Өзекті мәселелер

  • 18.07.19

    Жалпы, қай жерде болмасын статистиканың орны бөлек. Статис­тика – адам сүйсініп не күйініп оқитын бірден-бір ақпарат. Яғни, ол – әрдайым оқылымды материал­. Сондықтан  болар, Ұлттық экономика министрл­ігі Статистика  комитетінің  http: //stat.gov.kz/ сайтын әлсін-әлсін шолып тұратынымыз бар. Бұл жолы біз өз облысымызға қа­тысты біршама сандық деректерге тап болдық. Оны жүйелеп, оқырман ...

    Толығырақ...
  • 18.07.19

    Қызылордада құрылыстың қарқынды дамы­ғаны соңғы бесжылдық десек, асыра айтқандық емес. Алдымен тұрғындарды әлеуметтік нысандармен қамтуды басты бағыт санаған жергілікті басшылар қаладағы көпқабатты тұрғын  үйлердің де көптеп бой көтеруіне мән берді. Оған соңғы 6 жылда облыста 2 млн шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілгені дәлел. 2013 жылы 270 мың шаршы метр тұрғын үй салынса, 2018 жы...

    Толығырақ...
  • 18.07.19

    Бүгінгі күні ауданда балық шаруашылығы саласы қарқынды дамыды деп айтуға толық негіз бар. Өйткені балық шаруашылығы өңір экономикасының дамуына және халықтың әлеуметтік жағдайының жақсаруына, оларды жұмыспен қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарып отыр. Себебі Арал теңізі мен Сырдария өзенінің жағасында қоныстанған жергілікті халықтың өмірі мен тұрмысы балық шаруашылығымен тығыз б...

    Толығырақ...
  • 18.07.19

    «Рас, үйленбей тұрып әйел­ді «ашсам – алақанымда, жұм­сам – жұдырығымда ұстаймын» дегеннің бірі мен едім» деп бас­тады автобуста отырған жігіт ағасы. Өзі ащы судан аздап ұрт­тап алғанға ұқсайды. Сәлден соң салбыраған басын қисаң­дата көтеріп, көзін жартылай ашып-жұмып «менде бәрі бар еді, көлігім де, үйім де...» деп тағы налыды. Ал, әйелін айт­қандағы байғұстың жыларман түрі мен шарасыздықтан с...

    Толығырақ...
  • 18.07.19

    Сүйріктей саусақ, сәнді тырнақ – кез келген қыз-келіншектің арманы. Тырнағын әсемдеу әйелге сенімділік сыйлайды. Өз-өзін бағалайтынын байқатады. Бүгінде гельді тырнақ бояуын қолданбайтындар сирек. Екінің бірі осы әдісті жасатады. Оның кәдімгі бояудан артықшылығы көп. Бір айға дейін жылтыр әрі тартымды түсін сақтайды. Бірақ... Сұлулыққа құштарлық денсаулыққа қауіп төндіруі мүмкін. Ма...

    Толығырақ...
МҰҒАЛІМДЕР «МИ ЗОРЛАП» ЖҮР МЕ?
11.07.2019 10:35

Тапсырманың да түр-түрі болады. Мұнан біраз уақыт бұрын ата-аналар тарапынан «үй тапсырмасын үйіп-төгіп бермесін» деген талап «төрге озған» еді. Рас, мектеп бағдарламасын шамадан тыс қиындату оқушының білімге деген ынта-жігерін төмендетпей қоймайды. Қит етсе, мұғалімдерді аяп, қаралап шығатын қауым көбейді. «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» деуші едік. Қазір әлеуметтік желіде «ұстамы жақсы, ұстазын қайдам?» деген сыңайдағы жазбалардан көз сүрінеді. Мұның басты себебі, мұғалімдердің мемлекеттің «жеке меншігіне» айналғанынан. Демек, педагогтердің ел-жұрт алдында бұрынғыдай беделі жоқ. Мұны мемлекеттік жүйемен байланыстырмасақ тағы болмайды. Бірақ, бұл – басқа тақырып.

Ал, біз қозғағалы тұрған тақырып мұғалімдерге тағылған негізсіз айып па, орынды сын ба, оны білмейміз. Біздің мақсат – осы саланың ортасында қыз-қыз қайнап жүрген мықты мамандардың пікірін білу. Ендеше...

«Жалпы, мектептегі мұғалімдердің бастауыш­ сынып оқушыларына өлең жазып келу туралы тапсырма беруді қойғаны жөн. Ақын болу – екінің бірінің маңдайына жазылм­айтын Алланың сыйы. Балаларды өтірікке тәрбиелеудің бір жолы осы болып тұрғандай. Адал жолмен тапқан табысымызбен өсіріп, жасандылықтан сақтағанға не жетсін!?» деген пікір кез келген адамды ойландырып-ақ тастайды.

Бірақ, мұндай тапсырманың мүлде керегі­ жоқ деп үзілді-кесілді пікір айтуға әсте болмайды.

- Меніңше, оқушыларға өлең жазып­ келу туралы тапсырма бергенде тұрған ештеңе жоқ. Иә, барлық бала ақын емес. Бірақ, бұл қанда бар қасиет ғой, екінің бірі ойынан өлең өре алады. Әрі олардан мөп-мөлдір поэзия күтіп тұрған ешкім жоқ. Жай ғана өй-өрісін, ойлау жүйесін дамытуға арналған тапсырма. Мысалы, балаларға кейбір есептерді шығаруға ата-анасы да көмектеседі, сондықтан мұндай тапсырма үшін мұғалімді кінәлауға болмайды деп ойлаймын, - дейді ұстаз Айғаным Жұмабекова.

Былайынша келгенде, бұл болмашы мәселе ғана сияқты көрінеді. Бірақ, тамшы теңізден  құралады десек, түйткілдер ірі не ұсақ боп бөлінбесе керек-ті. Сондықтан болар­, пікірлер қайшылығын ойлы оқырман назарына ұсынуға тура келді. Айтпақшы­, желіде­гі толастайтын түрі жоқ пікірлердің арасындағы­ мына бір сөйлем өзіме қатты әсер етті. «Мұның аты  – «ми зорлау». Ми шектен тыс зорлана берсе, бала кейін оқуға, кітапқа­  беттемей   қалады».

Әрине, мектеп бағдарламасын, пәндерін қиын ету кімге де болмасын абырой әкелмейтінін жоғарыда жаздық. Баз біреулер үшін талқылауға тұрмайтын тақырып болса да, мектеп мәселесіне келгенде бұған атүсті қарай алмаймыз. Сіз ше, бұл турасында ойланы­п көрдіңіз бе? Қандай пікір білдіресіз?

Рыскелді   ЖАХМАН

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Шілде 2019 >
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары