Өзекті мәселелер

  • 22.08.19

    Елімізде дәрінің көмегімен өмір сүретін азаматтар аз емес. Олардың дәрілік препаратсыз қауқары жоқ. Антибиотикке тәуелді науқасқа кім қарайды? Ақысыз берілетін дәрі-дәрмектерді кімдер, қайдан және қалай ала алады?

    ...
    Толығырақ...
  • 22.08.19

    Халық «Елін сүйген ер болар» дейді. «Ер жігіт ел үшін туады, ел үшін өледі» дейді тағы  да.

    Иә, ел намысы үшін ерлік­ке бара алар азаматтарды кебен­ек ішінде танып-білу аса маңызды.

    Кебенек – сыртқы киім. Оны көбіне-көп жорықта, аңшылықта киеді. Демек, бұл киімді кез келген адам кие алады. Олай болса, «Ерді кебене­к ішінде  таны» деген – ер жігітті киіміне қарап емес, жан дүниес...

    Толығырақ...
  • 22.08.19

    ТЫНДЫРЫМДЫ   ІС – НӘТИЖЕЛІ   КӨРСЕТКІШ

    Қаланың экономикалық тұрғыда дамып­, қалыптасуында стратегиялық міндет жүйелі түрде өз-өзін айқындап отырады. Шаһардың болашағына байлан­ысты әр жоспар, әр бағыт өзіндік құнымен маңызды. Осындай іргелі істерді атқару барысында Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың іскерлік һәм басшылық міндеті ж...

    Толығырақ...
  • 22.08.19

    Өткен бейсенбіде облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының қолдауымен, өңірлік коммуникациялар қызметінің ұйымдастыруымен БАҚ өкілдері Шиелі ауданына баспасөз турына барды. Жолай біз бағыт алған өңірдегі баратын нысандардың тізімі қолымызға тиді. Риза болғанымыз, бір-біріне ұқсамайтын бес қызмет түрін жандандырып отырған шағын кәсіп иелерімен таныстық. Оның ішінде ауқымды жерді алм...

    Толығырақ...
  • 22.08.19

    192   ШАҚЫРЫМ  ЖОЛ  ЖӨНДЕЛЕДІ

    Елдегі көлік саласы маңызды рөлге ие. Оған сауда-экономикалық бағыттағы тауарлардың көліктің қай түрімен болсын тасымалдануы дәлел. Одан өзге аймақтар үшін республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар жол­дардың  өзектілігі  жоғары.  Өткен  жылы осындай жолдар мен көшелерді дамыту­ға республикалық бюджеттен 1...

    Толығырақ...
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН АРЫС ҚАЛАСЫНДА БОЛДЫ
05.07.2019 17:45

Қызылорда облысына Арыс қаласының 254 үйі мен 15 нысанын жөндеуден өткізу жүктелген болатын, оның ішінде 9 үй қалпына келтірілді. Аймақ басшысы Қуанышбек Ысқақов жұмыс сапарымен Түркістан облысы Арыс қаласына арнайы барып, құрылыс жұмыстарымен танысты.

Естеріңізге сала кетейік, Қызылорда облысына 14 көше бөлінген еді, онда 254 жеке үй, 5 әлеуметтік және 10 коммерциялық нысан орналасқан.

1 шілдеден бастап үйлердің есік-терезелерін және шатырларын ауыстыру басталды, құрылыс-монтаж жұмыстары белгіленген жоспарға сәйкес тиісті деңгейде жүргізілуде. Бүгінгі күні 9 үй толық қалпына келтіріліп, 74 үйде құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов Арыс қаласында Сыр өңіріне бөлінген нысандарды жөндеу жұмыстары туралы журналисттерге сұқбат берді.

"Түркістан облысының Арыс қаласындағы төтенше және қайғылы жағдай ешкімді бейжай қалдырмады. Халқымыз "бірлік бар жерде тірлік бар" демекші, қазақ халқы қиын сәтте әрқашан бір-біріне қолдау көрсеткен. Қайғылы хабарды естігенде Сыр өңірінің тұрғындары зардап шеккендерге көмек көрсету үшін қолдан келгенін  аяған жоқ. Алғашқы күннен бастап қызылордалықтар арнайы қорға ақша аударып, гуманитарлық көмек жинауға кірісті. Сондай - ақ, үйлерді қалпына келтіруге облыстан еріктілерден құралған арнайы топ келіп жұмыс істеді ", - деді аймақ басшысы.

Айта кетейік, 28-30 маусым аралығында мемлекеттік органдар, құрылыс, жобалау, техникалық қызмет мамандарынан құралған 66 адамнан тұратын топ бөлінген аумақтағы ғимараттар мен құрылыстардың зардап шығындарын анықтау жұмысын жүргізді. 5 әлеуметтік бағыттағы және 10 коммерциялық нысанның жөндеу жұмыстары ірі құрылыс компанияларына бекітілген. Сонымен қатар, бір тұрғын үйді бұзу, тегістеу жұмыстары атқарылды.

"Бұл жұмыстарға Қызылорда облысының 20 құрылыс компаниясынан 4 топ бөлінген. Қазіргі таңда 96 жұмысшы жөндеу жұмыстарымен айналысуда. Жоспарға сәйкес шілде айының соңына дейін жөндеу жұмыстары толығымен аяқталады. Жалпы, 2019 жылдың 25 маусымы мен 1 шілдесі аралығында Арыс қаласының тұрғындарына Қызылорда облысынан 38 тоннадан астам гуманитарлық көмек, яғни киім-кешек, азық-түлік және т. б. тұрмыстық заттар жіберілді ", - деді облыс әкімі.

2800 астам мемлекеттік қызметші, бюджеттен қаржыландырылатын мекемелер, қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдар, кәсіпорындар, акционерлік қоғамдар мен серіктестіктер, шаруа қожалықтары, жеке кәсіпкерлер мен меценаттар қаржылай  көмегін көрсетті.

26 маусым күні Сыр жастары атынан 50 жас ерікті көмек көрсетуге келді. Олар 2 күн бойы үйлерді қалпына келтіруге жәрдемдесті. 3 шілде күні тағы 50 ерікті келіп жетті.

2019 жылдың 9-18 тамыз аралығында Арыс қаласынан 150 бала Қызылорда облыстық білім басқармасының "Облыстық олимпиадалар мен қосымша білім беру орталығында" тегін демалады. Балалар үшін психологиялық тренингтер, тауға экскурсиялар, түрлі үйірмелер ұйымдастырылады.

Қызылордада қабылдау пункттері де жұмысын жалғастыруда. Сонымен қатар, шілде айында барлық бюджеттік мекеме қызметкерлері арыстықтарға тағы да бір күндік жалақыларын аударады.

Сондай-ақ, жұмыс сапары барысында Қызылорда облысының әкімі Түркістандағы Шығыс моншасының құрылысымен танысты. Естеріңізге сала кетейік, Түркістан қаласында Шығыс моншасы құрылысы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасы аясында жүргізілуде. Елбасы жергілікті атқарушы органдар мен ұлттық компаниялардың басшыларына жаңа аймаққа әлеуметтік-мәдени нысандарды салып беру туралы тапсырма берген еді.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Шілде 2019 >
1 2 3 4 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары