Өзекті мәселелер

  • 19.09.19

    Әлемдегі өте қауіпті қылмыскерлер қамалатын, қауіпсіздігі ең қатаң сақталатын «Алькатрас» түрмесінен 1963 жылға дейін бірде-бір тұтқын қашып шыға алмаған. Ел абақтыны «Рок» (құз) деп те атайды. Сыртынан қарағанда сұсты көрінетін түрме әу баста қорғаныс шебі ретінде қолданылып, кейінірек әскери түрме салып, содан соң өте қауіпті қылмыскерлерге арналған абақты ретінде пайдаланылған. Толығырақ...

  • 19.09.19

    ЖҮРЕК   ДЕРТІНЕ  ШАЛДЫҚҚАНДАРҒА  КӨМЕК

    Кеудедегі жұдырықтай жүректің қызметіне тең келер не  бар?!  Оны адам ағзасының «моторы» дейміз. Бірақ жүрек дерті жас талғамай тұр. Тым жасарып бара жатыр. «Жүрегі тоқтап қалыпты», «жүрегі ауырады»  деген сөздер бүгін­де  жасамысқа  емес, жастарға да  айтылатын  болды.

    ...
    Толығырақ...
  • 19.09.19

    Әлемнің  дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіру идеясы жарқын  болашаққа бас­тайтын жол болуы тиіс. Жаһандану үдерісі дәуірінде еліміз өз тәуел­сіздігін орнықтырып, шекараларын айқындап, ядролық қарудан бас тартып, этносаралық және конфессияаралық келісімді сақтай отырып, әлемдік ау­қымдағы тұрақтылық, достық, толеранттылық идея­ларын негіздеуде. Және бұл мәселелер Елбасының жыл сайынғы дәстүрлі...

    Толығырақ...
  • 19.09.19

    «Мәңгілік ел» идеясының негізі – бұл біздің Қазақстан халқы ұрпақтарының алдындағы жауапкершілік, әлемдегі бәсекеге қабілетті 30 мемлекеттің қатарына ену мәртебесі белгіленген және бұйырған лайықты және ұлы Қазақстанды дамытудағы біздің стратегиямыз. «Мәңгілік ел» идеясының бастауы тым тереңде жатыр. Бұл біздің жалпыұлттық идеямыз мемлекеттігіміздің тамыры сияқты көне тарих...

    Толығырақ...
  • 19.09.19

    Айжарық  СӘДІБЕКҰЛЫ

    ОЙ   ТОЛҒАДЫМ  БІР   КЕЗЕК

    Сөз жоқ, социализмді гүлдендіріп, коммунизм ор­нат­пақшы болған қоғамды қайтадан құру машақаты бастал­ғалы сонау отызыншы жылдардан «коммунизмнің сталиндік алып құрылыс­тары» ұранымен жүргізілген шабуылдан табиғаттың тепе-теңдік заңдылығын бұзып...

    Толығырақ...
ЖӘННАТҚА ЖЕТЕЛЕЙТІН АМАЛ
11.07.2019 10:45

Ізгілік пен қайырымдылық – адамзаттық құндылық. Тіпті, бұларды адамгершіліктің өзегі деп те атаған. Әр нәрсе өзінің мәнімен, өзін­дік қасиетімен қа­дірлі, құнды. Яғни адам өзінің мәні, қасиеті – адамгершілігімен, қайырымдылығымен қадірлі әрі  абзал  болмақ.

Осы орайда Арис­тотельдің өзі «Бақыттың кілті – қайы­рымдылықта» деген екен. Демек, ізгілік, қайырлы іс – адам баласын бақытқа жеткізер жол. «Егер пенде ізгілік ауылынан алыстаса, онда Раббысымен бірге болу бақытынан, тыныш тіршіліктен және оның толық нығмет­терінен айрылады» дейді дін ғалымдары.

Ал егер оған Алла тағала бір қайырлылық қаласа, ол пенде­сін мүмін құлдарының қатарына қосады екен.

Исламтанушы ғалым Сәбит Замаддинұлы: «Ислам діні ізгілікке, қайырлы істі жасауға үндейді. Алла тағала «Бақара» сүресінің 148-аятында: «Ізгі істерде жарысыңдар!» деп бұйырады. Ал «Әл-Имран» сүресінің 133-аятында: «Раббыларыңның жарылқауына және тақуалар үшін әзірленген кеңдігі жер мен көктердей болаты­н  жәннатқа  асығыңдар» делінген. Ізгілікке жетудің жолдары – қоршаған ортаға, ата-анаға, туған-туысқа, мұқ­таждарға жәрдемдесу, қолдан келгенше игі іс істеу», - дейді.

Алла тағала «Қасас» сүре­сінің 77-аятында «...Алла саған жақсылық еткендей, сен де жақсылық  жаса...» деп адамзат баласын қайырымды болуға үндейді. Ал халқымыз «Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» дейді.

 

ҚАЙЫРЫМДЫ   ІСТІҢ  ТҮРІ  КӨП

 

ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб мүфти Алау Әділбаев өзінің бір жазбасында үздіксіз жалғасып тұратын, пайдасы адамзатқа тиетін садақа­ның түрі өте көп екен­дігін, соның ішінде қоғамдағы сауатсыздықтың жойылуына жол ашатын ұрпақ тәрбиелеу мақсатында балабақша, мектеп, мешіт, медресе, универ­ситет салу, адамдардың тұр­мысын жақсарту жолында ауызсу тарту, көпір, жол, аурухана салу, т.б. секілді көптеген ізгі  шараларды  тізбелей  беруге­ болатынын  айтқан.

Жәннатқа жетелер сауапты істен құралақан  қалмаған  небір дәулетті кісілер де бол­ған. Олар халықтың  сұранысын қанағаттандыру үшін қашанда материалдық тұр­ғыдан демеуші бола білген.

Бұл туралы кезінде қазақ даласы­на келіп, өз көзімен көріп қазақтың бай түсінігіне қатысты орыс генералы Броневский: «Қазақтың байлары орыстың «богатый» сөзінің балам­асы  емес,  қазақтың  байы – ақыл-ойы, рухани жағы­на­н барынша жетіліп, нағыз­ кемеліне жеткен адам. Соны ғана қазақ халқы бай дейді. Ал жай ғана материалдық құн­дылықтарды жинаған адамды қазақ ешқашан бай деп мойындамаған», - деп жазған екен.

 

ҮШ   САУАП...

 

Адамгершілікке негізделген үш сауап бар: шөлге құдық қазған, өзенге көпір салған және жолға ағаш еккен. Жолаушының шөлін қандыратын құдық қазғанда, жүргіншінің демалып, сая болар ағаш еккенде алғысқа бөленерің ақиқат. Ал жол үстінде өзен немесе ағынды су кездескенде көпір бол­маса, қиындыққа тап боларың белгілі. Кезінде қазақ байларының елге жасаған жомарттықтары, руханиятқа, білім салас­ына қосқан үлестері – өз алдына үлкен әңгіме. Кешегі бабаларымыз бір нәрсемен шектелмей баспа ісіне де, әскери­ салаға да, сауда-саттық мәселесіне де, мал шаруашылығында асыл тұқымды төрт түліктің санын көбейтуге де, құдық қазу мәселесіне де өз үлестерін қосқанын тарихтан білеміз.

Бір ғана құдық қазу ісіне бір-екі мысал келтірсек. Тарих­қа үңілер болсақ, құдық қаз­дырған қазақ байлары да бол­ған. Мәселен, тарихшы-зерт­теушілеріміздің айтуынша, Сыр бойындағы малды кісілер көктем шыға мал жайылымдағы Қарақұмға жайлауға шыққан. Қарақұм жері ыспақұм болған­дықтан қазылған құ­дық­тар тез көміліп қалады екен. Сол уақытта, яғни 1860 жыл­дары Күзекбай деген бай Қара­құм ортасынан құдық қаздырып, оған 30 түйе сексеуіл түсі­ріп, өз қаражатына жұмысшы жалдап, шегендеткен екен. Сол құдық «Күзек шегені» деп аталады. Құдық әлі күнге дейін малшы қауымның қажетін өтеп келеді деген деректер де бар.

Ал Бетпақдаланың дәл орта­сынан қазылған «Тоқымтыққан» құдығын да мысал етуге­ болады. Бұл құдықты Қаратау болысының атақты байы, әрі биі Дәуіт батырдың ұрпағы Жантөре би 1880 жылы қаздырған деген дерек бар. Айта берсек, мұндай құдық­тардың бірнешеуін мысалға келтіруге болады. Демек, Ислам­да көпір салған, құдық қазу, қаздыру сауапты іс болып табылады. Дін ғалымдары көпір мен құдық халыққа қаншалықты ұзақ қызмет етсе, сол уақытқа дейін оның сауабы салғы­зған, қаздырған, қазған кісіге барып тұрады деп жатады. Тіпті, халық оның игілігін бірнеше ғасыр көруі мүмкін.

 

ИСЛАМ   МЕЙІРІМДІЛІКТІ  ҮНДЕЙДІ

 

Түркі әлемінің ұстазы Яссауи­ бабамыз да «Халыққа қызмет – Хаққа қызмет» деді. Кез келген  уақытта  халыққа ізгі істер істеу арқылы пенде Раббыс­ына жақындай алатынын және Раббысы алдындағы дәрежесі өсіп, мерейі үстем болаты­нын меңзейді. Бұл тұр­ғыда пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Алла тағаланың: «Егер пендем маған бір сүйем жақындаса, мен оған бір шынтақ жақындаймын. Ол маған бір шынтақ жақындаса, мен оған бір құлаш жақындаймын. Ол маған аяң­дап келсе, мен оған асыға басып­ жетемін» дегенін жеткізген.

- Құран Кәрімде: «Әй, мүміндер! Сендерге  жантүрші­герлік азаптан құтқаратын бір сауда көрсетейін бе? Аллаға, елшісіне иман келтіресіңдер; малдарыңмен, жандарыңмен Алла жолында күресесіңдер! Егер білетін болсаңдар, осылар сендер үшін хайырлы!» дейді. Демек, Ислам діні адамдарды қайырымды, мейірімді болуға үндейді, қолындағысымен мұқтаж жандар үшін бөлісудің сауабының зор екендігін айтады. Елімізге жәрдеміміз тию үшін мал-дүниеміз бен қажыр-қайратымызды сарп етуге үгіттейді, - дейді исламтанушы Руслан Қамбаров.

Өткен Рамазан айында Қазақстан  мұсылмандары діни  басқармасының төрағасы Серікб­ай қажы Ораз еліміздің мұсылмандарын мүбәрак айда қайырымдылық істерді жиі ұйымдастырып, мұқтаж жан­дарға қол ұшын созуға шақырған болатын. Көптеген ауқатты азаматтар қадірлі айда қайы­рымдылық істерін қолға алды. Мешіттеріміз күн сайын ауыз­ашар беріп, тұрмысы төмен отбас­ыларға қамқорлық жасағанының өзі – үлкен сауап.

- ҚМДБ және Зекет қоры «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында республика көле­мінде 78 пәтер берілді. Одан бөлек, жаны жабырқаулы мұқтаж отбасы­ларға қолдау білдіріп, көмек керсетіп келеміз. Тіпті әлеуметтік жағдайы төмен, сырқа­т адамдардан бөлек, жолда­ қалған азаматтарға да көмек қолын созамыз. Кейбір өңірлерде қайырымдылық дүкендері де ашылып, көптеген отбасыға киім-кешек ар­қылы да көмек көрсетілуде. Ал қыс мезгілдерінде мұқтаж отбасы­ларға отын-көмір үлестіріледі, - дейді ҚМДБ Қайырымдылық және уақып істері бөлімінің меңгерушісі Камалжан  Тұрдыбаев.

 

«ИГІ   һәм   САУАПТЫ   ІС  ЖАСАУҒА   АСЫҒЫҢДАР»

 

Кешегі бабалар жасаған қайырымды істер бүгінде өз жалғасын тауып келеді. Қайырымды жандардың қайырымдылығын әрине, мақалаға сыйғыз­а алмаспыз. Олардың атын атап, түсін түстеп те қаже­ті  жоқ секілді. Себебі ел оларды жақсы біледі және жақсы көреді.

Сондай-ақ, қоғамда қаншама қайырымдылық қорлары жұмыс істеуде. Бірі науқас жандарға жәрдем көрсетсе, екін­шісі мұқтаж жандарға азық-түлігін жеткізіп беруде. Кейбіреулері бірыңғай көпбалалы отбасыларға пәтер сыйлаудың бағытына көңіл бөлген. Әрине бір ғана адамның емес, бір­неше жанның қаражатының нәтижесінде қол жеткізіп отыр.

Алла елшісі де (с.ғ.с.): «Игі һәм сауапты іс жасауға асы­ғыңдар» деп үмбетін ізгілікке шақыр­са, ал бүгінгінің психологтары жақсылық жасау адамның жүрегін жұмсартып, көңіл күйін көтереді. Үнемі айналаңа шуағыңды шашып, барыңды жоқ-жітік, жетім-жесір­мен бөліссең, өзіңе деген сенімділігің артады деп кеңес береді. Демек, екі дүниенің есендігіне кепілдік жасау үшін ең алдымен дүниелік мүдделерге, атақ-даңққа, медальға, сый-сияпатқа ие болу үшін емес, керісінше ізгі істерге, қайырлы амалдарға назар аудару­  қажет. Бір іске жұмыла кірісудің нәтижесінде түйт­кілді болған мәселе түбегейлі шешімін тауып, қазіргі таңда жұртшылық үлкен сауапты істердің  игілігін  көруде.

 

Тұрар  ТҮГЕЛҰЛЫ,

дінтанушы

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Шілде 2019 >
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары