Өзекті мәселелер

  • 11.07.19

    САУЫҚҚАН  ЭКОНОМИКА САЛАНЫ  ДАМЫТАДЫ

     

    Еліміз  тәуелсіздік  алғаннан бастап-ақ нарықтық экономика сатыларына аяқ басуды ұйғарды. Оған дейінгі ауылшаруашылығы, егін  шаруашылығы деген салаларды тара­зы­дан түбегейлі алып тастаған жоқ. Ел экономикасының қарқынды дамуына осы салалармен қоса жаңа жо...

    Толығырақ...
  • 11.07.19

    Ізгілік пен қайырымдылық – адамзаттық құндылық. Тіпті, бұларды адамгершіліктің өзегі деп те атаған. Әр нәрсе өзінің мәнімен, өзін­дік қасиетімен қа­дірлі, құнды. Яғни адам өзінің мәні, қасиеті – адамгершілігімен, қайырымдылығымен қадірлі әрі  абзал  болмақ.

    Осы орайда Арис­тотельдің өзі «Бақыттың кілті – қайы­рымдылықта» деген екен. Демек, ізгілік, қайырлы іс – адам баласын бақытқа жетк...

    Толығырақ...
  • 11.07.19

    Тапсырманың да түр-түрі болады. Мұнан біраз уақыт бұрын ата-аналар тарапынан «үй тапсырмасын үйіп-төгіп бермесін» деген талап «төрге озған» еді. Рас, мектеп бағдарламасын шамадан тыс қиындату оқушының білімге деген ынта-жігерін төмендетпей қоймайды. Қит етсе, мұғалімдерді аяп, қаралап шығатын қауым көбейді. «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» деуші едік. Қазір әлеуметтік желіде ...

    Толығырақ...
  • 11.07.19

    Шілде басталмай, сауда орындарында қауын-қарбыздың саудасы­ қызды. Бау-бақша өнімдерінен көз сүрінеді. Нарықтағы бағалары былтырғы­мен  салыстырғанда  қымбаттау.  Қарбыздың  келісі  80-100, қауынның келісі 200-300 теңгеден сатылуда. Бірақ көпшілік  бағамен санасып жатқан жоқ. Шөл басатын әуес асты қалтасына қарамай алып жатыр. Негізі бақша өнімдері  шілде айының соңына таман піседі.  Та...

    Толығырақ...
  • 11.07.19

    ЖАҢА  СТАДИОНДАҒЫ   ЖАҢА  КЕЛЕҢСІЗДІКТЕР

     

    Өткен аптада сыр­бойылық футболсүйер қауым көптен күткен матч өтті. Ел біріншілігінің 17-туры аясында «Қайсардың» «Шахтерді» қа­былдаған кездесуі Ғ.Мұ­ратбаев атындағы орталық стадионның ашылу күніне сай келді. Жөндеу жұмыстарынан соң жап-жаңа алаң атағына ие бол­ған бұл нысан туралы азды-көп...

    Толығырақ...
ҚАУЫН-ҚАРБЫЗДАН ҚАУІП БАР МА?
11.07.2019 10:25

Шілде басталмай, сауда орындарында қауын-қарбыздың саудасы­ қызды. Бау-бақша өнімдерінен көз сүрінеді. Нарықтағы бағалары былтырғы­мен  салыстырғанда  қымбаттау.  Қарбыздың  келісі  80-100, қауынның келісі 200-300 теңгеден сатылуда. Бірақ көпшілік  бағамен санасып жатқан жоқ. Шөл басатын әуес асты қалтасына қарамай алып жатыр. Негізі бақша өнімдері  шілде айының соңына таман піседі.  Тамыздан бастап, жергілікті  сауда  орындарына  шығарылады. Алайда дәмді жемістен бас  тартатын  адам  жоқ. Күнделікті тұтынатын өнімнің  сапасына алаңдау­шылық білдірген қала тұрғыны Нұриддин Бақ­қожа редак­ция­мызға хабарласқан болатын. «Қазіргі қауын-қарбызды жеуге бола ма?  Адам денсаулығына  қауіпсіз бе?» деген  сауалын аяқсыз  қалдыр­мадық.

 

БАЗАР  және  БАҒА

 

Қызылорданың көк­өніс және жеміс-жидек базарына келдік. Күн күйіп тұр. Сынап баға­на­сы 40 градустан асқан.­ Оған қарап жатқа­н сатуш­ылар жоқ.  Қаз-қа­тар тізіліп, қауын-қарбыз сатып тұр. Бау-бақша өнім­дері қаламызға маусым айы­нан бастап әкелінді. Көбісі – оңтүстік  өңіріндегі Түркістан, Жетісай, Шардараның бау-бақша­ өнімдері. Тау-тау болып үйіліп жатыр. Бір-бірінен өтеді.

Көкөніс тасушылар мен сатушы­лар  жақындағаннан-ақ өнімдерін мақтай жөнеледі. Ерте піскен жемістер мен көкөністердің қауіпсіз екендігіне сендіріп  жатыр. Дәмді, тәтті деп алмасыңа қояр емес. Бірі  «мына қарбыздың  іші қып-қызыл, дәмі тіл үйіреді» десе, бірі «мына қауын тәтті» деп алдыңа тартады.

– Тереңөзектің  тұрғынымын. Қауын-қарбызды Жетісайдан әкелемін. Нарықтағы бағасы адамдарға қолжетімді. Алушылар көп. Ал қауын сәл қымбаттау. Алғашқыда сатылым кезінде  көпшілік сапасына күдікпен қарады. Бірақ өнімдердің ден­саулыққа зияны жоқ. Тұтынған адамдар алғыс айтпаса, шағым түсірмеді, - дейді  сатушы Балапан Қадырова.

Базарда  қарбыз  келісі 80-100 теңге, ақ қауын 60-80, әңгелек 200-300  теңгеден сатылуда. Мұнда келіп, бау-бақша өнімдерін саудалаушылардың қатары көп. Олардың бір-екеуімен тілдесіп көрдік. Көпшілігі  қауын-қарбыздың сапасына көңілі толмайтынын айтты.

– Бала кезімізде қауын-қарбы­з қандай еді. Дәмі тіл үйіретін.  Тәттілігі  таңдайыңнан кетпейтін. Әсіресе  ыстық  күнде­рі қарбыздың бір тілімін  жесең, шөлің  басылатын. Қауындар шекер татып тұратын еді. Қазіргі қарбыздың дәмі жоқ. Есесіне тыңайтқышы көп, - дейді қала тұрғыны  Мұрат  Аяпов.

Ал зейнеткер Айнық Сарбасов сатушылардың  тірлігіне таңға­латынын жасырмады. Оның айтуынша, сатылымдағы  қауын-қарбыздар адам денсаулығына қауіпті. Өзі бұл өнім­дердің ешқайсысын сатып алмайтынын, тіпті немерелеріне жегізбейтінін  айтады.

Сатушылар да бақша өнім­де­рінің  тыңайтқыштардың  күші­мен өсетінін жасырмады. Алайда  ондай  өнім көбіне сәуір-мамыр айларында кездеседі.  Ал жаз мезгілінде қорқудың қажеті жоқ.

 

ӨНІМ   САПАҒА   САЙ   МА?

 

Қауын-қарбыз қаншалықты қауіпсіз? Тұрғындардың жеуіне бола ма? Жуырда қызылордалық мамандар «Қауіпсіз азық-түлік өнімдерін таңда» акциясы ая­сында көкөніс саудасын  бақылады. Бау-бақша өнімдерінен 1099  сынама  алын­ған. Оның  ішінде 53 қарбыздан нитрат анық­талған.

– Қалыпты нитрат 60 миллиграмнан аспауы керек. Біз кәсіпкерлерге өнімнің  сапасыз екенін түсіндіреміз. Алдын ала ескер­теміз. Оларға «сапасыз өнімді сауда қатарынан алып таста, сатпа» деп айта алмаймыз. Көпшілік  өнім­нің сертификатын СЭС-тен алады. Солар рұқсат береді деп ойлайды. Сауда сөрелеріне түспес бұрын дақыл­дар фитосани­тар­лық тексеріс­тен өтеді. Қарбыздар мен қа­уындардың карантинді құжаттары болуы керек. Фито­сани­тар­лық сараптама қоры­тындылары бойынша бақша дақылдарын­ың құрамында нитраттың тиісті мөлшерден асатыны анықталған жағдайда, өнім саты­лым­ға жіберілмейді, - дейді Қызыл­орда  облысы тауарлар мен көр­сеті­летін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департа­ментінің қоғамдық тамақтану объектілерінде  жұқпалы емес ауруларды ба­қы­лау  және қада­ғалау бөлімінің басшысы Динара­ Жаңабер­ге­нова.

Бөлім басшысы Д.Олжабайқызының айтуынша, бұрынғыдай сауда орындары мен базарлардағы өнімдер бақыланбайды. Жоспарлы түрде тексерілмейді. 2018 жылдың маусым айынан бастап,  кәсіпкерлерді тексеруге мораторий жарияланған. Тек тұрғындар тарапынан түсірілген арыз-шағым ескеріледі. Алайда бүгінге дейін қызылордалық­тардан түскен шағым болмаған.

– Қарбызды әлі жеген жоқпын. Жергілікті, отандық өнімді сатып алуға  кеңес беремін. Қазақстандық  бау-бақша өнім­дері шетелдік өнімдерге қарағанда сапалы және қауіпсіз,-дейді Д.Жаңа­бергенова.

Акция алдағы уақытта да жалғас­ады. Тұрғындар арнайы зертханаларда  сатып  алған  көкөністерінің сапасын тегін тексерте  алады.

 

МАМАНДАР   НЕ  ДЕЙДІ?

 

Қауын-қарбызды сатып аларда­  нені  ескеру  керек?  Құлақ  түрейік.

– Қауын-қарбызды тұтын­ғанда гигиеналық тазалықты қатаң сақтаған жөн. Мысалы, сатып­ аларда тәтті дақылдардың сыртын мұқият тексеріп, үйге әкелген соң алдымен жақсылап жуу керек. Қабықтарында артық сызат, жарық болмауы тиіс. Тілінгені де керек емес. Содан соң қауын-қарбызды түбіне дейін жемеген дұрыс. Себебі онда нитраттар көп жиналуы мүмкін. Әсіресе, сәбилер улануға бейім келеді. Жасқа толмаған балала­рға сақ болу қажет. Жал­пы,­ қауын-қарбыздар  кө­леңкелі орындарда, жерден  20  сантиметр  биіктікте сақ­талуы керек. Сондықтан көше бойындағы қарбыздарды алуға құмартпаңыз. Оның үстіне, көліктен шығатын газ да сіңіп қалуы мүмкін. Ал тоңазытқы­шта қауынды бір күннен артық сақтауға бол­майды, - дейді мамандар.

Қып-қызыл қарбызды кім жақсы көрмесін? Оның адам ағзасына пайдасы көп. Ми белсенд­ілігін арттырады. Артық салмақтан арылтады. Холес­теринді түсіреді. Қуық пен бүй­ректің қабынуын басады. Күніне екі келі қарбыз жеу қан­аздықтан құтқарады екен.  Алайда әуес ас­тың уа­қы­ты ер­те. Мамандар шіл­де­нің аяғында  бақша өнім­дерін жеуге болатынын айтады. Ал қазір қа­уын-қарбыз жеуге асықпаған  жөн.

Қ.НҰРҒАБЫЛ

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Шілде 2019 >
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары