Өзекті мәселелер

  • 18.07.19

    Жалпы, қай жерде болмасын статистиканың орны бөлек. Статис­тика – адам сүйсініп не күйініп оқитын бірден-бір ақпарат. Яғни, ол – әрдайым оқылымды материал­. Сондықтан  болар, Ұлттық экономика министрл­ігі Статистика  комитетінің  http: //stat.gov.kz/ сайтын әлсін-әлсін шолып тұратынымыз бар. Бұл жолы біз өз облысымызға қа­тысты біршама сандық деректерге тап болдық. Оны жүйелеп, оқырман ...

    Толығырақ...
  • 18.07.19

    Қызылордада құрылыстың қарқынды дамы­ғаны соңғы бесжылдық десек, асыра айтқандық емес. Алдымен тұрғындарды әлеуметтік нысандармен қамтуды басты бағыт санаған жергілікті басшылар қаладағы көпқабатты тұрғын  үйлердің де көптеп бой көтеруіне мән берді. Оған соңғы 6 жылда облыста 2 млн шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілгені дәлел. 2013 жылы 270 мың шаршы метр тұрғын үй салынса, 2018 жы...

    Толығырақ...
  • 18.07.19

    Бүгінгі күні ауданда балық шаруашылығы саласы қарқынды дамыды деп айтуға толық негіз бар. Өйткені балық шаруашылығы өңір экономикасының дамуына және халықтың әлеуметтік жағдайының жақсаруына, оларды жұмыспен қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарып отыр. Себебі Арал теңізі мен Сырдария өзенінің жағасында қоныстанған жергілікті халықтың өмірі мен тұрмысы балық шаруашылығымен тығыз б...

    Толығырақ...
  • 18.07.19

    «Рас, үйленбей тұрып әйел­ді «ашсам – алақанымда, жұм­сам – жұдырығымда ұстаймын» дегеннің бірі мен едім» деп бас­тады автобуста отырған жігіт ағасы. Өзі ащы судан аздап ұрт­тап алғанға ұқсайды. Сәлден соң салбыраған басын қисаң­дата көтеріп, көзін жартылай ашып-жұмып «менде бәрі бар еді, көлігім де, үйім де...» деп тағы налыды. Ал, әйелін айт­қандағы байғұстың жыларман түрі мен шарасыздықтан с...

    Толығырақ...
  • 18.07.19

    Сүйріктей саусақ, сәнді тырнақ – кез келген қыз-келіншектің арманы. Тырнағын әсемдеу әйелге сенімділік сыйлайды. Өз-өзін бағалайтынын байқатады. Бүгінде гельді тырнақ бояуын қолданбайтындар сирек. Екінің бірі осы әдісті жасатады. Оның кәдімгі бояудан артықшылығы көп. Бір айға дейін жылтыр әрі тартымды түсін сақтайды. Бірақ... Сұлулыққа құштарлық денсаулыққа қауіп төндіруі мүмкін. Ма...

    Толығырақ...
«НАҒЫЗ ҚАЗАҚ, ҚАЗАҚ ЕМЕС, НАҒЫЗ ҚАЗАҚ – ДОМБЫРА!»
11.07.2019 10:05

Екі ішектің бірін қатты,

Бірін сәл-пәл кем бұра.

Нағыз қазақ, қазақ емес,

Нағыз қазақ – домбыра!

Білгің келсе біздің жайды,

Содан сұра тек ғана:

Одан асқан жоқ шежіре,

Одан асқан жоқ дана.

«Ақиқатты айтқандардың бәрі осылай сорласын»,

Деп бір хан оның шанағына құйған екен қорғасын...

Иә, қазақтың қазақтығын, қазақтың азаттығын айқындайтын бірден-бір зат болса, ол – әрине, домбыра. Атам заман­нан бері іргелі елдің іргетасымен бірге қаланып келе жатқан, өн бойы өсиетке толы, қасиетті домбырамен жан-жағымыз құлпырды. Ол – болашағымыздың жарқын символы. Ол – Қазақстанның мәңгілік та­рихи жәдігері. Тарих­ беттерін парақтасақ, ықылым заманнан бері халықтың зары мен мұңын, қуанышы мен қайғысын, тілі жоқ болса да, сазды әуенімен нақышына келтіріп жеткізе білетін аспап жайлы айта берсек,­ таңды таңға жалғарымыз  хақ...

Музыка әлемі – ғажайыптар ортасы, бейне бір тұң­ғиыққа түсіп кеткендей күй кешесің. Ал сол музыкалық әуенді орындайтын музыкалық аспаптың шанағынан жыр шумақтары шұғылалы таңдай төгілгенін көргенде, таңғалмай тұра алмайсың. Қазақтар баяғы заманнан бері таңды таңға жалғап, домбыраның сазды әуеніне елітіп, жыр төге берген. Өнер десе ішер асын жерге қоятын біздің халық үшін үйіне қонақ келсе, төріне шығарып, домбырасымен әуелете ән шырқататын. Ұлттық аспабы­мызды қастерлеп, киіз үйінің төріне қоятын болған. Сонау заманнан бері серілер сүйген сұлуларына, батырлар тазы-құмайларына, аңшылары бүркіт­теріне осы сиқырлы сыр-сандықтың отымен өлең шумақтарын шығарып, әуезді  әнге  бөлеген.

Біздің тәуелсіздік алғанымызға биыл – 28 жыл. Аз уақыт емес әрине, осы 28 жыл ішінде еліміз көркейіп, гүл­деніп жоғарғы дәрежеге көтеріле білді. Тұңғыш Президентіміз Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаң­ғыру»­ атты мақаласы жер-жерлерде іске асырылып, қоғамға қажет деген өнімді өндірістің жемісті дүниелері орын­далуда. Елбасымыз шілде айының бірінші жексенбісін «Ұлттық домбыра күні» деп бекіткен болатын. Бұл – құптарлық шара. Сонау ата-бабаларымыз бізге дәріптеп кеткен асылдың сынығ­ындай болған осы аспап – біз үшін, келешек ұрпақ үшін аманат.

Домбыра шертілгенде қазақтың кең-байтақ сахарасы, сұлу табиғаты, самал желі мен соққан ақ бораны, көлдегі аққуы көз алдымызға келеді. Бұл – қазақ күйінің ерекшелігі. Орыс зерттеушісі Потаниннің «маған бүкіл қазақ даласы ән салып тұрғандай көрінеді» деген сөзі соның бір дәлелі болса керек. Қос дауыс­  сарынынан бүкіл қазақ жұртының қуанышы мен қайғысы, арман­-мүддесі, фи­лосо­фиялық сарын, азаматтық үн, жалпы айтқанда, тарихы күй болып төгіледі. Қа­дыр Мырза  Әлі:

Бір ішегінде биік­тік бар, бір ішегінде тереңдік.

Ол мылқауды сөй­летеді, жылатады кереңді, - деп жырлайды.

Қазіргі таңда домбыраның рөлі тек ДЭККО (жаңа компьютерлі домбыра) жүйесі бо­йынша  ғана  танымал әрі маңызды болып отыр. Халық әндерін домбыраға салып, сүйемел­деусіз орындау­ тек ескіліктің куәсі болған­ қауымның көңілінен шығады деген пікір бар. Қалай дегенде де, домбырадан қазақтың қалпын, жүрегін, дала иісін, өзіндік ерекшелігін аңғарамыз. Қос ішекті домбыраның құдіреті кез келген халықты, ұлтты таңғалдырып, таңырқа­та білген. Қазіргі заман талабына­ сай ДЭККО жанры музыкалық мәдениетімізді өркендетуде зор ықпалын тигізуде. Бұл музыкалық жанрды­ жаһандастыруды композитор Жасарал Еңсепов енгізді. Біздің ойымызша, бұл жүйе дұрыс қабылданған, өйткені домбырамен күй шерткенде немесе ән салғанда оған қосымша музыка­ беріп тұрса, оның ешқандай артықшы­лығы жоқ екендігін зерттеу­шілер  айтады.

Ескіліктің көзі дегенмен де, қазіргі дамыған, өркендеген мына заманда әрбір көзі ашық, көкірегі ояу жастар ұлттық аспапты қадірлеп, той-тома­лақта, отырыстарда домбыраны сүйемелдеп, әуезді ән айтқандарын көр­генде бір қуанып қаласың. Сонымен бірге осы домбыра аспабын дәріптеп, қалай жасау керек, қалай жасағанда музык­алық әуені жақ­сырақ естілеті­нін он саусағынан өнер тамған ұс­таларымыз шә­кірттер,  қазақтың қазақ деп бас көтере­тін намысты ерлерін  тәрбиелеп жатқан жандар да аз емес. Ұста демекші, жақында Ақтөбе қаласының 147 жылдығына орай домбыра кескініндегі мүсін пайда болды. Бұл – қалада­ғы ұлттық музыкалық аспапты дәріптеуге ар­налған алғашқы ескерткіш. Жобаның авторы – Қуатбек Есжанов.­ Ол осы мүсінді жасауғ­а үш ай уақыт жұм­саған. Шебердің айтуынша, алты метрлік домбыра толықтай темірден жасалған, ал ішіне темір шыбықтар орнаты­лыпты. Аспаптың сырты литиймен қапталған. Ескерт­кішті жасау кезінде автор­ барлық­ талапты мұқият орындаға­н. Ол ескерткіш орнат­ылған жер болашақта  азаматтар  демалу­ға, түрлі байқау ұйым­дастыруға арналған жайлы орынға айна­лады деп үміттенеді. Ұрпаққа  ұлағатқа  толы  осындай  ұлттық мұрамызды мүсінмен қалдырсақ, сол арқылы кешегі бабалар аманатын түйсіне білетін жастар­ болары сөзсіз. Бұл ескерткіш қаланың орталық бөлі­гінде, нағыз қазақи иісті бұрқыратып құлпырып орнала­сып тұр.

Көкірекке толған кезде бар қуаныш, бар бақыт,

Сандуғаш боп, бұлбұл болып сайрайды ол әр уақыт.

Көкірекке толған кезде бар қасірет, бар қайғы,

Бозінген боп боздайды ол, бозінген боп  сарнайды, - дейді Қадыр Мыра Әлі атамыз өз өлеңінде. Осыншама ақын-жазушылар құрмет тұтып, қастерлеген ұлы дүниеміз, қазақта ғана бар, қазақтың қайсар халық екенін дәріптейтінін  біздің ұрпақтарымыз ұмытпаса екен. Әрқашан мақтан тұтары­  осы дом­бырасы болып, қас­терлеп төріне қойып, тарта алмаса да, биік ұстай  білсе  ғой.

 

Гүлдана   АСАНЖАНОВА,

Арал  ауданы,

Қамыстыбас  ауылы

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Шілде 2019 >
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары