Өзекті мәселелер

  • 11.07.19

    САУЫҚҚАН  ЭКОНОМИКА САЛАНЫ  ДАМЫТАДЫ

     

    Еліміз  тәуелсіздік  алғаннан бастап-ақ нарықтық экономика сатыларына аяқ басуды ұйғарды. Оған дейінгі ауылшаруашылығы, егін  шаруашылығы деген салаларды тара­зы­дан түбегейлі алып тастаған жоқ. Ел экономикасының қарқынды дамуына осы салалармен қоса жаңа жо...

    Толығырақ...
  • 11.07.19

    Ізгілік пен қайырымдылық – адамзаттық құндылық. Тіпті, бұларды адамгершіліктің өзегі деп те атаған. Әр нәрсе өзінің мәнімен, өзін­дік қасиетімен қа­дірлі, құнды. Яғни адам өзінің мәні, қасиеті – адамгершілігімен, қайырымдылығымен қадірлі әрі  абзал  болмақ.

    Осы орайда Арис­тотельдің өзі «Бақыттың кілті – қайы­рымдылықта» деген екен. Демек, ізгілік, қайырлы іс – адам баласын бақытқа жетк...

    Толығырақ...
  • 11.07.19

    Тапсырманың да түр-түрі болады. Мұнан біраз уақыт бұрын ата-аналар тарапынан «үй тапсырмасын үйіп-төгіп бермесін» деген талап «төрге озған» еді. Рас, мектеп бағдарламасын шамадан тыс қиындату оқушының білімге деген ынта-жігерін төмендетпей қоймайды. Қит етсе, мұғалімдерді аяп, қаралап шығатын қауым көбейді. «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» деуші едік. Қазір әлеуметтік желіде ...

    Толығырақ...
  • 11.07.19

    Шілде басталмай, сауда орындарында қауын-қарбыздың саудасы­ қызды. Бау-бақша өнімдерінен көз сүрінеді. Нарықтағы бағалары былтырғы­мен  салыстырғанда  қымбаттау.  Қарбыздың  келісі  80-100, қауынның келісі 200-300 теңгеден сатылуда. Бірақ көпшілік  бағамен санасып жатқан жоқ. Шөл басатын әуес асты қалтасына қарамай алып жатыр. Негізі бақша өнімдері  шілде айының соңына таман піседі.  Та...

    Толығырақ...
  • 11.07.19

    ЖАҢА  СТАДИОНДАҒЫ   ЖАҢА  КЕЛЕҢСІЗДІКТЕР

     

    Өткен аптада сыр­бойылық футболсүйер қауым көптен күткен матч өтті. Ел біріншілігінің 17-туры аясында «Қайсардың» «Шахтерді» қа­былдаған кездесуі Ғ.Мұ­ратбаев атындағы орталық стадионның ашылу күніне сай келді. Жөндеу жұмыстарынан соң жап-жаңа алаң атағына ие бол­ған бұл нысан туралы азды-көп...

    Толығырақ...
«ҚАЙСАР» ЖАҢА СТАДИОНДА «ЕСКІ» ОЙЫНЫН КӨРСЕТТІ
11.07.2019 10:15

ЖАҢА  СТАДИОНДАҒЫ   ЖАҢА  КЕЛЕҢСІЗДІКТЕР

 

Өткен аптада сыр­бойылық футболсүйер қауым көптен күткен матч өтті. Ел біріншілігінің 17-туры аясында «Қайсардың» «Шахтерді» қа­былдаған кездесуі Ғ.Мұ­ратбаев атындағы орталық стадионның ашылу күніне сай келді. Жөндеу жұмыстарынан соң жап-жаңа алаң атағына ие бол­ған бұл нысан туралы азды-көпті, жақсылы-жаманды пікірлер айтылып-ақ жатыр. Қос команда арасында өткен ойыннан бұрын осыған тоқтала кетсек.­

«Қызылордадағы  Ғани Мұратбаев атындағы орталық стадионның жөндеу жұмыстарына 1 млрд 200 млн теңге жұмсалды. УЕФА талаптары бойынша шатырды ұстап тұратын бағаналар (балкалар) трибуна ішінде тұрмауы керек. Менің болжамым бойынша, араға 5 жыл салып бұл стадионды қайта жөндеуге тағы 1 млрд теңге­ кететін сияқты», - деп жазды журналист, спорт сарапшысы, футбол комментаторы Ермұхамед Мәулен өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Сұрақ бар жерде кейде жауап та болады. Аталған мәселеге орай облыс­тық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі лайықты жауап берген сыңайлы.

- Бұл қаржыға стадионды УЕФА талаптарына сәйкестендірілу  жұмыс­тары жүргізілді. Қазіргі күнге FIFPRO Quality стандартына сәйкес, италияндық ItalGreen маркалы жасанды шөп төсеніші жайылды, Германиядан шығатын Rehau жылыту құрыл­ғысы (подогрев) орнатылды. Сондай-ақ, бренд Filips компаниясының жарық­тары  қойылды. Мұнда УЕФА-дан инспектор Лундстром Питер Паул келіп, жүргізілген жұмыстың бары­сымен танысып, пайдаланылған материалдардың сапасына оң баға беріп, УЕФА-ның сараптамасы бойынша екінші категорияға лайық деп танылд­ы. Қазір сол категорияның құжаттандыру жұмыстары жүргі­зілуде. Стадион бағанасының қойылу себебі бар. Яғни, Қызылорданың табиға­тына орайластырып, шатыр аңызақ желге төтеп беру мақсатында тұрғызылған. Финляндия елінен келген Лундстром Питер Паул мырза мұны ескеріп, бағанаға қатысты шағым жасаған жоқ, - делінген жауапта.

Негізі, байдың асын тек байғұс ғана қызғанбайды. Кейде жанашырлықпен айтылған пікірді қабылдамау бізде бар жайт. Мәселені айтқан адаммен емес, шешумен айналысу енді-енді жолға қойылып келе жат­қандай.

«Балалар футболын дамытпай, футбол­ академиясын ашпай, млрд-қа стадио­н салып керегі жоқ» деп ойлай­тындар да бар. Ал, бақандай 1 млрд 200 млн-ға жөндеу жұмыстары жүргізілген стадионның  қашанға дейін шыдас беретінін уақыт көрсетеді.

Сонымен, жанкүйер жинаудан соңғы 2-3 жылдың көлеміндегі рекордтық көрсеткішке (6500 көрермен жиналды - ред.) жеткен матч алдын­да бірқатар келеңсіздіктер болды. Мұның алғашқысы – ойынның 19:00-ге қойылуы. Әрине, бұл – қызыл­ордалық жанкүйерлер үшін бұрынғыға қарағанда әлдеқайда ыңғайлы уақыт. Ойын ортасында толық жанған стадион жарықшамдарына қарап «аптап ыстықта матчты мұнан да кешкі уақытқа қоюға болады­ екен» деген ойға қалдық. Бұл – біздің ғана емес, көптің көкейіндегі ой. Десе де, мұны ҚФФ реттейтінін де жақсы білеміз. Тек «Қайсар» футбол клубы басшылығы тарапынан жоғары жаққа ұсыныс-пікір бола ма деген ниетпен жазып отырмыз.

Стадионның бір мезетте  6500 адамды құшағына сыйдыруы оңайға соқпады. Шетелдегідей  30-50 мың адам болса, бір-бірімен жаға жыртысар еді. Мұның басты себебі­ – көрермендерді алаңға бір ғана қақпадан кіргізіп, екі ғана кассадан­ билет сатуы­. Біздіңше, екі аптада бір ғана өтетін «футбол тойын»­ ши шығармай, шу шығармай ұйым­дастыруға әбден болады.

Кем-кетік пен жетістік тең айтылуы қажет. Жаңа стадионда бәрі жаңа. Жанкүйерлерге алаңдағы атмос­фера ұнағандай. Айта кетейік, бұған дейін су жаңа стадионға облыс әкімі Қуанышбек Досмайылұлы арнайы­ келіп, «Қайсар» футбол клубына­ қолдау жалғаса беретіндігін айтқан. Өйткені, «қасқырлардың»  №1 жанкүйері саналған экс-әкім Қырымбек Елеуұлы қызметінен кеткенде «Қайсар» жанкүйерлері «Футболды қолдайтын әкім келсе екен» деп ойын ашықтан-ашық жазған болатын.

Сонымен, жарықшамдар, су шашатын құрылғылар, орындықтар, электронды табло, т.б. бәрі-бәрі керемет. Бірі-бірінен өтетіндей. Көрермендердің көңілі тоқ, енді қалғаны тек көңілді эмоция ғана сияқты.

Сияқты деуіміздің себебі бар. Матч басталғанда стадион дикторының даусы өзінен аса ұзай қоймады. Қарсы беттегілер оның бір сөзін естісе­, екіншісін жобалап, үшіншісін құрап, төртіншісінен біржола түңіліп отырды. Демек, мұндағы дыбыс құрыл­ғыларын (колонка) бір қарап, дыбысын жоғарылату үшін жұмыс істеуі керек. Сондай-ақ, көрермендер электронды таблоға бір қарағанда «Қарағанды» емес «Караганда» деген жазуды оқуға мәжбүр болды. Кімнің, нешінші минутта гол соққаны туралы­ жүгіртпе жол арқылы берілген ақпараттар да көршілердің тілінде жазылды. Алдағы уақытта облыстық дене шынықтыру­ және спорт басқармасы, стадион және «Қайсар» басшылығы мұндай келеңсіздіктердің  алдын алады­  деген­  ойдамыз.

 

ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ   ЖЕҢІСТІ  УЫСЫНАН   ШЫҒАРДЫ

 

«Қайсардың» түзде тәуір ойнайтыны бар. Өткен турда Шымкентте «Ордабасыны» 1:2 есебімен жеңіп, қолдаушыларын қуантып тастаған-ды. Жанкүйерлерге арнайы бөлінген автобуспен жол жүріп, біз де Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы орталық стадионнан табылғанбыз. Соның нәтижесінде «Ордабасы» ойнады, «Қайсар» тойлады» деген жолсапар мақаламыз жазылды. Ал, үйде өткен «Шахтерге» қарсы ойында «қасқырлар» есепте едәуір басымдылықта болады­ деп болжағанбыз. Өйткені, қарсыластардың турнирлік кестедегі халі төмендеу.

Сонымен не керек, 18:30-да Ғ.Мұратбаев атындағы орталық стадион­ның ашылуы болса, сағат 19:00-де қос команда арасындағы матч төрешінің ысқырығынан соң бас­талып  кетті.

Әдепкіде бәрі біз ойлағандай болды­. Ойынның небәрі 17-минутында капитан Асхат Тағыбергеннің бұрыштамадан әуелете тепкен добын қорғаушы Иван Граф голға айнал­дырған еді. Бұл – Асхаттың осы маусымдағы 9-ыншы голдық пасы, Иванның 2-інші голы. Араға 12 минут салып­ Джон Джошуаның пасымен Куле Мбомбо қақпа торын тулатты. Есеп – 2:0. Куле 4 ойын бойына үзіліссіз гол соғып келеді әрі бұл оның – 5-інші голы. Сірә, жеңіске тым қатты жақындадық десе керек, футболшыларда босаңсу белең ала бастады. Ұрымтал сәттердің бірінде Еркеб­ұлан Нұрғалиев есепті қыс­қарт­ты. Осылайша, ойынның бірінші бөлігі аяқталды. Ал, екінші таймда қарсыластар допқа көп иелік етті. Тіпті, гол соғатын бірнеше мүмкіндікті мүлт жіберіп жатты. Бір Иван (Граф) бастаған голды екінші Иван (Певич) түйіндеп, қарсыластар дегеніне жетіп, 63-минутта есепті теңестірді. Осы­лайша, қос команда тең ұпаймен тарқасты.­

- Бүгінгі ойынның нәтижесінен басқасының  барлығы  жақсы  болды. Біз  үшін ойын сәтті  басталды. Бірін­ші болып екі гол салғанымызбен, есепті теңестіріп алдық. Бұл нәтиже үшін әріптестерімнен және жанкүйер­лерден жасымауын сұраймын. Футбол бірде  қуаныш, бірде  сәтсіздік сыйлайды.  Жалпы,  «Қайсарды» қолдаған барша­ жанкүйерге алғысымд­ы  жеткіземі­н! - деді «Қайсардың» қорғаушы­сы Иван Граф.

«Қасқырлар» әзірге бестікті түйіндеп тұр. Келесі ойын Алматының  «Қайратына» қарсы түзде өтеді. Барша­ жанкүйерлерді жергілікті команда­ны қолдауға шақырамыз!

 

Рыскелді   ЖАХМАН

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Шілде 2019 >
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары