Өзекті мәселелер

  • 11.07.19

    САУЫҚҚАН  ЭКОНОМИКА САЛАНЫ  ДАМЫТАДЫ

     

    Еліміз  тәуелсіздік  алғаннан бастап-ақ нарықтық экономика сатыларына аяқ басуды ұйғарды. Оған дейінгі ауылшаруашылығы, егін  шаруашылығы деген салаларды тара­зы­дан түбегейлі алып тастаған жоқ. Ел экономикасының қарқынды дамуына осы салалармен қоса жаңа жо...

    Толығырақ...
  • 11.07.19

    Ізгілік пен қайырымдылық – адамзаттық құндылық. Тіпті, бұларды адамгершіліктің өзегі деп те атаған. Әр нәрсе өзінің мәнімен, өзін­дік қасиетімен қа­дірлі, құнды. Яғни адам өзінің мәні, қасиеті – адамгершілігімен, қайырымдылығымен қадірлі әрі  абзал  болмақ.

    Осы орайда Арис­тотельдің өзі «Бақыттың кілті – қайы­рымдылықта» деген екен. Демек, ізгілік, қайырлы іс – адам баласын бақытқа жетк...

    Толығырақ...
  • 11.07.19

    Тапсырманың да түр-түрі болады. Мұнан біраз уақыт бұрын ата-аналар тарапынан «үй тапсырмасын үйіп-төгіп бермесін» деген талап «төрге озған» еді. Рас, мектеп бағдарламасын шамадан тыс қиындату оқушының білімге деген ынта-жігерін төмендетпей қоймайды. Қит етсе, мұғалімдерді аяп, қаралап шығатын қауым көбейді. «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» деуші едік. Қазір әлеуметтік желіде ...

    Толығырақ...
  • 11.07.19

    Шілде басталмай, сауда орындарында қауын-қарбыздың саудасы­ қызды. Бау-бақша өнімдерінен көз сүрінеді. Нарықтағы бағалары былтырғы­мен  салыстырғанда  қымбаттау.  Қарбыздың  келісі  80-100, қауынның келісі 200-300 теңгеден сатылуда. Бірақ көпшілік  бағамен санасып жатқан жоқ. Шөл басатын әуес асты қалтасына қарамай алып жатыр. Негізі бақша өнімдері  шілде айының соңына таман піседі.  Та...

    Толығырақ...
  • 11.07.19

    ЖАҢА  СТАДИОНДАҒЫ   ЖАҢА  КЕЛЕҢСІЗДІКТЕР

     

    Өткен аптада сыр­бойылық футболсүйер қауым көптен күткен матч өтті. Ел біріншілігінің 17-туры аясында «Қайсардың» «Шахтерді» қа­былдаған кездесуі Ғ.Мұ­ратбаев атындағы орталық стадионның ашылу күніне сай келді. Жөндеу жұмыстарынан соң жап-жаңа алаң атағына ие бол­ған бұл нысан туралы азды-көп...

    Толығырақ...
БАС ДӘРІГЕРДІҢ ЗАҢ ТАЛАПТАРЫ АЯСЫНДА ЖҰМЫС ІСТЕГЕНДІГІ ТҮСІНДІРІЛДІ
11.07.2019 10:00

Жазылған  жайтқа  жауап

Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы «Халық» газетінің 2019 жылдың 4 шілдесіндегі №26 (981) санындағы «Бас дәрігер басынып барады»­  атты мақалаға орай төмендегі мәліметті  жолдайды.

Аталған жағдайға байланысты Қызылорда облысы денсаулық сақтау басқармасының бұйрығымен арнайы комиссия құрылып, көрсетілген фактілерге байланысты зерделеу жұмыс­тарын жүргізді. Комиссия төмендегі мәселелерге басымдық берді. Олар:

– Ауруханада камера орнату «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» ҚР-ның 1999 жылғы 13 шілдедегі Заңының талабына сәйкес террористік осал объектілерге бейнебақылау орналас­тыру талап етілген. Осы талапқа сәйкес­тендіру мақсатында Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасымен тапсырмалар берілгендіктен аурухана осал объектілер қатарына жатқызылуына байланысты терроризмге және діни экстремизмге қарсы дайындығын күшейту, оны болдырмаудың алдын алу, сонымен қатар қызметкерлердің са­палы жұмыс істеуін бақылау мақсатында арнайы бейнебақылау орнатылған.

– «Жетес би» емханасының бөлім меңгерушісі З.Аман өзінің 25.12.2018 жылғы өтініші негізінде «Ғ.Мұратбаев» дәрігерлік амбулаториясына бас дәрі­гердің бұйырығымен ауыстырылған. Негізгі тұрғылықты жері – Ғ.Мұрат­баев ауылы.

– 2018 жылдың желтоқсан айында аурухананың 2019 жылғы штаттық кестесі қайта қаралып, штатқа оңтайландыру жұмыстары жүргізілген. Осы ретте­ аурухананың бухгалтері А.Ділмағанбеттің экономист лауазымының қыс­қартылуына байланысты ҚР Еңбек кодексінің талаптарына сәйкес басқа лауазым ұсынылған. Алайда ол еңбек шартына отырғанымен белгі­сіз себептермен жұмысқа келмегендіктен аурухана бас дәрігерінің бұйрығымен жұмыс берушінің бастамасы бойынша жұмыстан боса­тылған. Егер де азаматша А.Діл­мағамбет аурухананың келісу комиссиясы мен атал­ған комис­сияның шешіміне қанағат­танбаған жағдайда сот тәртібімен арыздануына құқылы.

– ҚР Еңбек Кодексінің 38-бабы 2-тармағына сәйкес ішкі ауысым жұмыстарын жүргізу мақсатында аурухана бас дәрігерінің бұйрығымен реанимация бөлімінің дәрі­гері Б.Аманова өзінің келісімі бойынша жұқпалы аурулар бөліміне ауыстырылған. Кейін реанимация бөлімі меңгерушісінің білдірісі негізін­де Б.Аманова өзінің келісімімен реанимация бөліміне  ауыстырылған.

– Дәріхана меңгерушісі К.Балқиева ҚР Еңбек Кодексіне сәйкес еңбек жағдайларының өзгеруіне байланысты тиісті хабарлама беріліп, жаңа еңбек шартына сәйкес басқа лауазымға ауыстырылған.

– Ішкі ауысым жұмыс­тарын  жүргізу  мақсатында  бас дәрігердің бұйрығымен (Б.Жалымбет, Р.Әлібекова, А.Қанатбаева, М.Тұяқбай, А.Дарикулова, С.Кузенбаева) перзентхана ұжымының қызметкерлері ҚР Еңбек кодек­сінің талаптары негізінде (жұмыс жағдайы өзгермеуі) еңбек шарттарға сәйкес ауыстырылған.

– ҚР Еңбек Кодексіне сәйкес жалақы сақталмайтын демалыс беру жұмыс беруші мен жұмыскер арасындағы келісім бойынша беріледі. Осыған байланысты реаниматолог дәрігерлердің жетіспеушілігінен дәрігер М.Нысан­қуатоваға ақысыз демалысқа шығуға бас дәрігердің тарапынан келісім беріл­меген.

– Аурухана бас дәрігерінің қабылдау бөлмесінде ұялы телефонға байланысты орналасқан жазба ауыстырылды.

– Аурухана бас дәрігерінің бұйрығы­мен Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының тапсырмасын орындау мақсатында жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмысты ұйымдастыру, тіркеу, өтініштерге уақы­тылы және сапалы жауап беруді мониторингілеу және аурухана бойынша бас дәрігердің, бас дәрігердің орынбасарларының қоғамдық қабылдау кестесі мен қабылданатын орны бекітілген. Қоғамдық қабылдау бөлмесіне келген кісілер тіркеу журналына тіркеліп, қабылдау  жүргізілуде.

– Жаңа аурухана 2018 жылдың қаңтар айында пайдалануға берілген. Аурухана ауласында қызметкерлерге арналған арнайы автотұрақ қарастырылмаған. Дегенмен, аурухана ғимаратының сыртында (солтүстік-шығыс жағы) жоба бойынша салынған арнайы көлік тұратын автотұрағы бар. Негізінде ауруханаға кіріп-шығу жолдары енсіздігіне байланысты жедел жәрдем және санитарлық автокөліктерге кептеліс жасап, кедергі туғызады. Бұл өз кезегінде шұғыл келген науқастарға дер кезінде медициналық көмек көрсетуге әсерін тигізеді.

– Жұмыс барысында аурухана бас дәрігері Г.Т.Нысанова медициналық этика және деонтология қағидаттары бойынша дұрыс жұмыс істемегендерге дауыс көтеріп сөйлегендігін растап, бірақ та ешкімнің жеке басына қатысты кемсіту немесе балағаттау, ар-намысын қорлайтындай сөздер айтылмағандығын, сондай-ақ дауыс көтеріп сөйлегені үшін дәрігерлердің алдында кешірім сұрағандығын білдірді.

Бұған қатысты бас дәрігердің орынбасарлары Р.Қалуова, А.Ещанова, Б.Алиш­ева өздеріне қатысты балағат сөздер айтылмағанын, этика және деон­тология сақталғандығын, жұмыс барысында ешқандай дөрекілік танытпағандығын өз түсініктемелерінде көрсеткен.

Дегенмен де, Қазалы ауданаралық ауруханасындағы ішкі ахуалға байла­нысты облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Абдусаметов Жақсылық Әбілқасымұлының, Қазалы ауданының әкімі Ергешбаев Мұрат Нәлхожаұлының қатысуымен, ауданаралық ауруханасының бөлім меңгеру­шілері мен арызда көрсетілген барлық қызметкерлер арасында талқылау жиналы­сы  өткізілді.

Қорыта келгенде, басқосуда қызметкерлердің арыз-шағымына байланысты зерттеу-зерделеу жұмыстарының қорытындысы айтылып, бас дәрігердің заң талаптары аясында жұмыс істегендігі түсіндірілді.

Ары қарай, облыстық денсаулық сақтау басқармасының тәртіптік кеңесінде Қазалы ауданаралық аурухана­сының бас дәрігері Г.Т.Нысанованың қызметтік этика және деонтология қағидаттарының сақталмауына байланысты мәселесі қаралатын болып шешілді.

Қызылорда  облысы  жанынан

құрылған  комиссия  мүшелері

қол  қойған

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Шілде 2019 >
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары