Өзекті мәселелер

  • 18.07.19

    Жалпы, қай жерде болмасын статистиканың орны бөлек. Статис­тика – адам сүйсініп не күйініп оқитын бірден-бір ақпарат. Яғни, ол – әрдайым оқылымды материал­. Сондықтан  болар, Ұлттық экономика министрл­ігі Статистика  комитетінің  http: //stat.gov.kz/ сайтын әлсін-әлсін шолып тұратынымыз бар. Бұл жолы біз өз облысымызға қа­тысты біршама сандық деректерге тап болдық. Оны жүйелеп, оқырман ...

    Толығырақ...
  • 18.07.19

    Қызылордада құрылыстың қарқынды дамы­ғаны соңғы бесжылдық десек, асыра айтқандық емес. Алдымен тұрғындарды әлеуметтік нысандармен қамтуды басты бағыт санаған жергілікті басшылар қаладағы көпқабатты тұрғын  үйлердің де көптеп бой көтеруіне мән берді. Оған соңғы 6 жылда облыста 2 млн шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілгені дәлел. 2013 жылы 270 мың шаршы метр тұрғын үй салынса, 2018 жы...

    Толығырақ...
  • 18.07.19

    Бүгінгі күні ауданда балық шаруашылығы саласы қарқынды дамыды деп айтуға толық негіз бар. Өйткені балық шаруашылығы өңір экономикасының дамуына және халықтың әлеуметтік жағдайының жақсаруына, оларды жұмыспен қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарып отыр. Себебі Арал теңізі мен Сырдария өзенінің жағасында қоныстанған жергілікті халықтың өмірі мен тұрмысы балық шаруашылығымен тығыз б...

    Толығырақ...
  • 18.07.19

    «Рас, үйленбей тұрып әйел­ді «ашсам – алақанымда, жұм­сам – жұдырығымда ұстаймын» дегеннің бірі мен едім» деп бас­тады автобуста отырған жігіт ағасы. Өзі ащы судан аздап ұрт­тап алғанға ұқсайды. Сәлден соң салбыраған басын қисаң­дата көтеріп, көзін жартылай ашып-жұмып «менде бәрі бар еді, көлігім де, үйім де...» деп тағы налыды. Ал, әйелін айт­қандағы байғұстың жыларман түрі мен шарасыздықтан с...

    Толығырақ...
  • 18.07.19

    Сүйріктей саусақ, сәнді тырнақ – кез келген қыз-келіншектің арманы. Тырнағын әсемдеу әйелге сенімділік сыйлайды. Өз-өзін бағалайтынын байқатады. Бүгінде гельді тырнақ бояуын қолданбайтындар сирек. Екінің бірі осы әдісті жасатады. Оның кәдімгі бояудан артықшылығы көп. Бір айға дейін жылтыр әрі тартымды түсін сақтайды. Бірақ... Сұлулыққа құштарлық денсаулыққа қауіп төндіруі мүмкін. Ма...

    Толығырақ...
АПАТ АПАН СЕКІЛДІ...
11.07.2019 10:50

Соңғы кездері облыста төтенше жағдайлар жиіледі. Бірнеше рет автокөліктен өрт шықты. Артынша тұрғын үй өртке оранды. Ал аптап ыстықта суға шомылуға барған азаматтар үйіне қайтпады. Күтпеген жерден  су құрбаны болды. Қайғылы жағдай, оқыс оқиға жер үйлерде де жиі кездеседі. Жол-көлік оқиғаларынан да зардап шеккендер көп. Апат апан секілді... Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметтеріне сүйенсек, ондағы мыңдаған сандарды көріп ойланасың. Кінәлінің кім екенін  бағамдап, ой түйесің.

САЛҒЫРТТЫҚ   ТҮБІМІЗГЕ   ЖЕТТІ

 

Қашанда адам өмірі маңызды. Ал қауіпсіздікті сақтау – әрбір адамның міндеті. Сақтамау, салғырт қарау қайғылы жағдайға әкеледі. Жыл басынан бері  өңірде табиғи және техногендік сипаттағы 23 төтенше жағдай, 228 оқиға тіркелген. Одан 78 адам зардап шегіп, 28 адам қаза бол­ған. Атап айтқанда, 4-еуі өртте, 11-і суда, 13-і тікұшақ апатында көз жұмған. Материалдық шығын 23,5 мил­лион теңгені құрады. Сондай-ақ өрт оқиғаларының саны өскен. Биыл облыс аумағында 212 өрт тіркелді. Оның басым­ бөлігі жеке тұрғын үй секторында болған. Өткен жылмен салыстырғанда өрт­тің саны 11 пайызға өсіп отыр. 2018 жылы 191 өрт тіркеліп, 4 адам (2018 жылы 4 адам) қаза тауып, 6 адам түрлі жарақат алған. Мамандар бұған тұр­ғындардың өзін кінәлі деп есептейді. Себебі алдын ала берілген ескертуге құлақ аспай­ды. Қауіпсіздік қапе­рі­не кірмейді. Әйтпесе төтеншеліктер профилактикалық жұмыстарды атқарып жатыр. Соған қарамастан  биыл 5 айда Қызылорда қаласы бойынша 96 өрт тіркелген. Материалдық шығын – 16 630 мың теңге­. Өткен жылмен салыстырғанда 5 660 015 теңгеге неме­се 34,3%-ға өсіп отыр, 4 адам  қаза болып   (2018  жылы – 3 адам, 25%-ға көбейген), 3 адам жарақат алды (2018 жылы – 1 адам, 66,6%-ға көбейген). Деректерге  сүйенсек, қыс  ауасында пеш  ақаулығынан  қаладағы  тұр­ғын үй секторынан  2 көмір­қышқыл газы (2018 жылы  2 жағдай­) мен табиғи газға улану жағдайы тіркелді. Абырой болғанда адам шығыны жоқ. Оқиға кезінде 5 адам, оның 2-еуі бала ауруханада ем алып шықты. Ал 2018 жылы 7 адам, оның ішінде 5 бала зардап  шеккен  болатын.

 

СУ  ДА  ҚАУІПТІ

 

Биылғы маусым қайғылы жағдаймен басталды. Қызылорда қаласы бойынша Сырдария өзені, көлдер мен кіші каналдарда адам өлімі көбейді.  Жыл басынан 17 адам суға кетті. Оның 5-еуі – кәмелетке толмаған балалар. Қайғылы жағдайдың себеп-сал­дары анықталды. Төтеншеліктер судағы қауіпсіздік ережеле­рін сақтамағандығын алға тартады.­ Атап айтқанда, балық аулау кезінде 2 адам автокөлікпен мұз үстіне шығады. Әлсіз мұз жарылып, екі кісі суға батып кетті. Сондай-ақ көпшілік жаз маусымында қауіпсіздікті ескермейді. Суға түсуге арнал­маған жерлерде 5 адам суға батып, қаза болды. Оның екеуі – бала. Ал  бақыт­сыз  жағдай салдарынан тағы  да  3  адам  мерт  болды. Оның екеуі – бала,  су жағасын­да  ойнап  жүріп,  абайсызда  суға  құлап  кеткен. Ал белгі­сіз  жағдайда су бетінен  қаза болған ер адамның мәйіті табылған. Осы ретте төтен­шеліктер балалар­дың  қауіпсіздігіне  көңіл бөлуді, қараусыз  жібермеуді ескертеді.­

 

ШҰҒЫЛ   ҚОҢЫРАУЛАР

 

2018 жылдың мамыр айынан бастап, республикада алғашқы болып,  Қызыл­орда  облысы  әкімдігінің жанында  «112» бірыңғай  кезекшілік-диспетчерлік қызметі жұмыс істейді. Осыған байланысты «112» құтқару қызметі, өртке қарсы  қызметінің «101» телефон желілері­ «112»-ге келіп түседі. Жыл басына­н бері «112»-ге 216 675 қоңырау түсті. Оның ішінде «112» бойынша  2797, «101» нөміріне 1345, «102»-ге 1290, «103»-ке 1269 қоңырау түскені анықталды.

 

ТҮЙТКІЛДІ   МӘСЕЛЕЛЕР

 

Осы ретте «төтенше жағдайға жол бермеуге тырысып, қызмет ететін  тиісті органдар қайда?» деген сауал туын­дайды. Егер мұндай апатты жағдайлар қайталанатын болса, адамдар опат болып­, кішкентай балалар қаза тауып жатса, кінәлі кім? Неге жұмыс талапқа сай  жүргізілмейді?

Десе де, төтеншеліктерде мәселелер де жоқ емес. Облыс көлеміндегі елді мекендерде орналасқан 5628 өрт сөн­діру гидранттарының 369-ы жұмыс­қа жарамсыз. Қазіргі таңда оларды жөндеу жұ­мыстары жолға қойы­лып жатыр. Алайда қуануға әлі ерте. Бұл өрт сөндіру кезінде  кедергі болатыны сөзсіз. Айта кетейік, Арал ауданы Қамыстыбас елді мекеніндегі бөлімше құтқарушыларына құтқару станциясын салу  әлі күнге өзекті. Төтенше жағдайда  олардың өз ғимараты, құрал-жабдықтарды сақтайтын қоймасы жоқ. Әлі күнге  ескі ғимаратта жұмыс істейді.  Тіпті құтқарушылардың киімдері мен жабдықтары және моторлы қайықтары жиі істен шығатын көрінеді. Демек, мұндай жағдаймен адамдардың өмірін сақтауға, дер кезінде көмек беруге кедерг­і келтіретіні сөзсіз. Облыс бо­йынша 2018 жылы  «Суға түсуге болмайды» тақырыбында 225 ескерту тақтайшалары орнатылған. Қазіргі таңда сол тақтайшадан 157-сі ғана қалған. Қызылорда қаласы бойынша 27 тақтайша ілініпті. Биыл соның 11-і ғана тұр. Ал суға түсушілер ескертулерді елемейді. Тіпті назар аудармайды. Салдарынан суға түсіп, суға бату фактілері  көбейген.

 

ДЕРЕК  пен  ДӘЙЕК

 

Бір кездері табиғи және техногенді апаттардың болғаны ел есінде. 2017 жылдың мамыр айын қала тұрғындары ұмыт­қан жоқ.  Қызылорда қаласының жылу орталығында істен шыққан мұржа бұзылды. Бұзылған мұржа құлап, жұмысшылар үйінді астында қалды. 1 жұмысшы тереңдігі 3 метр жерде бетон мен кірпіш үйінділерімен көміліп қаза тапты.

2017 жылы 18 наурыз. Сырдария өзені деңгейінің көтерілген тұсы. Қармақшы ауданы, Абыла елді мекенінің тұсында жайылымдық жерде 600 бас уақ мал су ортасында  қалды. Оқиға орнына 48 адам және 12 бірлік техникасы жеткізілді. Төтеншеліктер мен жергі­лікті атқарушы органдар тобы «Қаз­әуеқұтқару» АҚ-ның «МИ-171» тік­ұшағымен  жұмыс  істеді. Тұрғындардың жайылымдағы 450-ге жуық уақ малын қауіпсіз жерге алып шығарды.

2018 жылы 28 ақпан. Титов қыс­тағындағы бес қабатты жатақхананың 1 подъезі құлады. Тәулік бойы қызметкерлер үйінділерді ашу жұмыстарын жүргізді. Абырой болғанда кісі өлімі мен жарақат алғандар болған жоқ.

Апат айтып келмейді. Оқыс жағдай аяқастынан болады. Жұрт қиындықта  қалмас үшін қамсыз болмауы тиіс.

 

ҚАПЕРІҢІЗДЕ   ЖҮРСІН!

 

Төтенше жағдай кезінде шұғыл түрде «112» немесе «101» телефон нөмірлеріне  хабарласыңыз. Қойылған сұрақтарға жауап­ беріңіз. Сондай-ақ сабыр сақтаңыз. Әрекет етпестен бұрын шамаңыз келе ме? Ойланыңыз. Туыстарыңыздың қауіпсіз жерде екеніне көз жеткізіңіз. Құтқару қызметінің мамандарын күтіңіз.

Жарақат алған адамға алғашқы медициналық көмек көрсетіп, дәрігерлер келгенше адам өмірін сақтап қалу керек. Төтенше жағдайларда әртүрлі жарақаттар, сынық, буынның шығуы, улану, суға бату, күю, үсу, электр тоғы соғу, т.б. кездеседі. Ондай жағдайда қан тоқтатып, жараны байлау қажет. Жасанды дем алдырып, жүрекке массаж жасаған жөн. Зардап шеккен адамды ауруханаға тасымалдау қажет.

Қ.НҰРҒАБЫЛ

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Шілде 2019 >
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары