ...
МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ САПАЛЫ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕДІ
05.07.2019 17:35

Биылғы 18 маусымда Үкімет 2020 жылдан бастап міндетті медициналық сақтандыру жүйесінде және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтердің тізбесін бекітті. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Кызылорда облысы бойынша филиалының директоры Руслан Бектібаев баяндады.

- Қазақстанда 2020 жылдан бастап медициналық көмек екі түрлі пакет бойынша көрсетіледі.  Біріншісі – кепілдендірілген тегін медициналық көмек (ТМККК) пакеті. ТМККК пакеті – жедел және шұғыл көмек көрсетуге, сондай-ақ, қоғам үшін маңызы бар ауруларды бақылауда ұстауға бағытталған. Мұны барлық азаматтар, сақтандырылған-сақтандырылғанына қарамай пайдалана алады.

Ал, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) пакеті – азаматтардың өмір сапасын жақсартуға, ұлт саулығының негізін қалауға ықпал ететін қызметтерден тұрады. Бағасы қымбат болып келетін операциялар, сирек медициналық қызмет түрлері, салалық мамандардың қабылдауы т.б. қызметтер кіретін МӘМС пакетін сақтандырылғандар пайдалана алады. МӘМС пакетіне МРТ, компьютерлік томография, ПЦР-анализ сынды қызметтер де енгізілді, - деді Руслан Бектібаев.

2019 жылдың 20 маусымдағы мәліметтер бойынша, қормен келісімшарт бекіткен  жеткізуші компанияларға 23,9 миллиард теңге төленді. Бұл кепілдендірілген  медициналық көмек пакеті шеңберінде  бекітілген  келісімшарттардың жалпы сомасы 56,5 пайызды құрады.  Ал елімізде  2020-2022 жылдарға арналған бюджет жобасында  медициналық көмекке жұмсалатын қаржы 1 триллион 620 миллиард теңге белгіленді. Алайда биыл шығындар 67 пайыздан көп. Бөлінген қаржының 967,7 миллиард теңгесі тегін медициналық көмекке, 652,8 миллиард теңгесі сақтандыру пакеті бойынша  көрсетілетін қызметтерге жұмсалады.

Руслан Бектібаевтың айтуынша,  тегін көрсетілетін қызметтер тізіміне енген медициналық көмектің бәріне ақша төлеуді мемлекеттің  бюджеті көтермейді.  Оның үстіне, медициналық қызмет бағасы да  тұрақты емес. Сондықтан тегін медициналық көмекке бөлінген  қаржы нақты сұранысты қанағаттандыра алмайды. Сол себепті халық денсаулыққа жұмсалатын шығындардың белгілі бір бөлігін қалтасынан өзі  төлеуге мәжбүр.

- Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің енгізілу себебінің бірі осы. Өйткені, сақтандыру жүйесі жарна есебінен денсаулық саласына қосымша қаржы тартуға мүмкіндік береді. Бірақ бұл міндетті медициналық сақтандыру енгізілгеннен кейін саладағы қаржы тапшылығы мәселесі бірден шешімін табады дей алмаймын. Себебі, халық саны алдағы уақытта  өседі. Соның ішінде медициналық қызметтерді көп пайдаланатын балалар үлесі 2,4%, қарттар үлесі 4%  пайызға көбейді. Оған үнемі қымбаттап отыратын технологиялардың бағасын қосыңыз.

Медицина үнемі тоқтаусыз дамып келеді. Бұл жұртшылықтың денсаулық сақтауға жұмсайтын жеке шығындарының өсуіне ықпал  етеді. Сондықтан сақтандыру халықтың қалтасынан шығатын шығындарды толық  қысқартпағанымен, шығынның өсу қарқынын төмендетуге мүмкіндік береді, - дейді Әлеуметтік сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Руслан Бектібаев.

Атап айтқанда, тегін медициналық көмек Қазақстан азаматтарына, оралмандар мен елімізде тұрақты тұратын шетел азаматтарына көрсетіледі. Сонымен қатар, әлеуметтік маңызы бар аурулар мен динамикалық бақылауға жататын сырқаттар да тегін емделеді. Ал, Қазақстанда уақытша тұратын шетелдіктер тегін медициналық көмекті пайдалана алмайды.

2020 жылдан бастап, медициналық-санитарлық көмек тегін көмек пакетінде қалады. Яғни, емханалар тіркелген пациенттерге бұрынғыша қызмет көрсетеді. Үйге шақырған пациенттерге барады, балалар мен жүкті әйелдерді бақылайды. 4 санаттағы жедел жәрдем шақыртуларына да солар барады. Және қызметтің бәрі тегін көрсетіледі. Учаскелік дәрігер пациенттің денсаулығын тексеріп, анализдерге жолдама береді. Тегін көмек пакетіне енген қандай да бір ауру табылса, оны ақысыз емдейді. Ал, пациент әрі қарай жоспарлы түрде көмек алғысы келсе МӘМС қызметіне жүгінеді.

Айта  кетейік, биыл мемлекеттік тапсырысты орындауға 74 медицина ұйымы атсалысуда. Оның ішінде 44 жекеменшік клиника бар.

Мемлекеттік тапсырыс аясында медициналық көмек көрсетуге дайын жеке медициналық ұйымдар  бойынша Қызылорда облысы көшбасшылар қатарында тұр.

 

Құттыбике  Нұрғабыл

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Шілде 2019 >
1 2 3 4 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары